"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
және "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 22 қазандағы N 319-p
өкiмiн
орындау үшiн
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм алушыларды ағымдық бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзу жөнiндегi Ереже бекiтiлсiн.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi (Қ.Құрманалиев) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп табылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
Министрдің
міндетін орындаушы
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2004 жылғы 20 қарашадағы
N 953 бұйрығымен бекітілген
Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін
ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік
аттестаттаудан өткізудің
ЕРЕЖЕСІ
1. Негізгі ережелер
1. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау мен аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібін анықтайды.
2. Үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттау білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.
3. Үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттау жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта, кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында өткізіледі.
4. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - ол оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес, ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелеп тексеру.
Пәндерді оқыту кезінде білім алушылардың білімін тексеретін ағымдағы бақылаудың әр түрлілігі қарастырылуы мүмкін:
1) ауызша сауалнама - материалды зерделеп болғаннан кейін пәндердің бір немесе бірнеше тақырыптары (бөлімдері) бойынша сұрақ жауап және оқиғаны талқылау түрінде өткізілетін бақылау;
2) жазбаша бақылау - курстың жекелеген бөлімдері бойынша қойылған мәселелермен жұмысты ұсынатын, тапсырмаларды шешетін, оқиғаны сараптайтын, практикалық тапсырмаларды орындайтын бақылау;
3) аралас сауалнама - бір немесе бірнеше тақырыптар бойынша ауызша және жазбаша нысанда білім бағасын бір уақытта пайдалануды көздейтін бақылау;
4) үй тапсырмаларын қорғау - олардың орындалу дұрыстығын тексеру, өткен материалдарды жинақтап қорыту және оны көпшілікке ұсыну, курстың тақырыптары арасындағы логикалық байланысын бағамдауды тексеру мақсатында жеке немесе топ бойынша үй тапсырмаларын орындау бойынша білімді бақылау;
5) пікірсайыс, тренингтер, дөңгелек үстелдер - проблемалық сипаттағы өзіндік ойлай білу, шешім қабылдай білу іскерлігін жария етуге мүмкіндік беретін мәселелерді топтармен талқылау;
6) тестілер - білім алушылардың оқу дәрежесін әділ және сапалы бағалауға белгіленген нысандағы (ашық, жабық, аралас) тапсырмалардың жиынтығы;
7) курстық жоспарлау, курстық жұмыстың орындалуы практикалық тапсырмаларды шешу есебінен теориялық материалдарды сапалы игеру мақсатында мамандықтардың типтік және/немесе оқыту жұмыс жоспарларына сәйкес қарастырылып, академиялық мерзім ішінде орындалады. Курстық жобаны (курстық жұмысты) қорғамаған білім алушы тиісті пән бойынша өтетін аралық аттестаттауға жіберілмейді. Ал, тек бір пән бойынша курстық жоба (жұмыс) қорғалмаған білім алушының басқа пәндер бойынша өткізілетін алғашқы емтиханға қатысуға мүмкіншілігі бар.
Үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттауды өткізу мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) ауызша;
2) жазбаша;
3) ұлттық бірыңғай тестілеу;
4) кешенді тестілеу;
5) тексерулер.
5. Білім алушыларды аралық аттестаттау - мазмұнды игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім: оқытылғаннан кейін бір оқу пәнінің бөлімін немесе жалпы көлемін.
6. Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау - білім деңгейіне сәйкес олардың жалпыға міндетті білім беру стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім және оның қорытындысы білім деңгейі (сатысы) және (немесе) біліктілігі жөнінде мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжат беріледі.
7. 1-4 сыныптардағы үлгерімді ағымдағы бақылаудың негізгі міндетті "білу үшін оқу керек" деген оң уәждемені қалыптастыру. Бастауыш сынып оқушыларын iс-әрекетiнде ойын басты әдiс болып табылады.
8. 1-сыныпта екiншi жарты жылдыққа дейiн баға сандық мәндегi баға қойылмайды. Танымдық әрекетiн көтермелеу үшiн түрлi түстi диагностика, жалаулар, медальдар, техникалық символдар (ұшақ, машина, велосипед) қолданылады.
9. 1-4 сыныптарда мазмұндық бағалау жүйесi қарастырылады:
бастауыш сынып оқушыларының оқу мiндетiн түсiну және қабылдау;
оларды шешу жоспарын құру;
оны шешу процесiне бақылау жасау;
этолонға сәйкес нәтиженi бағалау;
бiлiмдi, iскерлiктi, дағдыны, одан әрі әдiс қалыптастыру процесiнде мiндеттердi қоя бiлу.
Бастауыш сынып оқушыларының жұмыстарын бағалау мынадай мезеттердi бөлiп көрсетудi ұсынады:
Тапсырма алу - (баланың назары, тапсырманы түсiну, түсiндiру) жұмыстың бастапқы мезетi - мәселенi қоя бiлу - (бастама, белсендi қатынастардың болмауы, жұмысқа iшкi талпыныстың қажеттiлiгi;
жұмыс iстеу қабiлетi - (жұмысқа алдын ала жалпы бағдар, оның жетiстiгiнiң мақсаты мен принципiн түсiну, өзiн-өзi бақылау және қатесiн мойындау;
нәтижеге деген қарым-қатынасын тексеру, қиындықты жеңе бiлудегi табандылық, өте жақсы нәтижелердiң жетiстiктерiн бiлуге талпыну.
10. 1-4 сынып оқушыларын сапалы дайындау үшiн тұлғалық қабiлеттерiн барынша есепке алуға, әрбiр оқушының даму мүмкiндiгiнiң жылдамдығын дамытуға мiндеттейдi, бағдарламаларды бағыттайды, даму ерекшелiктерiн есепке ала отырып, оқушылардың дайындық сатысында бiлiм беру жүйесiнiң мониторингiн ұйымдастыруды құру мен оқу тәрбие үрдiсiндегi басты мiндеттердiң орындалу ретiн бақылайтын бақылау-талдаудың айқын жүйесiн қарастыра отырып;
- бақылау бағдарламасының барабарлығы;
- диагностикалы аспаптарды таңдаудың нақтылығы;
- бақылау ырғақтылығы хронометражы;
әрбiр оқушының қарқынын бiрiздiлiкпен бақылау.
Мониторинг жүйесi оқушының жеке тұлғалық сапасын барынша есепке алуға жәрдемдеседi және оқудың әрбiр сатысында бiлiмдi және iскерлiктi, дағдыны түзетуге бағытталған.
11. 4-сыныпта белгiленген тәртiппен бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiткен мемлекеттiк аралық (Бұдан әрi - МАБ) жүзеге асырылады.
12. 5-9 сыныптардағы аралық бақылау айына бiр рет мұғалiмнiң қалауы бойынша өткiзiледi. Аралық бақылау тақырып, тарау бойынша бiлiмдi меңгерудi тексеру, қиын тақырыптардағы жiберiлген олқылықтарды анықтау мақсатында жүзеге асады. Аралық бақылауға сандық бақылау қойылмауы да мүмкiн.
13. Аралық бақылау кезінде мұғалім мен оқушы тең құқықты серіктестіктер. Мұғалім білімді іскерлікті және дағдыны меңгеру деңгейіне сызба бойынша қойылатын талаптар:
тірек түсініктері;
тақырып зерделеу кезінде қалыптастырылатын жалпы оқыту және арнайы іскерліктер мен дағдылар;
орындауға қажетті практикалық, тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстар;
тақырып, оқушылардың зерттеу тақырыптары бойынша проблемалық сұрақтар.
