"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
13-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін анықтау ережесі бекітілсін.
2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап өз күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрінің
2004 жылғы 21 желтоқсандағы
N 310-ө бұйрығымен бекітілген
1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың
жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін анықтау
ЕРЕЖЕСІ
1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын, 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыс мөлшерін анықтау кезінде "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245
қаулысына
сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару жүзеге асырылған табыстың барлық түрлері қабылданады.
2. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) берген есептелген, ұстап қалған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары көрсетілген 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап, кез келген қатарынан үш жылғы табыс туралы анықтама, немесе жеке кәсіпкерлердің, адвокаттар мен жекеменшік нотариустардың салық органы растаған табысы туралы анықтама өтініш иесінің табысын растайтын құжат болып табылады.
3. Ұстап қалған және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының, өтініш иесінің зейнетақы төлемдерін тағайындату үшін ұсынылған табысына сәйкестігі міндетті зейнетақы жарналары салымшысының (бұдан әрі - салымшы) транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесімен расталуы тиіс.
Ол үшін, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш қажетті барлық құжаттарымен қоса келіп түскеннен кейін Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшелерінің қызметкерлері Орталықтың республикалық орталықтандырылған деректер базасынан салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесін алуға өтінімді қалыптастырады (1-қосымша).
4. Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшелерінің қызметкерлері табыс туралы анықтамада, салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесінде көрсетілген сомалардың сәйкестігін тексереді (2-қосымша).
5. Табыс туралы анықтамада, салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесінде көрсетілген сомалар толық сәйкес болған кезде, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын орташа айлық табыстың мөлшері Заңның
14-бабы
2-тармағына сәйкес айқындалады.
Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшесі бастығының қолы қойылған табыс туралы анықтама мен салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесі зейнетақы төлемдерін алушының іс-қағазы макетіне тігіледі, ол зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
6. Табыс туралы анықтамада, салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары сәйкес келмеген немесе толығымен сәйкес келмеген жағдайда, Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшелері анықталған айырмашылықтарды агенттен нақтылау үшін, мөртаңбамен расталған және Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшесі бастығының қолы қойылған салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесін зейнетақы төлемдерін тағайындатуға өтініш берген адамға береді.
7. Агент өтініш иесіне айырмашылықтар анықталған айлар бойынша міндетті зейнетақы жарналары аударылғаны туралы анықтама-растама береді (3-қосымша). Анықтама-растамада өтініш берген адамның тегі, аты, әкесінің аты мен туған күнінен басқа, агент банктің белгісі бар төлем тапсырмаларының көшірмелерін қоса, салымшыға 10% міндетті зейнетақы жарналарын аудару жүзеге асырылған төлем тапсырмасының деректемелерін (банктің атауын, банктің БЖК, агент шотының нөмірін, төлем тапсырмасының нөмірін, күнін, жалпы сомасы мен жарналар сомасын) көрсетуі тиіс.
8. Айлар бойынша анықталған айырмашылықтар нақтыланғанға дейін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын орташа айлық табыс, айырмашылық анықталған айлардағы табыс сомасын алып тастай отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару жүзеге асырылған айлардағы табыс пен салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың үзінді көшірмесімен расталған сомалардан анықталады.
Бұл орайда, Заңның
14-бабы
2-тармағына сәйкес жұмыс істеген 3 жылғы зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын табыс, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған жалпы табыс сомасын отыз алтыға бөлу жолымен айқындалады.
9. 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жүзеге асырылмаған табыс зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданбайды.
10. Өтініш беруші міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару толық жүргізілмеуімен байланысты табысы туралы қосымша құжаттар ұсынған жағдайда, тағайындалған зейнетақы төлемдерін қайта есептеу "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындаудың және жүзеге асырудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1701
қаулысының
22-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Бұл ретте, қосымша ұсынылған құжаттар бойынша ескерілетін орташа айлық табыс кезеңі, бастапқы ұсынылған, зейнетақы төлемінің мөлшері есептелген кезеңге сәйкес болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
Министрінің 2004 жылғы
21 желтоқсандағы N 310-ө
бұйрығымен бекітілген
1998 жылғы 1 қаңтардан бергі
кезеңдегі табыстың жинақтаушы
зейнетақы қорларына міндетті
зейнетақы жарналары жүзеге
асырылған табысқа сәйкестігін
анықтау ережесіне 1-қосымша
Берілген күні ______________
ЗТМО ОДБ-нан
салымшының транзиттік шотынан
айналымдардың үзінді көшірмесін алуға
ӨТІНІМ-ҚАЖЕТТІЛІК
________ бастап ____________ қоса алынған кезең бойынша
ЗТМО бөлімшесі ____________________________________________________
Салымшы
____________________________________________________________
Тегі |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | |
|
____________________________________________________________
Аты |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | |
|
____________________________________________________
Әкесінің аты |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
|
_______________________
Туған күні |
| | | | | | |
|
күні айы жылы
Мекенжайы _________________________________________________________
Құжат түрі: Жеке куәлік
__________________________
Нөмірі |
| | | | | | | |
| берілді ____________________
Әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) N
___________________________________
|
| | | | | | | | | | |
|
ӘЖК тағайындау жөніндегі
бөлімнің бастығы
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
Министрінің 2004 жылғы
21 желтоқсандағы N 310-ө
бұйрығымен бекітілген
1998 жылғы 1 қаңтардан бергі
кезеңдегі табыстың жинақтаушы
зейнетақы қорларына міндетті
зейнетақы жарналары жүзеге
асырылған табысқа сәйкестігін
анықтау ережесіне 2-қосымша
Берілген күні ______________
Салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың
ҮЗІНДІ КӨШІРМЕСІ
Салымшы
____________________________________________________________
Тегі |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | |
|
____________________________________________________________
Аты |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | |
|
____________________________________________________
Әкесінің аты |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
|
_______________________
Туған күні |
| | | | | | |
|
күні айы жылы
Әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) N
___________________________________
|
| | | | | | | | | | |
|
________ бастап ________________ қоса алынған кезең бойынша
Құжат
|
Төлем
|
КНП |
Жіберуші |
Жіберушінің
|
Зейнетақы
|
Жарналар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М.О. ЗТМО
Бас директоры
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
Министрінің 2004 жылғы
21 желтоқсандағы N 310-ө
бұйрығымен бекітілген
1998 жылғы 1 қаңтардан бергі
кезеңдегі табыстың жинақтаушы
зейнетақы қорларына міндетті
зейнетақы жарналары жүзеге
асырылған табысқа сәйкестігін
анықтау ережесіне 3-қосымша
Берілген күні ______________
Міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы
АНЫҚТАМА-РАСТАМА
Салымшы
____________________________________________________________
Тегі |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | |
|
____________________________________________________________
Аты |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | |
|
____________________________________________________
Әкесінің аты |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
|
_______________________
Туған күні |
| | | | | | |
|
күні айы жылы
Құжат түрі: Жеке куәлік
__________________________
Нөмірі |
| | | | | | | |
| ____________________ берілді
Әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) N
___________________________________
|
| | | | | | | | | | |
|
Ұйымның атауы _____________________________________________________
___________________________________
Төлеуші - ұйымның СТН |
| | | | | | | | | | |
|
Төлеуші - ұйымның орналасқан жері _________________________________ ________ бастап ________________ қоса алынған кезең бойынша
Құжат
|
Төлем
|
Банк
|
Банктің
|
Зейне-
|
Шот
|
Төлем
|
Жарналар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М.О. Кәсіпорын басшысы
Бас бухгалтер