"Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары туралы ережені бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 708 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 17 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3360

Жаңартылған

     "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары туралы ереже бекітілсін.
     2. Астана, Алматы қалалары, облыстардағы және көліктегі Ішкі істер басқармаларының (бас басқармаларының) бастықтары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы полиция басқармасы:
     1) ішкі істер органдарының басшы және инспекторлық құрамының осы Ережені зерделеуін ұйымдастырсын;
     2) кәмелетке толмағандар саласы бойынша ішкі істер органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Ереженің нақты және бірдей қолданылуын қамтамасыз етсін;
     3) Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының штаттық құрылымы мен санын Үлгілік штаттарға (Ережеге 3-қосымша) сәйкес келтірсін. Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары қызметкерлерінің Ереженің талаптарын зерделегенін анықтау үшін олардың білімін бағалауды ұйымдастырсын.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің бастығы полиция полковнигі Ғ.А. Алпысбаевқа жүктелсін.
     5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

     Министрдің міндетін атқарушы
     полиция генерал-лейтенанты

     "Келісілді"
     Қазақстан Республикасының
     Бас прокуроры
     12 қаңтар 2005 жыл

     "Келісілді"
     Қазақстан Республикасының
     Білім және ғылым министрі
     6 қаңтар 2005 жыл

     "Келісілді"
     Қазақстан Республикасының
     Денсаулық сақтау министрі
     30 желтоқсан 2004 жыл

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрлігінің   
2004 жылғы 25 желтоқсандағы  
N 708 бұйрығымен бекітілген  

Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау,
бейімдеу және оңалту орталығы туралы ереже

     Осы Ереже Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары қызметінің құқықтық негіздерін, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың және балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы саласындағы олардың құзыретін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

     1. Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары (бұдан әрі Орталық) - осы Ереженің 3-тармағында аталған кәмелетке толмағандарды қабылдауды және уақытша ұстауды, әлеуметтік бейімдеуді және оңалтуды қамтамасыз ететін ішкі істер органдарының қарамағында болатын арнайы балалар мекемелері болып табылады.

     2. Орталықтың негізгі міндеттері:
     1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және болдырмау;
     2) кәмелетке толмағандарды қабылдау, кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту;
     3) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тарту фактілерін анықтау және жолын кесу;
     4) кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жеткізу, тұрып жатқан балалар мен жасөспірімдерді орналастыру жөнінде өзге де шаралар қабылдау болып табылады;
     5) кәмелетке толмағандарды бағып-күтудің, мекеменің аумағын күзетуді, тәрбиеленушілердің жеке қауіпсіздігін және олардың теріс әсерден барынша қорғалуын, мекеменің аумағына бөгде адамдардың еркін кіруін және одан тәрбиеленушілердің өз еркімен кетуін шектеуді, кәмелетке толмағандарды тәулік бойы, оның ішінде ұйқыға бөлінген уақытта қадағалау мен бақылауды, кәмелетке толмағандардың өздерін, олардың заттары мен тынығатын бөлмелерін тексеріп қарауды қамтитын арнайы жағдайларын қамтамасыз етеді.

2. Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу
және оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру

     3. Орталыққа:
     1) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жеткенге дейін қоғамға қауіпті әрекет жасаған;
     2) өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде бұдан әрі тұру мүмкіндігі болмаған жағдайларда қылмыс жасағандығы айыпталған;
     3) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілген;
     4) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкілдерін анықтау үшін үш жастан он сегіз жасқа дейінгі қадағалаусыз және панасыз қалған;
     5) уақытылы орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ олардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде қорғаншы және қамқоршы органы ата-анасынан (олардың біреуінен) немесе оларды қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып қойған кәмелетке толмағандар белгіленген тәртіппен орналастырылады.
     Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандар Орталықта өзге де негіздер бойынша ұсталып отырған кәмелетке толмағандардан бөлек ұсталады.

     4. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыруға:
     1) осы Ереженің 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты - прокурор санкция берген қылмыстық қудалау органының қаулысы немесе соттың қаулысы;
     2) осы Ереженің 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты - қорғаншы және қамқоршы органының қаулысы негіз болып табылады.
     Кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қаулыға міндетті кәмелетке толмағанның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі мен мінездемесі, сондай-ақ оның ата-анасының (тұрғылықты жері анықталған жағдайда) мінездемесі, Орталыққа орналастыру себептерін негіздейтін қалалық, аудандық, желілік ішкі органдарының бастығы бекіткен қорытындының көшірмесі қосылады. Осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандардың материалдарына қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толмауына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесі, ал осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандардың материалдарына айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесі қоса беріледі.

     5. Түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері, сондай-ақ өзге де ерекше жағдайларда осы Ереженің 1-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандар Орталыққа қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органы бастығының (бастықтың орынбасарының) қаулысы негізінде орналастырылуы мүмкін (1-қосымша), бұл туралы жиырма төрт сағат ішінде Орталық әкімшілігі Орталықтың орналасқан жері бойынша прокурорды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
     Осы тармақта аталған кәмелетке толмағандарды одан әрі ұстау не орналастыру туралы мәселені шешу үшін оларға қатысты материалдарды Орталыққа орналастырылған сәттен бастап үш тәулік ішінде қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының қызметкерлері:
     осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты - сотқа немесе прокурорға (Орталыққа орналастыру туралы қаулы, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесі, кәмелетке толмағанның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі және мінездемесі, оның ата-анасының (тұрғылықты жері анықталған жағдайда) мінездемесі);
     осы Ереженің 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты - қорғаншылық және қамқоршылық органына (Орталыққа орналастыру туралы қаулы, панасыздық, қадағалаусыздық белгілері болуын негіздейтін қамқоршысыз қалғанын не болмаса баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнгені туралы қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органының бастығы бекіткен қорытынды, мекенжай бюросының анықтамасы) ұсынады.
     Қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органы прокурорға жіберілген хаттың және материалдардың көшірмелерін Орталыққа жібереді. Аталған материалдарды өз уақытында немесе өз уақытында ұсынылмаған жағдайда жауапкершілік кәмелетке толмағандарды Орталыққа жеткізген қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органының басшылығына жүктеледі.
     Кәмелетке толмағандарды Орталықта одан әрі ұстау туралы шешімді тиісінше прокурор, сот немесе қамқоршылық және қорғаншылық органдары қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарынан түскен материалдарға сәйкес қабылдайды. Шешімнің қабылданғаны туралы ақпарат Орталықтың әкімшілігіне қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарынан 24 сағаттың ішінде ұсынылады.

     6. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинақтауды ішкі істер органдары қамтамасыз етеді. Орталыққа жеткізілген кәмелетке толмағандар туралы деректер тігілген және нөмірленген журналға тіркеледі (6-қосымша). Кәмелетке толмағанның сауалнамалық деректері мен оның Орталыққа орналастырылу себептері толық анықталғаннан кейін оған қағаз және электрондық түрдегі есепке алу - статистикалық карточка (7-қосымша) толтырылады, ол алфавит ретімен 5 жыл сақталады, кейін мекеменің мұрағатына тапсырылады. Орталықта ұсталатын кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен ІІББ-ІІБ-нің, Алматы, Астана қалаларының ақпараттық-техникалық қызметі бөлімшелеріне жіберіледі.

     7. Осы баптың 1-тармағында аталған кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзімі отыз тәуліктен аспауға тиіс. Осы Ереженің 1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзімі оларды орналастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету, ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін анықтау не қылмыстық істі жан-жақты тергеу үшін тек алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Осы санаттағы кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзімін ұзартуға:
     1) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты - прокурор санкция берген қылмыстық қудалау органының қаулысы немесе соттың қаулысы;
     2) осы Ереженің 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты - қорғаншы және қамқоршы органының қаулысы негіз болып табылады.
     Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзімдерін ұзартудың әрбір жағдайында оның басшылығы тиісінше Орталықтың тұрған жеріндегі прокурорға немесе қамқоршылық және қорғаншылық органына және Астана, Алматы қалалары, облыстардағы Ішкі істер Бас басқармаларының (басқармаларының) қоғамдық қауіпсіздік басқармасына оларды осы мекемеде бұдан әрі ұстау қажеттілігі туралы негізделген материалдар ұсынады. Осы Ереженің 4-тармақтың 4) және 5) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандардың болуын екі айдан астам мерзімге ұзартудың әрбір фактісі бойынша Орталықтың оларды орналастырғаны туралы жұмысын растайтын материалдарының, қамқоршылық және қорғаншылық органдары жауаптарының көшірмелерін жинақтап, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, қоғамдық қауіпсіздік басқармасы, Астана, Алматы қалалары, облыстардағы Ішкі істер Бас басқармалары (басқармаларының) бастықтары ақпарат жібереді.

