Электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 128/164 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 тамызда тіркелді. Тіркеу 3038

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының  12-бабына  сәйкес және  50-1-бабын  жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы  қаулы етеді :
      1. Қоса берілген электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі Ережелері бекітілсін.
      2. Осы қаулы басшылыққа алу үшін облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрайымы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау 
комиссиясының "Электрондық сайлау    
жүйесін Қазақстан Республикасының    
"Қазақстан Республикасындағы сайлау   
туралы" Конституциялық заңымен     
реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың  
тәртібі жөніндегі Ережелерді      
      бекіту туралы"             
2004 жылғы 18 тамыздағы        
N 128/164 қаулысымен бекітілген    

  Электрондық сайлау жүйесін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"
Конституциялық заңымен реттелмейтін
бөлігінде, пайдаланудың тәртібі жөніндегі
Ережелер

      Электрондық сайлау жүйесін пайдаланумен дауыс бергенде төмендегідей ерекшеліктері ескеріліп Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заңының  нормалары қолданылады.

  І. Дауыс беруге арналған үй-жайды безендіру

      1. Сайлау учаскесіндегі дауыс беруге арналған үй-жай Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгілеген сайлау учаскелерінде, дауыс беру пункттерінде электрондық сайлау жүйесін пайдаланумен дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталады.

      2. Сайлау комиссияларының үй-жайларында электрондық сайлау жүйесінің жабдықтарын сақтау үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етіледі.

      3. Дауыс беруге арналған үй-жайларда орнатылған жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың (5-7 кабина) iшiнде: сайлаушыға дауыс беруге арналған терминалды қалай пайдалану керектiгiн түсiндiретiн нұсқаулық, экранында электрондық сайлау бюллетенi көрсетiлетiн дауыс беруге арналған терминал (осы қаулыға 1-қосымшаға сай) орналастырылады. Электрондық сайлау бюллетенiнде кандидаттардың тегi, аты, әкесiнiң аты, сайлау бюллетенiне енгiзiлген және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар атаулары көрсетiледi.
       Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі  N 17/39  қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы  N 91/180  қаулысымен. 

  ІІ. Дауыс беру үшін сайлау учаскесін ашу

      4. Сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан 30 минут бұрын комиссия мүшелерінің қатысуымен:
      1) электрондық сайлау жүйесінің дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексереді;
      2) комиссияның сайлаушыларды есепке алуға, электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны (электрондық сайлау карточкаларын) (осы қаулыға 2-қосымшаға сай) беруге жауапты және осы сайлау учаскесіне келген, бірақ сайлаушылардың тізімінде жоқ, сайлаушылар туралы деректерді анықтау үшін округтiк немесе облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларымен байланыста болатын мүшелерін анықтайды.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 17/39   қаулысымен 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 50/105   қаулысымен .

      4-1. Дауыс беру басталғанға дейін сайлау комиссиясының төрағасы электрондық сайлау жүйесін іске қосудың мөр басылып жабылған паролін ашады және оны енгізу жолымен электрондық сайлау жүйесін іске қосады. Бұл ретте парольдің сақталу шараларының бүтіндігіне алдын-ала көз жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс сенім білдірілген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы
       Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 50/105   қаулысымен .

      5. Сайлау комиссиясының төрағасы сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайындағы сайлаушылардың бір мезгілдегі санын реттейді.
      Сайлаушылардың саны электрондық бюллетеньдердің санынан асып кеткен жағдайда, сайлаушылардың дауыс беруді жүзеге асыруына кедергі келтірілмейтіндей етіп, кезекке тұру белгіленеді.

  ІІІ. Сайлау учаскесінде дауыс беруге жіберу

      6. Сайлаушылардың тiзiмiнде тiркелген сайлаушы сайлау комиссиясының мүшесiне жеке куәлiгiн көрсетедi.
       Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 17/39   қаулысымен .

      7. Сайлау комиссиясының мүшесi штрих-кодты оқу немесе сайлаушы туралы деректердi енгiзу арқылы алынған және компьютер экранында пайда болған мәлiметтердi сайлаушының жеке куәлiгiнде көрсетiлген мәлiметтермен салыстырып тексередi.
       Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 17/39   қаулысымен .

      8. Салыстырып тексеру оң нәтиженi көрсетсе, сайлаушы iске қосылған электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны (сайлаушының электрондық карточкасын) алады.
       Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 17/39   қаулысымен .

      9. <*>
       Ескерту: 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 17/39   қаулысымен .

  ІV. Сайлау учаскесінде дауыс беру

      10. Сайлаушы электрондық дауыс беруді жасырын дауыс беруге арналған кабинада жүзеге асырады, онда Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа адамның қатысуына тыйым салынады.

      11. Дауыс беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      Жасырын дауыс беруге арналған кабинада сайлаушы электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны (сайлаушының электрондық карточкасын) дауыс беруге арналған терминалға салады. Электрондық сайлау бюллетенiнiң экранында (бұдан әрi - экран) дауыс беруге шақыру пайда болған соң, сайлаушы тиiстi жазулар пайда болатын орындардағы экранға басу арқылы дауыс беру тiлiн, содан кейiн өзi дауыс бергiсi келетiн кандидаттың тегiн, аты мен әкесiнiң атын таңдайды.
      Сайлаушы саяси партиялар үшін дауыс бергенде тиісті саяси партияның атауы пайда болатын орындардағы экранға басу арқылы дауыс беру рәсімін қайталайды.
      Сайлаушы дауыс санауда өз дауысының дұрыс есептелгенін тексергісі келсе, ол мынадай іс-әрекет жасайды: экранда оның дауысы қабылданғаны туралы және "Спасибо", "Рахмет" деген жазулар пайда болысымен, бірден "1"- және "2"- кнопкаларды кез келген реттілікте басады. Экранда төрт орынды сан (сайлаушының тексеру коды) пайда болады, ол оны жадында сақтайды не жазып алады. Бұл сан учаскелік сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасына қоса берілетін басылымға жазылатын болады.
       Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі  N 17/39 , 2007 жылғы 27 маусымдағы  N 91/180  қаулыларымен. 

