Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 17 наурыздағы N 322 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" қаулысын жүзеге асыру жөнінде

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 2/328 қаулысы. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 29 сәуірде N 594 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-ші бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2004 жылы 27 қаңтардағы N 524-ІІ "Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 17 наурыздағы N 322 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын орындау мақсатында, Алматы қаласының әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы әкімінің 2012.05.17 № 2/437 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      1. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті Алматы қаласында жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі уәкілетті органы болып белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы әкімінің 2007.03.11 N 2/342 қаулысымен.
      2. Алматы қаласында жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі Комиссиясы (әрі қарай - Комиссия) құрылсын.
      3. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімінің 2009.12.31 N 5/838 қаулысымен.
      4. Алматы қаласы әкімшілігінің 2001 жылы 26 қыркүйектегі N 2/206 "Жұмыс берушілердің шетел жұмыс күшін тартуға өтініштерін қарау жөніндегі комиссияны құру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсін.

      Алматы қаласының әкімі                 В.Храпунов

      Әкімшілік хатшысы                      К.Тәжиева

Алматы қаласы әкімшілігінің
2004 жылғы 15 сәуірдегі N 2/328
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 17 наурыздағы N 322
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 19 маусымдағы N 836
қаулысына өзгертулер енгізу
туралы" қаулысын жүзеге асыру
жөнінде" қаулысымен бекітілді

Алматы қаласында жұмыс берушілерге шетел
жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі
Комиссиясы туралы Ереже 1. Жалпы ереже

      1. Алматы қаласында жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі Комиссиясы (әрі қарай - Комиссия), Алматы қаласының әкімшілігімен құрылады.
      2. Осы Ереже Комиссияның мәжіліс өткізу тәртібін белгілейді.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына жұмыс берушінің шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарты, тәртібі және квотаны белгілеу Ережесін (әрі қарай - Ереже) басшылыққа алады.

2. Негізгі мақсаты мен қызметі

      4. Комиссияның негізгі мақсаты:
      1) жұмыс берушілердің шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат (әрі қарай - рұқсат) алуына құжаттарын қарау;
      2) рұқсат беру (бермеу) туралы ұсынымдық сипатта шешім шығару.
      5. Комиссия жүктелген мақсаттарына қарай, келесі қызметтерді атқарады:
      1) жұмыс берушілердің уәкілетті органға рұқсат алу үшін ұсынатын құжаттарын жан-жақты да шынайы қарау;
      2) Алматы қаласына жұмыс берушілердің шетел жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және басқа барлық меншік нысанындағы ұйымдармен кеңестерін өткізу;
      3) Алматы қаласында жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі уәкілетті органы (әрі қарай - уәкілетті орган) мен Алматы қаласына жұмыс берушілердің шетел жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша басқа мемлекеттік органдардың қызметтерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

3. Комиссия құқығы

      6. Комиссия:
      1) рұқсат алуға үміткер жұмыс берушілердің өкілдерін, ұйым басшыларын Комиссия мәжілісіне шақыруға және тыңдауға;
      2) Алматы қаласының аумағындағы мемлекеттік органдардан, үкіметтік емес және басқа барлық меншік нысанындағы ұйымдардан Комиссияға жүктелген мақсаттарды орындау үшін қажетті ақпарат, материалдарға сұрау жасауға және алуға;
      3) Алматы қаласы әкімшілігінің қарауына Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқықты.

4. Комиссия мәжілісін қалыптастыру
және өткізу тәртібі

      7. Комиссияның ұйымдастыру-әдістемелік қамсыздандыруын уәкілетті орган жүргізеді.
      8. Комиссияның жеке құрамы, оның төрағасы, төраға орынбасары мен хатшы Алматы қаласының әкімшілігімен бекітіледі. Комиссия құрамына келісім бойынша орталық атқарушы органы, қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және қазақстан Республикасы көші-қон және демография агенттігі аумақтық органдарының өкілдері кіреді.
      9. Комиссия мәжілісін Комиссия төрағасы жүргізеді, ол жоқ болған жағдайда төраға орынбасары жүргізеді.
      10. Комиссия хатшысы Комиссияның мәжілісаралық қызметін үйлестіреді.
      11. Рұқсат беру өтініштерінің жинақталуына қарай Комиссия мәжілісі тұрақты (әр апта сайын) өткізіліп тұрады. Төрағаның (төраға орынбасарының) келісімі бойынша хатшы Комиссия мүшелерін мәжіліс өтетін датасы мен уақыты, күн тәртібі және жұмыс берушілердің ұсынған құжаттары туралы хабардар етеді.
      12. Жұмыс берушілердің құжаттары хатшымен Комиссия мүшелерінің қорытындыларымен бірге шешім қабылдау үшін кезекті мәжіліске ұсынылады.
      13. Комиссия мәжілісіне жұмыс берушілердің өкілдері, ұйым басшылары және сарапшылар шақырылуы мүмкін.
      14. Комиссия кем дегенде екіден үш мүшелерінің қатысуымен, ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды.
      15. Қатысып отырған Комиссия мүшелерінің 50%-дан артығы дауыс берсе, шешім қабылданды деп саналады. Дауыс теңдігінде, төраға дауысы шешуші болып саналады.
      16. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді. Хаттаманы Комиссия хатшысы жүргізеді. Комиссия мүшелері мәжіліс өткен соң үш күннен кешіктірмей хаттамаға қол қояды.
      Комиссия мүшелері ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілетін жағдайда жазбаша түрде беріледі және хаттамаға қосымша тіркеледі.
      17. Комиссия шешімі ұсынымдық сипатта болады.
      18. Ұсыным жөніндегі Комиссияның уәкілетті органы рұқсат беру (бермеу) туралы шешім қабылдайды.
      19. Комиссия жұмысы туралы ақпарат Алматы қаласының әкіміне ұсынылады.

5. Комиссия қызметінің тоқтауы

      20. Комиссия қызметін тоқтату туралы шешім Алматы қаласының әкімшілігімен қабылданады.

      Әкімшілік хатшысы                           К.Тажиева

Алматы қаласы әкімшілігінің
2004 жылғы 15 сәуірдегі N 2/328
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 17 наурыздағы N 322
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 19 маусымдағы N 836
қаулысына өзгертулер енгізу
туралы" қаулысын жүзеге асыру
жөнінде" қаулысымен бекітілді

Алматы қаласына шетелдік жұмыс күшін тартуға
рұқсат беру жөніндегі
Комиссия құрамы

      Ескерту. Комиссия құрамы өзгертілді - Алматы қаласы әкімінің 2005.01.07 N 1/09 қаулысымен. Жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімінің 2009.03.16 N 2/161 қаулысымен. Алынып тасталды - 2009.12.31 N 5/838 қаулысымен.

      Әкімшілік хатшысы                          К.Тажиева