Балық шаруашылығы ұйымдарында қорықшылық қызмет туралы үлгi Ереженi бекiту жайлы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігі Балық шаруашылығы комитетінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 107"a"-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3237

Қолданыстағы

     "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса берiлген балық шаруашылығы ұйымдарында қорықшылық қызмет туралы үлгi Ереже бекiтiлсiн.
     2. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және реттеу басқармасының балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу бөлiмi (Ағзам Ж.) осы бұйрықты Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары назарына жеткiзсiн.
     3. Бұйрықтың орындалуына бақылау Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және реттеу басқармасына (Сыздықов H.H.) жүктелсiн.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап күшiне енедi.

     Төраға м.а.

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрлiгi  
Балық шаруашылығы комитетiнiң
төраға мiндетiн атқарушысының
2004 жылғы 10 қарашадағы   
N 107"а"-п бұйрығымен     
бекiтiлген           

Балық шаруашылығы ұйымдарында қорықшылық
қызмет туралы үлгi Ереже 1. Жалпы ережелер

     1. Осы балық шаруашылығы ұйымдарында қорықшылық қызмет туралы үлгi Ереже (бұдан әрi - үлгi Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және балық шаруашылығы ұйымдары қорықшылық қызметiнiң мәртебесi мен өкiлеттiлiгiн айқындайды.

     2. Қорықшылық қызметтiң құзыретi балық шаруашылығы ұйымдарына балық шаруашылығын жүргiзу мен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану үшiн бөлiнген немесе бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) шекара шегiнде ғана таратылады.

     3. Қорықшылық қызмет балық шаруашылығы ұйымы басшысының бұйрығымен құрылады және тiкелей осы ұйымның басшысына немесе оның орынбасарына бағынады.

     4. Қорықшылық қызметi қызметкерлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына, қорықшылық қызмет туралы Ережеге және лауазымдық нұсқауларға негiзделедi.

     5. Осы үлгi Ереже негiзiнде әзiрленетiн қорықшылық қызмет туралы ереже балық шаруашылығы ұйымдарымен бекiтiледi және балық шаруашылығы саласындағы аумақтық уәкiлеттi органмен келiсiледi (бұдан әрi - аумақтық уәкiлеттi орган). Қорықшылық қызметi қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулары балық шаруашылығы ұйымдарының басшыларымен әзiрленедi және бекiтiледi.

2. Қорықшылық қызметтiң негiзгi
мiндеттерi мен функциялары

     6. Қорықшылық қызметтiң негiзгi мiндеттерi:
     1) бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк бақылауды қамтамасыз ету;
     2) табиғат қорғау заңнамаларының бұзылуының, сондай-ақ балық шаруашылығы қызметкерлерiне қатысты бөтен адамдар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттерi жағдайының алдын алу және жолын кесу болып табылады.

     7. Қорықшылық қызметтiң негiзгi функциясы:
     1) балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) балық және басқа да су жануарларын заңсыз аулаудан (браконерлiктен) қорғау;
     2) балық шаруашылығы учаскелерiнде және кәсiптiк қостарда тұрған мүлiктердiң және олжаланған балықтың, жүзу құралдарының және аулау құралдарының, сондай-ақ кәсiптiк және көлiктiк кемелердiң жүру жолдарында сақталуын қамтамасыз ету;
     3) балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) бөтен адамдар мен көлiк құралдарының тұруын жiбермеу;
     4) кәсiпшiлiкпен балық және басқа да су жануарларын аулауға бөлiнген квотаны игеруге бақылау;
     5) балық шаруашылығы учаскелерiнiң тиiстi санитарлық жай-күйiне бақылау;
     6) ауланғандардың сақталуы және оларды қабылдау мен қайта өңдеу орындарына жеткiзу;
     7) ауланғандарды көрсетпеу деректерiн және рұқсат беру құжаттарынсыз бөтен жеке және заңды тұлғаларға таратуды жiбермеу болып табылады.

3. Қорықшылық қызметтiң өкiлеттiлiгi

     8. Қорықшылық қызметiнiң қызметкерлерi белгiленген тәртiпте:
     1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жайлы оларды мiндеттi түрде балық ресурстарын және балық аулауды реттеу жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға өткiзумен хаттама жасауға;
     2) заңсыз сатып алу деректерi, сондай-ақ аулаудан балықтардың ұрланғаны табылған кезде бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) шегiнде бөтен адамдарды ұстауға, автомобильдiк және су көлiктерiн тоқтатуға құқылы.

     9. Қорықшылық қызметтiң қызметкерлерi:
     1) бекiтiлiп берiлген су тоғандарына (учаскелерiне) тұрақты бақылауды жүзеге асырады, сол ұйымдардың қызметкерлерi мен сол ұйымдардың балансында тұратын көлiктерден басқа, олардан бөтен тұлғалардың және көлiктердiң тұруына жол бермеуге;
     2) осы су тоғанында (учаскеде) кәсiпшiлiк жүргiзушi адамдардан санитарлық нормалардың және ереженiң сақталуын, балық шаруашылығы учаскесiнiң аумағын былғауды жiбермеуге және балық шаруашылығын жүргiзу мен жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған келiсiмге сай балық шаруашылығы ұйымдары қабылдаған мiндеттемелердi орындауды талап етуге;
     3) бұзушыға жасалған материалдарды және аулау құралдары мен балықтарды уәкiлеттi органның жақын жердегi аумақтық бөлiмшелерiне тапсырады. Мұндай мүмкiншiлiк болмаған кезде алынған аулау құралдары мен балық бұзушының түсiнiктемесi қосылатын тиiстi актi жасалынып, бұзушыда қалдырылады;
     4) ай сайын аумақтық уәкiлеттi органға қатаң есептегi бланкiлердi пайдалану мен бөлiнген және бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) табиғат қорғау заңнамаларын бұзушыларға жасалған актiлер жөнiнде есеп тапсыруға;
     5) бiрлескен рейдтердi жүзеге асырғанда аумақтық уәкiлеттi орган қызметкерлерiне табиғат қорғау заңнамаларын бұзушыларды ұстау кезiнде көмек көрсетуге;
     6) аумақтық уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын (қызметтiк куәлiгiн көрсеткен кезде) су тоғандарына (учаскелерiне), кәсiптiк қостар мен кемелерге балық шаруашылығын жүргiзуге бақылау мен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын жүзеге асыру үшiн еш кедергiсiз жiберуге;
     7) лауазымдық мiндет төңiрегiнде басқа да талаптарды орындауға мiндеттi.

4. Қорытынды ережелер

     10. Қорықшылық қызметтiң қызметкерлерi мен аумақтық уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк инспекторларының өзара iс-қимылы мақсатында қорықшылардың саны туралы ақпарат және олардың балық шаруашылығы ұйымдарында орналасуы жөнiнде тиiстi бұйрық аумақтық уәкiлеттi органға тапсырылады.

     11. Қорықшылық қызмет алған балық және басқа да заттар балық шаруашылығы ұйымдарында, уәкiлеттi органмен немесе сотпен шешiм қабылдағанға дейiн, жауапты сақталуда тұруы керек.

     12. Балық шаруашылығын (учаскесiн) қорғау мәселесi жөнiндегi барлық даулы мәселелер белгiленген заңнамалық тәртiппен шешiледi.