Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009.12.14 N 08-1-1-1/457 және ҚР Ішкі істер министрінің 2009.12.22 N 488 (қолданысқа 2010.03.01 бастап енеді) бірлескен бұйрықтарымен.
Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібін одан әрі ырықтандыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 10 ақпанда N 2162 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген Нұсқаулықтағы:
9-тармақ мынадай мазмұндағы 4)-тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне Австралия Одағы, Австрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Грекия Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Лихтенштейн Княздігі, Люксембург Ұлы Герцогтығы, Малайзия, Монако, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Португалия Республикасы, Сингапур Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі азаматтарының Қазақстан Республикасының бір мәртелік іскерлік визасын беру жөніндегі жазбаша өтініші негізінде беріледі";
10-тармақ мынадай мазмұндағы 9)-тармақшамен толықтырылсын:
"9) Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне Австралия Одағы, Австрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Грекия Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Лихтенштейн Княздігі, Люксембург Ұлы Герцогтығы, Малайзия, Монако, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Португалия Республикасы, Сингапур Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі азаматтарының жеке шаруаларына қатысты сапары үшін Қазақстан Республикасының жеке визасын беру жөніндегі жазбаша өтініші негізінде беріледі";
мынадай мазмұндағы қосымша 12-1-тармағымен толықтырылсын:
"12-1. Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне Австралия Одағы, Австрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Грекия Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Лихтенштейн Княздігі, Люксембург Ұлы Герцогтығы, Малайзия, Монако, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Португалия Республикасы, Сингапур Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі азаматтарының Қазақстан Республикасының туристік визасын беру жөніндегі жазбаша өтініші бар болған жағдайда бір мәртелік туристік визалар берілуі мүмкін";
55-тармақтың 3-абзацы мынадай мазмұнда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері тарапынан Австралия Одағы, Австрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Грекия Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Лихтенштейн Княздігі, Люксембург Ұлы Герцогтығы, Малайзия, Монако, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Португалия Республикасы, Сингапур Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі азаматтарына Қазақстан Республикасының бір мәртелік дипломаттық, қызметтік, іскерлік, жеке және туристік визалары олардың жазбаша өтініші негізінде шақырусыз және визалық қолдаусыз осы Нұсқаулықтың 55-тармағының 2-абзацы мен 59-тармағының 1), 2), 4)-тармақшаларының нұсқаулары сақталып берілуі мүмкін".
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енсін.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
генерал-лейтенант
2003 жылғы 4 желтоқсан