"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтық тұрғындарды тарту жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары және түрлері туралы" ереже (1-қосымша);
2) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға арналған омырау белгісінің "полицияның қоғамдық көмекшісі" эталоны және куәліктің үлгісі (2-қосымша) бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалалары Ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы ішкі істер бас басқармаларының, ішкі істер басқармаларының, Көліктегі ішкі істер басқармаларының және арнайы полиция бөлімшелерінің бастықтары:
1) әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметкерлерінен сынақтар қабылдай отырып, ішкі істер органдары жеке құрамының осы Ережені әскери және қызметтік даярлық жүйесінде зерделеуін ұйымдастырсын;
2) жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға белгіленген үлгідегі куәліктердің және омырау белгілерінің қажетті санын дайындау жөніндегі мәселені шешсін және олардың есепке алынуы мен пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3) учаскелік полиция пункттерінің базасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды құқықтық даярлауды ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер бірінші вице-министрі полиция генерал-лейтенанты И.И.Оттоға және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне (Ғ.А.Алпысбаев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2004 жылғы 27 қарашадағы
N 641 бұйрығымен
бекітілген
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі
іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі,
нысандары және түрлері туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары және түрлері туралы мәселелерін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың және қоғамдық құрылымдардың қатысуына байланысты туындайтын қатынастарды құқықтық реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне негізделеді және оны "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (әрі қарай - Заң) және өзге де нормативтік құқықтық актілері жүзеге асырады.
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың ішкі істер органдарына ерікті түрде жәрдемдесуі арқылы жүзеге асырылады.
3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өз қызметін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптері негізінде жүзеге асырады.
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың
қатысу нысандары мен түрлері
4. Азаматтар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге өзінің қатысу құқығын мынадай:
1) жеке;
2) ұжымдық нысандарда іске асыра алады.
5. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың жеке қатысуы олардың ішкі істер органдарына:
1) дайындалып жатқаны, жасалып жатқаны немесе жасалған құқық бұзушылықтардың өздеріне мәлім болған фактілері туралы, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы хабарлауда;
2) учаскелік полиция инспекторларының және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшелердің профилактикалық есебіне алынуы тиіс адамдарды анықтауға, олармен ішкі істер органының аталған қызметтері қызметкерлерінің тікелей қатысуымен жеке профилактикалық жұмысты жүргізуге;
3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалуын ескертуге;
4) жол қозғалысы ережесін насихаттауға;
5) құқықтық білімдерді насихаттауға;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының халқын тіркеу және құжаттандыру ережесін бекіту туралы" халықты тіркеу және профилактикалық бұзудың ережесі;
7) құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді, сондай-ақ құрамында есірткісі бар жабайы өсімдіктерді заңсыз өсіру мен жинау фактілерін анықтауға;
8) спирттік ішімдіктерді ішуге, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды пайдалануға, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды, сондай-ақ осындай мақсаттарға арналған жарамды ықтимал үй-жайларды анықтауға жәрдемдесу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өзара келісуі бойынша және аумақтық ішкі істер органын хабардар ете отырып, тұрақты мекен-жайы, жұмыс және оқу орны немесе өзінің меншігі орналасқан жерде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ұжымдаса отырып қатысуы мүмкін.
Қоғамдық бірлестіктің атауын азаматтар өз еркімен анықтайды.
7. Ереженің 5-тармағында көрсетілген көмек көрсету түрлерімен қатар, азаматтар ұжымдаса отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы мүмкін:
1) көшелерде, алаңдарда, вокзалдарда, көлік магистральдарында және басқа да қоғамдық орындарда, сондай-ақ әртүрлі спорттық, мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын өткізген кезде тікелей ішкі істер органдары қызметкерлерінің басшылығымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге;
2) қайғылы оқиғалардан, жол-көлік оқиғаларынан және құқық бұзушылықтардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз күйде жатқан адамдарға шұғыл көмек көрсетуге;
3) дүлей зілзала және басқа да төтенше оқиғалар кезінде адамдарды, мүлікті құтқаруға және қоғамдық тәртіпті сақтауға;
4) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға;
5) мал жайылымдары мен басқа да мал жаятын және тұратын орындарды күзетуге;
6) астық өнімдерін және басқа ауылшаруашылық дақылдарын ұрлаудың алдын алуға және жолын кесуге;
7) жатақханалар мен оқу-өндірістік шеберханаларды қоса алғанда оқу орындарының аумақтарында қоғамдық тәртіпті сақтауға;
8) көп қабатты үйлердің кіреберістерін және оған іргелес аумақтарды күзетуге - консьерждер институты қатыса алады.
8. Ереженің 5 және 7-тармақтарында көрсетілген іс-шаралардың алдында, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтармен учаскелік полиция пункттерінің базасында әкімшілік полиция қызметкерлері жүзеге асыратын құқықтық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, оған:
1) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
2) криминогендік жағдайдың жай-күйі және іздестірудегі адамдар туралы хабарлау;
3) есепте тұрған адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізудің тәртібі мен ережелері туралы нұсқама;
4) қажетті қорғану құқығын түсіндіру, құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың жолын кесу, құқық бұзушыны ұстау және оны ішкі істер органдарына жеткізу үшін қажетті шаралардың тәртібі мен шегі, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік заңнаманың өзге де нормалары;
5) төтенше оқиғалардың, қайғылы оқиғалардың салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз күйде жатқан азаматтарға көмек көрсетудің тәртібі мен ережесі туралы нұсқама;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының халқын тіркеу және құжаттандыру ережесін бекіту туралы" халықты тіркеу және профилактикалық бұзудың ережесінің құқықтық дайындығын оқыту;
7) жол қозғалысы ережесін бұзу мен құқық бұзушылықтардың алдын алу кіреді.
9. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтармен құқықтық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды және жүргізуді бақылау ауданның, қаланың, облыстың, ішкі істер органдарының профилактикалық қызметке жетекшілік ететін басшыларына жүктеледі.
10. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы ішкі істер органдары мен азаматтардың қызметін үйлестіруді жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік профилактика кеңестерінің және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссиялардың отырысында өзара іс-қимыл жасасу нәтижелерін қарауға ұсыну жолымен жүзеге асырады.
3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды тіркеу тәртібі
11. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға ниет білдірген азамат ішкі істер органына өтініш береді, оған Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің не паспортының көшірмесін қоса береді. Азамат көрсетілген құжаттарға өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлігінің көшірмесін қоса беруге құқылы. Азаматтың өтінішінде ол қатысуға ниет білдірген қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласы және тиісті әкімшілік полиция бөлімшесінің атауы көрсетіледі.
12. Ішкі істер органы өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде азаматты наркологиялық, психоневрологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексереді, одан кейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті қолдаухат беріп, оған ұсынылған құжаттардың көшірмелерін қоса тіркейді, не қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша түрде бас тартады. Тексеру іс-шараларын уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету және жинақталған материалдарды жергілікті атқарушы органға жіберу жауапкершілігі өтінішті қарауға қабылдаған ішкі істер органының басшысына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азамат ниет білдірген әкімшілік полиция бөлімшесіне жүктеледі.
13. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы келіп түскен қолдаухатты жеті жұмыс күні ішінде қарайды, азаматты тіркеуді жүргізеді және оны қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есебіне алады, бұл туралы ішкі істер органын жазбаша түрде хабардар етеді.
14. Азаматтың тіркелгені туралы ақпаратты алғаннан кейін әкімшілік полиция бөлімшесі оған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есепке алу істерін тіркейтін журналында ескерілетін есепке алу ісін (1-қосымша), қоғамдық бірлестікке - қоғамдық бірлестіктерді қадағалау істерін тіркейтін журналында ескерілетін қадағалау ісін ашады (2-қосымша), одан кейін қызметтің нақты салалары бойынша оларды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға тарту туралы тиісті жұмысты ұйымдастырады.
Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерді жалпы есепке алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы олардың қызметін үйлестіруді қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелері жүргізеді.
