Электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 128/164 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 тамызда тіркелді. Тіркеу 3038

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының  12-бабына  сәйкес және  50-1-бабын  жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
      1. Қоса берілген электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі Ережелері бекітілсін.
      2. Осы қаулы басшылыққа алу үшін облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрайымы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау 
комиссиясының "Электрондық сайлау    
жүйесін Қазақстан Республикасының    
"Қазақстан Республикасындағы сайлау   
туралы" Конституциялық заңымен     
реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың  
тәртібі жөніндегі Ережелерді      
      бекіту туралы"             
2004 жылғы 18 тамыздағы        
N 128/164 қаулысымен бекітілген    

  Электрондық сайлау жүйесін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"
Конституциялық заңымен реттелмейтін
бөлігінде, пайдаланудың тәртібі жөніндегі
Ережелер

      Электрондық сайлау жүйесін пайдаланумен дауыс бергенде төмендегідей ерекшеліктері ескеріліп Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заңының  нормалары қолданылады.

  І. Дауыс беруге арналған үй-жайды безендіру

      1. Сайлау учаскесіндегі дауыс беруге арналған үй-жай Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгілеген сайлау учаскелерінде, дауыс беру пункттерінде электрондық сайлау жүйесін пайдаланумен дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталады.

      2. Сайлау комиссияларының үй-жайларында электрондық сайлау жүйесінің жабдықтарын сақтау үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етіледі.

      3. Дауыс беруге арналған үй-жайларда орнатылған дауыс беруге арналған кабиналардың (4-5 кабина) ішінде: сайлаушыға электрондық сайлау бюллетенін қалай пайдалану керектігін түсіндіретін нұсқаулық, сайлау бюллетеніне енгізілген депутаттыққа кандидаттардың тегі, аты және әкесінің аты, саяси партиялардың және сайлау блоктарының атаулары жазылған планшет орналастырылады. Планшеттегі әрбір кандидаттың аты-жөніне, саяси партияның және сайлау блогінің атауына қарсы оң жақта тиісті штрих-код жазылған.

  ІІ. Дауыс беру үшін сайлау учаскесін ашу

      4. Сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан 30 минут бұрын комиссия мүшелерінің қатысуымен:
      1) электрондық сайлау жүйесінің дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексереді;
      2) комиссияның сайлаушыларды есепке алуға, электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны беруге жауапты және осы сайлау учаскесіне келген, бірақ сайлаушылардың тізімінде жоқ, сайлаушылар туралы деректерді анықтау үшін округтік сайлау комиссиясымен байланыста болатын мүшелерін анықтайды;
      3) сайлау жүйесін қосудың мөр басылып жабылған паролін ашады және электрондық сайлау жүйесін оны енгізу жолымен іске қосады. Бұл ретте қатысушыларға парольдің сақталу шараларының бүтіндігіне алдын ала көз жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

      5. Сайлау комиссиясының төрағасы сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайындағы сайлаушылардың бір мезгілдегі санын реттейді.
      Сайлаушылардың саны электрондық бюллетеньдердің санынан асып кеткен жағдайда, сайлаушылардың дауыс беруді жүзеге асыруына кедергі келтірілмейтіндей етіп, кезекке тұру белгіленеді.

  ІІІ. Сайлау учаскесінде дауыс беруге жіберу

      6. Дауыс беру үшін сайлау учаскесіне келген сайлаушы сайлау комиссиясының мүшесіне штрих-код жапсырылған жеке куәлігін көрсетеді.

      7. Сайлау комиссиясының мүшесі штрих-кодты оқитын құрылғыға (сканерге) жақындатады да сайлаушы туралы компьютердің экранында пайда болған деректерді, азаматтың жеке куәлігінде көрсетілген деректермен, салыстырып тексереді.

      8. Сайлаушы сайлаушылардың тізімінде бар болса, электрондық бюллетеньдердің біреуі белсенділендіріледі де сайлаушыға белсенділендірілген электрондық бюллетеньдердің кез келгені дауыс беру үшін беріледі.

      9. Осы сайлау учаскесінің сайлаушыларының тізімінде сайлаушы болмаған жағдайында, ол округтік сайлау комиссиясымен байланыста отырған сайлау комиссиясының мүшесіне жүгінеді.
      Сайлау комиссиясының мүшесі округтік сайлау комиссиясынан сайлаушының тіркелген орнын, оның сайлау учаскесінің нөмірін, сол сайлау учаскесі орналасқан елді мекенді анықтайды да сайлаушыны хабардар етеді.

  ІV. Сайлау учаскесінде дауыс беру

      10. Сайлаушы электрондық дауыс беруді жасырын дауыс беруге арналған кабинада жүзеге асырады, онда Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа адамның қатысуына тыйым салынады.

