Батыс Қазақстан облыс аумағында құрылыс салу ережелері туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 29 мамырдағы N 8-7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 9 шілдеде N 2725 тіркелген.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет туралы" 16 шілде 2001 жылғы N 242 Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін тәртіптерді өзгерту Ережесін бекіту туралы" 13 желтоқсан 2002 жылғы N 1313 қаулысын іске асыру мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан аумағында құрылыс салу ережелері бекітілсін.
      2. Шешімнің орындалуын қадағалау облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы

Батыс Қазақстан
oблыстық мәслихаттың
2004 жылғы 29 мамырдағы
N 8-7 шешімімен
Бекітілді

Батыс Қазақстан облысы
аумағында құрылыс салу
ЕРЕЖЕЛЕРІ

Орал қаласы, 2004 жыл

Батыс Қазақстан облысы
аумағында құрылыс салу
ЕРЕЖЕЛЕРІ

І бөлім

1. Жалпы ережелер

      1. Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдары және 2002 жылғы 13 қаңтардағы N 1313 "Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін тәртіптерді өткізу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде әзірленген.
      2. Ережелер елді мекендердің аумақтарын жобалау және құрылыс салудың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құрылыс қызметі жөніндегі жер телімдерін пайдалану, елді мекендер аумағына құрылыс салу жағдайлары мен талаптарын белгілейді, жаңа немесе қолда бар жылжымайтын мүлік объектілерін өзгерту (өнім бағытын өзгерту, күрделі жөндеу), құрылысын өзгерту немесе құрылысын өзгертуге жосықтардан өту тәртібін белгілейді.
      3. Осы ережеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
      қала құрылысындағы жылжымайтын мүлік объектілері (бұдан әрі - жылжымайтын мүлік объектілері) - пайдалану, құрылысын салу және жаңғырту жөніндегі жүзеге асырылатын объектілер, осы объектілер орналасатын үйлер, ғимараттар және жер телімдері;
      инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар - ғимараттардың және инженерлік жабдықтар коммуникациялары, байланыс, көлік, сонымен қатар облыстың орнықты дамуын және қызмет етуін қамтамасыз ететін, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін объектілер кешендері;
      құрылыс нормалары және ережелері - аумаққа құрылыс салуды жүзеге асырған кезде міндетті түрде атқарылуға жататын нормативтік-техникалық құжаттар;
      қала құрылысын салу кестесі - жер телімдері мен басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану режимдері, рұқсаттары, шектеулері (қиындықтарды, тыйым салуларды және сервитуттарды қоса), сондай-ақ олардың кез-келген рұқсат етілетін заңнамалық тәртіппен белгілеген жағдайы;
      қызыл сызық - кварталдарды, шағын аудандарды, елді мекендерді жоспарлау құрылымындағы өзге элементтердің аумақтарын көшеден (жолдардан, алаңдардан) бөліп тұратын шекаралар. Әдетте қызыл сызық құрылыс салу шекарасын реттеу үшін қолданылады;
      сары сызық - жойқын жер сілкіністері, өзге де табиғи немесе техногендік сипаттағы зілзалалардың салдарынан үйлердің (ғимараттардың, құрылыстардың) үйінділерге (қиратындыларға) айналуы барынша мүмкін болатын шекаралары. Әдетте сары сызықтар үйлер мен ғимараттар арасындағы қашықтықты реттеу үшін қолданылады;
      сәулет қызметі (бұдан әрі - сәулет) - объектінің ішкі және сыртқы келбетін жасаудың шығармашылық үрдісімен қоса, құрылысқа арналған (реконструкциялау, қалпына келтіру) жобалау құжаттамасының сәулет бөлігінде кеңістікті, композициялық, көлемдік-жоспарлық және қызметтік ұйымдастырудың шығармашылық процесін, жобаны іске асыру кезінде авторлық қадағалауды жүргізуді қамтитын сәулет объектілерін жасау жөніндегі қызмет;
      қала құрылысы қызметі (бұдан әрі - қала құрылысы) - ұйымдардың қала құрылысын жоспарлау және аумақтар мен елді мекендерді дамыту, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін анықтау, қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың  шығармашылық процесін, қала құрылысы құжаттамасының барлық шектес бөлімдерін үйлестіруді қамтитын қалалар мен селолық елді мекендерде кешенді жоспарлау жөніндегі қызмет;
      жоба - жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есептеулер) объектісінде ұсынған, тұлғаның мекендеуі мен тіршілік етуінің қажетті жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы;
      жобалар сараптамасы - тапсырыс берушінің (инвестордың) жобаны инвестициялаудың орындылығы және оны іске асыру туралы шешім қабылдаудың алдындағы жобалаудан бұрынғы немесе жобалау құжаттамасын әзірлеу кезеңі. Сараптама инвесторлар құжаттамасына талдау жүргізуге және оның тиімділігін анықтауға, сондай-ақ жобалардың сапасын олардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді, тұлғаның тіршілік етуіне қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасауды, жобаланып отырған объектілердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік нормативтердің шарттары мен талаптарына сәйкестігін не сәйкес еместігін анықтау болып табылады;
      сәулет-жоспарлау тапсырмасы - объектінің мақсатына, негізгі параметрлеріне және оның нақты жер теліміне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ жобалау мен құрылысқа қойылатын, осы елді-мекен үшін қала құрылысының регламенттерімен белгіленген міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер. Бұл орайда түсі жөніндегі шешім мен үйлердің (ғимараттардың) қасбеттерін өрлеу материалдарын пайдалану, көлемдік-кеңістік шешім бойынша талаптар белгілеуге жол берілмейді;
      елді мекеннің бас жоспары - қаланы, кентті, ауылды (селоны) не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешенді жоспарлаудың қала құрылысы жобасы, онда аймақтарға бөлуді, оның аумағының жоспарлы құрылымы мен жұмыс істеуін ұйымдастыру, көлік және инженерлік коммуникациялар, көгалдандыру мен абаттандыруды белгілейтін басқа елді мекендер;
      аумақтарды аймақтарға бөлу - қала құрылысын жоспарлау кезінде аумақтарды, жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану мен оларды пайдалану жөніндегі мүмкін болатын шектеулерді белгілей отырып жұмыс істелетін аймақтарға бөлу;
      қоныстану аумағы - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-әскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да объектілерді орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитарлық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін елді мекен аумағының бір бөлігі;
      санитарлық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жағын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөлініп тұратын аумақ;
      қабылдау комиссиясы- объектінің (кешеннің) дайындығына кешенді тексеру, технологиялық жабдықтар мен инженерлік жүйеге бақылау сынағын жүргізетін және салынған объектіні пайдалануға қабылдайтын уақытша алғалы орган;
      жұмыс комиссиясы - нәтижелерін мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыну үшін объектінің дайындығына кешенді тексеру жүргізетін уақытша алғалы орган;
      өтініш беруші - өзінің мақсаты үшін (түру, қызмет көрсету, өнімдер шығару, пайда табу және тағы сол сияқтылар үшін) жаңа құрылысты жүзеге асыруға ниеті бар немесе қолда бар ғимараттардың (құрылыстардың) жекелеген үй-жайларын немесе қайта жабдықтау жүргізуге мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі, тапсырысшы, құрылыс салушы);
      рұқсат беретін құжаттар - өтініш берушіге жаңа объекті салу немесе қолда бар объектіні өзгерту жөніндегі өзінің ойын іске асыруға құқық беретін құжаттар. Олар төмендегілерді қамтиды:
       ведомстволық бағыныстағы жер телімін (аумағын, трассаны) өтініш берілген объектінің құрылысына беру туралы тиісті жергілікті атқарушы органның шешімін не өтініш берушінің меншік немесе жер пайдалану құқығында болатын телімді құрылысқа пайдалануға арналған рұқсаты;
      қосымша жер телімін (аумақты) берумен (бөліп берумен) байланысты емес қолда бар объектіге (объектінің жекелеген бөліктеріне) сұратылған өзгерістер жүргізуге тиісті жергілікті атқарушы органның рұқсаты;
      мемлекеттік сәулет және құрылыс инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі құрылыс істері жөніндегі комитетінің сәулет құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы мен оның бөлімшелері беретін құрылыс алаңында (жер телімінде, аумақта, трассада) осы құрылысқа арналып белгіленген мақсаттағы объекті бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға арналған рұқсат. Бірақ қолда бар тұрғын үйлердегі үй-жайларды қайта жаңғыртуға, қайта жоспарлауға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсатты жергілікті сәулет және қала құрылысы органы (қызметі) береді;
      қайта жаңғырту - әдетте, өзгертілетін объектілерді жаңарту әрі жаңғырту қажеттілігіне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттарды және өзге де бөліктерді немесе тұтастай ғимаратты өзгерту;
      қайта жоспарлау - үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгертуге байланысты үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгертуге;
      қайта жабдықтау - әдетте, үй-жайдың (үй-жайлардың) қызметтік мақсатын өзгертуге байланысты оны (оларды) өзгерту, тіршілікті қамтамасыз ету, пайдалану, қандай да бір өнімдер шығару, қызмет көрсету және тағы сол сияқтылар үшін ішкі технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара өзгерту;
      құрылымдық шешімдерді өзгерту - қолда бар объектілердің тіреу және (немесе) сыртқы қоршау құрастырмаларын (іргетастарды, негіздерді, қаңқаларды, бағандарды, тіреулерді, арқалықтарды, ригельдерді, фермаларды, сыртқы қабырғаларды, аражабындыларды, баспалдақ алаңшасы мен марштарын, лифтілік шахталарды және тағы сол сияқтыларды) қамтитын өзгерістер не құрылыс жобасында бұрын бекітілген құрылымдық шешімдерді өзгерту.

2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін
жүзеге асыру кезінде мекендейтін және тіршілік
ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету

      4. Азаматтар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңның 7-бабындағы талаптарға сай сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі нәтижелерін тұтынушы ретінде көруге және демалу мақсаттарына арналған жағдайларды пайдалануға құқы бар.
      5. Сәулет, қала құрылысы және құрылысы қызметі аумақта төмендегідей жағдайда жүргізілуге тиісті:
      1) қоршаған ортаға әсерін бағалауды ескере отырып жүзеге асыруға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қарастыруы тиіс;
      2) халықтың, аумақтар мен елді мекендердің қауіпті (зиянды) табиғи және техногендік, антропогендік құбылыстар мен процестердің әсер етуінен қауіпсіздігі жөнінде заңдарда белгіленген талаптарды қамтамасыз ету ережелеріне негізделуі тиіс;
      3) заңдарда белгіленген тәртіппен тарихи, мәдени құндылықтар және қорғалатын ландшафттық объектілер деп танылған аумақтар мен объектілердің сақталу талаптарына негізделуі тиіс.
      6. Елді мекендер не оның бір бөлігін жоспарлау және салу жөніндегі қала құрылысы құжаттамасында (қала құрылысы жобаларында) әлеуметтік, өндірістік, рекреациялық, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының құрамы мен құрылымы анықталуға тиіс, сондай-ақ:
      1) қоныстандыру түрін (рөлін) ескере отырып, аумақты абаттандыру, көгалдандыру, инженерлік дайындау және қажетті сервитуттар;
      2) аумақта кешенді құрылыс салу;
      3) халықтың әлеуметтік, демографиялық және кәсіптік түрлі топтарының мүдделерін ескеру;
      4) нормативтік талаптарды (шектеулерді, шарттарды) сақтау;
      5) қызмет көрсету саласында бәсекелестік ортаны дамыту көзделуге тиіс.

3. Aумақтық құрылысының жүзеге асыру кезіндегі
азаматтардың және заңды тұлғалардың міндеттері

      7. Азаматтар мен заңды тұлғалардың міндеттері:
      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін тұтынушы ретінде пайдаланатын азаматтардың құқығын, тіршілік ету ортасын қорғау;
      2) жобаларға сәйкес құрылыс салуды жүзеге асыру;
      3) үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін қорғайтын, инженерлік, көліктік инфрақұрылымдарға және аумақтарды абаттандыруға, қалалық, ауылдың және табиғи ландшафттарға, табиғат, тарих және мәдениет ескерткіштеріне, қоршаған табиғи ортаға зиянды ықпал ететін және белгілі бір жер телімдерінің және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері меншік иелерінің, иелік етушілердің, жалға алушылардың немесе пайдаланушылардың құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіретін әрекеттер жасамау;
      4) сәулеттік-қала құрылыстың құжаттамаға, құрылыстың нормаларға және ережелерге, экологиялық, санитарлық, өрт қауіпсіздігі және басқа да арнайы нормативтерге сәйкес жер телімдерінде орналасқан ғимараттарды, аяқталмаған құрылыстар мен салынған ғимараттар және басқа да жылжымайтын объектілерді дұрыс ұстау, абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізу;
      5) қала құрылысы саласында бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қадағалау органдарының ұйғарымдарын орындау;
      6) өздеріне тиісті жылжымайтын мүлік объектілерінің өзгерістері жөнінде жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық түгендеулер, Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын және аумақта құрылыс салу мониторингін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарға сенімді мәлімет беру.

4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының және
құрылыс салу мониторингінің мақсаты

      8. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры - аумақта құрылыс салуды жүзеге асыру, сонымен қатар, жылжымайтын мүлік объектілерінің өзгерістерін жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік ақпараттың мәліметтер жүйесі.
      9. Aумақта құрылыс салу мониторингі жылжымайтын мүлік объектілерінің жай-күйіне және өзгерістеріне байқау жүргізу жүйесі, олар тіршілік ету ортасының жағдайын зерделеу арқылы бірыңғай әдістеме бойынша жүргізіледі.
      10. Aумақта құрылыс салу мониторингінің мәліметтері Мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілуі тиіс.

ІІ бөлім. Облыс аумағында құрылыс салуды реттеу

5. Облыс бойынша қала құрылысын салуда жер
телімдерін пайдалануға қойылатын талаптар

      11. Құрылыс үшін жер телімдерін берген кезде, оларды пайдалануға қала құрылыс талаптары бас жоспарларды, жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын, сондай-ақ функционалдық-қала құрылысы аймақтандыру жоспарын және құрылыс салу ережелерін ескере отырып бекітіледі.
      12. Тапсырыс берушінің қаражаты есебінен кешендерді болсын, жеке объектілерді болсын орналастыру үшін сәулеттік-қала құрылысы желілерінің құрылысын салу және жоспарлау жобалары түрінде әзірленеді.
      13. Объекті салуды жүзеге асыруға ниеті бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43, 44-баптарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардан осы объектіні салуға жер телімін беру туралы шешім не тапсырыс берушіге меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер телімін құрылыс саласына пайдалануға рұқсат алуға міндетті. Бұл ережеге тапсырыс берушіге меншік құқығымен тиесілі жеке үй жанындағы саяжай, бау-бақша телімдеріне уақытша құрылыстар шаруашылық-тұрмыстың қора-қопсы және абаттандыру элементтерін, сондай-ақ тапсырыс беруші жер пайдалану құқығымен пайдаланатын телімдерде (аумақтарда) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрғын және тұрмыстың үй-жайлар қосылмайды.
      14. Жеке және заңды тұлғалар меншік, немесе жер пайдалану құқығына тиесілі жер телімін беру туралы жергілікті атқару органдарына арыз береді. Арызда міндеті түрде жер телімін пайдалану мақсаты, оның белгілі мөлшері, тұрған жері, басқа жер телімінің бар немесе жоқтығы көрсетілуі тиіс.
      15. Құрылыс объектісін салу үшін жер телімін аумақтың жер ресурстарын (елді-мекендердегі сәулет және құрылыс органдарымен бірге) басқару органдары жер құрылысы және қала құрылысы кестесіне сәйкес анықтайды.
      16. Облыс бойынша жер телімдерін беру Қазақстан Республикасының Жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      17. Көрсетілген талаптар жер телімінің құқықтары басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сақталады.
      18. Ұзақ мерзімге жалға алу немесе меншік құқығын иеленген заңды тұлға жер телімін игеруді қала құрылысы төлқұжатына сәйкес жүзеге асырады, оған төмендегілер жатады:
      1) мемлекеттің қала құрылысы кадастрындағы тіркеу кодтары;
      2) меншік иесі (жалғыз алушы) туралы жалпы мәліметтер;
      3) жер телімі туралы жалпы мәліметтер;
      4) құрылыс салу ережелерімен белгіленген аумақтың аймақ кодтары;
      5) жер телімі шегінде орналасқан аумақтың аймақтың қызметтік-мақсаттық қолданылуы;
      6) инженерлік-геологиялық сейсмикалық жағдайлар туралы мәліметтер;
      7) қала құрылысы жағдайлары туралы мәліметтер;
      8) жер телімінің белгіленген шекараларының жоспары;
      9) меншік иесіне, пайдаланушыға немесе жалға алушыға тиесілі үйлер, құрылғылар және ғимараттар параметрлерін көрсету;
      10) жер телімі шекарасында параметрлерін және пайдалануға арналған шектеулерін көрсете отырып, инженерлік жүйелердің және құрылғылардың болуы;
      11) жер телімдерін пайдалану жөніндегі қала құрылысының регламенттері және сервитуттары.
      19. Жер телімдерін бөлген немесе олардың шекаралары және параметрлері өзгерген кезде қызыл сызық, құрылысты реттеу сызықтары және қала құрылысы регламенттерінің талаптары сақталады. Жылжымайтын мүлік объектілерін бөлген жағдайда олардың бөлімдері жылжымайтын мүліктің жеке объектілері ретінде қызмет ететіндей жағдай қамтамасыз етілуі тиіс.

6. Құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісіне арналған рұқсат

      20. Құрылыс салуға рұқсат - меншік иесінің, жылжымайтын мүлік объектісін пайдаланушының немесе жалға алушының аумақты абаттандыруға, құрылым және ғимаратты, үйді қайта жаңғыртуға, жер телімінде құрылыс салуға құқығын куәландыратын құжат.
      21. Белгілеген тәртіппен бекітілген, жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарымен (қызметтерімен) келісілген жоба (нобайлық жоба), сондай-ақ сараптаманың оң қорытындысы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін негіз болып табылады.
      22. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары (рұқсат беруден дәлелді бас тартады) рұқсат береді құжаттармен материалдарды тапсырған мезгілден бастап екі жұмадан аспайтын мерзімде. Рұқсат мерзімі біткен жағдайда құрылысшы (тапсырысшы) оны бір жұма ішінде ұзартуға міндетті.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2005.10.22 N 22-6 Шешімімен.
      23. Тұрғын үй ғимараттарындағы (үйлердегі, жатақханалардағы) жекеленген үй-жайларды немесе оның жекелеген бөліктерін қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), жергілікті құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсатты жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары береді.
      24. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсат жаңа объектіні салуға, не қолда бар объектіні өзгертуді ұйғарған мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша беріледі.
      Жазбаша өтініште:
      1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және телефоны;
      2) заңды тұлғалар үшін - ұйымның атауы, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі, басшының тегі, аты, әкесінің аты, поштаның мекен-жайы мен телефоны;
      3) салынуы ұйғарылған объектінің мақсаты;
      4) өзгертілуі ұйғарылған объектінің мекен-жайы (орналасқан жер) және оны өзгертудің мақсаты;
      5) объектіні салуға жер телімін беру (жерді пайдалануға рұқсат беру) немесе қолда бар объектіні өзгертуге рұқсат беру туралы жергілікті атқарушы орган берген құжаттардың көшірмесі;
      6) белгіленген тәртіппен келісілген, әрі бекітілген жоба, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жоба сараптамасының оң қорытындысы көрсетіледі.
      Қажет болған жағдайларда өтінішке өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық қадағалау органдарымен (қызметтерімен) жобаны келісуі туралы тұжырымдар және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де құжаттар қоса тіркеледі.
      25. Төмендегі жағдайларда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат талап етілмейді:
      1) құрастырмалар мен функционалдық мақсатын өзгертпей-ақ жер телімінің (аумақтың, трассаның) қазіргі шекарасында жүзеге асырылатын объектілерді қайта жаңғырту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, техникамен қайта жарақтандыру, күрделі жөндеу кезінде;
      2) көшелердің, алаңдардың, өткелдердің жол жабындылары мен көше түсімдеріне ағымдағы жөндеу жүргізу, шағын сәулет объектілерін, ашық жасанды бассейндерді, фонтандарды, қалалық безендіру қондырғыларын сәулет және көгалдандырудың жер бедері элементтерін салу және жайластыру кезінде;
      3) уақытша мақсаттағы көмекші және қосалқы құрылыстар салған кезде.

7. Қала құрылысы саласындағы сервитуттар

      26. Қала құрылысындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты жариялы және жеке сервитуттар белгіленуі мүмкін.
      27. Жариялы сервитут мемлекет немесе қоғамдық мүдделері үшін қажет болса, жергілікті атқару органдарының нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген қала құрылысы жобасының негізінде белгіленеді.
      28. Қала құрылысы саласындағы жеке сервитуттар бөтен (көрші) жер телімін, басқа да жылжымайтын  мүлік объектілерін шектеулі пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасы Жер Кодексі 69-бабының 2-бөліміне байланысты төмендегілерді қамтамасыз ету үшін белгіленуі мүмкін:
      1) аумақтарды инженерлік дайындау, аумақтарды су тасқынынан және су басуынан қорғау жөніндегі жұмыстарды, тіреу қабырғаларын құру;
      2) бөтен (көрші) жер телімі арқылы өтуге, жүруге, егер де жер иесі немесе мүлік иесінің өз жер теліміне басқа жолмен өтуге мүмкіндік болмаса, аса қиын немесе мөлшерсіз шығын талап етілгенде жағдай жасау;
      3) үйлерді, құрылғыларды және ғимараттарды көтеру кезінде белгілі бір биіктікте бөтен (көрші) жер теліміне кірмелі қондырғыларды қолдану;
      4) сервитут белгіленбей жылжымайтын мүлік объектілері меншік иелерінің қамтамасыз етілмеуі мүмкін басқа да мұқтаждықтарда.
      29. Жеке сервитуттарды белгілеу және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

ІІІ бөлім. Батыс Қазақстан облысы
аумағында құрылыс салу тәртібі

8. Аумақта құрылыс салуға қойылатын жалпы талаптар

      30. Батыс Қазақстан облысы аумақтарында құрылыс салу тәртібі қолданыстағы нормативтік актілер негізінде әзірленген және сәулет-қала құрылысы қызметін жүзеге асыру бөлігінде жергілікті атқару органдарының шешімдеріне негізделеді.
      31. Тәртіп ведомстволық бағыныштылығына және меншік объектісіне қарамастан Батыс Қазақстан облысы аумақтарында сәулет-қала құрылысы қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
      32. Тәртіп Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын нормативтер, жобалау мен құрылыс жөніндегі ережелер ескеріле отырып қолданылады.
      33. Батыс Қазақстан аумақтарында құрылыс жұмыстарының барлық түрлері белгіленген тәртіпте, жергілікті атқарушы органдар мен (Орал, Ақсай қалалары және аудан әкімдерімен) азаматтарға және заңды тұлғаларға берілетін рұқсат етуші құжаттар болғанда жүргізіледі.
      34. Объекті құрылысына және жобалауға рұқсат етуші құжаттар:
      1) нақты мақсаттың негіздемесін көрсете отырып құрылысқа жер телімін беру туралы жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты;
      2) азаматтарға немесе заңды тұлғаларға меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында тиесілі телімді құрылысқа пайдалануға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты.
      35. Жаңа объектінің құрылысын жүзеге асыру, не қолда бар объектіні өзгертуді ұйғарған тұлғаның жазбаша өтінішінде, тиісінше төмендегілер көрсетілуі керек:
      1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
      2) заңды тұлғалар үшін - ұйымның атауы, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі, басшының тегі, аты, әкесінің аты, поштаның мекен-жайы мен телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
      3) құрылысы көзделетін объектінің негізгі параметрлері, мақсаты (есептелген қуаты, жалпы алаңы, сыйымдылығы, өткізу мүмкіндігі және тағы сол сияқтылар);
      4) жаңа құрылыс телімін орналастыру болжанған (қалап алынған) жер негіздемесі;
      5) өзгертуге жататын қолда бар объектінің (үй-жайдың, ғимарат немесе құрылыс бөліктерінің) мекен-жайы (орналасқан жері), өзгертудің мақсаты және көзделген өзгерістің негізгі параметрлері.
      Қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат алу үшін өтінішпен бірге өтініш берушінің меншік құқығын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі не белгіленген өзгерістер мен оның параметрлеріне объекті иесінің (меншік иелерінің) жазбаша келісімі қоса беріледі.
      36. Егер өтініш беруші сұратылып отырған жер телімінің нақты орнын және оның мөлшерін (шекарасын) көрсеткен жағдайда, онда жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтері) телімнің орналасқан жері жөнінде олардың тілектеріне және құрылыс салу көзделген объектінің негізгі параметрлеріне негізделген ықшамдалған алдын ала жобалау материалдарын (нобайларды) сұратуға құқығы бар.
      37. Түскен өтініш бойынша жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті сәулет және қала құрылыс органына (қызметіне) жаңа құрылыс объектісін орналастыру үшін жер телімін (аумақты, трассаны) таңдауды, бекітілген қала құрылысы құжаттамаларына және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жер телімінің мөлшері мен шекарасы жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырады.
      38. Өтініш берілген объектінің құрылысын салуға жер телімін (аумақты, трассаны) не өтініш берушінің меншік немесе жер пайдалану құқығына тиесілі телімді құрылысқа пайдалануға рұқсат беру өтініш берілген сәттен бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 10 күнтізбелік күн, қалған заңды және жеке тұлғалар үшін 30 күнтізбелік күн кезеңінде қаралады.
      39. Меншік, немесе жер пайдалану құқығына тиесілі жер телімін беру, не жер телімін құрылыс салуға пайдалануға рұқсат беру туралы оң шешім мүмкін болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген сәттен бастап 10 күн ішінде өтініш берушіге (тапсырысшыға) оның ұйғарымына қайшы келетін заңнамалық нормаларды (ережелерді, талаптарды, шектеулерді, сервитуттарды) көрсете отырып, бас тартуды дәлелдеп, жауап қайтаруы тиіс.
      Өтініш берушінің жергілікті атқарушы органға жеткіліксіз, дұрыс емес, не заңнама немесе мемлекеттік нормативтерге сәйкес келмейтін өзге де негіздерді (өтініш құжаттарын) ұсынуы рұқсат беру құжаттарын беруден бас тарту үшін себеп болып табылады.
      Оң шешім беруден бас тартылса, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағымдану мүмкіндігі бар.
      40. Өтініш берілген объектіні салуға жер телімін беру (бөліп беру) туралы жергілікті атқарушы орган берген шешім не өтініш берушінің меншік немесе жер пайдалану құқығына тиесілі телімді құрылыс салуға пайдалануға рұқсат заңнамалық кесімдерге көзделген жағдайларда қайтарып алынуы мүмкін.
      41. Батыс Қазақстан облысы аумақтарында құрылыс салу жөнінде белгіленген тәртіпті бұзушылыққа жол берген (әртүрлі құрылыс жұмыстарын орындау) азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.
      42. Рұқсат етуші құжаттар жобалық және құрылыс жұмыстарының келесі түрлеріне ресімделеді:
      1) үйлердің, ғимараттардың және әртүрлі мақсаттағы кешендердің жаңа құрылысы, қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
      2) тарих, археология, мәдениет және сәулет ескерткіштеріне жатқызылған ғимараттарды және объектілерді қорғау аймақтарын анықтау, жаңғырту және консервациялау, жөндеу;
      3) қоғамдық көлік аялдамаларын, троллейбус сызықтарын және ғимараттарын метрополитенді және олардың ғимараттарын, теміржолдарды және ғимараттарын, өткелдер және көліктік ғимараттардың, автомагистральдарды, жер асты және жер үсті инженерлік коммуникацияларын және ғимараттарын техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу, кеңейту, қайта жаңғырту, жаңа құрылыс;
      4) ақпараттың құрылғыларды және жол көрсеткіштерін, түрлі жарнамаларды, үйлерді, ғимараттарды және кешендерді жарықтандыру, қоршауларды және кіші сәулет объектілерін, көше жарығын, бассейндерді және фонтандарды, алаңдарды, саябақтарды және басқа да мақсаттағы жасыл аймақтарды қайта жаңғырту және күрделі жөндеу, жаңа құрылыс және қоғамдық мақсаттағы аумақтарды абаттандыру жөніндегі басқа да жұмыстар;
      5) карьерлерді өңдеу және әртүрлі мақсаттағы бұрғыларды бұрғылау геотехникалық зерттеулер үшін жерді бұрғылау және қазу;
      6) табиғи ландшафты қалпына келтіру;
      7) уақытша инженерлік жүйелерді, қоршауларды құруды, қосымша құрылғыларды және әртүрлі мақсаттағы ғимараттарды, көліктерді техникалық қарау және диагностикалық бекеттерді, жанар-жағар май құю станцияларын, гараждарды, көлік тұрақтарын, базарларды, жазғы алаңдарды, дүңгіршектерді, павильондарды, уақытша мақсаттағы объектілерді және басқа да объектілерді орналастыру және аббаттандыру;
      8) құрылғыларды және жасыл желектерді бұзу, аумақтарды жоспарлау жөніндегі жер жұмыстары, үйлердің, ғимараттардың және құрылғылардың сыртқы және ішкі тіреу қабырғаларын бөлу, негізгі тұлға өтетін учаскелерді және алаңдарды бетондау, төсеу және нәтижесінде объектінің сыртқы параметрлері және функционалдық пайдалануын өзгертетін жұмыстардың басқа да түрлері.
      43. Рұқсат етуші құжаттарсыз жергілікті сәулет, қала құрылысы органдарының міндетті түрдегі бақылауымен келесі құрылыс жұмыстары орындалады:
      1) конфигурациясын, түсін және жабын түрін өзгертпей, шатырды жөндеу;
      2) мөлшерін және объектілерін өзгертпей, ағаш бұйымдарын ауыстыру;
      3) ішкі өрлеу жұмыстары;
      4) қасбет және түс элементтерін өзгертпей, сыртқы өрлеу жұмыстары;
      5) үй-жайларды және қасбеттерді жоспарлауды, инженерлік қамтамасыз етудің қолда бар сұлбаларын өзгертпей, үйлерде және ғимараттарда санитарлық-техникалық құрылғыларды және жабдықтарды жөндеу және ауыстыру;
      6) мерекелік көпшілік шараларды өткізу кезінде халыққа қызмет ету үшін сауда нүктелерін орналастыру.

9. Батыс Қазақстан облысы аумақтарында құрылыс
және қайта жаңғырту объектілерін жобалау