15. Кәмелетке толмаған азаматтардың және өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, сондай-ақ наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын не соттың шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуына жол берілмейді.
16. Өтінішті қабылдамай тастау бас тартуға негіз болған себептер жойылған жағдайда өтініш берушінің қайта өтініш жасауына кедергі болмайды.
17. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтың қатысуын тоқтатуға негіз болатын жағдайлар мыналар:
1) азаматтың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге одан әрі қатысуға ниетінің жоқтығы туралы өтініші;
2) қылмыстық жауапқа тартылуы;
3) бірнеше рет (бір жыл ішінде екі және одан да көп рет) қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуі;
5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуын болдырмайтын мән-жайлардың туындауы (психикасының бұзылуы, маскүнемдікпен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыру немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 наурыздағы N 468 қаулысымен бекітілген "Қоршаған ортадағы әлеуметтік жағдайдағы аурулар және қатысты басқа аурулардың тізбесін бекіту туралы, айналасындағы адамдар үшін қауіп төндіретін ауру", не өлім).
18. Ереженің 17-тармағында аталған мән-жайлар туындаған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы тиісті ішкі істер органының ұсынымы бойынша бұл азаматты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар есебінен шығарады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтың қатысуын тоқтату туралы материалдарды дайындауды ол есепте тұрған әкімшілік полиция бөлімшесі қамтамасыз етеді.
4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтардың рәмізі және ерекше белгілері
19. Жергілікті атқарушы органға тіркегеннен кейін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматқа тиісті аумақтық ішкі істер органының басшылығы белгіленген үлгідегі куәлік және ерекше омырау белгі береді. Куәлікке аумақтық ішкі істер органының бастығы қол қояды.
20. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды есепке алуды, тіркеуді және куәліктер мен омырау белгілерін беруді қалалық, аудандық ішкі істер органының қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелері жүзеге асырады (3-қосымша).
21. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өздерімен бірге куәлігі мен ерекше омырау белгісін алып жүруге және азаматтар талап еткенде көрсетуге міндетті.
22. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматқа осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі кезекшілік кезеңінде учаскелік полиция пунктінде ішкі істер органдарының қызметкері жеңге тағатын белгіні береді.
5. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтардың құқықтары мен міндеттері
23. Заңның 7-бабына сәйкес:
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың:
1) бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларда ішкі істер органдарына жәрдемдесуге;
2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;
3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер аталған мақсаттарға өзге тәсілдермен қол жеткізу мүмкін болмаса, дене күшін және басқа құралдарды қолдануға құқығы бар. Бұл орайда ол үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмеуге тиіс. Әйелдерге, мүгедектік белгілері айқын адамдарға, жасы белгілі немесе анық көрініп тұрған кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, дене күшін және басқа құралдарды қолдануға тыйым салынады;
4) заңдарда көзделген жағдайларда қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға және құқық қорғау немесе өзге мемлекеттік билік органдарына алып келуге құқығы бар. Қажет болған жағдайда, ұсталған адамда қару немесе өзге де қауіпті заттар не қылмыстық іс үшін мәнді нәрселер бар деп ұйғаруға негіз болған кезде, ұсталған адамның киімін тексеруге және аталған органдарға тапсыру үшін оларды алып қоюға;
5) құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, жол-көлік оқиғаларынан, дүлей зілзалалардан және өзге төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға медициналық және өзге де көмек көрсетуге қатысуға;
6) құқық бұзушылық, маскүнемдік, нашақорлық және уытқұмарлық профилактикасы жөнінде түсіндіру және құқықтық жұмысты жүзеге асыруға;
7) азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етуге құқығы бар.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар:
1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
2) ішкі істер органдарын қылмыс өздеріне мәлім болған дайындалып жатқан не жасалған фактілері туралы дереу хабардар етуге;
3) заңдарда көзделген жағдайларда азаматтардың талабы бойынша өзінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуының заңдылығын растайтын куәлігін көрсетуге;
4) қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған азаматтарға мәжбүрлеу шараларын оларға қолданудың негіздерін түсіндіруге;
5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысуы алдында құқықтық дайындықтан өтуге міндетті.
24. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға олардың құқық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіру жауапкершілігі осы мәселе бойынша көмек көрсетуге азаматтар ниет білдірген әкімшілік полиция бөлімшелеріне жүктеледі.
6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеу шаралары
25. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды есепке алу істерін жүргізетін әкімшілік полиция бөлімшелері ай сайын жұмыс қорытындысын шығарады, талдау анықтамасын ресімдеп, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көтермелеу шараларын қолдану мақсатқа сай екендігі туралы дәлелденген ұсынысты ішкі істер органдарының басшылығына ұсынады.
26. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйлықақы беру;
4) жергілікті өкілді және атқарушы органдар өз құзыреті шегінде айқындайтын өзге де шаралар.
27. Қорытындыланған талдау анықтамалары әкімшілік полиция бөлімшелерінің өкілдері мен көтермелеуге ұсынылған азаматтар шақырыла отырып, қалалық, аудандық ішкі істер органы басшылығының кеңесінде қаралады. Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органға қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда, жолын кесуде және ашуда, қылмыстарды жасаған адамдарды іздестіру мен ұстауда белсенді түрде көмек көрсеткені жөнінде ұсынымхат әзірлеу туралы шешім шығарылады.
Ұсынымхатта азаматты көтермелеуге ұсынудың негізі көрсетіледі. Оған ішкі істер органының бастығы куәландырған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтардың жұмыс нәтижелерін есепке алу табелі қоса беріледі (4-қосымша).
28. Жергілікті атқару органдарында тіркелмеген азаматтар да, егер олар қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, ашуға немесе оларды жасаған адамдарды ұстауға септігін тигізсе, көтермелеуге ұсынылады.
29. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін ішкі істер органдарының ұсынымы бойынша тиісті жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылатын комиссия қарайды.
Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алуда, жолын кесуде немесе ашуда, оларды жасаған адамдарды ұстауда белсенді көмек көрсеткен азаматтар аудандық, қалалық, облыстық ішкі істер органы бастығының құқығымен көтермеленуі мүмкін.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
ету жөніндегі іс-шараларға
азаматтарды тартудың тәртібі,
нысандары және түрлері туралы
ережеге 1 қосымша
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтардың есепке алу істерін тіркеу журналы
N_____
__________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
200__ ж. "___" __________ басталды
200__ ж. "___" __________ аяқталды
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есепке
алу істерін тіркеу журналының ішкі мазмұны
Бірінші бөлім
N |
Тегі, аты, |
Мекен- |
Жұмыс |
білімі |
Есепке |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Екінші бөлім
куә- |
куәлікті |
шығару |
куәлікті |
есеп ісін |
ескертпе |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
ету жөніндегі іс-шараларға
азаматтарды тартудың тәртібі,
нысандары және түрлері туралы
ережеге 2 қосымша
Қоғамдық өзінше қызмет көрсету бірлестіктерін
қадағалау істерін тіркеу журналы
N _____
__________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
200__ ж. "___" __________ басталды
200__ ж. "___" __________ аяқталды
Қоғамдық өзінше қызмет көрсету бірлестіктерін тіркеу журналының
ішкі мазмұны
N |
Қоғамдық |
Ме- |
Бас- |
Әкім- |
Мүше- |
Қыз- |
Жою |
Есеп- |
ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
ету жөніндегі іс-шараларға
азаматтарды тартудың тәртібі,
нысандары және түрлері туралы
ережеге 3 қосымша
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан
азаматтарға куәліктер мен омырау белгілерін беру
және есепке алу журналы
N _____
__________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
200__ ж. "___" __________ басталды
200__ ж. "___" __________ аяқталды
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға куәліктер
мен омырау белгілерін беру және есепке алу журналының ішкі мазмұны.