      11. Дауыс беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      Сайлаушы электрондық сайлау бюллетенін планшеттегі өзі дауыс бергісі келетін кандидаттың штрих-кодының жоғарғы қиындысына жақын әкеледі де оны "3"-кнопканың көмегімен оқытады. Электрондық сайлау бюллетенінің экранында кандидаттың аты-жөні пайда болғанда өзінің таңдауын "1"-кнопканы басумен растайды. Егер сайлаушы өз таңдауын растағысы келмесе және басқа кандидатқа дауыс бермекші болып шешсе, ол "2"-кнопканы басады да дауыс беру рәсімін қайталайды (осы Ережелерге қосымша).
      Сайлаушы саяси партиялар мен сайлау блоктары үшін дауыс бергенде тиісті саяси партияның немесе сайлау блогінің штрих-коды оқытылған кезде дауыс беру рәсімін қайталайды.
      Сайлаушы дауыс санауда өз дауысының дұрыс есептелгенін тексергісі келсе, ол мынадай іс-әрекет жасайды: экранда оның дауысы қабылданғаны туралы және "Спасибо", "Рахмет" деген жазулар пайда болысымен, бірден "1"- және "2"- кнопкаларды кез келген реттілікте басады. Экранда төрт орынды сан (сайлаушының тексеру коды) пайда болады, ол оны жадында сақтайды не жазып алады. Бұл сан учаскелік сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасына қоса берілетін басылымға жазылатын болады.

      12. Дауыс беруге арналған кабинада дауыс берген сайлаушы электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны сайлау комиссиясының мүшесіне береді.

      13. Дауыс беру үшін сайлау учаскесіне келе алмайтын және үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді өтініп жазбаша арыз берген сайлаушылар тасымалданатын электрондық бюллетеннің көмегімен дауыс береді.
      Берілген арыздарға сәйкес, үй-жайдан тыс жерде дауыс беретін сайлаушылар туралы деректерді, учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру үшін екі жүзден кем емес сайлаушыға арналған жады бар тасымалданатын электрондық бюллетеньге енгізеді. Дауыс беру Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының  41-бабының  6 тармағында белгіленген ережелерге сәйкес өткізіледі.

      14. Электрондық дауыс беруге және дауыстарды санауға кедергі келтіретін техникалық ақаулар туындаған жағдайда сайлау комиссиясы бағдарламаны қайта қосу туралы шешім қабылдауға құқылы, ол хаттамамен ресімделеді және оған сайлау комиссиясының мүшелері қол қояды. Бұл шешімнің орындалуы электрондық сайлау жүйесін пайдалануды қамтамасыз ететін маманға жүктеледі.

      15. Егер жабдықтың техникалық жай-күйі сайлауды тиісті дәрежеде өткізуге мүмкіндік бермесе, онда тиісті сайлау учаскесінде дауыс беру Орталық немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен ақауларды жоюға және дауыс беруді ұйымдастыруға қажетті мерзімге кейінге қалдырылады.

  V. Электрондық сайлау жүйесін пайдаланған кезде
дауыстарды санау

      16. Электрондық дауыс беруді пайдаланған кезде дауыстарды санау электрондық сайлау жүйесімен жүргізіледі.

      17. Дауыстарды санау, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының  50-6-бабына  сәйкес, осы учаскеде дауыс беру аяқталысымен дереу басталады, бірақ осы учаскедегі дауыс беруге арналған барлық құрылғылардағы деректер электрондық сайлау жүйесіне енгізілмей тұрып басталмауы керек.

      18. Дауыстарды санау туралы мәліметтер дауыс беру туралы деректер құрылғысында тіркелуге тиіс.

      19. Сайлау комиссиясының мүшелері қол қойған электрондық хаттаманың қағаздағы көшірмесі сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшін арнайы белгіленген орынға ілінеді және үй-жайда екі күн бойы тұрады.
      Электрондық хаттаманың көшірмесіне өздерінің дауыстары есептелуінің дұрыстығын тексергісі келетін сайлаушылар үшін төрт орынды нөмірлермен (сайлаушының тексеру коды) басылым қоса тіркеледі.

      20. Сайлау учаскесіндегі электрондық дауыс беру нәтижелері туралы ақпарат электрондық жүйемен электрондық хаттамаға енгізіліп, ол комиссия төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.

      21. Дауыстарды санау кезінде қатысқан адамның тілегі бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, тиісті сайлау комиссиясының мөрімен расталған, электрондық дауыс беру нәтижелері туралы электрондық хаттаманың қағазға түсірілген көшірмесі беріледі.

Қазақстан Республикасы      
Орталық сайлау комиссиясының   
2004 жылғы 18 тамыздағы     
N 128/164 қаулысымен бекітілген 
электрондық сайлау жүйесін    
Қазақстан Республикасының    
"Қазақстан Республикасындағы   
сайлау туралы" Конституциялық  
заңымен реттелмейтін бөлігінде 
пайдаланудың тәртібі жөніндегі 
Ережелерге қосымша       

       Қосымшаның суретін қағаз мәтіннен қараңыз