Алматы қаласының аса мұқтажды азаматтарына бiр жолдық материалдық көмек көрсету туралы

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 1/257 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 8 мамырда N 529 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы N 4/1119 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымшада:
      "Облыстардағы, Астана қаласындағы, Алматы қаласындағы әкімшілер" деген жолдағы "1745" деген сан "2045" деген санмен алмастырылсын;
      "Аудандық және оларға теңестірілген соттар" деген жолдағы "6097" және "1551" деген сандар тиісінше "6697" және "1851" деген сандармен алмастырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті