Қоқысты шығару саласында сапаны арттыру мақсатында Алматы қалалық Әкiмшiлiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 14 тамыздағы N 1/129 "Тұрғын үйдi ұстау жөнiндегi жұмсалған шығынның мөлшерiн белгiлеу туралы"
қаулысына
(нормалық құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 2001 жылғы 29 тамыздағы N 386 тiркелген, 2001 жылы қыркүйекте "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерiнде жарияланған) Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2002 жылғы 22 қарашадағы N 5/749 қаулысымен өзгерiстер енгiзiлген (нормалық құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 тiркелген, 2002 жылы желтоқсанда "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 1 тармақтағы "11 теңге 49 тиын" сөзi "11 теңге 38 тиынмен" ауыстырылсын;
2) N 1 қосымшасындағы аталған қаулыға:
- 3 тармақшадағы 2 баған "Көрiктендiру" мына сөзбен толықтырылсын "контейнерлер мен контейнерлiк алаңдарды дәрiлеу";
- 3 тармақшадағы 3 баған "0-50" саны "0-55" санымен алмастырылсын;
- 4 тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И.Заяцқа жүктелсiн.
Алматы қаласының Әкiмi
Әкiмшiлiк хатшысы