Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 175 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3384

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
     2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 213  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2447 тіркелген, 2003 жылғы 11-24 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында жарияланған)  күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
     4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.

    Ұлттық Банк
     Төрағасы

     "Келісілді"
     Қазақстан Республикасының
     Қаржы нарығы мен қаржы
     ұйымдарын реттеу және
     қадағалау агенттігінің
     төрағасы
     2004 жылғы 25 желтоқсан

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2004 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 175 қаулысымен      
     бекітілген        

  Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық
есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері
туралы нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  туралы", " Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы " және "Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамсыздандыру  туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді.

     2. Осы Нұсқаулық жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - зейнетақы қорлары) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ай сайын қаржылық есеп беру тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.

  2-тарау. Қаржылық есепті ұсыну

     3. Зейнетақы қорлары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кешіктірмей уәкілетті органға мынадай қаржылық есепті ұсынады:
     1) 1-нысан бойынша жасалған бухгалтерлік баланс (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);
     2) 2-нысан бойынша жасалған кірістер мен шығыстар туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы);
     3) 3-нысан бойынша жасалған таза зейнетақы активтері туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасы);
     4) 4-нысан бойынша жасалған таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасы).

     4. Қаржылық есепте барлық деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - қазақстандық теңгемен көрсетіледі.

     5. Қаржылық есепті жасағанда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың қазақстандық теңгемен белгіленеді. Қаржылық есептегі бес жүз қазақстандық теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз қазақстандық теңгеге тең және одан жоғары сома мың қазақстандық теңгеге дейін дөңгелектенеді.

     6. Қаржылық есептің барлық парақтары нөмірленуге тиіс, оны уәкілетті органға жібергенде, олардың жалпы саны ілеспе хатта көрсетіледі.

     7. Қағазға жазылған қаржылық есеп мөрмен куәландырылып, зейнетақы қорының басшысы мен бас бухгалтерінің қолы қойылады.

     8. Зейнетақы қорлары қаржылық есепті уәкілетті органға электрондық тасымалдағышпен және қағазға жазып ұсынады. Қағаз тасымалдағыштағы қаржылық есеп электрондық тасымалдағышпен берілген есепке сәйкес болуға тиіс.

     9. Қағаз жазбадағы қаржылық есеп екі данада жасалады, қаржылық есептің бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы зейнетақы қорында қалады.

     10. Уәкілетті орган қағаз тасымалдағыштардағы түзетілген және өшірілген қаржылық есепті қабылдамайды және ол зейнетақы қорына қайтарылуға жатады.

     11. Уәкілетті орган зейнетақы қоры ұсынған қаржылық есептен дәлсіздіктер немесе қателіктер тапқанда, қаржылық есепті пысықтау үшін қайтаруға құқылы.

     12. Қаржылық есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, тіркеуші қаржылық есеп берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтініш береді.

     13. Қаржылық есепті уақтылы бермеу, бермеу немесе қаржылық есепте шынайы емес мәліметтер беру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

     14. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

                                            Жинақтаушы зейнетақы
                                            қорларының ай сайын
                                             қаржылық есеп беру
                                             тізбесі, нысандары
                                            және ұсыну мерзімдері
                                             туралы нұсқаулыққа
                                                   1-қосымша

        Ескерту: 1-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 18 ақпандағы N 9   қаулысымен

                                                          1-нысан

      ______________________________________________________
            (Жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)

           200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
                     бухгалтерлік балансы

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптың атауы

Ескерту

есепті
кезеңнің
аяғында

өткен
жылдың
аяғында

1

2

3

4

Активтер

     

Негізгі құрал-жабдықтар
(амортизацияны және құнсызданудан болған зияндарды шегергенде)

     

Материалдық емес активтер
(амортизацияны және құнсызданудан болған зияндарды шегергенде)

     

Басқа заңды тұлғалардың
капиталына инвестициялар

     

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
(ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)

     

Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы
қағаздар (ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)

     

Сатуға арналған қолда бар бағалы
қағаздар (ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)

     

Мерзімі ұзартылған салықтық талап

     

Берілген аванстар

     

Басқа да активтер

     

Қорлар

     

Салықтар және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдер бойынша бюджетке
қойылатын талаптар

     

Алдағы кезеңдердің шығыстары

     

Басқа да дебиторлық берешек
(ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)

     

Комиссиялық сыйақылар

     

оның ішінде:

     

зейнетақы қорларынан

     

зейнетақы қорлары бойынша
инвестициялық кірістен/шығыннан

     

"Кері РЕПО" операциясы

     

Сауда бағалы қағаздары (ықтимал
шығынға арналған резервтерді
шегергенде)

     

Орналастырылған салымдар
(ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)

     

Ақша

     

оның ішінде:

     

кассадағы қолма-қол ақша

     

банктердің шоттарындағы ақша

     

Активтер жиынтығы:

     
       

Меншікті капитал

     

Жарғылық капитал

     

Сыйлықақылар (қосымша төленген капитал)

     

Алынған капитал

     

Резервтік капитал

     

Басқа да резервтер

     

Бөлінбеген кіріс (өтелмеген шығын)

     

оның ішінде:

     

өткен жылдардағы

     

есептік кезеңдегі

     

Азшылықтың үлесі

     

Капитал жиынтығы:

     
       

Міндеттемелер

     

Ұзақ мерзімді алынған заемдар

     

оның ішінде:

     

қаржылық жалдау

     

Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

     

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

     

Мерзімі ұзартылған салықтық міндеттеме

     

Алдағы кезеңдегі кірістер

     

Алынған аванстар

     

Акционерлермен акциялар жөнінде есеп
айырысу бойынша есептелген шығыстар

     

Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша
есептелген шығыстар

     

Салықтар және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдер бойынша бюджет
алдындағы міндеттеме

     

Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

     

Қысқа мерзімді алынған заемдар

     

"РЕПО" операциясы

     

Басқа да міндеттемелер

     

Міндеттемелер жиынтығы:

     

Меншікті капитал және міндеттемелер
жиынтығы

     

     Бірінші басшы: _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер __________________ күні__________________
     Орындаушы: _____________________ күні__________________
     Телефон:__________________
     Мөр орны

                                            Жинақтаушы зейнетақы
                                            қорларының ай сайын
                                             қаржылық есеп беру
                                             тізбесі, нысандары
                                            және ұсыну мерзімдері
                                             туралы нұсқаулыққа
                                                   2-қосымша

                                                          2-нысан

      ______________________________________________________
            (Жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)

           200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
              кірістер және шығыстар туралы есебі

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ес-
кер-
ту

Есеп-
тік
ке-
зеңде

Ағымдағы
жылдың
басынан
бастап
кезең
ішінде
(өспелі
жиынты-
ғымен)

Өткен
жылдың
осындай
кезе-
ңінде

Өткен
жылдың
осындай
кезе-
ңінде
(өспелі
жиынты-
ғымен)

1

2

3

4

5

6

Комиссиялық сыйақылар

         

оның ішінде:

         

зейнетақы қорларынан

         

зейнетақы қорлары бойынша
инвестициялық кірістен/
шығыннан

         

Ағымдағы шоттар және
орналастырылған салымдар
бойынша сыйақы түріндегі
кірістер

         

Сатып алынған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
(купон және/немесе дис-
конт) түріндегі кірістер

         

Бағалы қағаздарды сатып
алу-сатудан түскен кіріс-
тер (шығындар) (нетто)

         

Сауда бағалы қағаздары
және сатуға арналған
қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болған кірістер (шығындар) (нетто)

         

"Кері РЕПО" операциялары
бойынша кірістер

         

Шетел валютасын қайта
бағалаудан болған кірістер
(шығындар) (нетто)

         

Қаржылық емес активтерді
сатудан және активтер
алудан болған кірістер

         

Басқа да кірістер

         

Кірістер жиынтығы

         
           

Комиссиялық шығыстар

         

зейнетақы қорларын
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын
ұйымдарға сыйақылар

         

кастодиан банктерге
сыйақылар

         

Сатып алынған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
(сыйлықақы) түріндегі
шығыстар

         

"РЕПО" операциялары
бойынша шығыстар

         

Алынған заемдар және
қаржылық жалдау бойынша
сыйақы түріндегі шығыстар

         

Жалпы әкімшілік шығыстар

         

оның ішінде:

         

еңбекақы төлеу және
іссапар шығыстары

         

амортизациялық
аударымдар және тозу

         

ағымдағы жалдау
бойынша шығыстар

         

Бюджетке төленетін
салықтар және басқа да
міндетті төлемдер бойынша
шығыстар (корпоративтік
табыс салығынан басқасы)

         

Қаржылық емес активтерді
сатудан және активтерді
өткізуден түскен шығыстар

         

Басқа да шығыстар

         

Шығыстар жиынтығы

         
           

Резервтерге (провизия-
ларға) аударылғанға
дейінгі пайда (шығын)

         

Операциялар бойынша ықти-
мал шығындарға арналған
резервтер (резервтерді
қалпына келтіру)

         

Басқа заңды тұлғалардың
капиталына қатысудан
кіріс

         
           

Салық салынғанға дейінгі
пайда (шығын)

         
           

Корпоративтік табыс
салығы

         
           

Салық салынғаннан кейінгі
таза пайда (шығын)

         
           

Азшылық үлес

         
           

Кезең ішіндегі таза
пайда (шығын)

         

     Бірінші басшы: _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер __________________ күні__________________
     Орындаушы: _____________________ күні__________________
     Телефон:__________________
     Мөр орны

                                            Жинақтаушы зейнетақы
                                            қорларының ай сайын
                                             қаржылық есеп беру
                                             тізбесі, нысандары
                                            және ұсыну мерзімдері
                                             туралы нұсқаулыққа
                                                   3-қосымша

       Ескерту: 3-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 18 ақпандағы N 9   қаулысымен

                                                          3-нысан

      ______________________________________________________
            (Жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)

           200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
             таза зейнетақы активтері туралы есебі

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ескерту

Есепті
кезеңнің
басында

Есепті
кезеңнің
аяғында

Активтер

     

Банктердің шоттарындағы ақша

     

Аффинирленген қымбат металдар

     

Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіндегі және екінші деңгейдегі
банктердегі салымдар

     

Сатуға арналған қолда бар бағалы
қағаздар

     

Саудаға арналған бағалы қағаздар

     

"Кері РЕПО" операциялары бойынша
талаптар

     

Дебиторлық берешек

     

Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар

     

Басқа да қаржылық активтер

     

Активтердің жиынтығы

     
       

Міндеттемелер

     

Алушылардың зейнетақы
төлемдері бойынша талаптары

     

Комиссиялық сыйақылар бойынша
кредиторлық берешек оның ішінде:

     

зейнетақы активтерінен

     

инвестициялық кірістен

     

Зейнетақы төлемдерінен алынатын
табыс салығы бойынша кредиторлық
берешек

     

Басқа да міндеттемелер

     

Міндеттемелердің жиынтығы

     

Таза активтердің жиынтығы

     

     Бірінші басшы: _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер __________________ күні__________________
     Орындаушы: _____________________ күні__________________
     Телефон:__________________
     Мөр орны

                                            Жинақтаушы зейнетақы
                                            қорларының ай сайын
                                             қаржылық есеп беру
                                             тізбесі, нысандары
                                            және ұсыну мерзімдері
                                             туралы нұсқаулыққа
                                                   4-қосымша

       Ескерту: 4-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 18 ақпандағы N 9   қаулысымен

                                                          4-нысан

     Таза зейнетақы активтеріне өзгерістер туралы есеп
      ______________________________________________________
            (Жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)

            200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ескерту

Есепті
жылдың
соңында

Өткен
жылдың
соңында

1

2

3

4

Кезең басындағы таза зейнетақы
активтері

     

Зейнетақы жарналары оның ішінде:

     

міндетті

     

ерікті

     

ерікті кәсіби

     

Басқа зейнетақы қорларынан
түскен зейнетақы жинақтары

     

Орналастырылған салымдар бойынша
сыйақы түріндегі кірістер

     

Бағалы қағаздар бойынша сыйақы (купон
немесе дисконт) түріндегі кірістер

     

Бағалы қағаздармен "кері РЕПО"
операциялары бойынша кірістер

     

Акциялар бойынша дивидендтер
түріндегі кірістер

     

Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан
түскен кіріс (шығын) (нетто)

     

сатуға арналған бағалы қағаздардың әділ құнының өзгеруінен

     

Қайта бағалаудан түскен кірістер
(шығындар) (нетто)оның ішінде:

     

сатуға арналған қолда бар бағалы
қағаздардың әділ құнының өзгеруінен

     

басқа активтерді қайта бағалаудан

     

шетел валютасын қайта бағалаудан

     

Басқа қаржы активтері бойынша
сыйақы түріндегі кірістер

     

Өсімпұлдар және айыппұлдар
түріндегі кірістер, оның ішінде:

     

міндетті зейнетақы жарналарын
уақтылы есептемегені үшін

     

зейнетақы жинақтарын аударуды
уақтылы жүзеге асырмағаны үшін

     

Зейнетақы активтерін ойдағыдай
басқармағаны үшін

     

Басқа да кірістер (түсулер)

     

Кірістер жиынтығы

     

Төленген немесе төленуге тиісті
зейнетақы жинақтары оның ішінде:

     

жасы бойынша

     

жерлеу бойынша

     

мүгедектігі бойынша

     

Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты
тұратын жерге кетуі бойынша

     

мұрагерлерге

     

еңбек сіңірген жылдары бойынша

     

сақтандыру ұйымына

     

Төлем көзінен жеке табыс салығы

     

Зейнетақы қорына тиесілі
комиссиялық сыйақы оның ішінде:

     

Зейнетақы активтерінен

     

орналастырылған зейнетақы активтері
бойынша инвестициялық кірістен

     

Басқа зейнетақы қорларына
зейнетақы жинақтарын аудару

     

Басқа шығыстар

     

Шығыстар жиынтығы

     
       

Анықталмаған сомалар (қате есептелгені)

     

Анықталмаған сомаларды қайтару

     
       

Кезең аяғындағы таза активтер

     

Таза зейнетақы активеріне өзгерістер

     

     Бірінші басшы: _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер __________________ күні__________________
     Орындаушы: _____________________ күні__________________
     Телефон:__________________
     Мөр орны