Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 14 тамыздағы N 1/129 "Тұрғын үйдi ұстау жөнiндегi жұмсалған шығынның мөлшерiн белгiлеу туралы" қаулысына (нормалық құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 2001 жылы 29 тамызда N 386 тiркелген, 2001 жылдың қыркүйегiнде "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерiнде жарияланған) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 29 маусымдағы N 3/523 қаулысы. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 02 тамызда N 610 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 5/803 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009.12.11 N 5/803 қаулысымен.

      Қоқысты шығару саласында сапаны арттыру мақсатында Алматы қалалық Әкiмшiлiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 14 тамыздағы N 1/129 "Тұрғын үйдi ұстау жөнiндегi жұмсалған шығынның мөлшерiн белгiлеу туралы"  қаулысына (нормалық құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 2001 жылғы 29 тамыздағы N 386 тiркелген, 2001 жылы қыркүйекте "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерiнде жарияланған) Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2002 жылғы 22 қарашадағы N 5/749 қаулысымен өзгерiстер енгiзiлген (нормалық құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 тiркелген, 2002 жылы желтоқсанда "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) 1 тармақтағы "11 теңге 49 тиын" сөзi "11 теңге 38 тиынмен" ауыстырылсын;
      2) N 1 қосымшасындағы аталған қаулыға:
      - 3 тармақшадағы 2 баған "Көрiктендiру" мына сөзбен толықтырылсын "контейнерлер мен контейнерлiк алаңдарды дәрiлеу";
      - 3 тармақшадағы 3 баған "0-50" саны "0-55" санымен алмастырылсын;
      - 4 тармақша алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И.Заяцқа жүктелсiн.

       Алматы қаласының Әкiмi

      Әкiмшiлiк хатшысы