Әлеуметтік салдары бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп туғызатын аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 наурыз N 468 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 2018 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Мемлекеттік қабылдау комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1006  қаулысына   мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік органдарының қоса беріліп отырған тізбесіне сәйкес объектілерді пайдалануға қабылдап алу актісін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бекітуіне ұсынсын.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары