Қазақстан Республикасы 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 37-ші бабына және Қазақстан Республикасы 1998 жылы 24 наурыздағы N 213-І Заңының 3-ші бабындағы 3-ші тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімшілігінің 2003 жылы 23 сәуірдегі N 1/257 "Алматы қаласының аса мұқтажды азаматтарына бір жолдық материалдық көмек көрсету туралы" (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2003 жылы 8 мамырда N 529 тіркелген, "Вечерний Алматы" газетінде 2003 жылы 24 мамырда жарыққа шыққан) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
1-ші тармақ "Алматы қаласында тұратын аса мұқтажды азаматтарға бір жолдық материалдық көмек көрсету тәртібі туралы" Қағида бекітілсін" редакциясында баяндалсын;
3-ші тармақтың 2) тармақшасында "Ережемен бекітілген" сөздері "Қағидамен бекітілген" сөздерімен алмастырылсын;
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласында тұратын аса мұқтажды азаматтарға бір жолдық материалдық көмек көрсету туралы" Ережесінде:
қаулының басы келесі редакцияда баяндалсын: "Алматы қаласында тұратын аса мұқтажды азаматтарға бір жолдық материалдық көмек көрсету тәртібі туралы Қағида";
аталған Ережедегі 1, 2 қосымшаларының: "Алматы қаласында тұратын аса мұқтажды азаматтарға бір жолдық материалдық көмек көрсету тәртібі туралы" Ережесіне" сөздері, "Алматы қаласында тұратын аса мұқтажды азаматтарға бір жолдық материалдық көмек көрсету тәртібі туралы" Қағидасына" деп өзгертілсін.
2. Алматы қаласы әкімшілігінің 2002 жылы 17 маусымдағы N 3/390 "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2002 жылы 8 шілдеде N 460 тіркелген, 2002 жылы 7 желтоқсанда N 138 "Алматы Ақшамы" газетінде және 2002 жылы 14 желтоқсанда N 98 "Вечерний Алматы" газетінде жарыққа шыққан) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
осы қаулы "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі жөніндегі Қағиданы бекіту туралы" редакциясында баяндалсын;
аталған қаулымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы" Ережеде: