Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның радиоактивті материалдарды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 26 маусымдағы N 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2956. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Мұнай көлігі институты" ашық акционерлік қоғамы (Украина) "Теңіз-Астрахань-Грозный" магистралдық мұнай құбырына (0-452 км. учаске) техникалық аудит жүргізу үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар қызметтерді беруші болып белгіленсін.

      2. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен 65803000 (алпыс бес миллион сегіз жүз үш мың) теңге сомасына мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ақшаның оңтайлы және тиімді пайдаланылуын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С. Школьникке жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі