Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері оқушыларының емтихандарын өткізу және 1999-2000 оқу жылын аяқтау туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2000 жылғы 15 ақпандағы N 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 сәуірде тіркелді Тіркеу N 1114. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 20 қарашадағы N 953 (V043298) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Көкшетау техникалық институты" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Мекеме) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен 2000 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражаттың есебінен Мекемені қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 
      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) Мекеменің жарғысын бекітсін; 
      2) Мекемені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі