Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 17 мамырдағы N 2/437 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 маусымда N 939 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 12 ақпандағы N 1/102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 12.02.2014 № 1/102 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы «Нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу Ережесін бекіту туралы» № 964 қаулысын орындау үшін Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің келесі қаулыларына толықтырулар енгізілсін:
      1) Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» қаулысын жүзеге асыру жөнінде» № 2/328 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 594 болып тіркелген, 2004 жылғы 20 мамырда «Алматы Ақшамы» газетінің № 56 және 2004 жылғы 27 мамырда «Вечерний Алматы» газетінің № 100-102 сандарында жарияланған) қаулысы, Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы «Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 2/328 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысын жүзеге асыру туралы» № 5/838 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 836 болып тіркелген, 2010 жылғы 27 ақпанда «Вечерний Алматы» газетінің № 26 (11233) санында жарияланған) қаулысымен енгізілген өзгерістерімен:
      қаулының кіріспесіндегі «мемлекеттік басқару» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын;
      2) Алматы қаласы әкімдігінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасын бекіту туралы» 2006 жылғы 16 ақпандағы № 1/138 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 697 тіркелген, 2006 жылғы 14 наурыздағы № 29 (10382)) «Алматы Ақшамы» және 2006 жылғы 14 наурыздағы № 49 «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланды) қаулысы:
      қаулының кіріспесіндегі «мемлекеттік басқару» сөзінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Алматы қаласының әкімі                     А. Есімов