1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін анықтау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 310-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3355

Жаңартылған

     "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін анықтау ережесі бекітілсін.
     2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап өз күшіне енеді.

     Министр

Қазақстан Республикасы      
Еңбек және халықты әлеуметтік  
қорғау Министрінің        
2004 жылғы 21 желтоқсандағы   
N 310-ө бұйрығымен бекітілген

1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың
жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналары жүзеге  асырылған табысқа сәйкестігін анықтау
ЕРЕЖЕСІ

     Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - Орталық) төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын, 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыс мөлшерінің жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін анықтаудың тәртібін белгілейді.
 

     1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын, 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыс мөлшерін анықтау кезінде "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару жүзеге асырылған табыстың барлық түрлері қабылданады.
 

     2. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) берген есептелген, ұстап қалған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары көрсетілген 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап, кез келген қатарынан үш жылғы табыс туралы анықтама, немесе жеке кәсіпкерлердің, адвокаттар мен жекеменшік нотариустардың салық органы растаған табысы туралы анықтама өтініш иесінің табысын растайтын құжат болып табылады.
 

     3. Ұстап қалған және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының, өтініш иесінің зейнетақы төлемдерін тағайындату үшін ұсынылған табысына сәйкестігі міндетті зейнетақы жарналары салымшысының (бұдан әрі - салымшы) транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесімен расталуы тиіс.
     Ол үшін, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш қажетті барлық құжаттарымен қоса келіп түскеннен кейін Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшелерінің қызметкерлері Орталықтың республикалық орталықтандырылған деректер базасынан салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесін алуға өтінімді қалыптастырады (1-қосымша).
 

     4. Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшелерінің қызметкерлері табыс туралы анықтамада, салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесінде көрсетілген сомалардың сәйкестігін тексереді (2-қосымша).
 

     5. Табыс туралы анықтамада, салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесінде көрсетілген сомалар толық сәйкес болған кезде, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын орташа айлық табыстың мөлшері Заңның 14-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалады.
     Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшесі бастығының қолы қойылған табыс туралы анықтама мен салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесі зейнетақы төлемдерін алушының іс-қағазы макетіне тігіледі, ол зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
 

     6. Табыс туралы анықтамада, салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары сәйкес келмеген немесе толығымен сәйкес келмеген жағдайда, Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшелері анықталған айырмашылықтарды агенттен нақтылау үшін, мөртаңбамен расталған және Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшесі бастығының қолы қойылған салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесін зейнетақы төлемдерін тағайындатуға өтініш берген адамға береді.
 

     7. Агент өтініш иесіне айырмашылықтар анықталған айлар бойынша міндетті зейнетақы жарналары аударылғаны туралы анықтама-растама береді (3-қосымша). Анықтама-растамада өтініш берген адамның тегі, аты, әкесінің аты мен туған күнінен басқа, агент банктің белгісі бар төлем тапсырмаларының көшірмелерін қоса, салымшыға 10% міндетті зейнетақы жарналарын аудару жүзеге асырылған төлем тапсырмасының деректемелерін (банктің атауын, банктің БЖК, агент шотының нөмірін, төлем тапсырмасының нөмірін, күнін, жалпы сомасы мен жарналар сомасын) көрсетуі тиіс.
 

     8. Айлар бойынша анықталған айырмашылықтар нақтыланғанға дейін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын орташа айлық табыс, айырмашылық анықталған айлардағы табыс сомасын алып тастай отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару жүзеге асырылған айлардағы табыс пен салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесімен расталған сомалардан анықталады.
     Бұл орайда, Заңның 14-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыс істеген 3 жылғы зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын табыс, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған жалпы табыс сомасын отыз алтыға бөлу жолымен айқындалады.
 

     9. 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жүзеге асырылмаған табыс зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданбайды.
 

     10. Өтініш беруші міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару толық жүргізілмеуімен байланысты табысы туралы қосымша құжаттар ұсынған жағдайда, тағайындалған зейнетақы төлемдерін қайта есептеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 819 қаулысымен бекiтiлген Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесінің 28-тармағына сәйкес жүргізіледі.
     Бұл ретте, қосымша ұсынылған құжаттар бойынша ескерілетін орташа айлық табыс кезеңі, бастапқы ұсынылған, зейнетақы төлемінің мөлшері есептелген кезеңге сәйкес болуы тиіс.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 11.07.2007 N 153-ө бұйрығымен.

                                     Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                        Министрінің 2004 жылғы
                                       21 желтоқсандағы N 310-ө
                                         бұйрығымен бекітілген
                                     1998 жылғы 1 қаңтардан бергі
                                     кезеңдегі табыстың жинақтаушы
                                      зейнетақы қорларына міндетті
                                       зейнетақы жарналары жүзеге
                                     асырылған табысқа сәйкестігін
                                      анықтау ережесіне 1-қосымша

                                     Берілген күні ______________

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.09.10 № 312-ө (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

                          ЗТМО ОДБ-нан
               салымшының транзиттік шотынан
           айналымдардың үзінді көшірмесін алуға
                     ӨТІНІМ-ҚАЖЕТТІЛІК

     ________ бастап ____________ қоса алынған кезең бойынша

ЗТМО бөлімшесі ____________________________________________________
Салымшы
     ____________________________________________________________
Тегі |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |    |
     ____________________________________________________________
Аты  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |    |
             ____________________________________________________
Әкесінің аты |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  | |
           _______________________
Туған күні |  |  |  |  |  |  |  |   |
            күні  айы    жылы

Мекенжайы _________________________________________________________

Құжат түрі: Жеке куәлік
       __________________________
Нөмірі |  |  |  |  |  |  |  |  |   |    берілді ____________________

Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) № _____________________

     Бөлімнің бастығы

                                     Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                        Министрінің 2004 жылғы
                                       21 желтоқсандағы N 310-ө
                                         бұйрығымен бекітілген
                                     1998 жылғы 1 қаңтардан бергі
                                     кезеңдегі табыстың жинақтаушы
                                      зейнетақы қорларына міндетті
                                       зейнетақы жарналары жүзеге
                                     асырылған табысқа сәйкестігін
                                      анықтау ережесіне 2-қосымша

                                     Берілген күні ______________

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.09.10 № 312-ө (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

       Салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың
                        ҮЗІНДІ КӨШІРМЕСІ

Салымшы
     ____________________________________________________________
Тегі |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |    |
     ____________________________________________________________
Аты  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |    |
             ____________________________________________________
Әкесінің аты |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  | |
           _______________________
Туған күні |  |  |  |  |  |  |  |   |
            күні  айы    жылы

Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) № _____________________

     ________ бастап ________________ қоса алынған кезең бойынша

Құжат
күні

Төлем
тапсыр. N

КНП

Жіберуші

ЖіберушініңБСН

Зейнетақы
қоры

Жарналар
сомасы











































     М.О. ЗТМО
     Бас директоры

                                     Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                        Министрінің 2004 жылғы
                                       21 желтоқсандағы N 310-ө
                                         бұйрығымен бекітілген
                                     1998 жылғы 1 қаңтардан бергі
                                     кезеңдегі табыстың жинақтаушы
                                      зейнетақы қорларына міндетті
                                       зейнетақы жарналары жүзеге
                                     асырылған табысқа сәйкестігін
                                      анықтау ережесіне 3-қосымша

                                     Берілген күні ______________

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.09.10 № 312-ө (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы
     АНЫҚТАМА-РАСТАМА
                       

Салымшы
     ____________________________________________________________
Тегі |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |    |
     ____________________________________________________________
Аты  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |    |
             ____________________________________________________
Әкесінің аты |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  | |
           _______________________
Туған күні |  |  |  |  |  |  |  |   |
            күні  айы    жылы

Құжат түрі: Жеке куәлік
       __________________________
Нөмірі | |  |  |  |  |  |  |  |   |    ____________________ берілді

Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) № _____________________
Ұйымның атауы _____________________________________________________
                      ___________________________________
Төлеуші ұйымның БСН |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |   |

Төлеуші - ұйымның орналасқан жері _________________________________      ________ бастап ________________ қоса алынған кезең бойынша

Құжат
күні

Төлемтапсыр.
N

Банк БИК-і

Банктің
атауы

Зейне-
тақы
қоры

Шот
нөмірі

Төлем тапсыр.
сомасы

Жарналар
сомасы

















































     М.О. Кәсіпорын басшысы

     Бас бухгалтер