      44. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау туралы" Заңына сәйкес облыс аумағында жобалық және құрылыс қызметін жүргізуді ұйғарған немесе жүзеге асыратын меншік объектілеріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан азаматтар және заңды тұлғалар осы жұмыс түрлеріне лицензия алуы тиіс.
      45. Тапсырыс берушінің, не оның уәкілетті тұлғаның (құрылыс салушының) жобалауға арналған тапсырманы алуы мен оларды инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуына техникалық жағдай жасауы үшін жергілікті атқарушы органның жер телімін (бөлініп беру) жаңа құрылыс салуға не қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беру (өтініш берушіде бар телімді пайдалануға рұқсат) туралы шешімі негіз болып табылады.
      46. Өтініштің негізінде инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жеткізушілер 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде өтініш берушіге сұратылған (есептік) параметрлер шегінде техникалық жағдайлар жасау, не сұратылып отырған параметрлер шегінде техникалық жағдайлар жасаудан бас тарту туралы жауап қайтарады. өтініш беруші техникалық жағдайлардан бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағымдануы мүмкін.
      47. Тапсырыс берушінің өтініші бойынша жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтері) үш жұмыс күні ішінде:
      1) жаңа құрылыс үшін жер телімін беру (бөліп беру) (қолда бар телімді пайдалануға рұқсат беру) туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
      2) қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін қолда бар объектілерді өзгертуге жергілікті атқарушы органның шешімі;
      3) жобалауға арналған бекітілген тапсырма;
      4) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық шарттар негізінде тапсырыс берушіге, не уәкілетті тұлғасына (құрылыс салушыға) сәулет жоспарлау тапсырмасын береді.
      48. Берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы белгіленген тәртіппен жобаны әзірлеуге рұқсат берілгендігін білдіреді. сәулет -жоспарлау тапсырмасына табиғи- климаттың, сейсмикалық және қала құрылысы жағдайларын ескере отырып, әртүрлі мақсаттағы объектілерді жобалау жөніндегі жалпы ұсыныстар кіреді.
      49. Жасақталған жоба сәулет-жоспарлау тапсырмасының жалпы талаптарына және ұсыныстарына сәйкес келуі тиіс. Жобалық әзірлеулер сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарынан ауытқыған жағдайда азаматтар және заңды тұлғалар жобаны түпкі келісуге бергенге дейін оларды жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарымен келісім алуға міндетті.
      50. Жаңа объектіні салуға немесе қолда бар объектіні қайта жаңғыртуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға, жаңғыртуға, қалпына келтіруге) жер телімін беру (бөліп беру) талап етілмеген жағдайларда, сондай-ақ бұл мақсаттар үшін инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу немесе жүктемені арттыру қажет болмаса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасына тиісті жазба жасатады.
      51. Жаңа объектіні салу (қолда бар объектілерді өзгерту) жобаларына сараптама жүргізудің қажеттілігі не сараптаманың міндетті еместігі сәулет-жоспарлау тапсырмасында көрсетіледі. Сонымен бірге, жергілікті сәулет және құрылыс органдарымен (қызметтерімен) келісе отырып, тапсырыс беруші төмендегі құрылыс жобаларын сараптамаға ұсынбауға құқылы:
      1) лицензиялары бар тұлғалар орындаған және қосымша жер телімін (аумақты бөліп беру) бөліп беруді талап етпейтін, құрастырмалардың есептік беріктігін төмендетпейтін, сәулеттік-эстетикалық, өртке, жарылысқа қарсы және санитарлық сапаны нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін тұрғын үй ғимараттарындағы (үйлердегі) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) қайта жаңартуды;
      2) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық жағынан күрделі емес басқа да құрылыстарды.
      52. Сәулет жоспарлау тапсырмасында төмендегідей жобалар бойынша сараптама жүргізу үшін талаптар немесе шарттар белгілеуге рұқсат берілмейді:
      1) жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметінің) сәулет жоспарлау тапсырмасына сәйкес лицензиялары бар тұлғалар орындаған жеке тұрғын үйлер. Бұл ереже сейсмикалық қауіптілігі жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары, арнайы жобалау шешімдері мен оларды сату кезіндегі іс-шараларды талап ететін аудандардағы (аймақтардағы) жеке тұрғын үй құрылысына қолданылмайды;
      2) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар, тұрғын үйлер мен тұрмыстың үй-жайлар;
      3) жеке үй жанындағы телімдердің аумағындағы, сондай-ақ бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) телімдеріндегі шаруашылық-тұрмыстың құрылыстар;
      4) жұмыс істеп тұрған инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін үй жанындағы және саяжай телімдерін абаттандыру;
      5) контейнерлік және блоктық ұтқыр кешендер, сондай-ақ жинамалы-бұзылмалы құрастырмалардан тұрғызылған және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен келісуді талап етпейтін сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстың қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты үйлер (ғимараттар);
      6) саны 50 бірліктен аспайтын автомашинасы бар ашық үлгідегі автотұрақтар, сондай-ақ 2-ден аспайтын автомашинаға арналған бокстері бар гараждар;
      7) қолда бар ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіркеу құрастырмаларын өзгертуді талап етпейтін өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);
      8) инженерлік желілерді электрлік тоттанудан сақтау;
      9) желісті инженерлік желілер мен оларға арналған құрылыстарға олардың жағдайын, салыну белгілерін, құбырлардың диаметрін өзгертуді қажет етпейтін күрделі жөндеу жүргізу;
      10) шағын сәулеттік объектілер мен аумақтардың қоршаулары;
      11) ғимараттардың (құрылыстардың) маңындағы ашық спорт алаңдары, тротуарлар, төселген тастар;
      12) технологиялық ресурстары таусылған және кәсіпорынды (цехты) қайта жаңғыртуды немесе қайта бейімдеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдықтарды жөндеу және ауыстыру.
      Осы тармақта көрсетілген жобалар бойынша сараптама жүргізу туралы шешімді тапсырыс беруші қабылдайды.
      53. Сәулет-жоспарлау тапсырмасына реңдік шешімдер және ғимараттардың (құрылыстардың) қасбетін өрлеуге материалдар пайдалану, сондай-ақ олардың көлемдік-кеңістік шешімдер бойынша талаптар белгілеуге рұқсат берілмейді.
      54. Жобалауға берілген тапсырмаға және сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес әзірленген жоба оны бекіткенге дейін қажетті келісулерден өтеді.
      Объектінің құрылысына көзделген техникалық күрделілік деңгейіне немесе қолда бар объектінің жоспарланған өзгерістеріне, құрылыс салу (қайта жаңғырту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) процесіне тұлғалар мен қоршаған орта үшін олардың ықтимал қауіпіне, сондай-ақ кейінірек пайдаланған кезде тұтастай объектінің тұрақты жұмыс істеуінен күтілетін ықпалға, құрастырмалардың төзімділігі мен сенімділігіне, қоршаған ортаға немесе санитарлық жағдайға байланысты жобаларды:
      1) өртке қарсы қызмет;
      2) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет;
      3) экологиялық қызмет органдарымен келісуі қажет.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында басқаша қарастырылмаған болса, көрсетілген инстанцияларда келісу мерзімі ведомстволық нормативтермен белгіленеді.
      55. Жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтері) жобаның сәулет-жоспарлау тапсырмасына әрі инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарға сәйкес бөлігінде жобамен келіседі.
      56. Келісілген жоба Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы ережеде басқаша қарастырылмаған жағдайда, сараптамадан өтеді.
      Жобалардың сараптамасында өту мерзімі келісіммен белгіленеді және 45 календарлық күннен аспауы керек. Кіші бизнес саласында кәсіпкерлік қызмет атқару үшін техникалық қыйындықтар туғызбайтын объектілер құрылысының жобаларының сараптамадан өту мерзімі 15 күннен аспауы тиіс.
      Ескерту. 56-тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2005.10.22 N 22-6 Шешімімен.

10. Жалпы құрылыс аудандарында жеке үй
құрылысын салуды жобалау

      57. Жеке құрылыс салу ауданының сәулеттік бейнесі, оның жоспарлық құрылымы, үйлердің тұрпаттары, қабаттылығы, абаттандыруы жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының сәулет жоспарлау тапсырмасына сәйкес жасақталған сол ауданның құрылыс салу жобасымен анықталады.
      58. Жеке тұрғын үйлерді жобалау және құрылысын салу белгіленген тәртіпте құрылыс нормаларына және құрылыс салу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      59. Жеке құрылыс салу аудандарында бекітілген жобаға сәйкес шаруашылық құрылыстарының және  сыртқы дәретханалардың құрылысына рұқсат етіледі.
      60. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімінің мөлшері нормативтік-құқықтық актілерге және бекітілген жобаға сәйкес белгіленеді.

11. Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қайта
жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)

      61. Қосымша жер телімін бөлуді (аумақты бөліп беруді) немесе оның мақсаттың бағытын өзгертуді талап ететін ғимараттарда және тұрғын үйлерде тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде меншік иесі жер заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қосымша жер телімін беру туралы шешімін немесе оған меншік немесе жер пайдалану құқығына жататын телімнің мақсаттың белгісін өзгертуге рұқсатын алуға міндетті.
      62. Тұрғын үй ғимараттарындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, сондай-ақ тұрғын үй ғимараттарының өзге де бөліктерін өзгертуге мүдделі және жергілікті атқарушы органдардың тиісті шешімі бар тұлға объектінің орналасқан жері бойынша сәулет және қала құрылысы органдарына (қызметіне) өтініш береді.
      Өтінішке өзгертілетін үй-жайға өтініш берушінің меншік құқығын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі не үй-жайлардың немесе ғимараттардың өзге де бөліктерін өзгертуге меншік иесінің (меншік иелерінің) жазбаша келісімі қоса беріледі.
      63. Жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтері) өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарағаннан кейін сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен үй-жайларды (ғимараттың бөліктерін) өзгерту жобасын әзірлеуге қажетті бастапқы деректерді беру немесе оларды беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      64. Төмендегідей жағдайларда:
      1) өзгертілетін объектіге өтініш берушінің тиісті меншік құқығы не үй-жай меншік иесінің (меншік иелерінің) нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімі болмаған кезде;
      2) егер жоспарланған өзгерістерде нормативтік-құқықтық келісімдермен және нормативтік-техникалық құжаттармен тыйым салынған әрі шектелген қызметтің түрі үшін үй-жайын пайдалану белгіленген болса, өзгертуге рұқсат беруден, сондай-ақ сәулет-жоспарлау тапсырмасын және бастапқы материалдарды (деректерді) беруден бас тартылуы мүмкін.
      65. Бастапқы деректер мен сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу барысында дәлелді бас тартуға негіз болған ескертпелерді өтініш беруші жойған кезде қайта берілген өтініш жалпы негізде қаралады.
      66. Бастапқы сәулет-жоспарлау тапсырмасын берген кезде жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтері) болжанып отырған өзгерістердің күрделілігіне байланысты төмендегідей тәртіппен:
      1) егер техникалық жағынан күрделі емес өзгерістерге, қосымша жер телімі (аумақ телімін) бөліп беруді талап етпейтін, құрастырылмалардың есептік беріктігін төмендетпейтін, өртке, жарылысқа қарсы және санитарлық, сәулет-эстетикалық сапаны нашарлатпайтын пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін, жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізілетін объектілерге жатпайтын үй-жайларды немесе ғимараттың өзге де бөліктерін өзгертуді жүзеге асыру туралы шешім қабылдаса, онда жұмыстар кез-келген тұлға орындаған ықшамдалған жоба (нобай) бойынша жергілікті сәулет қала құрылысы органының (қызметінің) келісімімен жүзеге асырылады.
      Жоспарланған өзгерістерді техникалық жағынан күрделі еместердің қатарына жатқызу туралы шешімді жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтері) қабылдайды;
      2) үй-жайлардың барлық өзге де жоспарланған өзгерістері кезінде жұмыстар тиісті лицензиясы бар тұлға орындаған жоба бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасында белгіленген көлемде жүзеге асырылуы тиіс.
      67. Жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары (қызметтері) қабылдаған, 66-тармақта көрсетілген шешімдер нұсқаларының бірі сәулет-құрылыс тапсырмасында тіркеледі.
      сәулет-құрылыс тапсырмасында, сондай-ақ заңнамалық нормалармен белгіленген үй-жайлардың (ғимарат бөліктердің) ұйғарылған өзгерістерінің жобаларына сараптама жүргізудің қажеттілігі, не мұндай қажеттіліктің болмауы көрсетіледі.
      68. Үй-жайлардың немесе тұрғын үй ғимараттарының өзге де жобасы әзірлеуге бастапқы деректер мен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру (немесе оларды беруден дәлелді бас тарту) үшін өтініш берушілердің жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарына (қызметтеріне) ұсынылған құжаттарын қарау мерзімдері үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      69. Жобаны әзірлеушілер үй-жайларды немесе ғимараттардың өзге бөліктерін өзгерту жөніндегі  жұмыс процесіне, сондай-ақ өзгертілген объектіні одан әрі пайдалануға беру кезінде басқа меншік иелерінің мүддесін қозғайтын жобалық шешімдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді құжаттамаларда көрсетуге тиіс.
      Егер үй-жайларды жоспарланған жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру басқа меншік иесінің (меншік иелерінің) мүддесіне қайшы келетін болса, онда жобаға осы өзгерістер үшін нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімі берілуге тиіс.
      Басқа меншік иелерінің көрсетілген келісімді алу қажеттілігі:
      1) өтініш берушінің жоспарланған өзгерістеріне-сәулет-жоспарлау тапсырмасын берген кезде жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарына (қызметтеріне);
      2) қабылданған жобалау шешіміне жобаны әзірлеушілерге байланысты белгіленеді.
      70. Үй-жайларды (ғимараттың бөліктерін) өзгерту жөнінде құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуден бас тарту үшін тек төмендегі жағдайларда:
      1) егер қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі өтінішті қараған уақыт ішінде жойса;
      2) егер жоба бекітілмеген болса немесе белгіленген тәртіпті бұза отырып бекітілсе;
      3) ереженің 54 тармағында көрсетілгендей органдар жобаның келісілуінен, немесе жобалар сараптамасының теріс қорытындысында бас тартса;
      4) жоба нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес болмағанда орын алуы мүмкін.
      71. Үй-жайларды (ғимараттардың бөліктерін) өзгерту жөнінде құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту мерзімдері бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.

