"Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бөлінетін және радиоактивті материалдарды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 26 маусымдағы N 280 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2004 жылғы 17 қарашадағы N 443 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3268. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің 373-бабына сәйкес кеден шекарасы арқылы өткізілетін бөлінетін және радиоактивті материалдарға тиімді кедендік ресімдеуді жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бөлінетін және радиоактивті материалдарды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерінің тізбесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2956 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушылық және өзге де мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық кесімдерінің бюллетенінде 2004 жылғы N 33-36 978-бабында жарияланған) Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 26 маусымдағы N 280  бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бөлінетін және радиоактивті материалдарды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы жолымен толықтырылсын:
___________________________________________________________________
10 | Ақтөбе облысы бойынша       |463022, Қазақстан Республикасы,
   |Кедендік бақылау департаменті|Ақтөбе қаласы, Н.Қобланды
   |                             |көшесі, 7
___________________________________________________________________

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (И.В.Тен) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т. Әбдішевке жүктелсін.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 12 шілдедегі   N 240   бұйрығымен .
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы Вице-Министрі - Төраға