Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 375 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 24 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3376

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 N 73 Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 49-бабының 1-тармағына және 55-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің  2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 N 73 Қаулысымен.
     1. Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп берудің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.
     Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 N 73 Қаулысымен. 
     2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
     3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Активтерді басқару қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға

Қазақстан Республикасының  
Қаржы нарығын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен    
қадағалау жөніндегі    
агенттігі Басқармасының  
2004 жылғы 27 желтоқсандағы
N 375 қаулысымен     
бекітілген        

Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған
мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп беру ережесі

     1. Осы Ереже зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – Қор) мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың (бұдан әрі – Ұйым) меншікті активтері жөнінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есеп беру тәртібін, нысанын және мерзімдерін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 N 73 Қаулысымен.

     2. Ұйым уәкілетті органға:
     1) күн сайын, есепті күннен кейінгі күні Алматы уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей зейнетақы активтерін (зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әрбір жинақтаушы зейнетақы қорына қарай) және меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептерді осы Ереженің 1, 2 (1, 2, 3-нысандарды) қосымшаларына сәйкес электронды нысанда;
     2) есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын – қағаз және электронды тасымалдағыштардағы есепті мыналарға:
      өткен айдың әр жекелеген жұмыс күні үшін Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша (зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әр жинақтаушы зейнетақы қорының бөлігінде) жасалған мәмілелер және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп беру ережесінің 1, 2 (1, 2, 3-нысандарды), 3, 4-қосымшаларына сәйкес;
      есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына (4, 5, 6, 7-насандарды) сәйкес ұсынады.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2010.02.01 N 9, 2010.06.01 N 73 Қаулыларымен.
      2-1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын Қор уәкілетті органға:
      1) күн сайын, есепті күннен кейінгі күні Алматы уақыты бойынша сағат 16.00-ден кешіктірмей меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептерді осы Ереженің 2-қосымшасына (1, 2, 3-нысандарды) сәйкес электронды нысанда;
      2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз және электронды тасымалдағыштардағы есепті мыналарға:
      өткен айдың әр жекелеген жұмыс күні үшін меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелері туралы осы Ереженің 2 (1, 2, 3-нысандарды), 3, 4-қосымшаларына сәйкес;
      есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына (4, 5, 6, 7-насандарды) сәйкес ұсынады.
     Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 N 73 Қаулысымен.

     3. Қағаз тасымалдағышта жасалған есепке басшы (немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға), бас бухгалтер (немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға) қол қояды, Қордың (Ұйымның) мөрімен куәландырылады және еркін нысанда жасалған ілеспе хатпен жіберіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 N 73 Қаулысымен. 

     4. Электронды нысанда жасалған есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізу көлік жүйесін пайдалану арқылы уәкілетті орган көрсеткен мекен-жай бойынша жіберіледі.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.05.26 N 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

     5. Есептің барлық парақтарына нөмір қойылады және олардың жалпы саны оны уәкілетті органға жіберген кезде ілеспе хатта көрсетіледі.

     6. Ұсынылған есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда Қор (Ұйым) уәкілетті органға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып түзетілген нұсқасын береді.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 N 73 Қаулысымен.

     7. Уәкілетті орган есепті қарау кезінде, қажет болған жағдайда, Қордан (Ұйымнан) есепте көрсетілген ақпаратты тексеруге қажетті мәліметтерді және құжаттарды сұрайды.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 N 73 Қаулысымен. 

     8. Есепті уақтылы ұсынбағаны, ұсынбағаны немесе есепте бұрыс мәліметтер ұсынғаны үшін Қор (Ұйым) және оның лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 N 73 Қаулысымен.

     9. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Зейнетақы активтерін       
инвестициялау бойынша      
жасалған мәмілелер және    
жинақтаушы зейнетақы қорлары
мен зейнетақы активтерін   
инвестициялық басқаруды    
жүзеге асырушы ұйымдардың  
меншікті активтері жөнінде 
есеп беру ережесінің      
1-қосымшасы          

      Ескерту: 1-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2010.06.01 N 73 Қаулыларымен.

(Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы ________________ бастап _______________
аралығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ

[жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы ілік септігінде]
  [зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы
 ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде] немесе [зейнетақы
   активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асырушы
 жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы ілік септігінде]

   1-НЫСАН. ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІ ЕСЕБІНЕН САТЫП АЛУҒА
              РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР

N

Мәміле жсалған
күн

Брокердің/
дилердің
атауы

Қызмет ақысы

Мә міле түрі

Рынок

Бағалы
қағаздың
түрі және оның эмитентінің
атауы

Брокер-дилердің

Банктің

Биржаның

А

10 

2

3

4

5

6 1

7 2

8 3










кестенің жалғасы

Ұлттық бірегейлендіру номері

Номиналдық құн валютасы

Бір
бағалы қағаздың номиналдық құны

Мәміле көлемі (бағалы қағаздар данасы)

Төлем валютасы

Бір бағалы қағаз үшін сатып
алу (сату) бағасы

Мәмілені жасасу күніндегі бір бағалы қағаз үшін барынша төмен баға

9

10 4

11

12

13 4

145

156








  кестенің жалғасы

Мәмілені жасасу күніндегі бір бағалы қағаз үшін барынша жоғарғы баға

Бағалы қағаздар бойынша кірістілік пайызбен

Мәміле сомасы

Қарсы әріптестің атауы

Қарсы әріптестің рейтингі

166

177

188

199

209






   2-НЫСАН. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНДЕГІ
        ЖӘНЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДЕГІ САЛЫМДАР

N

Ақша аударылатын
күн

Банктің
атауы

Салым бойынша операциялар

Банктік
салым шартының
жасалған
күні
және
номері

Салым мерзімі (күнмен)

Сыйақы
ставкасы
(жылдық процентпен)

Салым
валютасы

Салым сомасы

А

1 1

2

3 2

4

5

6

7

8 3










  3-НЫСАН. ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІНІҢ ЕСЕБІНЕН САТЫП АЛУҒА
        РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН АФФИНИРЛЕНГЕН ҚҰНДЫ МЕТАЛДАР

N

Мәміле жасалған
күн

Қарсы агенттің
атауы

Қызмет ақысы

Мәміле түрі

Аффи-
нир-
ленген
құнды
метал-
дың
түрі

Мәміле
көлемі
(бір-
лік)

Төлем
валю-
тасы

Біреуінің
сатып
алу
бағасы

Салым
сомасы

А

1

2

3

4 1

5 2

6

7 3

8

9 4











Бірінші басшы
(есепке қол қоюға      (қолы)        Тегі, аты, әкесінің аты
уәкілетті тұлға)                          (бар болса)

Бас бухгалтер
(есепке қол қоюға      (қолы)         Тегі, аты, әкесінің аты
уәкілетті тұлға)                            (бар болса)

      мөр орны

Орындаушы (қолы, телефон нөмірі)      Тегі, аты, әкесінің аты
                                                  (бар болса)

Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған
мәмілелер туралы есепті толтыруға ескертулер

     1-нысан.
     0Мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында жасалған жағдайда оны жасасу күні (trade date) көрсетіледі. 
      16-бағанда мәміленің түрі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы, - ашу/жабу және т.б.) көрсетіледі.
      27-бағанда сауда жүйесінде мәміле жүзеге асырылған сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе мәміленің ұйымдастырылмаған рынокта жасалғандығы көрсетіледі.
      38-бағанда эмитенттің атауы және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда алаңдарында сауда-саттыққа жіберілген бағалы қағаздардың түрлері көрсетіледі. Мәміле халықаралық рынокта жасалған жағдайда REUTER жіктеушісі бойынша сауда коды пайдаланылады.
      410 және 13 бағандарда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
      514-бағанда мәміленің жасалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда (биржалық куәлік, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау) көрсетілген баға сатушыға төленген сыйақыны есепке ала отырып үтірден кейінгі төрт таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
      6Bloomberg не REUTER ақпараттық-сараптамалық жүйелерінің деректері бойынша мәмілені жасасу күніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен 15 және 16 бағаналарда осы қаржы құралы айналымдағы халықаралық (шетелдік) қор биржасында жасалған акцияларды (депозиторлық қолхаттарды) сатып алу/сату мәмілелері бойынша баға көрсетіледі.
      717-бағанда бағалы қағаздар бойынша кірістілік (облигациялармен жасалған мәмілелер бойынша - басқа біреуге беруі немесе бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастырушының сауда жүйесінде сатып алу нәтижесінде қалыптасқан кірістілік; кері "репо" операциялары бойынша - мәмілені Автоматты репо секторында жасау нәтижесінде қалыптасқан кірістілік) процентпен көрсетіледі.
      818-бағанда сома үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
      9Бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында жасасқан мәмілелер бойынша толтырылады.

     2-нысан.
    1 1-бағанда салым енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі банктік шотқа жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотынан ақша аударылған күн не мерзімінен бұрын қайтарылған күн немесе шарт бұзылған жағдайда - инвестициялық шотқа ақша қайтарылған күн көрсетіледі.
    2 3-бағанда салым бойынша жүргізілген операциялар (салымға ақшаның енгізілуі, салым бойынша сыйақы төлеу, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін салымды қайтару) көрсетіледі.
    3 8-бағанда сома үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

     3-нысан.
    1 4-бағанда мәміленің түрі (сатып алу, сату) көрсетіледі.
    2 5-бағанда аффинирленген құнды металдар түрлерінің атауы көрсетіледі.
    3 7-бағанда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
    4 9-бағанда сома үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

Зейнетақы активтерін       
инвестициялау бойынша      
жасалған мәмілелер және    
жинақтаушы зейнетақы қорлары
мен зейнетақы активтерін   
инвестициялық басқаруды    
жүзеге асырушы ұйымдардың  
меншікті активтері жөнінде 
есеп беру ережесінің      
2-қосымшасы          

      Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз),  өзгертулер енгізілді - 2010.06.01 N 73 Қаулыларымен.

(Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) меншікті активтерін инвестициялау бойынша  жасаған мәмілелері туралы ______________ бастап ________________ аралығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ

1-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған және бағалы қағаздар

N

Мәміле
жасалған
күн
 


Брокердің/
дилердің
атауы

Қызмет ақысы

Мәміле
түрі

Нарық

Бағалықағаздың
түрі және
оның эмитентінің
атауы

Брокер-дилердің

Банктің

Биржаның


10

2

3

4

5

61

72

83

кестенің жалғасы:

Ұлттықсәйкестендіру нөмірі

Номиналдық
құн
валютасы

Бір бағалы қағаздың номиналдық құны

Мәміле көлемі (бағалы қағаздар данасы)

Төлем валютасы

Бірбағалы қағаз үшін сатып
алу (сату) бағасы

9

104

11

12

134

145







  кестенің жалғасы:

Мәміле жасалған күніндегі бір бағалы қағаздың ең төменгі бағасы

Мәміле жасалған күніндегі бір бағалы қағаздың ең жоғарғы бағасы

Бағалы қағаздар бойынша кірістілік (пайызбен)

Мәміле сомасы

Қарсы әріптестің атауы

Қарсы әріптестің рейтингі

156

166

177

188

199

209







2-нысан. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі салымдар

N

Ақша аударылатын күн

Банктің
атауы

Салым
бойынша операциялар

Банктік салым шартының жасалған күні және нөмірі

Салым мерзімі

Сыйақы ставкасы (жылдық пайызбен)

Салым валютасы

Салым сомасы


1

2

3

4

5

61

72

83

3-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған тазартылған қымбат металдар

N

Мәміле
жасалған күн

Қарсыагенттің атауы

Қызметақысы

Мәміле түрі

Тазартылған
қымбат метал
дың түрі

Мәміле көлемі (бірлік)

Төлем валютасы

Біреуінің сатып алу бағасы

Мәміле сомасы


1

2

3

41

52

6

73

8

94











4-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған және кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған бағалы қағаздар

N

Мәмілежасалған
күн
 


Брокердің/
дилердің
атауы

Қызмет ақысы

Мәміле
түрі

Нарық

Бағалықағаздың
түрі және
оның эмитентінің
атауы

Ұлттық сәйкестендіру нөмірі

Брокер-дилердің

Банктің

Биржаның


1

2

3

4

5

61

72

83

9

кестенің жалғасы:      

Номиналдық құн валютасы

Бір бағалы қағаздың номиналдық құны

Мәміле көлемі (бағалы қағаздар данасы)

Төлемвалютасы

Бір бағалы қағаз үшін сатып алу бағасы

Бағалы қағаздар бойынша кірістілік (пайызбен)

Мәміле сомасы

Кепіл ұстаушы туралы мәліметтер

Атауы

Қызметінің түрі

Орналасқан жері

104

11

12

134

145

156

167

17

18

19

5-нысан. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған салымдар

N

Ақшаны аударым жасау күні1

Банк атауы

Салым бойынша операциялар2

Банктік салым шартын жасасу күні мен шарттың нөмірі

Салым мерзімі (күндермен)

Сыйақы ставкасы (жылдық пайызбен)

Салым валютасы

Салым сомасы3

Кепіл ұстаушы туралы мәліметтер

Атауы

Қызмет түрі

Орналасқан орны



11

2

32

4

5

6

7

83

9

10

11













6-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған және кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған тазартылған қымбат металдар

N

Мәміле жасалған күн

Қарсы агенттің атауы

Қызмет ақысы

Мәміле түрі

Тазартылған қымбат металдың
түрі

Мәміле көлемі (бірлік)

Төлем валютасы

Біреуінің сатып алу бағасы

Мәміле сомасы

Кепіл ұстаушы туралы мәліметтер

Атауы

Қызмет түрі

Орналасқан орны


1

2

3

41

52

6

73

8

94

10

11

12

7-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған және кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған өзге мүлік1

N

Мүліктің түрі  мен қысқаша сипаттауы

Сатып алу күні

Мүліктің орналасқан орны

Сатып алу құны

Сатып алу мақсаты

Соңғы  рет жүргізілген қайта бағалау күні

Жүргізілген қайта бағалауға сәйкес құны

Есептік күніндегі ағымдағы (баланстық) құны

Кепіл ұстаушы туралы мәліметтер

Ескерту

Атауы

Қызмет түрі

Орналасқан орны


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Басшы             __________  _____________________________________
(есепке қол қоюға   (қолы)     Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
уәкілетті тұлға)    

Бас бухгалтер    _________  __________________________________
(есепке қол қоюға   (қолы)     Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
уәкілетті тұлға) 

мөр орны

Орындаушы __________________  _____________________________________          (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға ескертулер:

      1-нысан:
    0 Мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында жасалған жағдайда оны жасасу күні (trade date) көрсетіледі. 
      1 6-бағанада мәміленің түрі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы - ашу/жабу) көрсетіледі.
      2 7-бағанада сауда жүйесінде мәміле жүзеге асырылған сауда-саттықты ұйымдастырушысы немесе мәміленің ұйымдастырылмаған нарықта жасалғандығы көрсетіледі.
      3 8-бағанада эмитенттің атауы және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда алаңдарында сауда-саттыққа жіберілген бағалы қағаздардың түрлері көрсетіледі. Мәміле халықаралық нарықта жасалған жағдайда, REUTER жіктеушісі бойынша сауда коды пайдаланылады.
      4 10 және 13 бағаналарда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
      5 14-бағанада сатушыға төленген сыйақыны ескеріп, мәміле жасалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда (биржалық куәлік, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау) үтірден кейінгі төрт таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген баға беріледі.
      6 15 және 16-бағаналарда Bloomberg не REUTER ақпараттық-сараптамалық жүйелерінің деректері бойынша мәмілені жасасу күніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен 15 және 16 бағаналарда осы қаржы құралы айналымдағы халықаралық (шетелдік) қор биржасында жасалған акцияларды (депозиторлық қолхаттарды) сатып алу/сату мәмілелері бойынша баға көрсетіледі.
      7 17-бағанда бағалы қағаздар бойынша кірістілік (облигациялармен жасалған мәмілелер бойынша – иелігінен шығару немесе бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастырушының сауда жүйесінде сатып алу нәтижесінде қалыптасқан кірістілік; кері "репо" операциялары бойынша - мәмілені Автоматты репо секторында жасау нәтижесінде қалыптасқан кірістілік) пайызбен көрсетіледі.
      8 18-бағанада үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен сома көрсетіледі.
    9 Бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында жасасқан мәмілелер бойынша толтырылады. 

      2-нысан:
      1 1-бағанада салым енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі банктік шотқа жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотынан ақша аударылған күн не мерзімінен бұрын қайтарылған күн немесе шарт бұзылған жағдайда - инвестициялық шотқа ақша қайтарылған күн көрсетіледі.
      2 3-бағанада салым бойынша жүргізілген операциялар (салымға ақшаның енгізілуі, салым бойынша сыйақы төлеу, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін салымды қайтару) көрсетіледі.
      3 8-бағанада үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен сома көрсетіледі.

      3-нысан:
      1 4-бағанда мәміленің түрі (сатып алу, сату) көрсетіледі.
      2 5-бағанда тазартылған қымбат металдар түрлерінің атауы көрсетіледі.
      3 7-бағанда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
      4 9-бағанда үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен сома көрсетіледі.

      4-нысан:
      1 6-бағанада мәміленің түрі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы - ашу/жабу) көрсетіледі.
      2 7-бағанада сауда жүйесінде мәміле жүзеге асырылған сауда-саттықты ұйымдастырушысы немесе мәміленің ұйымдастырылмаған нарықта жасалғандығы көрсетіледі.
      3 8-бағанада эмитенттің атауы және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда алаңдарында сауда-саттыққа жіберілген бағалы қағаздардың түрлері көрсетіледі. Мәміле халықаралық нарықта жасалған жағдайда, REUTER жіктеушісі бойынша сауда коды пайдаланылады.
      4 10 және 13-бағаналарда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
      5 14-бағанада сатушыға төленген сыйақыны ескеріп, мәміле жасалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда (биржалық куәлік, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау) үтірден кейінгі төрт таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген баға беріледі.
      6 15-бағанада бағалы қағаздар бойынша кірістілік (облигациялармен жасалған мәмілелер бойынша – иелігінен шығару немесе бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастырушының сауда жүйесінде сатып алу нәтижесінде қалыптасқан кірістілік; кері "репо" операциялары бойынша - мәмілені Автоматты репо секторында жасау нәтижесінде қалыптасқан кірістілік) пайызбен көрсетіледі.
      7 16-бағанада үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен сома көрсетіледі.

      5-нысан:
      1 1-бағанада салым енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі банктік шотқа жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотынан ақша аударылған күн не мерзімінен бұрын қайтарылған күн немесе шарт бұзылған жағдайда - инвестициялық шотқа ақша қайтарылған күн көрсетіледі.
      2 3-бағанада салым бойынша жүргізілген операциялар (салымға ақшаның енгізілуі, салым бойынша сыйақы төлеу, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін салымды қайтару) көрсетіледі.
      3 8-бағанада үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен сома көрсетіледі.

      6-нысан:
      1 4-бағанда мәміленің түрі (сатып алу, сату) көрсетіледі.
      2 5-бағанда тазартылған қымбат металдар түрлерінің атауы көрсетіледі.
      3 7-бағанда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
      4 9-бағанда үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен сома көрсетіледі.

      7-нысан:
      1 Меншігіндегі немесе тұрақты жерді пайдалану құқығындағы жер;
      меншігіндегі ғимараттар мен құрылыстар;
      көлік құралдарын қоспағанда, машиналар мен жабдықтар.
      1, 2, 3-насандар есептік кезең (ай) бойынша толтырылады, 4, 5, 6, 7-нысандар қолданыстағы шарттар негізінде есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша толтырылады."

Зейнетақы активтерін       
инвестициялау бойынша      
жасалған мәмілелер және    
жинақтаушы зейнетақы қорлары
мен зейнетақы активтерін   
инвестициялық басқаруды    
жүзеге асырушы ұйымдардың  
меншікті активтері жөнінде 
есеп беру ережесінің      
3-қосымшасы          

       Ескерту: 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), өзгертулер енгізілді - 2010.06.01 N 73 Қаулыларымен.

(Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) зейнетақы активтерін және меншікті активтерін туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы ________________ бастап _________________ аралығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ

N

Мәміле
жасалған күн1

Брокердің/дилердің атауы

Туынды қаржы құралының түрі2

Нарық3

Базалық актив және оның рейтингі4

Мәміле талаптарын  сипаттау

Хиджерлеу объекті5

Инвестициялық шешімнің нөмірі мен күні6

Ескерту





















Бірінші басшы    __________  _____________________________________
(есепке қол қоюға   (қолы)     Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
уәкілетті тұлға)    

Бас бухгалтер    _________  __________________________________
(есепке қол қоюға   (қолы)     Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
уәкілетті тұлға) 

мөр орны

Орындаушы __________________  _____________________________________          (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Зейнетақы активтерін және меншікті активтерін туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға ескертулер:
      1 "Күні/айы/жылы" форматында мәміле жасалған күні көрсетіледі.
      2 Туынды қаржы құралының түрі көрсетіледі (опцион, фьючерс, форвард, своп және басқа туынды қаржы құралдары).
      3 Мәміле сауда жүйесінде жасалған қор биржасының атауы және "қор биржасының атауы/елі" форматында оның резиденттік елі не мәміле "ұйымдастырылмаған нарық" форматында қор биржасында жасалмағаны көрсетіледі
      4 Туынды қаржы құралының базалық активі (бағалы қағаздың және оның эмитентінің атауы, валютасы, пайыздық ставкасы, тауар және өзге базалық активтер) және "базалық актив/рейтинг (рейтингтік агенттік)" форматында рейтингтік агенттік берген (бар болса) базалық активінің рейтингі көрсетіледі. Егер базалық активте рейтингтер болмаса, онда базалық актив көрсетіледі және "базалық актив/рейтингі жоқ" форматында рейтингтің жоқтығы аталады.
      5 Егер мәміле хеджирлеу мақсатында жасалса, "иә/ хеджирлеу объектісінің деректемелері" деген форматта "иә" деген сөз және хеджирлеу объектісінің деректемелері (бағалы қағаздың сәйкестендіру нөмірі, саны, құны, мөлшері, валютасы) көрсетіледі. Егер мәміле хеджирлеу мақсатында жасалмаса "жоқ" деген сөз көрсетіледі.
      6 Инвестициялық комитеттің мәміле жасалғаны туралы инвестициялық шешімді қабылдау нөмірі мен күні көрсетіледі.

 Зейнетақы активтерін       
инвестициялау бойынша      
жасалған мәмілелер және    
жинақтаушы зейнетақы қорлары
мен зейнетақы активтерін   
инвестициялық басқаруды    
жүзеге асырушы ұйымдардың  
меншікті активтері жөнінде 
есеп беру ережесінің      
4-қосымшасы          

      Ескерту: 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 9, өзгертулер енгізілді - 2010.06.01 N 73 Қаулыларымен.

(Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) аффилиирленген тұлғалармен* зейнетақы активтері мен меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы ________________ бастап _________________ алығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ

Активтердің түрі (СА/ПА)1

Мәмілені жасасу күні2

Нарық3

Мәміле түрі4

Мәміле бойынша қарсы серіктестің атауы5

Қарсы әріптестің аффилиирленгендігінің белгісі6








кестенің жалғасы

Қаржы құралының параметрлері

Қаржы құралының түрі

Қаржы құралын шығарған (ұсынған) эмитенттің атауы

Ұлттық сәйкестендіру нөмірі7

Бір бірлігінің бағасы 7

Мәміленің көлемі 7 (дана)

Мәміле сомасы8(теңге)

Банктік салым шартының аяқталу күні

Ескерту

Бірінші басшы
_______________
     (қолы)
____________________________________________
     (есепке қол қоюға уәкілетті тұлға)
____________________________________________
   Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Бас бухгалтер
____________________________________________   ___________
    (есепке қол қоюға уәкілетті тұлға)             (қолы)
____________________________________________
   Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Мөр орны

Орындаушы
___________________________________________
            (қолы, телефон нөмірі)
___________________________________________
 Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Мөр орны

Орындаушы
___________________________________________
            (қолы, телефон нөмірі)
___________________________________________
   Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы есепті толтыру бойынша ескертулер:
      * Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінің 16-тармағында көзделген жағдайларда толтырылады және уәкілетті органға беріледі.
      1 Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті немесе зейнетақы активтері көрсетіледі.
      2 «Күні/айы/жылы» форматында мәміленің жасалған күні көрсетіледі.
      3 Мәміле сауда жүйесінде жасалған қор биржасының атауы және «қор биржасының атауы/елі» форматында оның резиденттік елі не мәміле «ұйымдастырылмаған нарық» форматында қор биржасында жасалмағаны не «халықаралық нарықта» жасалғаны көрсетіледі.
      4 Мәміленің түрі көрсетіледі (сатып алу, сату, «репо» ашылу және жабылу операциясы, банктік салым шартын жасасу және өзге мәмілелер). «Репо» операциялары бойынша сонымен қатар «репо» операцияларының түрі көрсетіледі: тікелей немесе кері «репо». Қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша «Ескерту» деген бағанада мәмілені жасау әдісі көрсетіледі.
      5 Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретінде болған (брокер мүддесінде әрекет еткен тұлғаны көрсетіп) жағдайда, «В» символы қолданылады және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым дилер ретінде болған жағдайда «D» символы қолданылады. Банктік салым ашылған жағдайда, банктің атауы көрсетіледі.
      6 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 64-бабына сәйкес қарсы серіктес зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға қатысты аффилиирленген тұлға болып танылатын сәйкес белгі көрсетіледі.
      7 8, 9 және 10-бағаналар сатып алу, сату, өтеу, кері «репо» операциясы - ашылуы/жабылуы бойынша мәмілелер үшін толтырылады.
      8 Мәмілелер жасауға байланысты шығыстарды ескермей (сатып алу, сату, өтеу, кері «репо» операциясы - ашылуы/жабылуы және өзге), жиналған сыйақыны ескеріп (банктік салымды ашу), үтірден кейін екі белгіге дейін нақты беріп, сома көрсетіледі.
      9 «Күні/айы/жылы» форматында банктік салым шартының аяқталу күні көрсетіледі.