12. Инженерлік желілерді және ғимараттарды жобалау

      72. Магистральді инженерлік желілерді және ғимараттарды жобалау ұйымдардың және қызметтердің тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.
      Батыс Қазақстан облысында магистарльді инженерлік желілердің және ғимараттардың құрылысына мүдделі жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ кейіннен желілерді облыстың сәйкес қызметтерінің балансына берумен олардың жобалауына және құрылысына тапсырыс берушілер бола алады.
      73. Объектілердің қызмет етуін қамтамасыз ететін таратушы және алаң ішіндегі инженерлік желілерді, сондай-ақ олардың ұзындығына қарамастан үйлердің және ғимараттардың ішіндегі желілерді, жобалау жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарымен берілген сәулеттік жоспарлау тапсырмасына және облыстың инженерлік қызметтерінің техникалық жағдайларына сәйкес құрылыс салушылардың тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.
      Инженерлік желілерді және ғимараттарды жобалау тиісті лицензиялары бар жобалау ұйымдарымен немесе жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.
      74. Инженерлік желілердің жобалары барлық түрлерінде және сатыларда 1:500 масштабында толыққанды және түзетілген топогеодезиялық негізде орындалуы тиіс. Инженерлік желілердің және ғимараттардың дайындалған жобалары жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарымен міндетті келісілуге жатады.
      Инженерлік ғимараттардың жобалары (сорғыш, шағын станциялар және басқа объектілер) белгіленген тәртіпте сараптама органымен келісіледі.
      75. Инженерлік желілердің және ғимараттардың құрылысын салу жұмыстарын жүргізуге рұқсатты жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарымен келісілген жоба негізінде мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылау органымен беріледі.
      76. Инженерлік желілер мен ғимараттардың құрылысы аяқталғанда құрылыс салушы немесе құрылыс ұйымы оларды топырақпен төсегенге дейін кейіннен облыстың кадастр қызметінде тіркеумен, лицензия алған топогеодезиялық ұйымның күшімен жаңадан салынған инженерлік желілер телімінің 1:500 М орындаушылық геодезиялық түсіруді қамтамасыз етуге міндетті.
      77. Инженерлік желілерді пайдалануға қабылдау олардың құрылысы немесе қайта жаңғыртылуы аяқталған кезде белгіленген тәртіпте қабылдаушы комиссиямен жүзеге асырылады. Комиссия Актісінің бір данасы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына ұсынылады. Инженерлік бағыттағы ғимараттар мен құрылымдар мемлекеттік комиссиямен қабылданады.
      78. Келісілмеген жобалық құжаттамамен не жұмыстар жүргізуге мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының рұқсатынсыз инженерлік желілерді және ғимараттардың құрылысы немесе жөндеу бойынша жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын құрылыстың ұйымдар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік шараға тартылады.

13. Объектілердің құрылысы

      79. Азаматтар және заңды тұлғалар (тапсырыс берушілер), жобалау құжаттамасы бойынша сараптаманың оң қорытындысы негізінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органынан жұмыстар жүргізуге рұқсат алады.
      80. Тапсырыс берушінің қажетті құжаттарды ұсынуы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы жұмыстар жүргізуге рұқсат береді (жыл сайын осы шешімнің пролонгациясы жүргізіледі).
      81. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаты бар азаматтар және заңды тұлғалар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына объектінің құрылысы басталғаны туралы хабарлайды. жұмыстарды жүргізу жобада белгіленген құрылыс мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. құрылыс кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарының жобасын және өрлеу жұмыстарының сапасын бұзуға жол берген азаматтар және заңды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      82. Іргелес аумақтарда, үйлерде және ғимараттарда тіршілік іс-әрекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ыңғайлы технологиялық процесті ұйымдастыру және құрылыстың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру мақсатында объектілердің немесе кешендердің құрылысы кезеңінде міндетті түрде құрылыс алаңын абаттандыру жергілікті сәулет және құрылыс органдарымен келісілген құрылыстың бас жоспарына және жұмыстарды жүргізу жобасына сәйкес қоршаулар жасау, кірме жолдар мен жаяу жол өткелдерін ұйымдастыру, автокөлікті жуу және басқа да шаралар көзделеді.
      83. Объектінің немесе кешеннің құрылысы аяқталысымен тапсырыс берушілер объектіні пайдалануға қабылдауға дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтер базасына енгізу үшін атқарушы топографиялық түсіру үшін тапсырыс беруге және облыстың сәулет және құрылыс саясаты басқармасына ұсынуға міндетті.

14. Құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау

      84. Салынған объектілерді пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі мен "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңымен реттеледі.
      85. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау мемлекеттік қабылдау комиссиясы оның бекітілген жобаға сәйкес толық әзірлігі және жұмыс комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда жүргізіледі.
      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда салынған объектіні пайдалануға қабылдауды меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылысты салушы) дербес жүргізеді.
      86. 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 74-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қабылдау комиссиясының немесе қабылдау комиссиясының оң шешімі болмайынша, салынған объектіні пайдалануға жол берілмейді.
      87. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзім ішінде тағайындалады немесе бір жыл күнтізбелік мерзім (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) ішінде облыс аумағында тұрақты қызмет етуі мүмкін.
      88. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы, оны тағайындаған күннен бастап екі апта мерзім ішінде орындалған жұмыстардың құрылыс нормаларына және ережелерге, жобалық құжаттамаға сәйкестігін және сапасын, объектінің қалыпты пайдалануға әзірлігін тексеруге және тиісті шешім қабылдауға міндетті.
      89. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектілерді пайдалануға қабылдау актісі (ал мемлекеттік нормативте белгіленген жағдайларда қабылдау комиссиясының актісі) дайын құрылыс өніміне мүліктік құқықты тіркеу кезіндегі бастапқы ерекше құжат болып табылады.
      90. Салынған объектіні пайдалану жөніндегі акті мемлекеттік комиссияның бекітуіне жатады. қабылдау актісін мемлекеттік қабылдау комиссиясын тағайындаған инстанция бекітеді.
      Орал қаласы бойынша құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау актілерін бекіту облыстың кадастр қызметіне тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.
      Қабылдау актісін бекіту:
      1) өндірістік мақсаттағы объектілер бойынша актіге қол қойылған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде;
      2) тұрғын үй азаматтың мақсаттағы объектілер бойынша актіге қол қойылған күннен бастап жеті күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
      91. Комиссияны тағайындаған инстанцияның объектіні пайдалануға қосу туралы актіні бекіткен күні мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдаған объектінің пайдалануға қосылған күні деп есептеледі.
      Объектінің пайдалануға қосылғандығы туралы актіге қол қойылған күн қабылдау комиссиясы объектіні пайдалануға қосқан күні деп есептеледі.
      92. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының немесе қабылдау комиссиясының нақты объекті бойынша өкілеттіктері олардың тағайындалған кезінен басталады және объектілерді пайдалануға қабылдау туралы акт бекітілген кезден бастап тоқтатылады.
      93. Жұмыс комиссиясының нақты объекті бойынша өкілеттіктер оның тағайындалған кезінен басталады және пайдалануға қосылған объектіні кешенді тексеру туралы заңдарда белгіленген тәртіппен ресімделген қорытынды тапсырыс берушіге берілген кезден бастап тоқтатылады.

15. Инженерлік желілерді және ғимараттардың
құрылысын салу, жөндеу жұмыстарын жүргізу ережесі

      94. Инженерлік желілерді және ғимараттарды зақымданулардан сақтау және сақтандыру шараларын қабылдау үшін жұмыстар жүргізуге міндетті ұйым жұмыстар басталғанға дейін 24 сағат ішінде жұмыс орнына мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақыруға, олармен бірге қолда бар желілердің және ғимараттардың нақты орналасқан орнын белгілеуге және олардың толық сақталуына шаралар қабылдауға міндетті.
      Мүдделі ұйымдардың басшылары өздерінің өкілдерін жұмыс жүргізілетін орынға келуін қамтамасыз етеді және жұмыс жүргізу кезінде олардың иелігінде желілер мен ғимараттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлардың нақты жазбаша нұсқауын береді.
      95. Жұмыстың жүргізілуіне міндетті ұйым жұмыс басталғанға дейін төмендегілерді орындауға:
      а) қазылған шекаралар бойынша бекітілген үлгідегі ескертуші жол белгілерін және қоршау қоюға;
      б) жолаушылар қозғалысы орындарында тұтқалы жолаушылар көпірлерін дайындауға және түнгі уақытта қазылған учаскені жарықтандыруды қамтамасыз етуге;
      в) механизмдер жұмысы аймағында жасыл желектер болған жағдайда, олардың сақталуына кепілдік беретін бітеу қалқандармен қоршауға міндетті. Жүру бөлігін жабуды талап ететін шұңқырлар болған жағдайда, сәйкесінше белгілермен айналма жол көрсетіледі.
      96. Жол жабындығын барынша күтіліп сақталуына кепілдік беретін траншеяларды алдын ала дайындықсыз қазуды бастауға тыйым салынады.
      97. Материалдарды жұмыс орнына жұмыс басталғанға дейін 24 сағаттан бұрын жеткізуге болмайды.
      98. Көшелерде, алаңдарда және басқа абаттандырылған аумақтарда жер асты коммуникацияларын төсеу үшін қазан шұңқырларды және траншеяларды қазу шарттарын сақтау арқылы жүргізілуі тиіс:
      а) жұмыстарды жүргізу жобасына сәйкес жұмыстар қысқа телімдерде орындалады;
      б) кейінгі телімдерде жұмыс бастауға алдыңғы телімде аумақты тазалау және қалпына келтіру жұмыстарымен қоса, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін ғана рұқсат етіледі;
      в) траншеялардан және қазан шұңқырлардан алынған топырақ жұмыс орнынан тез арада шығарылуы тиіс;
      г) траншеяларды қайтадан көму оңтайлы-малтасты қоспаны қабат-қабат нығыздаумен жүргізілуі тиіс;
      д) көшелер бойынша магистральді инженерлік желілерді төсеген кезде, асфальт-бетондық жабындығының ені 4-7 метр құрайтын асфальт-бетон жабыны сол көшенің барлық ені бойынша қалпына келтіріледі, ал ені 7 метрден асатын болса асфальт-бетондық жабынды қалпына келтіру жұмыстары құрылыс механизмдер жұмысының аймағында және траншеяда орындалады;
      е) телефондық канализацияны, электркабельдер мен басқа да инженерлік желілерді асфальт-бетондық жабындығының ені 1,5-2 метрлік тротуарларға төсеген кезде асфальт-бетондық жабын тротуарлардың барлық ені бойынша қалпына келтіріледі.
      99. Траншеяларды даярлауды аяқтаған кезде жұмыстар жүргізуге жауапты ұйым мемлекеттік сәулет-құрылыс басқару органының өкіліне траншеяны әзірлеудің инженерлік жобаға сәйкестігін куәландыруға және осы сәйкестікті актімен ресімдеуге міндетті.
      100. Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында немесе аяқталғаннан кейін инженерлік желілер трассалары жобасы сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс органымен осы желілерді қайта төсеуге нұсқама беріледі. Жобаға сәйкес келтіру үшін инженерлік желілерді және олардың жабдықтарын қайта қондыру шығындары осы жұмыстарды жүргізуші ұйымның есебінен орындалады.
      101. Инженерлік желілердің монтаждалуы және инженерлік ғимараттардың құрылысы аяқталғаннан кейін, бірақ соңғыларын топырақпен төсегенге дейін құрылыс ұйымы облыстың кадастр қызметінде соңынан тіркелетін орындаушылық түсірімді жүргізеді.
      102. Құрылысы аяқталған желілерді пайдалануға қабылдау мемлекеттік, қабылдау және жұмыс комиссиясы жүргізеді. Оларға тапсырыс берушінің, жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметтерінің), бас мердігердің, қосымша мердігерлік ұйымдардың, жобалық ұйымдардың, техникалық инспекцияның және қажет болған жағдайда басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.
      103. Комиссия ұсынылған құжаттамалар мен салынған ғимараттарды қарап, төмендегілерді белгілейді:
      1) істелген жұмыстардың орындаушылық сызбаларға сәйкестігін;
      2) жүргізілген жұмыстың сапасын;
      3) аяқталмаған жұмыстарды.
      104. Инженерлік желілерді пайдалануға қабылдау, люктерді, құдықтарды орналастыру және абаттандыру элементтерін толық қалпына келтіру жұмыстарымен қоса, барлық іс аяқталғаннан кейін жүргізілуі тиіс.
      105. Облыстың ішкі аумақтарындағы және көшелердегі люктердің, жылу камералары мен құдықтардың жағдайына жауапкершілік пайдаланушы ұйымға немесе осы инженерлік желіні қадағалайтын ведомствоға жүктеледі.

16. Инженерлік желілердегі аварияны жою
барысындағы қалпына келтіру жұмыстары

      106. Жерасты инженерлік желілер мен ғимараттар істен шығып, өндірістің тоқтауына себеп болған келеңсіз жағдайларда, ғимаратты пайдаланып отырған ұйымдардың басшылары немесе өкілетті өкілдері авария туралы сигнал келген уақыттан бастап төмендегілерге міндетті:
      а) істен шыққан жерлерді айыру және қайта қосу үшін шұғыл түрде жауапты адамы бар авариялық бригаданы шақыру;
      б) авария туралы жергілікті атқарушы органдарына, жол полициясына, сонымен қатар, авария болып жатырған жерде жерасты шаруашылығы бар ұйымдарға хабар беру.
      Ескерту: Егер ірі авария түнгі уақытта болса, телефонограмма Орал, Ақсай қалалары, аудан орталықтарының әкім аппаратының кезекшілеріне жолданады.
      107. Техникалық инспекция және жол полициясы авария туралы хабарлама алған кезде оны жою барысындағы жұмыстар жолды жабуға әкелетін болса, жолды жабу және залалдарды жою мерзімін анықтау туралы мәселені шешу үшін авария орнына жауапты тұлғаларды жіберуге міндетті.
      108. Аварияны жою барысындағы жұмыстар инженерлік желілердің және ғимараттардың зақымдануына жол берген ұйымға жүктеледі.
      Аварияны жою бағытындағы жұмыстар жүргізудің барлық жағдайларында, жұмыстар жүргізуші ұйым жұмысты тоқтатпай, оны жүргізуге ордер алуға міндетті.
      109. Жерастылық ғимараттар тозған жағдайда немесе олардың орнына басқа ғимарат салынса, бірінші ғимарат пайдаланудан шығарылып, орнынан алынуы тиіс.
      110. Жер қазу жұмыстарымен байланысты жұмыс істемейтін ғимараттарды жою жұмыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте техникалық инспекциядан ордер алғаннан кейін ғана жүргізіледі.

