"Web-декларант" электронды декларациялау кешенін енгізу мақсатында бұйырамын:
1. Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі (бұдан әрі - ҚР КБА) Ақпараттық технологиялар департаментінің бастығы (В.И.Пшеничников) "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалану жөніндегі ақпараттың ҚР КБА Web-сайтында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Кедендік бақылау департаменттері мен кедендерінің (бұдан әрі - КБД және кедендер) бастықтары:
1) "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін қолдана отырып кеден құжаттарының электронды көшірмелерін ұсынудың электронды тәсілін енгізу туралы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен брокерлерді хабардар етуді қамтамасыз етсін;
2) "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін қолдана отырып кеден құжаттарының электронды көшірмелерін ұсынудың электронды тәсілін енгізу мәселесі бойынша консультативтік кеңестер өткізсін;
3) "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін орнату үшін пайдаланылатын Кедендік Автоматтандырылған Ақпараттық Жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етумен бірге кедендік ресімдеу орталықтарына және автоматтандырылған кеден бекеттеріне кемінде 1 компьютерден бөлсін;
4) кедендік ресімдеудің бірінші кезеңінде құжаттар қабылдауға жауап беретін мамандардың ішінен "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қабылдауға жауапты адамдарды тағайындасын;
5) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап бір апта ішінде "Web-декларант" электронды декларациялау кешенінің клиенттік бөлігін орнатуды жүргізсін (инсталляция 192.168.4.30/INSTALL/Web-declarant/, login:password - ftp:ftp FTP-ресурсында орналасқан);
6) "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалануды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен кейін бір апта мерзімі өткеннен соң Ережеге сәйкес қамтамасыз етсін;
7) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап бір апталық мерзімде пайдалануды бастау туралы баяндасын және "Web-декларант" ЭДК жұмысы жөніндегі ескертпелер мен ұсыныстарды nshugurova@q0100.customs.kz электронды адресіне ұсынсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапкершілігі КБД және кедендердің бастықтарына жүктелсін.
5. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаменті (В.И.Пшеничников) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.
8. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Кедендік бақылау
агенттігінің төрағасы
"Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігінің
Кедендік бақылау департаменттері
мен кедендерінде "Web-декларант"
электронды декларациялау кешенін
пайдалануға енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2004 жылғы
15 қыркүйектегі N 385 бұйрығымен
бекітілген
Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру
үшін "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалану тәртібін айқындайды.
2. "Web-декларант" электронды декларациялау кешені кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыруға, бақылауға және қалыптастырылған кеден құжаттарының электронды көшірмелерін кедендік ресімдеу үшін кеден органдарына жеткізуге арналады.
3. Тауарларды декларациялау кезінде құжаттардың қағаз даналарын ұсыну Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 382 , 383-баптарына сәйкес жүргізіледі, бұл ретте электронды көшірмелер кеден органдарына "Web-декларант" электронды декларациялау кешені арқылы беріледі.
4. Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалануға қатысу ерікті болып табылады. "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдаланумен қатар ҚР КБА кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келетін басқа да бағдарламалық өнімдердің пайдаланылуы мүмкін.
5. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 мамырдағы N 227 "Кеден мақсаттары үшін ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және олармен қамтамасыз ету құралдарын қолдану ережесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2307 болып тіркелген) сәйкес ҚР КБА-мен "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалануға арналған шарт, не келісім жасаса отырып, кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыруға растама алу қажет.
2. "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін қолдана отырып кеден құжаттарының электронды көшірмелерін ұсынудың электронды тәсілінің ерекшеліктері
6. Тауарды декларациялаушы тұлғалардың кеден құжаттарының электронды көшірмелерін ұсынуының электронды тәсілі "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін Қазақстан Республикасының Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылы арқылы қамтамасыз етіледі.
7. "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін мынадай кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастырады:
1) жүктің кедендік декларациясының (ИМ40 және ЭК10 режимдерінде);
2) кедендік құн декларациясының;
3) кедендік құн декларациясының;
4) жеткізуді бақылау құжатының;
5) мәміле паспортының.
8. Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін тауарларды декларациялайтын тұлға "Web-декларант" электронды декларациялау кешеніне кеден құжаттарының электронды нысандарын толтыруы, не "Web-декларант" электронды декларациялау кешеніне қалыптастырылған кеден құжаттардың электронды көшірмелерін беруі мүмкін.
9. Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастырылғаннан кейін пішіндік-логикалық бақылауға ұшырайды.
10. Пішіндік-логикалық бақылаудың теріс нәтижесі жағдайында қателіктер мен сәйкессіздіктер туралы хабар беріледі. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қателерді жойғаннан кейін кеден құжаттарының электронды көшірмелері қайтадан пішіндік-логикалық бақылаудан өтеді.
11. Кеден құжатының электронды көшірмесінен пішіндік-логикалық бақылаудан жүргізілгеннен кейін бірегей нөмер беріледі және кеден құжаттарының электронды көшірмелерінің файлдарын жасау жүргізіледі.
12. Қалыптастырылған құжаттарының электронды көшірмелерін кейіннен кеден органдарына беру үшін басылып шығарылады.
13. Қалыптастырылған құжаттарының электронды көшірмелерін беру үшін "Web-декларант" электронды декларациялау кешеніне белгілі бір кеден органы таңдалады.
14. Кеден құжаттарының электронды көшірмелері кеден органына жеткізілгеннен кейін "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін кеден құжаттарының электронды көшірмелерінің бірегей нөмерін көрсете отырып жеткізілгендігі туралы электронды растауды ұсынады.
15. Жеткізілгендігі туралы электронды растама алынғаннан кейін тауарларды декларациялаушы тұлға кедендік ресімдеу үшін құжаттардың қағаз даналарын кеден органына береді, сондай-ақ "Web-декларант" электронды декларациялау кешеніне берілген кеден құжаттарының электронды көшірмелерінің бірегей нөмерін хабарлайды, не жеткізілгендігі туралы қағазға басылған растаманы береді.
16. Тауарларды декларациялауға арналған құжаттарды қабылдау кезінде кеден маманы "Web-декларант" электронды декларациялау кешенінің электронды жәшігінен тиісті бірегей нөмерлі электронды декларациялау кешенін Қазақстан Республикасының кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қабылдайды.