Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік бақылау департаменттері мен кедендерінде "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалануға енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 15 қыркүйектегі N 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3071

Жаңартылған

       Ескерту: Мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің", "ҚР КБА" деген сөздер тиісті "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің", "ҚР ҚМ КБК" деген сөздермен ауыстырылды -   ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз ).

      "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін енгізу мақсатында бұйырамын:
      1. Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің (бұдан әрі - ҚР ҚМ КБК) Ақпараттық технологиялар басқармасы (Омаров Н.С.) "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалану жөніндегі ақпараттың ҚР ҚМ КБК Web-сайтында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді -   ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз ).
      3. <*>
       Ескерту: 3-тармақ алынып тасталды -   ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз ).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапкершілігі КБД және кедендердің бастықтарына жүктелсін.
      5. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы (Омаров Н.С.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді -   ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз ).
      6. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің орынбасары Ә.Е.Мәмбеталинге жүктелсін.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді -   ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз ).
      8. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Кедендік бақылау
      комитетінің  төрағасы

 Қазақстан Республикасы Кедендік  
бақылау агенттігі төрағасының   
2004 жылғы 15 қыркүйектегі    
N 385 бұйрығымен бекітілген    

Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру
үшін "Web-декларант" электронды декларациялаудың
бағдарламалық кешенін пайдалану
ережесі

       Ескерту: Ереже жаңа редакцияда жазылды -   ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз ).

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін пайдалану тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Ереже), Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің  424, 426-баптарына сәйкес әзірленген және кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешені кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыруға, бақылауға және қалыптастырылған КҚ ЭК кедендік ресімдеу үшін кеден органдарына жеткізуге арналады.

      3. Кеден құжаттарының электронды көшірмелері кеден органдарына "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешені арқылы беріледі.

      4. Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін пайдалануға қатысу ерікті болып табылады. "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін пайдаланумен қатар ҚР КБА кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келетін басқа да бағдарламалық өнімдердің пайдаланылуы мүмкін.

      5. Декларанттар Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 мамырдағы N 227 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 мамырда N 2307 болып тіркелген "Кеден мақсаттары үшін ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және олармен қамтамасыз ету құралдарын қолдану  ережесін  бекіту туралы") кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыруға растама алу қажет.

  2. "Web-декларант" электронды декларациялаудың
бағдарламалық кешенін қолдана отырып кеден құжаттарының
электронды көшірмелерін ұсынудың электронды тәсілінің
ерекшеліктері

      6. Тауарды декларациялаушы тұлғалардың КҚ электронды көшірмелерін ұсынуының электронды тәсілі "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін Қазақстан Республикасының Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - ҚР КААЖ) өзара іс-қимылы арқылы қамтамасыз етіледі.

      7. "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін мынадай кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастырады:
      1) жүктің кедендік декларациясының;
      2) кедендік құн декларациясының;
      3) кедендік құн декларациясының;
      4) жеткізуді бақылау құжатының;
      5) мәміле паспортының.

      8. Кеден құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін тауарларды декларациялайтын тұлға "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешеніне кеден құжаттарының электронды нысандарын толтыруы, не "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешеніне қалыптастырылған КҚ ЭК беруі мүмкін.

      9. КҚ ЭК қалыптастырылғаннан кейін пішіндік-логикалық бақылауға ұшырайды.

      10. Пішіндік-логикалық бақылаудың теріс нәтижесі жағдайында қателіктер мен сәйкессіздіктер туралы хабар беріледі. Қателер жойылғаннан кейін кеден құжаттарының электронды көшірмелерінің барлық қателіктері жойылғанға дейін пішіндік-логикалық бақылаудан қайтадан өтеді.

      11. Кеден құжатының электронды көшірмесінен пішіндік-логикалық бақылаудан табысты жүргізілгеннен кейін бірегей нөмер беріледі және кеден құжаттарының электронды көшірмелерінің файлдарын жасау жүргізіледі.

      12. Қалыптастырылған құжаттарының электронды көшірмелерін кейіннен кеден органдарына беру үшін басылып шығарылады.

      13. Қалыптастырылған құжаттарының электронды көшірмелерін беру үшін "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешеніне белгілі бір кеден органы таңдалады.

      14. Кеден құжаттарының электронды көшірмелері кеден органына жеткізілгеннен кейін "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін кеден құжаттарының электронды көшірмелерінің бірегей нөмерін көрсете отырып жеткізілгендігі туралы электронды растауды ұсынады.

      15. Жеткізілгендігі туралы электронды растама алынғаннан кейін тауарларды декларациялаушы тұлға кедендік ресімдеуді жүргізу ережесін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес одан әрі іс-әрекеттерді айқындайды, бұл ретте "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешеніне берілген кеден құжаттарының электронды көшірмелерінің бірегей нөмерін хабарлайды, не жеткізілгендігі туралы қағазға басылған растаманы береді.

      16. Тауарларды декларциялауға арналған құжаттарды қабылдау кезінде кеден органының қызметкері "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенінің электронды жәшігінен тиісті бірегей нөмерлі электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін Қазақстан Республикасының кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қабылдайды.

      17. Тауарлар мен көлік құралдарын одан арғы кедендік ресімдеу жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      18. "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін пайдалануға қол жеткізу мақсатында кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға арналған растауы бар тұлғалар кеден органдарына белгіленген нысан бойынша ресімделген өтініш ұсынады (1-қосымша).

