Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 375 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 24 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3376

Жаңартылған

     "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
     1. Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп берудің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
     3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Активтерді басқару қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға

Қазақстан Республикасының  
Қаржы нарығын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен    
қадағалау жөніндегі    
агенттігі Басқармасының  
2004 жылғы 27 желтоқсандағы
N 375 қаулысымен     
бекітілген        

Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған
мәмілелер және зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті
активтері жөнінде есеп беру ережесі

     1. Осы Ереже зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есеп беру тәртібін, нысанын, мерзімдерін белгілейді.

     2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдар уәкілетті органға:
     1) күн сайын, есепті күннен кейінгі күні Алматы уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей зейнетақы активтерін (зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әрбір жинақтаушы зейнетақы қорына қарай) және меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептерді осы Ереженің 1, 2-қосымшаларына сәйкес электронды нысанда;
     2) ай сайын, бірақ есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей аяқталған айдың әрбір жеке жұмыс күні үшін зейнетақы активтерін (зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әрбір жинақтаушы зейнетақы қорына қарай) және меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептерді осы Ереженің 1, 2-қосымшаларына сәйкес қағаз тасымалдағышта ұсынады.

     3. Қағаз тасымалдағышта жасалған есеп еркін нысанда жасалған, басшы, бас бухгалтер қол қойған ілеспе хатпен жіберіледі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымның мөрімен куәландырылады.

     4. Электронды нысанда жасалған есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізу көлік жүйесін пайдалану арқылы уәкілетті орган көрсеткен мекен-жай бойынша жіберіледі.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.05.26 N 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

     5. Есептің барлық парақтарына нөмір қойылады және олардың жалпы саны оны уәкілетті органға жіберген кезде ілеспе хатта көрсетіледі.

     6. Ұсынылған есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым уәкілетті органға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып түзетілген нұсқасын береді.

     7. Уәкілетті орган есепті қарау кезінде, қажет болған жағдайда, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымнан есепте көрсетілген ақпаратты тексеруге қажетті мәліметтерді және құжаттарды сұрайды.

     8. Есепті уақтылы ұсынбағаны, ұсынбағаны немесе есепте бұрыс мәліметтер ұсынғаны үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым және оның лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.

     9. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

                                          Зейнетақы активтерін
                                          инвестициялау бойынша
                                         жасалған мәмілелер және
                                          зейнетақы активтерін
                                         инвестициялық басқаруды
                                        жүзеге асырушы ұйымдардың
                                        меншікті активтері жөнінде
                                           есеп беру ережесінің
                                                1-қосымшасы

       Зейнетақы активтерінің инвестициялау бойынша
                  жасалған мәмілелер туралы
       ___________________ бастап _________________
                   аралығындағы кезең үшін
                             ЕСЕП

[жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы ілік септігінде]
  [зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы
 ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде] немесе [зейнетақы
   активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асырушы
 жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы ілік септігінде]

   1-НЫСАН. ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІ ЕСЕБІНЕН САТЫП АЛУҒА
              РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР

N

Мәміле
жасалған
күн

Брокер-
дің/
дилер-
дің
атауы

Қызмет ақысы

Мә-
міле
түрі

Ры-
нок

Бағалы
қағаздың
түрі және
оның эми-
тентінің
атауы

Брокер-
дилердің

Банк-
тің

Бир-
жаның

А

1

2

3

4

5

6 1

7 2

8 3

кестенің жалғасы

Ұлттық
бірегей-
лендіру
номері

Номи-
налдық
құн
валю-
тасы

Бір
бағалы
қағаздың
номи-
налдық
құны

Мәміле
көлемі
(бағалы
қағаздар
данасы)

Төлем
валю-
тасы

Бір
бағалы
қағаз
үшін
сатып
алу
бағасы

Бағалы
қағаздар
бойынша
кіріс-
тілік
(процент-
пен)

Мә-
міле
со-
масы

9

10 4

11

12

13 4

14 5

15 6

16 7

   2-НЫСАН. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНДЕГІ
        ЖӘНЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДЕГІ САЛЫМДАР

N

Ақша аудары-
латын
күн

Банк-
тің
атауы

Салым
бо-
йынша
опера-
циялар

Банктік
салым
шартының
жасалған
күні
және
номері

Салым
мер-
зімі
(күн-
мен)

Сыйақы
став-
касы
(жыл-
дық
процен-
тпен)

Салым
валю-
тасы

Салым
со-
масы

А

1 1

2

3 2

4

5

6

7

8 3

  3-НЫСАН. ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІНІҢ ЕСЕБІНЕН САТЫП АЛУҒА
        РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН АФФИНИРЛЕНГЕН ҚҰНДЫ МЕТАЛДАР

N

Мәміле
жасал-
ған
күн

Қарсы
агент-
тің
атауы

Қыз-
мет
ақы-
сы

Мә-
міле
түрі

Аффи-
нир-
ленген
құнды
метал-
дың
түрі

Мәміле
көлемі
(бір-
лік)

Төлем
валю-
тасы

Біреу-
інің
сатып
алу
ба-
ғасы

Са-
лым
со-
масы

А

1

2

3

4 1

5 2

6

7 3

8

9 4

Бірінші басшы [қолы]             Бас бухгалтер [қолы]

мөр орны

Орындаушы [қолы, телефон номері]

Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған
мәмілелер туралы есепті толтыруға ескертулер

     1-нысан.
    1 6-бағанда мәміленің түрі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы, - ашу/жабу және т.б.) көрсетіледі.
    2 7-бағанда сауда жүйесінде мәміле жүзеге асырылған сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе мәміленің ұйымдастырылмаған рынокта жасалғандығы көрсетіледі.
    3 8-бағанда эмитенттің атауы және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда алаңдарында сауда-саттыққа жіберілген бағалы қағаздардың түрлері көрсетіледі. Мәміле халықаралық рынокта жасалған жағдайда REUTER жіктеушісі бойынша сауда коды пайдаланылады.
    4 10 және 13 бағандарда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
    5 14-бағанда мәміленің жасалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда (биржалық куәлік, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау) көрсетілген баға сатушыға төленген сыйақыны есепке ала отырып үтірден кейінгі төрт таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
    6 15-бағанда бағалы қағаздар бойынша кірістілік (облигациялармен жасалған мәмілелер бойынша - басқа біреуге беруі немесе бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастырушының сауда жүйесінде сатып алу нәтижесінде қалыптасқан кірістілік; кері "репо" операциялары бойынша - мәмілені Автоматты репо секторында жасау нәтижесінде қалыптасқан кірістілік) процентпен көрсетіледі.
    7 16-бағанда сома үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

     2-нысан.
    1 1-бағанда салым енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі банктік шотқа жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотынан ақша аударылған күн не мерзімінен бұрын қайтарылған күн немесе шарт бұзылған жағдайда - инвестициялық шотқа ақша қайтарылған күн көрсетіледі.
    2 3-бағанда салым бойынша жүргізілген операциялар (салымға ақшаның енгізілуі, салым бойынша сыйақы төлеу, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін салымды қайтару) көрсетіледі.
    3 8-бағанда сома үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

     3-нысан.
    1 4-бағанда мәміленің түрі (сатып алу, сату) көрсетіледі.
    2 5-бағанда аффинирленген құнды металдар түрлерінің атауы көрсетіледі.
    3 7-бағанда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
    4 9-бағанда сома үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

                                          Зейнетақы активтерін
                                          инвестициялау бойынша
                                         жасалған мәмілелер және
                                          зейнетақы активтерін
                                         инвестициялық басқаруды
                                        жүзеге асырушы ұйымдардың
                                        меншікті активтері жөнінде
                                           есеп беру ережесінің
                                                2-қосымшасы

             Меншікті активтерді инвестициялау
             бойынша жасалған мәмілелер туралы
        ___________________ бастап ___________________
                  аралығындағы кезең үшін
                          ЕСЕП

[жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы ілік септігінде]
  [зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы
  ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде] немесе [зейнетақы
   активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асырушы
     жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы ілік
                        септігінде]

        1-НЫСАН. МЕНШІКТІ АКТИВТЕР ЕСЕБІНЕН САТЫП
                   АЛЫНҒАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР

N

Мәміле
жасалған
күн

Брокер-
дің/
дилер-
дің
атауы

Қызмет ақысы

Мә-
міле
түрі

Ры-
нок

Бағалы
қағаздың
түрі және
оның эми-
тентінің
атауы

Брокер-
дилердің

Банк-
тің

Бир-
жаның

А

1

2

3

4

5

6 1

7 2

8 3

кестенің жалғасы

Ұлттық
бірегей-
лендіру
номері

Номи-
налдық
құн
валю-
тасы

Бір
бағалы
қағаздың
номи-
налдық
құны

Мәміле
көлемі
(бағалы
қағаздар
данасы)

Төлем
валю-
тасы

Бір
бағалы
қағаз
үшін
сатып
алу
бағасы

Бағалы
қағаздар
бойынша
кіріс-
тілік
(процент-
пен)

Мә-
міле
со-
масы

9

10 4

11

12

13 4

14 5

15 6

16 7

    2-НЫСАН. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНДЕГІ
        ЖӘНЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДЕГІ САЛЫМДАР

N

Ақша аудары-
латын
күн

Банк-
тің
атауы

Салым
бо-
йынша
опера-
циялар

Банктік
салым
шартының
жасалған
күні
және
номері

Салым
мер-
зімі
(күн-
мен)

Сыйақы
став-
касы
(жыл-
дық
проце-
нтпен)

Салым
валю-
тасы

Салым
со-
масы

А

1 1

2

3 2

4

5

6

7

8 3

        3-НЫСАН. МЕНШІКТІ АКТИВТЕР ЕСЕБІНЕН САТЫП
           АЛЫНҒАН АФФИНИРЛЕНГЕН ҚҰНДЫ МЕТАЛДАР

N

Мәміле
жасал-
ған
күн

Қарсы
агент-тің
атауы

Қыз-
мет
ақы-
сы

Мә-
міле
түрі

Аффи-
нир-
ленген
құнды
метал-
дың
түрі

Мәміле
көлемі
(бір-
лік)

Төлем
валю-
тасы

Біре-
уінің
сатып
алу
ба-
ғасы

Са-
лым
со-
масы

А

1

2

3

4 1

5 2

6

7 3

8

9 4

Бірінші басшы [қолы]                   Бас бухгалтер [қолы]

мөр орны

Орындаушы [қолы, телефон номері]

Меншікті активтерді инвестициялау бойынша жасалған