     8. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзіміне денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жариялаған карантин кезеңі, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ауруына байланысты, денсаулық сақтау ұйымында болу уақыты және де стационарлық көмек беруі енбейді.

     9. Орталыққа алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас болу күйіндегі кәмелетке толмағандар, сондай-ақ айқын психикалық аурудың белгілері бар кәмелетке толмағандар орналастырылуға тиіс емес.

     10. Кәмелетке толмағанды Орталықта ұстау мерзімінің бұзылғаны үшін жауапкершілік оның бұзылуына кінәлі органның және мекеменің лауазымды адамдарына жүктеледі.

     11. Кәмелетке толмағандарды тәулік бойы қабылдау және ұстау режимін қолдауды тәуліктік наряд кезекшісі қамтамасыз етеді. Наряд басшысы міндетті түрде Орталықтың офицерлік құрамы қатарындағы лауазымды адам болып табылады.

     12. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандардың тәуліктік азық-түлік алуға үлесі, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз ету, "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738 қаулысымен белгіленген нормалар бойынша жүзеге асырылады.

     13. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандар жасына және жынысына қарай топтар бойынша орналастырылады және тәулік бойы бақылауда болады. Топтардағы адам саны 20-дан аспауы тиіс.

     14. <*>
      Ескерту. 14-тараудың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2010.05.06 N 157, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.05.18 N 350 және ҚР Ішкі істер министрінің 2010.06.14 N 272 (ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

     15. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандарды ұстау тәртібі:
     1) Орталықта ұсталатын кәмелетке толмағандарды тәулік бойы қадағалаумен және бақылаумен;
     2) оқу-тәрбие жұмысы, әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу және оңалту жүйесімен;
     3) ұстаудың белгіленген тәртібі мен жеке гигиена ережелерін сақтаумен және қолдаумен;
     4) Орталық басшыларының рұқсатынсыз мекеме аумағынан тыс жерге еркін шығу мүмкіндігін болдырмаумен анықталады.

     16. Ұстаудың белгіленген тәртібін бұзған кәмелетке толмағандармен Орталықтың психологы және профилактика инспекторы жеке-тәрбие жұмысын жүргізеді, ол туралы жасөспірімге толтырылатын қадағалау ісіне тиісті жазба жазылады.

     17. Кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру алдында жасөспіріммен бір жыныстағы тұлға болып табылатын кезекшілік наряд қызметкерлері, кәмелетке толмағанды алып келген адамның қатысуымен оған жеке тексеру жүргізеді.

     18. Анықтау, алдын-ала тергеу барысында сақтауға алынған қопарылғыш құрылғыларды, ататын мылтықтарды, қару-жарақтарды, қопарылғыш заттарды, радиоактивті материалдар, есірткілік құралдарды, психотроптық, тез әсер ететін және улы заттарды сақтау тиісті сот сараптамасы мекемесінде тексерілгеннен кейін тек, ҰҚҚ шаруашылық бөлімшелерінде, әскери бөлімдердің немесе тиісті мемлекеттік кәсіпорындардың арнайы жабдықталған ғимараттарда жүргізіледі.
     Жеке тексеру хаттамамен ресімделеді, онда алып қойылған барлық заттар мен нәрселер нөмірлері, сериялары және айқын ерекшеліктері көрсетіле отырып, толық жазылады.

     19. Қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын нәрселерді, заттарды және құжаттарды алу және сақтау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 30 желтоқсанда N 658 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 11 желтоқсандағы N 121, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 1043 ца, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Комитеті төрағасының 1998 жылғы 8 желтоқсандағы N 73, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 598, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 2 желтоқсандағы N 429, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы N 111 бірлескен бұйрығымен бекітілген "Соттың, прокуратура, алдын-ала тергеу, анықтау, сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық істер жөніндегі және әкімшілік құқық бұзушылық істері туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы" нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

     20. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандарға бақылау істері (5-қосымша) ашылады, олардың көшірмелері жасөспірімдердің тұрғылықты жеріндегі аумақтық ішкі істер органдарына немесе одан әрі ұсталатын жеріне сәйкес білім беру ұйымына жіберіледі. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандар туралы ақпарат осы мекемеге бекітілген ІІББ-ІІБ Криминалдық полиция басқармасының қызметкеріне ұсынылады.

     21. Байқау ісі бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру себептері және онымен қандай профилактикалық жұмыс жүргізілгені туралы ақпарат көрсетіле отырып, Орталық бастығы дәлелді қаулы шығарады, оның көшірмесі жеке номенклатуралық іске тігіледі.

     22. Орталықта ұсталатын кәмелетке толмағандармен профилактикалық, бейімдеу және оңалту жұмысын ұйымдастыру мен орналастыру негіздерін, жасаған іс-әрекетінің маңызын, педагогикалық бақылаусыздық деңгейін, жасын, отбасылық-тұрмыстық жағдайларды және жасөспірімге теріс әсер тигізген мән-жайларды ескере отырып, жүзеге асырылады.

     23. Арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандармен құқықтық оқыту және осында болуына байланысты алдағы жағдайларға әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу жүргізіледі.

     24. Қамқоршысыз қалған кәмелетке толмағандарға қатысты Орталықтың қызметкерлері одан әрі оларды қорғаншы және қамқоршы органдарына беру үшін қажетті құжаттарды ресімдейді.

     25. Ішкі істер органы қызмет көрсететін аумақтан тыс жерде тұратын кәмелетке толмағандарды Орталықтың қызметкерлері олардың тұрғылықты жерлеріне жеткізеді не болмаса оларға келген ата-аналарына немесе оларды ауыстырушы адамдарға, не болмаса балалар мекемелері немесе өзге де білім беру ұйымдарының өкілдеріне белгіленген үлгідегі актінің (2-қосымша) негізінде береді.

     26. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тұратын кәмелетке толмағандарды тұрақты тұратын жеріне жеткізу қамқоршысыз қалған балалар мен жасөспірімдерді олар тұратын мемлекеттерге қайтару тәртібін реттейтін халықаралық келісімдерге сәйкес Транзиттік орталық (4-қосымша) арқылы жүзеге асырылады.

     27. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандарды оларға келген ата-аналарына немесе оларды ауыстырушы адамдарға береді не болмаса Орталықтың қызметкерлері оларды тұрғылықты жерлеріне жеткізеді.

     28. Жасөспірім қыздарға еріп жүруді тек қана әйел қызметкерлер жүзеге асырады.

     29. Орталықтан шығатын кәмелетке толмағандар медициналық тексеруден, санитарлық тазартылудан өтеді және тиісті медициналық құжаттармен, сондай-ақ орналасатын жерге дейін тегін жолақымен және азық-түлікпен немесе жол жүру уақытына белгіленген нормалар бойынша ақшамен қамтамасыз етіледі.

     30. Ақша, құжаттар, жеке және өзге де қолдануға тыйым салынбаған және Орталыққа орналастыру кезінде алынып қойылған бұйымдар мен заттарды кәмелетке толмағанның қатысуымен мекеме қызметкерлері:
     1) ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға;
     2) көрсетілген бағалы заттарды ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға тапсыру үшін кәмелетке толмағандармен ілесіп жүретін Орталықтың лауазымды адамдарына, балалар мекемесінің немесе өзге де білім беру ұйымының өкілдеріне қайтарып береді.

     31. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандарды алып кетуге келген адамдарға Орталықта дем алу үшін орын беріледі.

     33. Көліктегі ішкі істер органдарының қызметкерлері кәмелетке толмағандарды тұрғылықты жеріне жеткізу үшін келген адамдарға қажетті көмек көрсетуі керек.

     34. Егер кәмелетке толмағанды ұстау кезінде оның қылмыс жасағаны үшін қылмыстық қудалау органы іздестіріп жатқандығы анықталса және оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу белгіленген болса, онда ол уақытша ұстау изоляторына дереу ауыстырылуы тиіс.

3. Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау,
бейімдеу және оңалту орталықтары лауазымды
адамдарының функционалдық міндеттері

     35. Орталықтың бастығы:
     1) ұстау режимін және кәмелетке толмағандарды орналастыру тәртібін, емдеу-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін өткізуді, кәмелетке толмағандарды орналастыру орындарына жеткізу процесін бақылайды, жедел және жоспарлы медициналық көмек көрсетуді қажет ететіндерді дер кезінде ауруханаға жатқызуды ұйымдастырады;
     2) кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың және қадағалаусыз, панасыз қалудың алдын алуға қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарын қарайды;
     3) Орталық қызметкерлерінің және қызмет көрсететін персоналдың функционалдық міндеттерін, жұмыс жоспарларын, кестелерін әзірлейді және бекітеді;
     4) материалдық құндылықтар мен жабдықтардың сақталуына жауап береді;
     5) өз құзыретінің шегінде Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асырады.

     36. Орталық бастығының орынбасары:
     1) балалар мен жасөспірімдер арасында профилактикалық және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады;
     2) жасөспірімдерге, олардың белгіленген ішкі тәртіп ережелері мен режимді сақтауына тәулік бойы бақылау жасауды ұйымдастырады;
     3) жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасына сәйкес оқыту процесіне басшылық жасайды;
     4) материалдардың ресімделуін және кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға, сотқа, қорғаншы және қамқоршы органдарына және өзге де мүдделі ведомстволар мен ұйымдарға дер кезінде жіберілуін бақылайды.

     37. Профилактика аға инспекторы (инспектор) жасөспірімдердің жеке басын және биографиялық деректерін, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға қадағалаусыз және панасыз қалуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.

     38. Тұрмыстық және еңбекке орналастыру жөніндегі инспектор Жұмыспен қамту орталығымен, қорғаншы және қамқоршы органдарымен бірлесе отырып, қамқоршысыз қалған кәмелетке толмағандарды еңбекке орналастыру мәселелерін шешеді, оларды қоғамға бейімдеу жөнінде шаралар қабылдайды.

     39. Инспектор-психолог Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

     40. Орталық бастығының режим жөніндегі кезекші көмекшісі кәмелетке толмағандарды тәулік бойы бақылауды, оларды түнгі уақытта қабылдауды және орналастыруды жүзеге асырады, осы мезгілде кәмелетке толмағандардың өз еркімен Орталықтан тысқары кетуіне немесе Орталық жағдайында құқық бұзушылыққа және материалдық құндылықтардың сақталуына дербес жауап береді.
     Орталық бастығының режим жөніндегі кезекші көмекшісінің лауазымы штаттық кестеде болмаған жағдайда оның функцияларын орындау кезекші топтың офицерлік құрамдағы адамдары қатарынан мекеменің өзге қызметкеріне жүктеледі.

     41. Режим жөніндегі аға кезекші, режим жөніндегі кезекші кәмелетке толмағандарды тәулік бойы бақылауды жүзеге асырады, Орталық ғимаратын және оған іргелес аумақты күзетуді қамтамасыз етеді.

     42. Кезекші-эвакуатор кәмелетке толмағандарды олар тұратын, орналастырылатын немесе белгіленген жерге жеткізуді жүзеге асырады.

     43. Орталықтың қызметкерлерін функционалдық міндеттерін орындаумен байланысты емес жұмысқа тартуға үзілді-кесілді тыйым салынады.

4. Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу
және оңалту орталықтарының қызметі туралы есеп беруі

     44. Орталық қызметінің нәтижелері туралы есеп баяндау хатпен ресімделеді, ол жылына 2 рет тиісінше шілденің және қаңтардың 10-на ұсынылады.

     45. Баяндау хатта Орталық қызметінің мынадай бағыттары:
     1) орналастырылған кәмелетке толмағандардың контингентін талдау;
     2) Орталықта ұсталатын кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс шараларын ұйымдастыру;
     3) қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарымен, қамқорлық және қорғаншылық органдарымен, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялармен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру;
     4) кадрлармен жұмыс бойынша ақпараттар болуы керек.

5. Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау,
бейімдеу және оңалту орталықтарын қаржылық және
материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету

     46. Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарын жергілікті атқару органдары құрады, олар заңды тұлғалар болып табылады, өз мөрі, Қазақстан Республикасының банкінде есеп айырысу шоты бар және дербес баланста болады.

     47. Орталықтың техникалық беріктілігі кәмелетке толмағандардың бақылаусыз кіру және мекемеден тысқары шығуын болдырмайтын ұстау жағдайын қамтамасыз етуі қажет.

     48. Алға қойған міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін жағдайлар жасау үшін ұйықтайтын бөлмелерді, денсаулық пунктін және карантин бөлімшелерін, тамақ дайындайтын орынды, спорт немесе ойын залдарын, оқу сыныптарын, серуендеу ауласын орналастыру үшін белгіленген нормативтер бойынша Орталықтың жабдықталған үй-жайлар кешені болу керек.

     49. Орталық белгіленген тәртіппен қажетті мөлшерде автокөлікпен және тұтынуға сәйкес мақсатты берілген жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етіледі.

     50. Орталықты қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Орталықтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңды және жеке тұлғалардан қайырымдылық көмектер түрінде келіп түскен қаражаттарды пайдалана алады.

                                        Кәмелетке толмағандарды
                                       уақытша оқшаулау, бейімдеу
                                          және оңалту орталығы
                                        туралы Ережеге 1-қосымша

          "БЕКІТЕМІН"
  Прокурор (судья, қамқоршылық
    және қорғаншылық органы)
________________________________________
(прокуратураның, соттың өңірлік атауы)

________________________________________
       (тегі, аты-жөні, қолы)

200__ жылғы «__» _________

   Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу
        және оңалту орталығына орналастыру туралы
                          ҚАУЛЫ

     200__ жылғы "___" _________ "___" сағат "___" минут

Мен, ______________________________________________________________
          Лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні
___________________________________________________________________
 кәмелетке толмағанның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы,
___________________________________________________________________
 жылы мен жері, оқу (оқу мекемесі, сынып, топ), жұмыс орны,
___________________________________________________________________
ата-анасының өмірбаяндық деректері, олардың жұмыс орны, лауазымы,
___________________________________________________________________
                      тұратын жері, телефоны)

материалдарын қарап,

                           Анықтадым:
___________________________________________________________________
    (Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және
___________________________________________________________________
     оңалту орталығына орналастыру жағдайлары мен негіздерінің
___________________________________________________________________
                      тармақтары көрсетіледі)

                           Қаулы еттім:

Кәмелетке толмаған ________________________________________________
                                 (тегі және аты-жөні)

кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту
орталығына жіберілсін.

Қолы ______________________________________________________________
                          (ІІО-ның атауы)
___________________________________________________________________
    (қаулыны толтырған лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі
___________________________________________________________________
                       және аты-жөні)

                                        Кәмелетке толмағандарды
                                       уақытша оқшаулау, бейімдеу
                                          және оңалту орталығы
                                        туралы Ережеге 2-қосымша

              Кәмелетке толмағандарды беру туралы
                                Акт

     Мен _________________________________________________________
                   (лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)

200 __ жылғы "___" _____ ___ сағат ____ минутта кәмелетке толмаған
___________________________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты,
___________________________________________________________________
 (балалар мекемесіне немесе білім беру ұйымына берген кездегі
___________________________________________________________________
     жолдаманың атауы мен нөмірі, лауазымды адамдардың тегі;
___________________________________________________________________
ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын адамдарға берген кездегі
___________________________________________________________________
  жасөспірімді қабылдап алушы адамның тегі, аты, әкесінің аты,
___________________________________________________________________
  туыстық дәрежесі, паспортының сериясы мен нөмірі, қашан және
___________________________________________________________________
               кімнің бергені, мекенжайы көрсетіледі)

бердім.

     Кәмелетке толмағанмен бірге мынадай заттар, ақша, бағалы
заттар, құжаттар берілді __________________________________________
                                     (атап көрсетіледі)
___________________________________________________________________

Ескертпе __________________________________________________________

Тапсырдым _________________________________________________________
                          (лауазымы, тегі, қолы)

Қабылдап алдым ____________________________________________________
                  (баланы қабылдап алған адамның тегі, қолы)

     200__ жылғы "___" ___________

                                        Кәмелетке толмағандарды
                                       уақытша оқшаулау, бейімдеу
                                          және оңалту орталығы
                                        туралы Ережеге 3-қосымша

         Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау,
  бейімдеу және оңалту орталықтарының штаттық санының
                    Үлгілік құрылымы

Лауазымдардың
Атауы

Арнаулы атағы
(персоналдың
санаты)

Толықтыру лимиті
кезіндегі штаттық саны
(төсек-орын)

10-
25

26-
40

41-
60

61-
80

81-
110

Бастық

полиция
капитаны

1

1




полиция
майоры



1

1


Полиция
подполковнигі





1

Бастықтың орынбасары

полиция
капитаны



1

1


полиция майоры





1

профилактиканың
аға инспекторы

Полиция аға
лейтенанты

1

1




полиция
капитаны



1

1

1

Профилактиканың
инспекторы

Полиция
лейтенанты

1

1




Полиция аға
лейтенанты



1

2

3

Тұрмысқа және еңбекке
орналастыру
жөніндегі инспектор

Полиция
лейтенанты

1

1




Полиция аға
лейтенанты



1

1

2

Инспектор-психолог

Полиция
лейтенанты

2

2




Полиция аға
лейтенанты



2

2

3

Орталық бастығының
кезекші көмекшісі

Полиция аға
лейтенанты




3

3







Жиыны


6

6

7

11

14

Режим жөніндегі
аға кезекші

Полиция
старшинасы



1

3

3

Режим жөніндегі
кезекші

Полиция аға
сержанты

3

3

3

6

6

Кезекші-эвакуатор

Полиция аға
сержанты

2

3

3

4

6

Жүргізуші-полиция
қызметкері

Полиция аға
сержанты

1

1

1

2

2

Жиыны


6

7

8

15

17

Педиатр-дәрігер

Маман




1

1

Фельдшер

Маман

1

1

1

1

1

Бухгалтер

Маман



1

1

1

Бухгалтер-кассир

Қызметші

1

1

1

1

1

Машинист

Қызметші

1

1

1

1

1

Шаруашылық меңгерушісі

Қызметші

1

1

1

1

1

Бас аспаз

Жұмысшы




1

1

Аспаз

Жұмысшы

2

2

2

2

2

Ас үй жұмысшысы

Жұмысшы

1

1

2

2

2

Дезинфектор

Жұмысшы

1

1

1

1

1

Кір жуушы

Жұмысшы




1

2

Қызметтік үй-жайды
сыпырушы

Жұмысшы

1

1

1

1

2

Аула жұмысшысы

Жұмысшы

0,5

0,5

1

1

1

Сантехник

Жұмысшы




0,5

0,5

Электрик

Жұмысшы




0,5

0,5

Жиыны


9,5

9,5

12

16

18

Барлығы


21,5

22,5

27

42

49








     Ескертпе: Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу
және оңалту транзиттік орталықтарының аттестацияланған құрамының
штаттық саны 26 қызметкерден кем болмауы керек.

Кәмелетке толмағандарды   
уақытша оқшаулау, бейімдеу
және оңалту орталығы    
туралы Ережеге 4-қосымша  

    Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу
    және оңалту транзиттік орталықтарының және олардың
    балалар мен жасөспірімдерді тұратын мемлекеттеріне
   қайтаруы жөніндегі жұмыстарының негізгі бағыттарының
                            Тізбесі

     Алматы қаласы ІІББ-нің және Оңтүстік Қазақстан облысы ІІББ-нің (Шымкент қаласы) Орталықтары Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы үшін транзиттік болып табылады.
     Маңғыстау облысы ІІБ-нің (Ақтау қаласы) Орталығы Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы және Грузия Республикасы үшін транзиттік болып табылады.
     Шығыс Қазақстан облысы ІІББ-нің (Өскемен қаласы), Солтүстік Қазақстан облысы ІІБ-нің (Петропавл қаласы), Батыс Қазақстан облысы ІІБ-нің (Орал қаласы), Павлодар облысы ІІБ-нің (Павлодар қаласы) Орталықтары Беларусь Республикасы, Балтық елдері, Молдова Республикасы, Украина Республикасы және Ресей Федерациясы үшін транзиттік болып табылады.

                                        Кәмелетке толмағандарды
                                       уақытша оқшаулау, бейімдеу
                                          және оңалту орталығы
                                        туралы Ережеге 5-қосымша

                      N ___ Бақылау ісі
Тегі ______________________________________________________________

Аты _______________________________________________________________

Әкесінің аты ______________________________________________________

                      Анықталған мәліметтер

Тегі ______________________________________________________________

Аты _______________________________________________________________

Әкесінің аты ______________________________________________________

                             _______________________
                              Туған күні, айы, жылы

200__ жылғы "___" _______ түсті.

200__ жылғы "___" ______ кетті.

_______ парақта.

     Бақылау ісіне төмендегі құжаттар қоса беріледі:
     1. Кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қаулы.
     2. Жеке тексеру хаттамасы.
     3. Кәмелетке толмағанның сауалнамасы (9-қосымша).
     4. Кәмелетке толмағанның жасын растайтын құжаттар.
     5. Ата-анасының немесе оларды ауыстыратын адамдардың болуы,
олардың тұратын жері туралы мәліметтер.
     6. Профилактикалық жұмыс жүргізу материалдары.
     7. Денсаулық жағдайы туралы анықтама.
     8. Арматуралық тізімдер.
     9. Өзге де құжаттар.

                                        Кәмелетке толмағандарды
                                       уақытша оқшаулау, бейімдеу
                                          және оңалту орталығы
                                        туралы Ережеге 6-қосымша

              Жеткізілген кәмелетке толмағандарды
                       Есепке алу журналы

___________________________________________________________________
 (кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту
                       орталығының атауы)
___________________________________________________________________

     200__ жылғы "___" _______ басталды.

     200__ жылғы "___" _______ аяқталды.

     Журналдың бағандары:
     Реттік нөмірі.
     КТУОБОО-ға жеткізілген күні мен уақыты.
     Жеткізілгеннің тегі, аты, әкесінің аты.
     Туған жылы, айы, күні.
     Ата-анасы немесе оларды ауыстыратын адамдар туралы мәліметтер.
     Тұрғылықты жері, телефоны (қажет болған жағдайда жасөспірім
     тәрбиеленген балалар мекемесінің атауы көрсетіледі).
     Кім жеткізді (толық деректер).
     КТУОБОО-ға орналастырудың негізі.
     КТУОБОО-дан кеткен күні.
     Жасөспірім кімге және қайда жіберілді.
     Берудің негіздері.
     Кәмелетке толмағанды берген лауазымды адамның тегі.
     Кәмелетке толмағанды қабылдап алған адамның тегі, аты,
     әкесінің аты, қолы.
     Журнал нөмірленеді, тігіледі және КТУОБОО бастығының қолымен
     және мөрімен бекітіледі.

                                        Кәмелетке толмағандарды
                                       уақытша оқшаулау, бейімдеу
                                          және оңалту орталығы
                                        туралы Ережеге 7-қосымша

        N ___ Есепке алу - статистикалық карточкасы

1. Тегі ___________________________________________________________

2. Аты ____________________________________________________________

3. Әкесінің аты ___________________________________________________

4. Туған күні, айы, жылы және туған жері __________________________

5. Тұратын жері ___________________________________________________

6. Білімі _________________________________________________________
                         (оқу орны, сынып, топ)

7. Ата-анасы туралы мәліметтер ____________________________________
                                     (тегі, аты, әкесінің аты,
___________________________________________________________________
          туған күні, айы, жылы, тұратын жері, жұмысы)

8. Орналастыру негізі (керегін сызу керек): қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын жасқа жеткенге дейін қоғамға қауіпті әрекет жасаған,
қылмыс жасағандығы айыпталған, ерекше режимде ұстайтын арнаулы
білім беру ұйымдарына жіберілген, қадағалаусыз және панасыз қалған,
ата-анасының немесе оларды ауыстыратын адамдардың қамқорлығынсыз
қалған.

9. Ішкі істер органдарында есепте тұрды ма: иә, жоқ _______________

10. Қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма: иә, жоқ ________________

11. Ерекше белгілері ______________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

    Есепке алу-статистикалық карточкасының келесі жағы

Келген күні

Кеткен күні

Кімге және
қашан берді

Есепке алу
ісінің нөмірі