Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылы 23 сәуірдегі N 1/257 "Алматы қаласының аса мұқтажды азаматтарына бір жолдық материалдық көмек көрсету туралы" (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2003 жылы 8 мамырда N 529 тіркелген) қаулысы және Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылы 17 маусымдағы N 3/390 "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2002 жылы 8 шілдеде N 460 тіркелген) қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 02 маусымдағы N 3/470 қаулысы. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 16 маусымда N 605 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-ІІ  Заңының 37-ші бабына және Қазақстан Республикасы 1998 жылы 24 наурыздағы N 213-І Заңының 3-ші бабындағы 3-ші тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алып тасталды - Алматы қаласы әкімдігінің 27.12.2013 N 4/1119 қаулысымен.

      2. Алматы қаласы әкімшілігінің 2002 жылы 17 маусымдағы N 3/390 "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2002 жылы 8 шілдеде N 460 тіркелген, 2002 жылы 7 желтоқсанда N 138 "Алматы Ақшамы" газетінде және 2002 жылы 14 желтоқсанда N 98 "Вечерний Алматы" газетінде жарыққа шыққан) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:

      осы қаулы "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі жөніндегі Қағиданы бекіту туралы" редакциясында баяндалсын;

      аталған қаулымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы" Ережеде:

      қаулының басы келесі редакцияда баяндалсын: "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына  жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі жөніндегі Қағидасы";

      8) тармақшада "осы Ережемен" сөздері "осы Қағидамен" сөздерімен алмастырылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсін.

      Алматы қаласының әкімі

      Әкімшілік хатшысы