      12. Жасырын дауыс беруге арналған кабинада дауыс берген сайлаушы электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны (сайлаушының электрондық карточкасын) дауыс беруге арналған терминалдан шығарады және дауыс беру нәтижелерiн учаске компьютерiне есепке қосу үшiн оны дереу сайлаушының қатысуымен жинақтаушыға (осы қаулыға 3-қосымшаға сай) салатын сайлау комиссиясының мүшесiне бередi.
       Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 17/39   қаулысымен .

      13. Дауыс беру үшін сайлау учаскесіне келе алмайтын және үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді өтініп жазбаша арыз берген сайлаушылар тасымалданатын электрондық бюллетеннің көмегімен дауыс береді.
      Берілген арыздарға сәйкес, үй-жайдан тыс жерде дауыс беретін сайлаушылар туралы деректерді, учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру үшін екі жүзден кем емес сайлаушыға арналған жады бар тасымалданатын электрондық бюллетеньге енгізеді. Дауыс беру Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының  41-бабының  6 тармағында белгіленген ережелерге сәйкес өткізіледі.

      14. Электрондық дауыс беруге және дауыстарды санауға кедергі келтіретін техникалық ақаулар туындаған жағдайда сайлау комиссиясы бағдарламаны қайта қосу туралы шешім қабылдауға құқылы, ол хаттамамен ресімделеді және оған сайлау комиссиясының мүшелері қол қояды. Бұл шешімнің орындалуы электрондық сайлау жүйесін пайдалануды қамтамасыз ететін маманға жүктеледі.

      15. Егер жабдықтың техникалық жай-күйі сайлауды тиісті дәрежеде өткізуге мүмкіндік бермесе, онда тиісті сайлау учаскесінде дауыс беру Орталық немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен ақауларды жоюға және дауыс беруді ұйымдастыруға қажетті мерзімге кейінге қалдырылады.

  V. Электрондық сайлау жүйесін пайдаланған кезде
дауыстарды санау

      16. Электрондық дауыс беруді пайдаланған кезде дауыстарды санау электрондық сайлау жүйесімен жүргізіледі.

      17. Дауыстарды санау, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының  50-6-бабына  сәйкес, осы учаскеде дауыс беру аяқталысымен дереу басталады, бірақ осы учаскедегі дауыс беруге арналған барлық құрылғылардағы деректер электрондық сайлау жүйесіне енгізілмей тұрып басталмауы керек.

      18. Дауыстарды санау туралы мәліметтер дауыс беру туралы деректер құрылғысында тіркелуге тиіс.

      19. Сайлау комиссиясының мүшелері қол қойған электрондық хаттаманың қағаздағы көшірмесі сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшін арнайы белгіленген орынға ілінеді және үй-жайда екі күн бойы тұрады.
      Электрондық хаттаманың көшірмесіне өздерінің дауыстары есептелуінің дұрыстығын тексергісі келетін сайлаушылар үшін төрт орынды нөмірлермен (сайлаушының тексеру коды) басылым қоса тіркеледі.

      20. Сайлау учаскесіндегі электрондық дауыс беру нәтижелері туралы ақпарат электрондық жүйемен электрондық хаттамаға енгізіліп, ол комиссия төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.

      21. Дауыстарды санау кезінде қатысқан адамның тілегі бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, тиісті сайлау комиссиясының мөрімен расталған, электрондық дауыс беру нәтижелері туралы электрондық хаттаманың қағазға түсірілген көшірмесі беріледі.

Қазақстан Республикасы      
Орталық сайлау комиссиясының   
2004 жылғы 18 тамыздағы     
N 128/164 қаулысымен бекітілген 
электрондық сайлау жүйесін    
Қазақстан Республикасының    
"Қазақстан Республикасындағы   
сайлау туралы" Конституциялық  
заңымен реттелмейтін бөлігінде 
пайдаланудың тәртібі жөніндегі 
Ережелерге қосымша       

       Қосымшаның суретін қағаз мәтіннен қараңыз
      Ескерту: Қосымша алынып тасталды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 17/39   қаулысымен .

Қазақстан Республикасы    
Орталық сайлау комиссиясыны 
 2004 жылғы 18 тамыздағы   
N 128/164 қаулысына 1-қосымша 

       Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 17/39   қаулысымен .

Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып дауыс
беру кезінде қолданылатын дауыс беру терминалы

( суретті қағаз мәтінінен қараңыз )

Қазақстан Республикасы     
Орталық сайлау комиссиясының  
2004 жылғы 18 тамыздағы     
N 128/164 қаулысына 2-қосымша

       Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 17/39   қаулысымен

Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып
дауыс беру кезінде қолданылатын сайлаушының
электрондық карточкасы

( суретті қағаз мәтінінен қараңыз )

Қазақстан Республикасы     
Орталық сайлау комиссиясының  
2004 жылғы 18 тамыздағы     
N 128/164 қаулысына 3-қосымша 

       Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 17/39   қаулысымен .

Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып
дауыс беру кезінде қолданылатын жинақтаушы

    ( суретті қағаз мәтінінен қараңыз )