17. Тұрғын аумақтардың құрылысын салу

      111. Тұрғын аумақтарға құрылыс салу Орал, Ақсай қалалары және елді мекендердің бекітілген бас жоспарына сәйкес орындалған құрылыс салу жобасы бойынша жүзеге асырылады.
      112. Жаңа тұрғын үй құрылысын салуда өмір сүрудің жайлы жағдайларын қамтамасыз ететін, тұрғындарға инженерлік қызмет көрсетулер мен әлеуметтік кепілді минимуммен қамтамасыз етілген қала құрылысы кешені түріндегі тұрғын орталығын қалыптастыру қарастырылуы тиіс.
      113. Тұрғын аумақтарға құрылыс салу сәулет-қала құрылысы құжаттамасы негізінде асырылады.
      Тұрғын аумақтарды жобалау және тұрғын үйлерді орналастыру кезінде олар орналасқан жер телімдерін және үйлерді ұстау әрі қызмет ету мақсатында көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларына алдағы уақытта меншік иелерінің кондоминиумдарын құру мүмкіндігін қарастыру қажет.
      114. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің кешендерін жобалау кезінде санитарлық және өртке қарсы талаптарын ескере отырып, үстіңгі қабатта балалар ойнайтын спорттың және шаруашылық алаңдарын қондыруымен бірге инженерлік жабдықтар ғимараттарын және гараждарды орналастыру үшін жер асты кеңістігін пайдалану қажет.

18. Жеке тұрғын үй (қоныстың)
құрылыс салу аумағын ұйымдастыру

      115. Жеке тұрғын үй қоныстың құрылыс салу аумағын ұйымдастыру белгіленген тәртіпте дайындалып, бекітілген құрылыс салу жобасы бойынша жүргізіледі.
      116. Жеке тұрғын үй (қоныстың) құрылысын салу деп қоныстың (коттедждік) және блокталған құрылыс салу түсініледі, онда әрбір тұрғын үйдің (пәтер) өзінің қоныстың жер телімі болады.
      117. Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 50-бабына сәйкес бөлек тұрған үй (коттедж) құрылысы үшін жер телімін бөлу кемінде 0,1 га көлемінде жүргізіледі.
      Сәулет-қала құрылысы құжаттамасына сәйкес қоныстың жер телімін ұлғайтуға жол беріледі, азаматтарға тұрақты пайдалануға берілетін қосымша жер телімдері үшін ағы төленеді.
      118. Жеке аз қабатты құрылыс аудандарындағы көшелердің ені "қызыл сызықтарда" кемінде 12 метр, көлік өтетін бөлігінде - 5,5 метр болуы тиіс.
      Тұйық жолдардың ұзындығы 100 метрден аспауы тиіс және бұрылатын алаңдармен аяқталуы қажет.
      119. Жеке аз қабатты құрылыс аудандарында:
      1) әлеуметтік-тұрмыстың мақсаттағы объектілерді орналастыру үшін аумақ сақталуы;
      2) көше жол желілерінің және инженерлік инфрақұрылымның озық құрылысы жүзеге асырылуы тиіс.
      120. Инженерлік жабдық орталықтандырылған қалалық жүйелерге қосумен қатар, локальдық және кварталдың дербес ғимараттарды қондыруды болжауы тиіс.

19. Батыс Қазақстан облысы аумағында сауда
дүңгіршіктерін және павильондарын орналастыру

      121. Орал, Ақсай қалалары және елді мекендердің әсем сәулеттік бейнесін сақтау және құру, әрі көшелерді тиісті эстетикалық және санитарлық түрде ұстау мақсатында, облыс аумағында сауда дүңгіршіктерін және павильондарын орнату атқарушы органмен бекітілген сауда дүңгіршіктерін және павильондарын орналастыру кестесіне сәйкес жүргізіледі.
      122. Бекітілген орналастыру кестесіне сәйкес орнатылған жұмыс істейтін дүңгіршіктер, оларды бұзу немесе басқа телімге ауыстыру туралы ескерту берілгенге дейін қызмет етеді.
      123. Сауда дүңгіршіктері және павильондары орналасқан жер телімдері сауда дүңгіршектерінің және павильондарының иелеріне тек жалға берілуі мүмкін. Сауда блогы және аялдама қалғанының арақатынасы аялдама павильонының жалпы ауданынан тең үлесте құрылуы тиіс.

20. Тұрғындар иелігіндегі көлік құралдарын сақтау
және қызмет ету үшін ғимараттарды орналастыру

      124. Тұрғын кварталдарда, мөлтек, тұрғын аудандарда автомобильдерді тұрақты сақтау үшін гараждарды және алаңдарды орнату жергілікті атқарушы органдармен облыс аумағында гараждар және автотұрақтар орналастыру схемасына сәйкес жүргізіледі.
      125. Мүгедектерге тиісті автомобильдерді сақтау үшін гараждарды орнату белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Азаматтардың осы санаттарына жер телімдерін беру үшін дайындық материалдарын ресімдеуді жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары жүзеге асырады.
      126. Кооперативтік гараждар мен автотұрақтарды жобалау және құрылысы қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуы жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіпте жүргізеді.
      Өз бетімен гараждар мен автотұрақтардың құрылысын салуға, сондай-ақ жұмыс істейтін автотұрақтарда қалқаларды орнатуға жол берілмейді.
      Гараждар мен автотұрақтардың құрылысының белгіленген тәртібін бұзған азаматтар және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      Жер телімдеріне құқық алу жөніндегі өтініш, берілген мезгілінен бастап үш айға дейін мерзімде қаралады.
      Ескерту. 126-тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2005.10.22 N 22-6 Шешімімен.
      127. Ірі сауда және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезінде ішінен салынған немесе жанынан жапсыра салынған жерасты гараждарын қарастыру қажет.
      128. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету станциялары тұрғын үй құрылысынан қашық, өнеркәсіп-коммуналдық және көліктік кәсіпорындарынан санитарлық-қорғаныс аймақтарының оқшауланған телімдерінде, өндірістік базалардың қоғамдық магистральдарына жағын орналастырылады.
      129. Стационарлық май құю және техникалық қызмет көрсету станциялары ыңғайлы көлік кірме жолдарын ұйымдастырумен жалпы қалалық магистральдарда арнайы бөлінген алаңдарда орналасуы тиіс.
      Контейнерлік май құю станциялары өртке қарсы экологиялық талаптарды сақтап, уақытша резервке сақталатын аумақтарда орналасуы мүмкін.
      Техникалық қызмет көрсету станциясы (ТҚБ), стационарлық май құю станциясы, автомобильдерді жуу пункті және басқа да қызмет көрсететін объектілерді бір алаңда біріктіруге болады.
      130. Май құю және техникалық қызмет көрсету станцияларын орналастыру олардың бекітілген орналасу кестесіне сәйкес жүргізіледі.

21. Мүгедектердің ыңғайлы қозғалысын
қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғыларды
жобалау және олардың құрылысын салу

      131. Объектінің немесе кешеннің құрылысын жүзеге асыруды ұйғарған жеке және заңды тұлғалар (тапсырыс берушілер) мүгедектердің ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғыларды қарастыруға міндетті. Объектілерде және кешендерде мүгедектердің қозғалысы үшін арнайы құрылғыларды орнату қажеттілігі жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарымен (қызметтерімен) дайындалған сәулет-жоспарлар тапсырмасымен анықталады.

IV-бөлім. қала құрылысы қызметін жүзеге асыруды бақылау

22. Қала құрылысы қызметін жүзеге асыруды бақылау

      132. Қала құрылысы қызметіне бақылау жасау мемлекеттік қала құрылысы нормативтері мен ережелеріне, бас жоспарға және басқа қала құрылысы құжаттамасына сәйкес қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
      133. Қазақстан Республикасы құрылыс істері жөніндегі аумақтың басқармасының, жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметтерінің) лауазымды тұлғалары өз құзыреттері шегінде:
      1) қала құрылысы қызметі субъектілерінің құрылысқа рұқсаттарын, мемлекеттік қала құрылысы нормативтері мен ережелерін, қала құрылысы және жобалау құжаттамасының талаптарын орындау туралы ақпарат алу мақсатында жылжымайтын мүлік объектілерін жөндеуге, қайта жаңғыртуға, құрылысына бақылау жасауға;
      2) Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылысы туралы заңнамасын бұзған кінәлі тұлғаларды белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тартуға;
      3) Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылысы туралы заңнамасын бұзған кінәлі тұлғаларды, тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға материалдар жолдауға;
      4) Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылысы туралы заңнамасын бұзу жолымен зиян келтірілген жағдайда, тіршілік ету ортасына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы сотқа талаптар беруге;
      5) Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылысы туралы заңнамасының бұзылуымен жүзеге асырылатын қала құрылысы қызметін тоқтата түру немесе тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

23. Батыс Қазақстан облысы аумағында жеке құрылыс
объектілерін жобалау, келісу және құрылыс
тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

      134. Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салу Ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.