Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 "Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" (N 2162 болып тіркелген) бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 19 қазандағы N 08-1/254, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 қарашадағы N 605 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3247. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2009 жылғы 14 желтоқсандағы N 08-1-1-1/457 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 488 Бірлескен бұйрықтарымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009.12.14 N 08-1-1-1/457 және ҚР Ішкі істер министрінің 2009.12.22 N 488 (қолданысқа 2010.03.01 бастап енеді) бірлескен бұйрықтарымен.

      "Келісілді"       
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық қауіпсіздік    
комитетінің төрағасы  
______________________ 
2004 жылғы 03 қараша 

      Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібін одан әрі ырықтандыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫЗ :

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806  бірлескен бұйрығына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2162 болып тіркелген (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің N 25-26 бюллетенінде жарияланған енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 08 қыркүйектегі N 08-1/126 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 661  бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2604 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 08-1/187 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 724  бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2662 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 08-1/123 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 23 маусымдағы N 357  бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3022 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген Нұсқаулықтағы:
      51-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
      "1) "визаны ұзарту" деген жазу мен ұзартылатын визаның нөмірі (мысалы: "943 ДВ N 0275386 визаны ұзарту")";
      51-тармақтың 7) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
      "жұмыс күшін тартуға құқық беретін уәкілетті органның рұқсатының нөмірі немесе визаны беруге негіздеме болған осы Нұсқаулықтың тармақшасы (мысалы: "Нұсқаулықтың 15т.2тш." немесе "Нұсқаулықтың 15т.3тш.")";

      52-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      "52. Дипломаттық, қызметтік және инвесторлық визаларды беру кезінде визалық жапсырманың "қосымша мәліметтер/additional іnformatіon" бағанындағы бірінші үш цифр визаны берген консулдық мекеменің кодын, ал келесілері - тіркеудің реттік нөмірін білдіретін (мысалы: ҚР СІМ тірк. N 929/15) тиісті жазба енгізу арқылы шетел азаматтарының паспорттарын тіркеу қатар жүргізіледі. Бұл ретте, визаны берген орынға қарамастан "ҚР СІМ" қысқарған сөздері өзгермейді.
      Визаны бергендігі және оның тіркелгендігі туралы ҚР СІМ-не кідірместен, "Ескертпе" бағанында Қазақстан Республикасында тұруы ықтимал жер көрсетілетін бекітілген үлгідегі хабарлама жолданады. ҚР СІМ хабарламаны алған кезден бастап үш тәулік ішінде ҚР ҰҚК-і мен ҚР ІІМ-не алынған ақпаратты жолдайды";

      56-тармақтың 1)-тармақшасының екінші абзацы мынадай мазмұнда жазылсын:
      "ҚР СІМ консулдық пункттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында, оның ішінде мемлекеттік шекарадан өту мезгілінде визалық жапсырмада қателер табылған кездерде де визалар беруді жүзеге асырады";

      59-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
      "5) Қазақстан Республикасына кіруге арналған виза немесе визалық қолдау беруді ҚР ҰҚК-мен келісу.
      ҚР ІІБ-ІІББ-ІІМ-нің шақыруы, ҚР СIМ-нің нұсқауы немесе визалық қолдауы болмаған жағдайда ҚР СIМ-нің шетелдік мекемелері ҚР СІМ-не белгіленген үлгіде сұрау салу жолдайды. Сұрау салуға ҚР СІМ-нің жауабы немесе басқа да нұсқаулары болмаған жағдайда, бір мәртелік виза ҚР СІМ-нің сұрау түскендігі туралы растауын алғаннан кейін 5 күннен соң берілуі мүмкін.
      Көп мәртелік (екі мәртелік, үш мәртелік) виза сұрау салуға ҚР СІМ-нің жауабы келгеннен кейін беріледі.
      ҚР СІМ-нің шетелдік мекемесінің басшысының шешімі негізінде осы Нұсқаулықтың 55-тармағының екінші және үшінші абзацтарының ережелеріне сәйкес бір мәртелік визалардың берілу дерегі бойынша 52-тармақтың екінші абзацында белгіленген тәртіппен хабарлама жолданады".

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының     
      Сыртқы істер министрі 

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі Істер министрі