Бірінші бөлім
N |
Тегі, аты, |
ме- |
жұмыс |
омы- |
омырау |
омы- |
омы- |
омы- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Екінші бөлім
N |
Қоғамдық |
куәліктің |
куәлікті |
куәлікті |
куәлікті |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
ету жөніндегі іс-шараларға
азаматтарды тартудың тәртібі,
нысандары және түрлері туралы
ережеге 4 қосымша
20 __ жылғы ____________ айындағы
ай
Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтардың
жұмыс нәтижелерін есепке алу табелі
N |
Тегі, аты, |
Қоғамдық |
Қоғамдық |
Жұмыс нәтижелері |
|||
Құқық |
Қыл- |
Іздес- |
Құқық |
||||
кестенің жалғасы
Көтермелеу |
Ескертпе |
|
Көтермелеу |
Көтермелеудің |
|
2 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2004 жылғы 27 қарашадағы
N 641 бұйрығымен
бекітілген
Полицияның қоғамдық көмекшісінің омырау белгісі
эталонының және куәліктің үлгісінің сипаттамасы
1. "ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІ" омырау белгісі
1. Омырау белгінің сипаттамасы.
"ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІ" омырау белгісі (1-қосымша) диаметрі 80 миллиметрлі сегіз жұлдызды дөңгелек пішінді.
Белгінің жиегінің ені 5 мм. сары түсті жолақпен, жолақтың ішкі жиегіі қызыл түспен көмкерілген.
Белгінің жоғарғы бөлігіндегі көгілдір түстің аясында мемлекеттік тілде жазылған "ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІ" деген жазу орналасады.
Әрбір сөз көлденеңі жеке орналасады, ал биіктігі бойынша тиісінше - 10 мм. Жазулардың арасындағы қашықтық 1 мм.
Төмендегі рамканың ұзындығы 30,8 мм., биіктігі 14 мм.
Бекітілген кестеге және бес таңбалы реттік нөмеріне сәйкес, облыстың коды латын әріптерімен жазылған рамкада аббревиатура орналасады. Аббревиатураның барлық бөлшектерінің әріптері биіктігі 7 мм. қызыл түсте орындалған. Рамканың түсі ашық сары.
Белгі көк, алтын және қызыл түсті органикалық бояғыштармен боялған және анодталған алюминий қорытпасынан дайындалған.
Белгінің келесі бетінде киімге бекіту үшін, тағатын екі тиекті түйреуіш болады.
2. Сыртқы түріне қойылатын талаптар.
Заттың үстіңгі бетінде эмальданбайтын бетінде эмаль жарықтары, қаяулар, қабыршақтар, жапырылулар, сызаттар, пішінінің өзгерулерге, дақтар, іздер болмау керек.
Үсті лакпен боялған тегіс, жылтыр, сынбаған болу керек, оның жиегіне және тасасына сызат, саңылау, қосу, шор болмау керек.
Заттың артқы (көрінбейтін) бетінде байқалмайтын уақ тесіктерге, жапырылуларға, қара дақтарға, жолақтарға және түсін өзгертулерге жол беріледі.
Анодталған қабатының сапасы 9.301-86 МСТ-ға сәйкес келуі керек.
Үстіңгі боялған анодталған қабатының түсі - алтын түстен қоңыр сарыға дейін болады.
2. "ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІНІҢ" куәлігі
3. Куәліктің (2-қосымша) ашылғандағы жалпы ұзындығы 21 сантиметр және ені 7 сантиметр болады.
Куәліктің мұқабасы көк түсті винилтеріден дайындалады.
Куәліктің ішкі сол жақ бетінде ортасы көлдеңенінен бірінің астына бірі жазылған әріптердің биіктігі 6 мм "ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІ" деген сөздер орналасады.
Куәліктің ішкі бөлігі көлемі жағынан екі бірдей қосымша беттен тұрады, әрқайсысының биіктігі 6,3 сантиметр, ұзындығы 9,5 сантиметр. Қосымша типографиялық тәсілмен дайындалады. Қосымша беттің негізі ашық көгілдір түсті.
4. Куәліктің сол бөлігіне жапсырылған қосымша беттің сол жағында:
қосымша беттің жоғарғы бөлігінің ортасында - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, қалалық, аудандық, ішкі істер органдарының, мемлекеттік тілдегі атауы, әріптердің биіктігі 3 мм құрайды;
жазудың астында қосымша беттің бір шетінен келесі шетіне дейін шектеу сызығы орналасады;
сол жақ қосымша беттің сол жағында қосымша беттің сол жақ шетінен тереңдігі 3,5 см типографиялық тәсілмен жасалған полицияның қоғамдық көмекшісінің эмблемасы орналасады;
эмблеманың астында - "Кеуде белгісінің N ____ " деген жазу;
эмблеманың жоғарғы оң жағында қосымша беттің ортасына жақын "N __________ КУӘЛІК" деген жазу орналасады;
төменгі жағында қоғамдық көмекшінің тегі, аты және әкесінің атын жазу үшін екі жол орналасады, соңғы жолдың астына "полицияның қоғамдық көмекшісі" деген жазу орналасады;
төменде жоғарғы және төменгі жағында "дейін жарамды" және "действительно до" деген жазулар бар;
қосымша беттің төменгі бөлігіне жақын ортасында алшақтықпен "ҚАІІБ бастығы" деген жолдар болады;
жолдың оң жақ бөлігінің астында арасы 5 мм алшақтықпен "(қолы) (тегі)" деген сөздер орналасады.
5. Куәліктің оң бөлігіне жапсырылатын қосымша бетте:
қосымша беттің жоғарғы бөлігінің ортасына - облыстың Астана және Алматы қалаларының қалалық, аудандық, ішкі істер органдарының атауы орыс тілінде, әріптердің биіктігі 3 мм;
қосымша беттің бір шетінен келесі шетіне дейінгі жазудың астында - шектеу сызығы;
қосымша беттің оң жағында - ортасында "фото 3 х 4" деген жазу орналасқан өлшемі белгіленген рамкалы 3 х 4 фотосуретке орын;
фотосуретке арналған рамканың оң жағында жоғарғы оң шетінің деңгейінде, қосымша беттің ортасына жақын "КУӘЛІК - УДОСТОВЕРЕНИЕ N ________" деген жазу орналасады;
полицияның қоғамдық көмекшісінің тегін, атын және әкесінің атын жазу үшін төменде екі жол орналасады, соңғы тармақтың астына "полицияның қоғамдық көмекшісі - общественный помощник полиции" деген жазу жазылады;
фотосуретке арналған рамканың төменгі оң жағының шеті деңгейінен төмен "М.О. - М.П." деген жазу орналасады;
жазу астында "Қоғамдық өзінше қызмет көрсету бірлестігі /Объединение общественной самодеятельности" деген жазу жазылған жол болады;
қосымша беттің төменгі бөлігіндегі сол жақ шетінде "бастық - начальник" деген жазу орналасқан жол болады.
Жолдың астына "ҚАІІБ - ГОРОВД", "қолы - подпись", тегі - фамилия" деген жазулар жазылады.
Куәліктің қосымша беті компьютермен терілген түзу жазылған қара түсті біркелкі шрифтермен лазерлік принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қосымша беттер қолмен, анық және түсінікті жазумен, қара түсті сиямен толтырылады.
Куәліктің қосымша бетіне облыстың, Астана және Алматы қалаларының қалалық, аудандық, ішкі істер органдарының бастығы қол қояды.
Қол қойылған соң фотосуреттік карточканың оң жақ төменгі бұрышына қалалық, аудандық ішкі істер органының елтаңбалы мөр бедері қойылады.
"Полицияның қоғамдық
көмекшісі" омырау белгісі
эталонының сипаттамасы,
полицияның қоғамдық
көмекшісі куәлігінің
үлгісіне 1-қосымша
"ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІ" белігісінің эталоны
(суретін қағаз мәтінінен қараңыз)
"Полицияның қоғамдық
көмекшісі" омырау белгісі
эталонының сипаттамасы,
полицияның қоғамдық
көмекшісі куәлігінің
үлгісіне 2-қосымша
ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІНІҢ
КУӘЛІГІ
(суретін қағаз мәтінінен қараңыз)