Оқушы тақырып бойынша білімді есепке алудың жеке парағында тақырып бойынша өзінің жетістіктерін тіркейді.
Оқушыларды әрбір тақырыптан кейін өз-өзін бағалаудың мына мезеттерін бақылау қажет:
- оқу материалдарын игерудегі жалпы жетістіктер;
- білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру деңгейі;
- оның шығармашылық қызметінің бағасы;
- оқылатын материалдарға тұлғалық қатынасты таныту дәрежесі;
- сыныптастармен және оқытушыларымен ұжымда жұмыс істей білуі;
- оқушылардың оқу еңбегіндегі нәтижелерін арттыру дәрежесі.
5-8 сыныптардағы аралық аттестаттау 4 баллдық шкала бойынша сандық баға қоятын тәуелсіз комиссиямен жылына бір рет өткізіледі.
- 2 балл - негізгі түсініктер меңгермеген;
- 3 балл - тақырып бойынша негізгі түсініктерді меңгермеген;
- 4 балл - оқу тапсырмасын өз бетінше немесе мұғалімнің көмегі арқылы шешу, практикада оқу пәндерінің заңдарын пайдалану, жаттығулар мен практика жұмыстарын орындау;
- 5 балл - білім шығармашылық деңгейде ауыстырылады, бұл үшін ғылыми-тәжірибе жүргізіледі, түрлі зерттеу жұмыстары құрылады.
5-9 сыныптардағы ағымдағы бақылау мен аралық аттестаттау ашық түрде болуы керек, егер оның қорытындысы қанағаттандырмаса, оқушыға қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.
9-сыныпты бітіргеннен кейін мемлекеттік аралық бақылау өткізіледі.
14. 10-11 сыныптарда ағымдағы бақылау мен аралық аттестаттауды өткізудің мақсаты - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын орындау.
16. Сандық баға нормадан тыс әр пән бойынша шығарылады:
- 24-30 сұрақтың 80-100 пайызын дұрыс орындаса, "5" деген баға қойылады;
- 15-23 сұрақтың 50-80 пайызын дұрыс орындаса, "4" деген баға қойылады;
- 6-14 сұрақтың 20-50 пайызын дұрыс орындаса, "4" деген деген баға қойылады;
- 1-5 сұрақтың 1-20 пайызын дұрыс орындаса, "2" деген баға қойылады.
17. Жоғары сынып оқушыларының өз бетінше болуына және өз-өзіне баға қоя білуін ынталандыру зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ететін, кешенді тестілеуден басқа ағымдағы бақылаудың басқа да түрлерін қолдану қажет. Осыған сәйкес бағалау рейтинг жүйесі бойынша жүргізіледі.
Бағалаудың рейтинг әдісі немесе педагогикалық өлшем әдісі сарапшылардың талқыламасына негізделген. Оқушылар рейтингісін белгіленген тақырып бойынша белгіленген мерзімде орындау жұмыс түрлеріне қарай балл жинау арқылы алуға болады. Бағалау кезеңінің соңында жиналған барлық баллдар жиынтықталады да сол арқылы оқушылардың рейтингісі алынады.
18. Рейтингінің оң жақтары:
- оқушының бағасы оқушы мен оқытушының арасындағы өзара байланысына тәуелді емес;
- білмегендігі үшін жазаланбайды, тек білім алу жолындағы ілгерішілдік ынталандырылады;
- ұсынылатын қызмет түрлерінің бағасы алдын ала белгіленгендіктен өз қызметінің стратегиясын оқушы өзі таңдайды.
Рейтингілеу бағасы сандық 3 баллдық жүйеге ауыстырылады:
"5" - 80-100 пайыз орындалғанға;
"4" - 50-80 пайыз орындалғанға;
"3" - 30-50 пайыз орындалғанға.
19. 10-11-сыныптарда ағымдағы бақылау мен аралық мемлекеттік аттестаттау өткізу кезінде педагогтарда жаңа дидактикалық құралдарды жасау, технологиялық карта құру жөніндегі білімі мұғалімнің конструктивтік-талдамалық іскерлігі қалыптасқанын жоғары деңгейлі технологиялық мәдениет қалыптасуы керек.
2. Кәсіптік бастауыш және орта білім беру
ұйымдарындағы үлгерімін ағымдағы бақылау мен
аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
20. Ағымдағы бақылау мен аралық мемлекеттік аттестаттауды өткізудің тізбесі мен нысаны білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының басында белгіленеді және оқушылардың назарына жеткізіледі.
21. Емтиханға барлық практикалық, зертханалық, есептеу-кестелік және курстық (жоба) жұмыстарын, сынақтарды толық орындаған және ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз бағасы жоқ оқушылар ғана жіберіледі.
Егер 1-2 пән бойынша қанағаттанарлықсыз бағасы бар оқушылар, білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен емтиханға жіберіледі, ал екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы бар оқушыларды емтиханға жіберу мәселесін педагогикалық кеңес (бұдан әрі - педкеңес) шешеді.
22. Оқыту пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде Емтихан материалдары жасалады және онда теориялық білімді, практикалық іскерлігі мен дағдысын тексеру көлемі көрсетіледі.
23. Әрбір семестр аяқталғаннан соң оқытушылар барлық оқылған пәндер бойынша, бұл пәндердің оқылған пәндер бойынша, бұл пәндердің емтиханға шығарылу шығарылмауына қарамастан, ағымдағы білім есебінің негізінде білім алушыларға қорытынды бағалар қойылады. Емтихан бағасы соңғы баға болып есептеледі.
24. Білім алушыларды келесі курсқа көшіру кезінде емтиханға шығарылмаған пәндер бойынша емтиханға шығарылмаған семестрлік қорытынды баға емтихандық бағаға теңестіріледі.
25. Емтиханға даярлық кезінде емтихан материалдары бойынша консультацияға бөлінген уақыттың жалпы бюджеті есебінен консультациялар өткізіледі.
26. Емтихан басталғанға дейін:
- емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары;
- емтихан кезінде қолдануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтамалық сипаттағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;
- оқу және технологиялық карталар;
- спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;
- емтихан ведомосі.
27. Емтихан арнайы дайындалған үй-жайларда өткізіледі. Оқушыларға билет бойынша тапсырманы орындауға 1/2 академиялық сағат бөлінген.
29. Ауызша емтихан өткізу кезінде әрбір (1/3) оқушыға кем дегенде академиялық сағаттың үштен бір бөлігі, ал жазбаша емтихан кезінде оқыту тобына кем дегенде үш академиялық сағат көзделеді.
30. Тыңдауға, оқу жұмысын қарауға, спорттық көрсетулеріне байланысты арнайы пән бойынша өткізілетін емтиханды тиісті пәндік комиссияның оқытушылары қабылдайды. Оны өткізуге нақты уақыт көзделген, әрбір оқушыға кем дегенде бір академиялық сағат көзделген.
31. Емтиханға білім беру ұйымдары басшыларының рұқсатынсыз бөтен адамдардың қатысуына тыйым салынған.
32. Жазбаша емтихан (тест тапсырмасы) емтихан жұмысы білім беру ұйымдарының мөрі басылған қағазда орындалады.
33. Жазбаша емтихандар (тестілеу нысанындағы) біруақытта барлық топтың құрамымен өткізіледі. Жазбаша емтиханды өткізуге кем дегенде:
а) әдебиет бойынша (шығарма) топқа 4 академиялық сағат;
ә) математика және арнайы пән бойынша топқа 3 академиялық сағат;
б) мемлекеттік және орыс тілдері бойынша топқа (мазмұндама) 2 академиялық сағат;
в) 1 академиялық сағат (диктант);
г) бір тест тапсырмасын орындау үшін 1 немесе 2 минут уақыт беру көзделеді.
34. Компьютерлік тестілеу кезінде басылымға шығатын автоматтандырылған өңдеуді көздейтін бағдарламалар пайдаланылады.
35. Емтиханға себепті жағдаймен келмеген оқушыға білім беру ұйымының басшысы емтиханды тапсыру мерзімін белгілейді.
36. Аралық аттестаттаудың қорытындысы бойынша кем дегенде үш қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы педагогикалық кеңестің шешімі бойынша білім беру ұйымынан шығарылады.
37. Барлық емтихандар аяқталған соң, жеке пәндерден қанағаттанарлықсыз баға алған оқушылар емтиханды қайта тапсыруға жіберіледі. Ал қайта тапсырған кезде оқушы тағы да сол пәннен қанағаттанарлықсыз деген баға алатын болса, онда білім беру ұйымының басшысы тағайындаған комиссиямен емтиханды қайта тапсыра алады.
38. Білім алушыларды келесі курсқа көшіру, аяқталғаннан емтиханды қайта тапсыруды аяқтағаннан аралық аттестаттау біткеннен кейін 10 күн мерзімінен кешіктірмей, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
39. Ағымдағы семестрдің пәндері бойынша зертханалық, практикалық және курстық жұмыстарды орындаған үлгерімі жақсы білім алушылары білім беру ұйымдарының басшылары ағымдағы оқу сабақтарынан босатусыз емтихандарды мерзімінен бұрын тапсыруға рұқсат беруі мүмкін.
40. Аталған пән бойынша курстық жобаларды орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді қамтамасыз ететін курс жобаларын теориялық бөлімі немесе пәннің тарауы аяқталған соң орындалады.
41. Сынақ, пән бойынша бірнеше семестрлер бойында оқитын және оқуға басқа пәндермен салыстырғанда оқу уақытының аз көлемі шегертілген оқу жұмыс жоспарына сәйкес қарастырылуы мүмкін.
42. Сынақтарды тапсыру нәтижесі "сынақ",«"сынақ емес" белгілерімен бағаланады. Сынақтар білім беру ұйымының кеңесімен және факультетімен белгіленген тізбе бойынша курстық жоба (жұмысы), кәсіптік практика, сондай-ақ арнайы оқу пәндері бойынша("үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық", "қанағаттанарлықсыз") бағалары арқылы тапсырылады.
43. Сынақ пен бақылау жұмысын өз бетінше орындауын қамтамасыз ету үшін пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемінің есебінен өткізіледі.
44. Оқушылардың өзіндік бақылау жұмысы оқу тобында бірнеше нұсқа (кем дегенде 4 нұсқа) немесе жеке тапсырмалар бойынша жүзеге асырылады.
3. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың
үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық
аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
46. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау білім беру ұйымдарының оқу жұмыс жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес мемлекеттік міндетті білім беру стандарты негізінде әзірленген.
47. Барлық пәндер немесе оның бөлігі бойынша алынатын емтихандар білім алушының курс (семестр) бойындағы жұмысын, алған теориялық білімін және оны қабылдау беріктілігін, шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын, дербес жұмыс істеу дағдыларын игеруін, алған білімін жинақтап және оны практикалық міндеттерді шешуге қолдана білуін бағалау мақсатын көздейді.
48. Сынақтар, білім алушылардың зертханалық және есептік-кестелік тапсырмалары мен курстық жобаларды (жұмыстарды) табысты орындауын, практикалық және семинарлық сабақтардың оқу материалдарын қабылдауларын тексерудің түрі, сондай-ақ оқу және кәсіби практикалардан өтуі мен бекітілген бағдарламаларға сәйкес барлық оқу тапсырмаларын орындауын тексерудің нысаны ретінде қолданылады.
49. Жоғары оқу орындары (Бұдан әрі - ЖОО) өз бетінше анықтайтын, білім алушылардың білім жетістіктерін тексеру үшін бақылау мен аттестаттаудың әр түрлі нысандары қарастырылған.
50. Кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және курстық емтихан мен сынақтар нысанындағы оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
52. Жоғары оқу орындарында білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі сынақтық-емтихандық сессия болып аталады. Осыған сәйкес сынақтар емтиханға дейін тапсырылады.
53. Сынақтық-емтихандық сессияның кезеңі мен ұзақтығы жоғары оқу орнының ғылыми кеңесі бекіткен мамандықтардың оқу жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес белгіленеді. Қысқы және жазғы сынақтық-емтихандық сессияларды айқындайды. Осыған сәйкес жазғы сынақтық-емтихандық комиссия, сондықтан білім алушыларды курстан курсқа көшіру туралы жоғарғы көшіру сессиясы сессия болып табылады.
54. Семинарлық және практикалық сабақтарға белсенді қатысып, жақсы білімін көрсеткен білім алушының оқу пәні бойынша сынақтан сұралмай өтуге құқығы бар.
55. Сынақтарды тапсыру нәтижелері "сынақ", "сынақтан өткен жоқ" белгілерімен бағаланады. Дифференциалды түрде бағаланатын ("өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық", "қанағаттанарлықсыз") сынақтары курстық жобалар (жұмыстар), кәсіби практика, сондай-ақ тізбесі білім беру ұйымының немесе факультеттің кеңесімен белгіленетін бейіндік оқу пәндері бойынша тапсырылады.
56. Білім алушылар оқу жоспарына, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы (филиалдардағы, факультеттердегі) оқыту нысандарына арналған бекітілген бірыңғай бағдарламаларға сәйкес барлық емтихандар мен сынақтарды тапсыруы керек.
57. Білім алушылардың факультативтік пәндер, практикум мен семинарлар бойынша да емтихандар мен сынақтар тапсыруларына болады, және олардың қалауы бойынша тапсыру нәтижелері ведомосқа, сынақ кітапшасына және сынақ ведомосіне көшірмеге (дипломның қосымшасы) енгізіледі.
58. Оқу жоспарында қарастырылған барлық сынақтарды тапсыру, есептік-кестелік тапсырмалармен белгіленген тапсырамаларды, курстық және басқа да жобаларды (жұмыстарды) орындау және тапсыру кезінде аталған семестрдің оқу пәндері бойынша оқытудың күндізгі нысанындағы, сондай-ақ кешкі бөлімдердің (факультеттердің, филиалдардың) білім алушылары емтихандық сессияға жіберіледі.
Сырттай немесе қашықтықтан оқыту нысанының білім алушылары өткен курстар үшін академиялық берешектері жоқ болса, емтихандық сессияға қатысуға жіберіледі. Осыған сәйкес бақылау жұмыстары орындалуы және сынақ алуы керек, ал курстық жұмыстар емтихан басталғанға дейін қорғалуы керек.
Білім алушылар емтихандық сессияға бір оқу пәнінен сынақ алмаған жағдайда, білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен екінші емтихан басталғанға дейін жіберіледі.