  3. "Web-декларант" электронды декларациялаудың
кешені арқылы кедендік құжаттардың электронды
көшірмелерін пайдалану шарттары мен тәртібі

      19. Ереженің 18-тармағында көрсетілген қажетті құжат алынған кезде кеден органдары олардың есебін белгіленген нысан бойынша ресімделген (2-қосымша) "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешені арқылы кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға арналған өтініштерді есептеу журналында (бұдан әрі - Журнал) жүргізеді.

      20. Журналда есепті жүргізу кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйеде алынатын электронды көшірмелерді бірдейлендіру үшін талап етіледі.

      21. Комитет жүйелік атау мен паролді "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін пайдаланушыға (бұдан әрі - Пайдаланушы) одан әрі беру үшін кеден органдарына береді.

      22. Кеден органдары Пайдаланушыға Пайдаланушының жүйелік атауы көрсетілген хатты, сондай-ақ "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешеніне кіру үшін паролді жібереді.

      23. Жүйелік атау мен пароль бір жұмыс орнына заңды тұлғаның бір құрылымдық бөлімшесі үшін беріледі.

      24. Бір атаумен және парольмен әр-түрлі жұмыс орындарынан "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешеніне кіруге мүмкіндік болмайды.

      25. Пайдаланушы үшінші тұлғаларға "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін пайдалануға, оның ішінде сату, жалға беру немесе қарызға беру жолымен қол жеткізуді ұсынбау қажет.

      26. Комитет, егер пайдаланушы осы Ереженің 25-тармағын бұзса "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешеніне кіру үшін жүйелік атау мен парольдің күшін және пайдалануын тоқтата тұруға құқылы.

      27. Егер Пайдаланушыға "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешеніне қол жеткізудің бір уақытта бірнеше қол жеткізу құқықтары керек қажеттілігі болса, өтінімде пайдаланушылық орындардың талап етілген санын көрсету қажет.

      28. Хат өтініш түскен күнінен бастап өтінішті берген адамға бір апталық мерзімде жіберіледі.

      29. Комитет "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешеніне қол жеткізу құқығын Пайдаланушыдан мына жағдайларда шақырта алады:
      1) осы Ережеде бекітілген талаптар бұзылған жағдайда;
      2) кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға арналған берілген код шақыртылған жағдайда.

      30. Кеден құжаттарын қалыптастыру құқығын шақырту кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қабылдаудан бас тартуға және шақырту себептері жойылғанға дейін Пайдаланушының жүйелік атауы мен паролін істен шығаруға әкеледі.

      31. Берілген кодты пайдалануға арналған рұқсатты қайта беру оны шақырту себептері жойылғаннан кейін, бірақ өтініш берушіге шақырту жіберілген сәтінен бастап бір айдан кем емес уақытта беріледі.

      32. Егер жіберілген шақыртулардың саны үш реттен асатын болса, жүйелік атау мен Пайдаланушының паролін істен шығару туралы шешім қабылданады.

      33. Кеден органдары осы Ереженің 18-тармағында бекітілген құжаттың ұсыну негізінде "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін ақысыз пайдалануды ұсынады.

      34. Кеден органдары "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін ақпараттық және техникалық алып жүруді жүзеге асырады.

      35. Кеден органдары компьютердің дұрыс еместігі, операциялық жүйедегі кедергілер, Пайдаланушы компьютерінің вирустармен зақымдануы, Интернетті пайдалануға байланысты техникалық проблемалардың салдарынан пайда болған "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешені жұмысындағы олқылықтарға жауапкершілікте болмайды.

  4. Қорытынды ережелер

      36. Комитет "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешеніне қатысты барлық өзгерістер туралы ақпаратты Комитеттің Web-сайтында орналастырады.

                                    Кеден құжаттарының электронды
                                     көшірмелерін қалыптастыру үшін
                                       "Web-декларант" электронды
                                     декларациялаудың бағдарламалық
                                      кешенін пайдалану ережесіне
                                                1-қосымша

       Ескерту: Қосымшамен толықтырылды -   ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз ).

                             ӨТІНІШ

Толық заңды тұлға
немесе жеке адам атауы ____________________________________________

Қысқартылған заңды тұлға
немесе жеке адам атауы ____________________________________________

КҰЖЖ __________________________ СТТН ______________________________

Заңды мекен-жайы __________________________________________________

Іс жүзіндегі мекен-жайы ___________________________________________

Байланыс телефондары _______________ E-maіl________________________

пайдаланушылық орындардың талап етілетін саны _____________________

Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін
"Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін
пайдалану ережесінің 19-35 тармақтарымен таныстым және келісемін.
___________________________________________________________________
      "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалық кешенін пайдалануға рұқсат беруіңізді сұраймын

_________________ хатымен берілген ________________________________
                       (қорғаныс жапсырманың кодын көрсете отырып)

_____жылғы "____" ________________
                  (берілген күні)

Заңды тұлға басшысының аты-жөні _____________________
                                        Қолы                 Мөр
Жеке адам аты-жөні __________________________________
                                        Қолы

                                     Кеден құжаттарының электронды
                                     көшірмелерін қалыптастыру үшін
                                       "Web-декларант" электронды
                                     декларациялаудың бағдарламалық
                                      кешенін пайдалану ережесіне
                                                 2-қосымша

       Ескерту: Қосымшамен толықтырылды -   ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   6-тармақтан   қараңыз ).

           "Web-декларант" электронды декларациялаудың
       бағдарламалық кешені арқылы кедендік құжаттардың
        электронды көшірмелерін қалыптастыруға арналған
                 өтініштерді есептеу журналы

Р/с
N

Пайдала-
нушының
атауы

СТТН

КҰЖЖ

Мекен-жайы

Қорғаныс
жапсыр-
маның
коды

е-maіl

Теле-
фон

Іс-жү-
зіндегі

Заңды

1

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

3