"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
______________________
2004 жылғы 03 қараша
Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібін одан әрі ырықтандыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ :
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 бірлескен бұйрығына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2162 болып тіркелген (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің N 25-26 бюллетенінде жарияланған енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 08 қыркүйектегі N 08-1/126 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 661 бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2604 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 08-1/187 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 724 бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2662 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 08-1/123 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 23 маусымдағы N 357 бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3022 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген Нұсқаулықтағы:
51-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
"1) "визаны ұзарту" деген жазу мен ұзартылатын визаның нөмірі (мысалы: "943 ДВ N 0275386 визаны ұзарту")";
51-тармақтың 7) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
"жұмыс күшін тартуға құқық беретін уәкілетті органның рұқсатының нөмірі немесе визаны беруге негіздеме болған осы Нұсқаулықтың тармақшасы (мысалы: "Нұсқаулықтың 15т.2тш." немесе "Нұсқаулықтың 15т.3тш.")";
52-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"52. Дипломаттық, қызметтік және инвесторлық визаларды беру кезінде визалық жапсырманың "қосымша мәліметтер/additional іnformatіon" бағанындағы бірінші үш цифр визаны берген консулдық мекеменің кодын, ал келесілері - тіркеудің реттік нөмірін білдіретін (мысалы: ҚР СІМ тірк. N 929/15) тиісті жазба енгізу арқылы шетел азаматтарының паспорттарын тіркеу қатар жүргізіледі. Бұл ретте, визаны берген орынға қарамастан "ҚР СІМ" қысқарған сөздері өзгермейді.
Визаны бергендігі және оның тіркелгендігі туралы ҚР СІМ-не кідірместен, "Ескертпе" бағанында Қазақстан Республикасында тұруы ықтимал жер көрсетілетін бекітілген үлгідегі хабарлама жолданады. ҚР СІМ хабарламаны алған кезден бастап үш тәулік ішінде ҚР ҰҚК-і мен ҚР ІІМ-не алынған ақпаратты жолдайды";
56-тармақтың 1)-тармақшасының екінші абзацы мынадай мазмұнда жазылсын:
"ҚР СІМ консулдық пункттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында, оның ішінде мемлекеттік шекарадан өту мезгілінде визалық жапсырмада қателер табылған кездерде де визалар беруді жүзеге асырады";
59-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасына кіруге арналған виза немесе визалық қолдау беруді ҚР ҰҚК-мен келісу.
ҚР ІІБ-ІІББ-ІІМ-нің шақыруы, ҚР СIМ-нің нұсқауы немесе визалық қолдауы болмаған жағдайда ҚР СIМ-нің шетелдік мекемелері ҚР СІМ-не белгіленген үлгіде сұрау салу жолдайды. Сұрау салуға ҚР СІМ-нің жауабы немесе басқа да нұсқаулары болмаған жағдайда, бір мәртелік виза ҚР СІМ-нің сұрау түскендігі туралы растауын алғаннан кейін 5 күннен соң берілуі мүмкін.
Көп мәртелік (екі мәртелік, үш мәртелік) виза сұрау салуға ҚР СІМ-нің жауабы келгеннен кейін беріледі.
ҚР СІМ-нің шетелдік мекемесінің басшысының шешімі негізінде осы Нұсқаулықтың 55-тармағының екінші және үшінші абзацтарының ережелеріне сәйкес бір мәртелік визалардың берілу дерегі бойынша 52-тармақтың екінші абзацында белгіленген тәртіппен хабарлама жолданады".