59. Білім алушыларды емтихандық сессияға жіберу олардың тегі, аты, әкесінің аты және академиялық тобы көрсетілген бөлімше басшысының өкімімен ресімделеді. Осыған сәйкес, білім алушылардың сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді»деген мөр және бөлімше басшысының қолы қойылады.
60. Емтихандар кестесін құрастыру бөлімше басшысына жүктеледі. Осыған сәйкес емтихандар кестесін әрбір оқу пәні бойынша емтиханға дайындалуға үш күннен кем емес уақыт бөлінуін есептей отыра құрастырылады.
61. Барлық оқыту нысандары үшін емтихандар кестесін оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді және емтихандық сессия басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізіледі.
62. Пән бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде емтиханды (қорытынды бақылауда) алған баллдары, бірінші және екінші рейтингті өткізудің нәтижесі бойынша семестр бойындағы ағымдағы үлгерімнің орташа баллы ескеріледі. Пән бойынша ағымдағы және қорытынды бақылаудың қорытынды бағасындағы салмақтық үлесін жоғары оқу орны өз бетінше анықталады.
63. Емтихандар оқу жұмыс жоспарында көзделген емтихандық сессия кезеңінде тапсырылады. Бөлімше басшысы (сырқаттылығы, отбасы жағдайы, өзге де объективті себептер бойынша) білім алушыларға емтихан сессиясын жеке тапсыруға рұқсат етіледі.
Оқытудың сырттай нысаны бойынша емтихан сессиясы, оқу жылындағы олардың кезеңдері мен саны әрбір курста жоғары оқу орны кеңесімен белгіленеді.
64. Білім алушының емтиханға келгенде өзімен бірге емтихандық сессияға жіберілгендігі туралы мөр басылған сынақ кітапшасы болуы керек.
65. Емтихандар, жазбаша, ауызша және тест нысанында жүргізіледі. Жоғары оқу орны немесе құрылымдық бөлімшелердің кеңесімен әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің нысандары мен тәртібі алдын-ала белгіленеді.
66. Білім алушылар емтихан кезінде пәннің оқу бағдарламаларын және емтихан алушының рұқсатымен анықтама әдебиетті пайдалана алады.
67. Емтиханда білім алушылардың үлгерімі мынадай бағалармен анықталады: "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлықсыз". Білім алушылардың білім сапасын бағалаудың рейтингтік жүйесі кезінде сынақтар мен емтихандар жалпы белгіленген бақылау жүйесі бойынша қойылады. Оң баға оқу пәні бойынша ведомосқа және білім алушының сынақ кітапшасына қойылады. Жақсы баға оқу пәні бойынша емтихан ведомосіне және білім алушының сынақ кітапшасына жазылады. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға тек қана емтихан ведомосіне қойылады.
68. Егер білім алушы емтиханға келмесе, емтихан ведомосіне оның тегінің тұсына "келген жоқ" деген белгі қойылады.
69. Пән (сынақ немесе емтихан) бойынша қорытынды бақылау нысанын академиялық кезең бойы аталған пән бойынша оқу сабақтарын өткізген оқытушы, не болмаса құрылымдық бөлімше басшысының тапсырмасы бойынша аталған пән бойынша тиісті бейіндік біліктілігі бар оқытушы жүзеге асырады.
70. Емтихандар мен сынақтарға құрылымдық бөлімше басшысының рұқсатынсыз бөтен адамдардың қатысуына болмайды.
71. Қорытынды бақылау нысаны бойынша бағалау қорытындысымен келіспеген білім алушы аппеляциялық комиссияға шағымдануға құқығы бар.
72. Оқу процесін жақсарту жөніндегі ұсыныстар мен емтихандар мен сынақтардың қорытындысы емтихандық сессия аяқталған соң кафедра мәжілісі, бөлім басшылары және білім беру ұйымы кеңесінің талқысына шығарылады.
73. Сырттай оқу нысанының білім алушылары емтихандық сессияны табысты аяқтаған жағдайда, алдағы сессияға қатысу үшін белгіленген үлгідегі анықтама-шақыру қағазын алуларына құқығы бар.
Анықтама-шақыру қағаздарын беру және студенттердің емтихандық сессияға келуі қатаң есепке алынады.
74. Берілген курстың оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, барлық сынақтар мен емтихандарды ойдағыдай тапсырған, белгіленген өту деңгейі болып жинаған білім алушылар жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.
77. Қайта оқу курсына қалдырылған білім алушынының бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын аяқтауға және жаңа жекеше оқу жоспарын белгіленген тәртіппен құруға құқығы бар.
78. Академиялық берешегі бар білім алушылар курстан курсқа көшірілген кезде тиісті пәнді ақылы түрде қайта оқулары қажет.
79. Курста қайта қалдырылған мемлекеттік білім беру гранты мен кредитінің иегерлері оқуларын ақылы негізінде жалғастыра алады.
80. Білім алушы "қанағаттанарлықсыз" деген бағаны оң бағаға түзеу мақсатымен емтиханды қайта тапсыру үшін аталған пән бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес лекциялар тыңдауы және басқа да сабақтарға қатысуы тиіс, содан соң қорытынды бақылау нысанына рұқсат алады.
82. Науқастығына немесе басқа да себепті жағдайларға байланысты жалпыға ортақ белгіленген мерзімде сынақтар мен емтихандарын тапсыра алмаған білім алушыларға бөлімше басшылары оларды тапсырудың жеке мерзімін белгілейді.
83. Лицу, отчисленному из организации образования, выдается справка установленного образца.
3. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды
қорытынды мемлекеттік аттестаттауды
ұйымдастыру және өткізу
1. Жалпы білім беретін міндетті білім беру ұйымдарындағы
білім алушыларды қорытынды мемлекеттік атестаттауды
ұйымдастыру және өткізу
84. Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарының түсу емтихандарын біріктіретін жалпы білім беретін оқу орындарының жоғары сатысының білім алушылардың мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың бірден-бір нысаны ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) болып табылады.
85. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына немесе колледждеріне түскісі келетін 11(12) сынып бітірушілерін, ерекше үлгідегі аттестат және "Алтын белгі" белгісін алуға үміткерлерді, оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстарының, республикалық және халықаралық олимпиадаларының қатысушылары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шет елде оқыған жалпыға міндетті білім беретін оқу орындарын бітірушілерді қорытынды аттестаттау ҰБТ нысанында жүргізіледі. Бітірушілердің көрсетілген санаттары үшін ҰБТ-ны тапсыру міндетті.
86. ҰБТ-ға қатыспайтын, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің жоғары сатысын бітірушілерді мемлекеттік қорытынды аттестаттау тоқсандық, жылдық және емтихандық бағаларының негізінде өткізіледі.
87. Ағымдағы оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына немесе колледждеріне түскісі келетін осы бітірушілерге Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына немесе колледждеріне түсу емтихандарын кешенді тестілеу технологиясы бойынша өткізіледі.
88. Қорытынды аттестаттауға шығарылатын оқу пәндерінің тізбесі, және 9(10), 11(12) сынып оқушыларының бітіру емтихандарын өткізудің кестесі Министрлікпен белгіленеді.
89. Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттар талаптарынан кем меңгермеген 9(10), 11(12) сыныптарының оқушылары жіберіледі.
90. Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының қорытынды аттестаттауы тоқсандық, жылдық және емтихандық бағаларының негізінде жүзеге асырылады.
91. 1-2 пән бойынша жылдық қанағаттанарлықсыз бағасы бар 9(10) сынып оқушыларына педагогикалық кеңес қорытынды аттестаттау өткізілгенге дейін қосымша бақылау жұмыстарын (тест және жазбаша тапсырмалар нысанында) орындауға рұқсат етеді.
93. Оқушыларды денсаулығына байланысты еңбек және денешынықтыру сабақтарынан босату олардың келесі сыныптарға көшуіне және білім беру ұйымын бітіріп шығуына ықпал етпейді.
94. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз бағалар алған жағдайда 9(10), 11(12) сынып оқушыларының тиісті оқу пәндері бойынша қорытынды аттестаттауды қайта тапсыруларына рұқсат етіледі.
95. 9(10) сынып оқушылары мемлекеттік қорытынды қайта аттестаттау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз бағалар алған жағдайда келесі оқу жылына қалдырылады.
96. Мемлекеттік қорытынды қайта аттестаттау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз бағалар алған 11(12) сыныпты бітірушілерге 10(11) - 11(12) сыныптар үшін жылдық және қорытынды бағалары көрсетіле отырып, оқушының оқуды аяқтамастан орта мектеп курсынан өткендігін дәлелдейтін мемлекеттік үлгідегі анықтама беріледі.
97. Жалпы білім беретін мекемелердің оқушыларын қорытынды мемлекеттік аттестаттауы құрамы аталған мекеменің педагогикалық кеңесімен бекітілетін комиссиямен өткізіледі.
98. Біліктілік емтихандары жалпы білім беретін оқу орындарының және оқушылар қорытынды аттестаттау басталғанға дейін практикадан өткен кәсіпорындардың (ұйымдардың) басшылары келіскен мерзімдерде өткізіледі.
99. 1 пән бойынша қанағаттанарлықсыз бағасы бар 5-10(11) сыныптардың оқушылары осы пәндер бойынша қайта аттестаттауға жатады.
101. Жазғы тапсырмалар мен қайталау емтихандарының материалдары (жазбаша, ауызша, тестілеу нысанында) оқу орындары әзірленеді. Жазғы тапсырмаларды қанағаттанарлық жағдайда орындаған және қайталау емтихандарын тапсырған оқушылар педагогикалық кеңестік шешімімен келесі сыныпқа көшіріледі.
102. Ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысушылар ҰБТ тапсырудан босатылады.
103. Үздік аттестат немесе ерекше үлгідегі аттестат пен "Алтын белгі" белгісіне үміткер 11(12) сынып бітірушілері қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан босатылмайды.
104. Барлық пәндер бойынша үлгерімі жақсы оқушылар облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының (департаменттерінің) бұйрықтарымен, республикалық оқу орындарының оқушылары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен қорытынды аттестаттаудан мынадай жағдайларда:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулардың тізбесіне сәйкес денсаулығына байланысты;
2) бала кезінен мүгедектігі бойынша;
3) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларға баратын Қазақстан Республикасының командасына кандидаттардың жазғы жиындарына қатысуға байланысты босатылады.
105. 1) мектеп дәрігерінің (ауылдық жерде - аудандық педиатрдың) ұсынымы бойынша жасалған емхананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (ДКК) қорытындысы;
2) педагогикалық кеңестің шешімінен және мектептің қолдаухатынан көшірмелер;
3) үлгерім табелі.
2) және 3) тармақшаларда аталған құжаттар оқу мекемесі басшысының қолы қойылып, осы мекеменің мөрімен расталады.
106. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9(10) сынып бітірушісіне қатыспаған емтихандарын тапсыруға мүмкіндік беріледі. Осы сияқты оқушыларға міндетті емтихан жұмыстарының тақырыптары мен мәтіндерін облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары (департаменттері) дайындайды.
107. ҰБТ нысанында мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өтіп жатқан және тестіні тапсыру кезеңінде ауырып қалған 11(12) сынып мектеп бітірушісіне ДКК-дан тиісті анықтамасы болған жағдайда, білім саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен кешенді тестілеу (бұдан әрі - КТ) технологиясы бойынша колледждер мен жоғары оқу орындарына оқуға түсуге КТ жүргізу үшін белгіленген мерзімде мүмкіндік беріледі.
108. Әскерге шақырылуына байланысты оқу курсын аяқтап және мектеп бітіру емтихандарын тапсырмаған кешкі (ауысымды) оқу орындарында оқитындар әскери қызметі аяқталған соң, орта мектеп курсы үшін емтихандарды бір емтихан кезеңінде тапсырады.
109. Қандай да бір себеппен ҰБТ тапсырмаған оқушылар жылдық және емтихан бағаларының негізінде тек орта білім туралы аттестатты ғана алады.
110. 9(10) сынып оқушыларының мектеп бітіру емтихандарын өткізу тәртібі мен емтихандарды өткізу мерзімін білім беру ұйымы әкімшілігі«Қазақстан Республикасындағы оқу жылының аяқталуы және білім беру мектептері оқушыларының емтихандарын өткізу туралы Министрліктің бұйрығымен айқындалған мерзім шегінде белгілейді.
111. Оқушының жазбаша жұмысын немесе ауызша жауабын бағалауда емтихан қабылдайтын комиссия мүшелерінің арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда бұл мәселе міндетті түрде комиссия мүшелерінің өзгеше пікірлері хаттамасына жазыла отырып көпшілік дауыспен шешіледі.
112. Комиссия төрағасы оның көпшілік мүшелерінің шешімімен келіспеген жағдайда бұл мәселені аудандық (қалалық) білім беру бөлімі шешеді.
113. Оқушы жазба жұмысына қойылған бағаға келіспеген жағдайда емтихан бағасы жарияланғаннан кейін үш күн мерзім ішінде, республикалық оқу орындарының оқушылары үшін Министрліктің Орта білім департаментінің жанындағы аудандық (қалалық) бөлімдердің, облыстық басқармалардың (департаменттердің) жанында құрылған апелляциялық комиссияға жүгінуге құқығы бар.
114. 9(10), 11(12) сынып оқушыларын мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға мектеп бітірушілер шетелге оқуға не болмаса тұрақты тұруға кеткен жағдайда жол беріледі.
115. 11(12) сынып оқушылары кеткен жағдайда олар емтихан нысанындағы аттестаттаудан өтіп орта білім туралы аттестат алады, бірақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледждеріне оқуға түсуге құқық беретін сертификатты алмайды.
116. Мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттау мектеп бітірушілерге мемлекеттік аттестаттау басталмай тұрып 2 ай бұрын жүргізіледі.
2. Кәсіптік бастауыш және орта білім беруге
мемлекеттік қорытынды аттестаттауды
ұйымдастыру және өткізу
117. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамын кәсіптік мектеп пен колледж басшысының ұсынымы бойынша оның құрылтайшысы жыл сайын, мемлекеттік қорытынды аттестаттау басталмай тұрып, кем дегенде үш ай бұрын бекітеді.
118. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамы:
төрағасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісіліп тиісті өндіріс саласының жоғары білікті мамандары арасынан тағайындалады.
119. Комиссия мүшелері:
оқу мекемесінің басшысы (мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі бірнеше комиссияның бір мезгілдегі жұмысы кезінде төрағаның орынбасары);
арнайы пәндердің оқытушылары, өндіріске баулу шеберлері;
еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі жөніндегі қадағалау органдарының өкілі, өндіріс учаскелерінің шеберлері;
мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның хатшысы (мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия мүшелері арасынан директордың бұйрығымен тағайындалады) болып табылады.
120. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия:
білім алушылардың кәсіптік орта білім берудің белгіленген жалпыға бірдей міндетті стандарттарына теориялық және практикалық дайындық деңгейінің сәйкестігін;
білім алушыларды өндіріске баулу, жалпы техникалық және арнайы пәндер бойынша нақты білімдері, шеберліктері және практикалық машықтары деңгейлерін, кәсіптері (мамандықтары) бойынша қойылатын оқу бағдарламаларының және біліктілік сипаттамаларының талаптарына олардың сай екендігін анықтайды;
оларға тиісті біліктілік және куәліктер мен дипломдар (үздік немесе қарапайым бітіргендігі туралы) беру туралы шешім қабылдайды.
122. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия мемлекеттік қорытынды аттестаттау басталмай тұрып бір ай бұрын, осы аталған мерзімнен кешіктірілмей құрылады.
123. Құрамында кем дегенде 5 комиссия мүшесі бар мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия бір оқу жылына тағайындалады.
124. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау жұмысы комиссия жұмысы басталмай тұрып екі апта бұрын, осы аталған мерзімнен кешіктірілмей оқу мекемесінде жариялануға тиіс белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі.
125. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар:
мамандығы (кәсібі) бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты;
білім алушыларға қорытынды аттестаттауға рұқсат беру туралы кәсіптік мектеп (лицей), колледж басшысының бұйрығы;
емтихан тапсырып жатқан топтың қорытынды бағаларының жиынтық ведомостары;
оқу бағдарламасына сәйкес (егер қорытынды емтихан жүргізіліп жатса) қорытынды емтихандарда қойылатын қорытынды емтихан билеттерінің жинақтамасы мен сұрақтар тізбесі;
дипломдық жобалау жетекшілерінің жазбаша қорытындылары мен рецензиялары бар орындалған дипломдық жобалар;
қолданылған анықтамалық әдебиет тізбесі;
білім алушылардың сынақ кітапшалары;
мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамалар кітабы ұсынылады.
126. Дипломдық жобалау жұмысын қорғауы кезінде немесе мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлық баға алмаған білім алушыға мамандығы бойынша толық оқу курсын аяқтағандығы туралы белгіленген үлгіде анықтама беріледі.
127. Дипломдық жұмысын қорғауы қанағаттанарлық деп танылмаған жағдайда білім алушы комиссия анықтайтын осы жұмысын пысықтап қайтадан қорғауға ұсынуға болатындығын немесе жаңа тақырып әзірлеуге міндетті екендігін мемлекеттік аттестаттау комиссиясы белгілейді.
"Қанағаттанарлық"»баға алмаған адамдарға мемлекеттік қорытынды аттестаттауға немесе дипломдық жұмысын қайтадан қорғауға аталған мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезеңінде рұқсат берілмейді.
128. Қанағаттанарлық емес баға алғаннан кейін мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияға денсаулығы туралы ұсынған құжаттары қаралмайды.
129. Тиісті құжаттармен расталған, дәлелді себептері бойынша оқу жоспарында белгіленген мерзімде мемлекеттік қорытынды емтихандарды тапсырмаған білім алушыларға кәсіптік мектеп (лицей), колледж басшысының бұйрығы бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның жұмысы кезеңінде мемлекеттік емтиханды тапсыруларына рұқсат беріледі.
130. Мемлекеттік қорытынды аттестаттауды қайта тапсыру кезінде оң баға алған адамдарға белгіленген тәртіппен кәсіптік бастауыш және орта оқу мекемесін бітіргендігі туралы диплом немесе куәлік беріледі. Толық оқу курсын аяқтағандығы туралы анықтама мен академиялық анықтама білім алушының жеке ісінде қалады.
131. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның отырысы мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасы, оның мүшелері және хатшысы қол қойған тиісті хаттамамен ресімделеді. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау хаттамасы кәсіптік мектеп (лицей) пен колледждің мұрағатында сақталады.
132. Аттестаттау аяқталғаннан кейін мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасы екі апталық мерзімде аттестаттау қорытындылары туралы есеп береді.
133. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия төрағасының есебінде аталған мамандық (кәсіп) бойынша мамандардың дайындық деңгейі, қорытынды емтиханда білім алушылар білімдерінің сипаттамасы, жекелеген пәндер мәселелері бойынша білім алушыларды дайындаудағы кемшіліктер көрсетілуі тиіс. Есепте аталған бағыт бойынша білікті жұмысшы кадрлары мен орта буын мамандарын даярлау сапасына терең талдау қамтылуы қажет. Есепте, сондай-ақ кәсіптік бастауыш және орта оқу мекемелерінде білікті жұмысшы кадрлары мен мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар айтылады.
134. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары Педагогикалық кеңеске өткізілген мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың нәтижелері туралы баяндайды.
135. Мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі кәсіптік бастауыш және орта білімі туралы куәлік және (немесе) диплом беріледі.
3. Жоғары оқу орындарында білім алушыларға
мемлекеттік қорытынды аттестаттауды
ұйымдастыру және өткізу
136. Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға мемлекеттік қорытынды аттестаттау жоғары оқу орындарының оқу процесі кестесінде (академиялық күнтізбеде) және жұмыс оқу жоспарларында көзделген мерзімдерде өткізіледі.
137. Білім алушыларға жүргізілетін мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың ұзақтығы кем дегенде 4 апта мерзімге белгіленеді.
138. Білім алушыларға жүргізілетін мемлекеттік қорытынды аттестаттау бакалавриат, магистратура және жоғары арнайы білім мамандықтары үшін білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттарымен белгіленген нысандары бойынша өткізіледі.
139. Білім алушылар оқу жоспарына және барлық оқу нысандары үшін бірыңғай оқу бағдарламаларына қатаң сәйкес барлық мемлекеттік емтихандарын тапсырулары және диплом жұмыстарын (магистрлік диссертациясын) қорғаулары қажет.
140. Бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы дәлелді себептерге байланысты білім беру ұйымы басшысының келісімімен диплом жұмысының орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруға құқығы бар. Мұндай жағдайда мемлекеттік емтихандар тізбесі білім алушы оқып жатқан кафедраның шешімімен бекітіледі. Сонымен қатар білім алушы білім беру ұйымы басшысының атына өтініш жазады және тиісті медициналық анықтама ұсынады. Басқа жағдайларда диплом жұмысын қосымша мемлекеттік емтихандар тапсыру арқылы ауыстыруға жол берілмейді.
141. Мемлекеттік қорытынды аттестаттауға оқу жоспарының және оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқу процесін аяқтаған білім алушылар жіберіледі.
142. Оқу процесін аяқтағандығының негізгі өлшемі бакалавриат, магистратура және жоғары арнайы білім мамандықтары үшін білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттары талаптарына сәйкес білім алушылардың қажетті теориялық оқу курсының көлемін игергендігі болып табылады.
143. Мемлекеттік қорытынды аттестаттауға білім алушыларға рұқсат беру білім алушылардың тізімі бойынша бөлімше басшысының өкімімен ресімделеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясына ұсынылады.
144. Бөлімшелер басшыларына мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмыс кестесін жасау бойынша жауапкершілік жүктеледі.
145. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмыс кестесін ректор бекітеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы басталмай тұрып екі апта бұрын, осы аталған мерзімнен кешіктірмей баршаға жеткізіледі.
146. Білім алушыларға жүргізілетін мемлекеттік қорытынды аттестаттау басталмай тұрып мемлекеттік аттестаттау комиссиясына мынадай құжаттар:
1) білім алушылардың оқу жоспарын орындағандығы, барлық пәндер бойынша қандай бағалар алғандығы, олардың көлемі, тапсырған курстық жобалары (жұмыстары) мен практика түрлері туралы бөлімше басшысының анықтамасы;
2) "қорғауға рұқсат беріледі" немесе "қорғауға рұқсат берілмейді" деген дәлелді қорытындысы берілетін диплом жұмысындағы ғылыми жетекшісінің сын-пікірі;
қорғауға ұсынылған диплом жұмысының жан-жақты сипаттамасы және бағаларын ("өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" немесе "қанағаттанарлықсыз") көрсете отырып дәлелді қорытындысы және тиісті мамандығы бойынша біліктілік және академиялық "бакалавр" немесе "магистр" дәрежесін беру мүмкіндігі айтылатын тиісті практикалық кәсіби қызмет маманының, ғылыми ұйымның немесе білім беру ұйымының (ресми оппоненті) рецензиясы ұсынылады.
147. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына, сондай-ақ орындалған диплом жұмысының (магистрлік диссертациясының) ғылыми және практикалық құндылығын сипаттайтын басқа да материалдар, дипломдық жұмыс (магистрлік диссертациясы) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан ресми емес сын-пікірлер, жазбаша қорытындылар, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізуі туралы анықтамалар немесе актілер, макеттер, материалдардың, бұйымдардың, ауыл шаруашылық өнімдерінің, минералдар коллекциясының, гербарилердің және т.б. үлгілері.
148. Диплом жұмысын және магистрлік диссертацияны рецензиялауды олардың бөтен ұйымдарының сыртқы мамандары ғана жүзеге асырады.
149. Диплом жұмыстарының рецензенттері білім алушы оқып жатқан кафедра меңгерушісінің жұмыс орны және лауазымы көрсетілген ұсынымы бойынша жалпы тізім арқылы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
150. Магистрлік диссертацияның ресми оппоненттері жұмыс істейтін орнын, лауазымын, ғылыми дәрежесін, ғылыми атағын және қорғалып жатқан диссертация бейіні бойынша негізгі жарияланымдарын көрсете отырып, білім беру немесе ғылым ұйымының ғылыми кеңесі шешімінің негізінде әрбір магистрлік диссертация бойынша жеке-дара білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
151. Жоғары оқу орындарында білім алушыларға мемлекеттік қорытынды аттестаттау мемлекеттік емтихандар (іргелі бейінді пәндер немесе мамандықтар бойынша) тапсыру және/немесе дипломдық жұмысын (магистрлік диссертациясын) қорғау нысанында өткізіледі.
152. Мемлекеттік емтихандар (іргелі бейінді пәндер немесе мамандықтар бойынша) олардың оқу бағдарламаларының көлемінде мынадай нысандарда: ауызша, жазбаша, тестілеу (кешенді тестілеу) арқылы өткізіледі.
153. Кешенді тестілеу нысанында мамандық бойынша мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде жоғары оқу орны өзі әзірлеген бағдарлама бойынша өткізіледі.
154. Жоғары оқу орны мамандықтың мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартарына сәйкес мемлекеттік емтихан тапсыру көзделген іргелі бейінді пәндер бойынша бір кешенді емтихан өткізе алады.
155. Жоғары оқу орны тестілеу тапсырмаларын, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас тестілер), тестілеуді өткізудің технологиясын өзі әзірлейді және бекітеді.
156. Тестілеу нысанында мемлекеттік емтихан өткізілген жағдайда оның нәтижелерін емтихан ведомостары түрінде ресімдейді және оларды өңдегеннен кейін тестілеу өткізілген күні жариялайды.
157. Диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қорғау мемлекеттік аттестаттау комиссиясының кем дегенде мүшелерінің жартысы қатысқан оның ашық отырысында өткізіледі.
158. Бір диплом жұмысын қорғау ұзақтығы, әдетте бір студентке
50 минуттан аспауға тиіс. Білім алушы диплом жұмысын қорғау үшін мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында 15 минуттан аспайтын баяндама оқуы қажет.
159. Бір магистрлік диссертация қорғау ұзақтығы бір магистрантқа 100 минуттан аспауға тиіс. Магистрант магистрлік диссертациясын қорғау үшін мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында 20 минуттан аспайтын баяндама оқуы қажет. Магистрлік диссертацияны қорғау бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысында ғылыми басшы мен ресми оппоненттің болуы және олардың шығып сөйлеуі қатаң міндетті болып табылады. Магистрлік диссертация қорғау кезінде жұмыс бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мамандарының, ресми емес оппоненттердің және басқа да мүдделі адамдардың қатысуына және оларға талқыланып жатқан проблема бойынша атсалысуына болады.
160. Магистрант мемлекеттік аттестаттау комиссиясына 146-тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында және 147-тармақта аталған құжаттармен қатар белгіленген тәртіппен бекітілген жарияланымдар тізімін ұсынуы қажет.
161. Диплом жұмысын (магистрлік диссертациясын) қорғау нәтижелері бойынша "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық", "қанағаттанарлықсыз" деген бағалар қойылады. Сонымен бірге білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындық деңгейі, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензентінің (ресми оппонентінің) сын-пікірлері назарға алынады.
162. Диплом жұмысын (магистрлік диссертациясын) қорғау нәтижелері мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамалары ресімделгеннен кейін, олар өткізілген күні жарияланады.
163. Диплом жұмысын (магистрлік диссертациясын) қорғаған және мемлекеттік емтихандарын тапсырған білім алушыға мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен алған мамандығына сәйкес біліктілік беріледі, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламасын игерген жағдайда академиялық дәреже (бакалавр немесе магистр) тағайындалады.
164. Мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өткен және жоғары кәсіптік білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламасының тиісті деңгейін меңгергендігін растаған білім алушыға қосымшасы бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
165. Дипломға қоса берілген қосымша білім алушының оқу жоспарын орындағандығы туралы бөлімше басшысының анықтамасы негізінде, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарында көзделген көлемде барлық пәндер, тапсырған курстық жобалары (жұмыстары), практика түрлері бойынша алған бағаларының және мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелерінің негізінде толтырылады.
166. Бір оқу пәні бойынша бірнеше емтихан бағалары болған жағдайда анықтамаға уақыт бойынша соңғы бағасы енгізіледі. Егер соңғы баға соңғы семестрдегі бағдарлама материалының болмашы көлеміне немесе ғылыми-оқу маңызының жеткіліксіздігіне байланысты, аталған пән бойынша білім алушының жалпы дайындық деңгейін сипаттамайтын болған жағдайда, тиісті кафедраға академиялық анықтамаға қандай баға (қандай курсқа немесе семестрге) енгізуді өзінің шешімімен анықтауға құқық беріледі. Орташа бағаны шығаруға рұқсат берілмейді.
167. Оқу жоспарының барлық пәндерінің кем дегенде 75 пайызы бойынша "өте жақсы" деген бағамен, ал басқа пәндер бойынша "жақсы" деген бағамен емтихандар мен дифференциалдық сынақтарды тапсырған және "өте жақсы" деген бағамен мемлекеттік емтихандарын тапсырған және оқу бітіру жұмысын қорғаған білім алушыға оқуды үздік бітіргендігі туралы (әскери дайындық бойынша бағаны есепке алмастан) диплом беріледі.
168. Бағасын жоғары көтеру мақсатында қайтадан мемлекеттік емтиханды тапсыруға және диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қорғауға жол берілмейді.
169. "Қанағаттанарлық емес" деген баға алған адамдарға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қайта қорғауға аталмыш қорытынды мемлекеттік аттестаттау кезеңінде рұқсат берілмейді.
170. Диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қорғау қанағаттанарлық емес деп танылған жағдайларда білім алушы комиссия анықтайтын осы жұмысын пысықтап қайтадан қорғауға ұсынуға болатындығын немесе оның кафедра белгілейтін жаңа тақырыбын әзірлей алатындығын мемлекеттік аттестаттау комиссиясы белгілейді.
171. Білім алушыға мемлекеттік қорытынды қайта аттестаттау келесі мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезеңінде бұрынғы мемлекеттік қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлық емес баға алынған оның нысандары бойынша ғана өткізіледі.
Сонымен қатар, осы емтихандарды тапсырмаған адамдар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына қойылатын пәндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу жоспарымен анықталады.
172. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен белгіленген үлгідегі анықтама беріле отырып жоғары оқу орнынан шығарылады.
173. Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін мемлекеттік аттестаттау комиссиясына денсаулығының жай-күйі туралы ұсынған құжаттары қаралмайды.
174. Білім алушыларға мемлекеттік қорытынды аттестаттауды жалпыға бірдей бірыңғай оқу нысаны ретінде, әрбір мамандық бойынша ұйымдастырылған мемлекеттік аттестаттау комиссиясы өткізеді.
Оқуды бітірушілердің саны көп болған жағдайда сол бір мамандық бойынша мамандандырылу ескеріле отырып бірнеше мемлекеттік аттестаттау комиссиясы ұйымдастырылады.
Оқу бітірушілердің саны аз болған жағдайда тектес мамандықтар бойынша бірлескен мемлекеттік аттестаттау комиссиясы ұйымдастырылуы мүмкін.
175. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы қызметінің сапасына:
1) мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттарымен белгіленген бакалавриат, магистратура және жоғары арнайы білім беру мамандықтары бойынша бітіріп шығушы мамандардың ғылыми-теориялық және практикалық дайындықтарының сәйкестік деңгейін тексеру;
2) оларға тиісті біліктілік пен диплом беру (үздік немесе қарапайым бітіргендігі туралы);
3) тиісті мамандықтары бойынша академиялық бакалавр немесе магистр дәрежесін тағайындау;
4) мамандар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу кіреді.
176. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы төрағасы мен оның мүшелері құрамында жыл сайын ұйымдастырылады және күнтізбелік жыл бойы жұмыс істейді.
177. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасын білім саласындағы орталық атқарушы орган бітіріп шығушы мамандардың бейініне сәйкес келетін және осы оқу ұйымында жұмыс істемейтін, үлкен практикалық өтілі бар профессорлардың, доценттердің, ғалымдардың, оқытушылардың, тәжірибелі өндіріс мамандарының және мұғалімдердің арасынан бекітеді.
178. Магистрлік диссертация қорғау жөніндегі мемлекеттік аттестаттау комиссиясы төрағасының ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы немесе тиісті бейіні бойынша академиялық "магистр" дәрежесі болуға тиіс.
179. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына оның мүшелері құқығымен:
бөлімше басшысы немесе бітірушіні шығарушы кафедраның меңгерушісі кіреді. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының басқа мүшелері бітіріп шығатын мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін жетекші профессорлардың, доценттердің, жоғары білікті мамандардың арасынан қалыптасады. Бір мемлекеттік аттестаттау комиссиясының сандық құрамы кем дегенде төрт адамнан тұруға тиіс.
180. Магистрлік диссертация қорғау жөніндегі мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына тиісті бейін бойынша ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы бар адамдар енгізіледі.
181. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамы жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен, жыл сайын 31 қаңтардан кешіктірілмей бекітіледі.
182. Диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қорғау бағалары туралы, сондай-ақ біліктілік беру, академиялық дәреже тағайындау және мемлекеттік үлгідегі (үздік немесе қарапайым бітіргендігі туралы) диплом беру туралы шешімді мемлекеттік аттестаттау комиссиясы комиссия мүшелерінің отырысына қатысушылардың жай көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы жабық отырыста қабылдайды. Дауыстар саны тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
183. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының барлық отырыстары хаттамаға түсіріледі.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырыстарының хаттамалары әрбір білім алушыға белгіленген нысандар бойынша жеке жүргізіледі.
184. Хаттаманы комиссияның құрамына кіретін бітірушіні шығарушы кафедра оқытушыларының арасынан бекітілген мемлекеттік аттестаттау комиссиясының хатшысы толтырады.
185. Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда және диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қорғауда анықталған білімдердің бағасы енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер мемлекеттік аттестаттау комиссиясының бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, оның өз пікірін хаттамаға жазуға және өзі қол қоюға құқығы бар. Хаттамада біліктілік, академиялық дәреже, сондай-ақ жоғары оқу орнын бітірушіге қандай диплом (үздік немесе жай бітіргендігі туралы) берілетіні көрсетіледі.
186. Хаттамаға аттестаттау комиссиясының төрағасы мен оның мүшелері, отырысқа қатысушылар қол қояды.
187. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы нөмірленуге, тігілуге және жоғары оқу орнының оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік басқармасының) мөрімен бекітілуге тиіс.
189. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін комиссияның төрағасы есеп жасайды.
190. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы төрағасының есебі жоғары оқу орны оқу кеңесінің немесе құрылымдық бөлімшелердің отырысында талқыланады және бекітіледі.
191. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы білім алушыларға жүргізілген мемлекеттік қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін бекітілген есепті бір ай мерзім ішінде білім саласындағы орталық атқарушы органға және білім беру ұйымының басшысына ұсынады.
192. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы төрағасының есебінде жоғары оқу орнында осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі; оқу бітіру жұмыстарының орындалу сапасы; оқу бітіру жұмыстары тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның, техниканың, мәдениеттің жай-күйіне және өндірістің талабына сай екендігі; білім алушылардың мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты, жекелеген пәндер бойынша мамандар даярлаудағы кемшіліктер көрсетілуге тиіс. Есепте, сондай-ақ жоғары оқу орнында мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар беріледі.
193. Осы Ережеде көзделмеген мәселелерді шешу кәсіптік орта, бастауыш, орта және жоғары білім беретін білім беру ұйымының ғылыми (педагогикалық) кеңесінің құзыретіне жатады, ал мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы кезеңінде - комиссия құзыретіне жатады.
Қазақстан Республикасы
бiлiм және ғылым министрi
мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 20 қарашадағы
N 953 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрiнiң
өз күшiн жойған бұйрықтарының тiзiмi
1. Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрi мiндетiн атқарушысының 2000 жылғы 15 ақпандағы
N 124
"Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде 1999-2000 оқу жылының аяқталуы және оқушылар емтиханын өткiзу туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылы 18 сәуiрде N 1114 тiркелген).
2. Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрi мiндетiн атқарушысының 2000 жылғы 12 шiлдедегi
N 714
"Жоғары оқу орындарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылы 17 тамызда N 1222 тiркелген).
3. Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрiнiң 2003 жылғы 13 ақпандағы "Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
бұйрығы
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылы 17 наурызда N 2210 тiркелген).