Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің
11-тармағының
3) тармақшасына және
18-тармағының
1) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2256 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 17 мамырдағы N 20 жарияланған, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 9 қазандағы N 253-НҚ
бұйрығымен
өзгерістер енгізілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2253 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 19 шілдедегі
N 322-НҚ
өзгерістер енгізілген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2253 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіруіне және ұсынуына тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту жөніндегі нұсқаулықтағы:
25-1-тармақта "осы Нұсқаулықтың 25-тармақтың үшінші абзацында" деген сөздерді "осы тармақтағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А. Токарева) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.С. Орымбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға