Банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
қаулы етеді
:
1. Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру және банктің есеп айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу ережесі (осы қаулының 1-қосымшасы) және банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесі (осы қаулының 2-қосымшасы) бекітілсін.
2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева Ж.Р.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және банктерге жіберсін.
5. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есеп айырысу-касса бөлімдерін құрған банктер Агенттігіне осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде операциялардың нақты түрін көрсете отырып, осы қаулының 1-қосымшасының 3-тарауында көзделген тиісті құжаттарды ұсына отырып, осы есеп айырысу-касса бөлімдеріне заемдық, сейфтік операцияларды, банк кепілдіктерін беру операцияларын жүзеге асыру бойынша өкілдіктер беру туралы хабардар етсін.
6. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Төраға
___________________________
___________________________
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)
Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының "Банкті
ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын
ашуға келісім беру және банктің есеп
айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу
ережесін және банктік әрі банктер
жүзеге асыратын өзге операцияларды
жүргізуге лицензияны беру, тоқтата
тұру және қайтарып алу ережесін
бекіту туралы" 2004 жылғы
12 шілдедегі N 197 қаулысына
1-қосымша
Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын
ашуға келісім беру және банктің есеп айырысу
касса бөлімдерін ашу, жабу ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Ереже " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы ", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру тәртібін, сондай-ақ банктердің есеп айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Банкті ашуға рұқсат беру тәртібі
1. Банкті ашуға рұқсат алу үшін банктің құрылтайшылары уәкілетті органға Банктер туралы Заңның
19-бабында
көзделген құжаттарды ұсынады.
Құрылтайшылар жөніндегі мәліметтерде мыналар болуы тиіс:
1) заңды тұлға - құрылтайшылар үшін:
осы Ереженің 1-қосымшасына сай мәліметтер, оларға заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі және құрылтай құжаттарының (жарғының, құрылтай шартының) нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі;
Банктер туралы Заңның 19-бабының 4-тармағында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын ақпарат;
2) жеке тұлға - құрылтайшылар үшін:
осы Ереженің 2-қосымшасына сай мәліметтер, оларға кіріс туралы декларацияның нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.
2. Банктің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындалу (сайлану) үшін ұсынылатын адамдар туралы мәліметтер банктің басшы қызметкерін келісу тәртібін реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
3. Құрылтайшылар Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қатысуымен банкті және шетелдің қатысуымен банкті құрған кезде Банктер туралы Заңның 19-бабында белгіленген құжаттар тізбесіне қосымша Банктер туралы Заңның 21 және 22-баптарында көзделген құжаттарды ұсынады. Резидент банктердің және резидент емес банктердің еншілес банктерін ашу Банктер туралы Заңның 12- 28-баптарында және Ереженің осы тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Банктің құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) барлық даналарының бірінші беті былайша куәландырылады: "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) ______________".
Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі.
5. Уәкілетті орган банкті ашуға рұқсат беру туралы өтінішті өтініш беруші соңғы қосымша ақпаратты немесе уәкілетті орган сұратқан құжатты ұсынған күннен бастап үш ай ішінде, бірақ өтінішті қабылдаған күннен бастап алты айдан артық емес қарайды.
6. Уәкілетті орган өтініш берушіні қабылдаған шешім туралы жазбаша хабардар етеді. Хабарлама банкті ашуға рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі.
7. Банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту Банктер туралы Заңның
24-бабында
көрсетілген негіздер бойынша жасалады.
Банкті ашуға рұқсат Банктер туралы Заңның
49-бабында
көрсетілген негіздер бойынша қайтарылып алынады.
Банкті ашуға рұқсат беру, беруден бас тарту және қайтарып алу туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.
3-тарау. Банк филиалын ашуға келісім беру тәртібі
8. Банк филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан және банкiнiң атынан банк операцияларын жүзеге асыратын және өзiне банк берген өкiлеттiк шегiнде әрекет ететiн банк бөлiмшесi.
Банк филиалының банкiмен бiрыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетiн атауы болады. Шетелдің қатысуымен банк филиалын ашу Ереженің осы тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
9. Банк филиалды ашу мәселесі бойынша уәкілетті органға құжаттардың толық пакетін ұсыну және Банктер туралы Заңның
29-бабының
3 тармағында көзделген талаптарды орындау шартымен хабарласады. Филиал сейф және/немесе касса операцияларын жүзеге асырған жағдайда банк сейфтермен және сейф және/немесе касса жәшіктерінің арнайы блоктарымен жабдықталған филиалдың құндылықтар қоймасының дайындығын, сондай-ақ құжаттар мен құндылықтарды сейфке салғанға дейін клиенттердің солармен жұмыс істеуге арналған кабиналардың дайындығын растайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) қорытындысын және тексеру актісін және олардың Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін ұсынады.
Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 322
қаулысымен
.
11. Уәкілетті органның филиалды ашуға келісім беруден бас тарту туралы шешімі Банктер туралы Заңның 29-бабының 5-тармағында көзделген негіздер бойынша қабылданады және өтініш берушіге бас тартудың себептерін көрсете отырып жазбаша түрде жіберіледі.
Уәкілетті орган банктің уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді филиалды ашу туралы өтінішті бергенге дейін келесі үш ай ішінде орындауын ескереді.
12. Банк филиалдары туралы ережелердің барлық даналарының бірінші беті былайша куәландырылады: "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) ______________".
Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі.
4-тарау. Банктің есеп айырысу-касса
бөлімдерін ашуға, жабуға келісім беру тәртібі
13. Банктiң есеп айырысу-касса бөлiмi - уәкiлеттi органның келiсiмi негiзiнде құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын, филиалдық не өкiлдiк мәртебесi жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн орындайтын банктің аумақтық оқшауланған бөлiмшесi.
Есеп айырысу-касса бөлімі уәкілетті органның келісімімен банктің уәкілетті органның шешімі бойынша құрылып, Қазақстан Республикасының заңдарына, банктің ішкі ережелеріне және осы Ережеге сәйкес әрекет етеді.
14. Есеп айырысу-касса бөлімі тек банктің өзі орналасқан немесе оның филиалы бар әкімшілік-аумақтық бірлігі (облыс) шегінде ғана құрылады.
Егер банк немесе оның филиалы Астана және Алматы қалаларында орналасқан жағдайда, банк тиісінше Ақмола және Алматы облыстары шегінде өзінің есеп айырысу-касса бөлімдерін аша алады.
15. Банк басшылығы өзі ашатын есеп айырысу-касса бөлімінің қызметі үшін толық жауап береді. Есеп айырысу-касса бөлімдері оларға берілген сенімхат шегінде банк операцияларының мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) жеке және заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргiзу;
2) заем операциялары: төлем жасалу, мерзiмдік және қайтарылу шартымен жеке тұлғаларға және дербес әрі шағын кәсіпкерлік, микробизнес субъектілеріне ақшалай кредиттер беру;
3) жеке тұлғаларға және дербес әрі шағын кәсіпкерлік, микробизнес субъектілеріне ақшалай орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру;
4) касса операциялары: банкноттар мен монеталарды ұсату, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, қаттап буу, сақтау және кейіннен беру мақсатында оларды қабылдау жөнінде қызметтер көрсету;
5) сейф операциялары: клиенттердiң құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау, оған қоса сейф жәшiктерiн, шкафтар мен бөлмелердi жалға беру жөнiнде қызмет көрсету;
6) аударым операциялары: ақша аударымы бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау;
7) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру. Есеп айырысу-касса бөлімдері шетел валютасымен айырбастау операцияларын Қазақстан Республикасының
валюта
заңдарының талаптарын ескере отырып жүзеге асырады.
Ескерту: 15-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 220
қаулысымен
,
2005 жылғы 27 тамыздағы N 322
қаулысымен
.
16. Есеп айырысу-касса бөлімдері оларға берілген сенімхат шегінде мынадай қызмет түрлерімен айналыса алады:
1) кез келген ақпарат тасымалдаушыларында банк қызметінің мәселелері жөнінде арнайы әдебиетті сату;
2) Қазақстан Республикасы резиденттерінің - сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау);
3) қаржы қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;
4) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін қолданылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді сату.
17. Есеп айырысу-касса бөлімдері Қазақстан Республикасының банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін қызметтік үй-жайларда (ғимараттарда) орналасуы тиіс. Сейф операцияларын жүзеге асыру үшін есеп айырысу-касса бөлімдерінің үй-жайлары жабдықталуы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келуі тиіс.
18. Есеп айырысу-касса бөлімдері басқа банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда банк шоттарын аша алмайды.
Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 220
қаулысымен
.
19. Банк есеп айырысу-касса бөлімін ашу туралы шешім қабылданғаннан кейін бiр ай ішінде уәкілетті органға есеп айырысу-касса бөлімін ашуға келісім беру туралы өтінішпен хабарласады. Есеп айырысу-касса бөлімі уәкілетті органның оны ашуға келісімін алғаннан кейін осы Ережеде көзделген операцияларды жүзеге асырады.
Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 220
қаулысымен
.
20. Есеп айырысу-касса бөлімін ашуға келісім беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) банктің уәкілетті органының есеп айырысу-касса бөлімі өз қызметін банктің уәкілетті органы бекіткен есеп айырысу-касса бөлімі туралы ереженің негізінде жүзеге асыратындығын көрсете отырып, есеп айырысу-касса бөлімін ашу туралы шешімі;
2) банк есеп айырысу-касса бөлімінің жауапты қызметкеріне берген және банк операцияларын жүргізуге өкілеттігін растайтын сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
3) касса торабының дайындығын, есеп айырысу-касса бөлімінің клиенттерге қызмет көрсету үй-жайының техникалық жабдықталуын растайтын Ұлттық Банктің қорытындысы және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі мен есеп айырысу-касса бөлімінің үй-жайын тексеру актісі;
4) есеп айырысу-касса бөлімі жұмыс істеп тұрған басқа банктің немесе банк филиалының ғимаратында орналасқан жағдайда сол банктің тиісті жазбаша келісімі ұсынылады;
5) егер есеп айырысу-касса бөлімі сейф операцияларын жүзеге асыруды жоспарлаған жағдайда, сейфтермен және сейф жәшіктерінің арнайы блоктарымен жабдықталған есеп айырысу-касса бөлімінің құндылықтар қоймасының дайындығын, сондай-ақ құжаттар мен құндылықтарды сейфке салынғанға дейін клиенттердің солармен жұмыс істеуге арналған кабиналардың дайындығын растайтын Ұлттық Банктің қорытындысы және тексеру актісі және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін ұсынады;
6) банк есеп айырысу-касса бөліміне осы Ереженің 15-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асыру жөнінде өкілеттіктер берген кезде, басқалармен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:
есеп айырысу-касса бөлімдерінің заем операцияларын және банк кепілдіктерін беру операцияларын жүзеге асыру бойынша операцияларды реттейтін банктің кредит саясатының болуын, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде есеп айырысу-касса бөлімдерінің мұндай операцияларды жүргізуге байланысты бағалауды, өлшеуді, бақылауды және мониторингіні жүзеге асыруын растайтын құжатты;
есеп айырысу-касса бөлімінің жауапты қызметкерінің кредиттеуді жүзеге асыратын банк бөлімшелерінде бір жылдан кем емес жұмыс стажын растайтын құжатты не кредиттеу мәселелері бойынша білімін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Ескерту: 20-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 220
қаулысымен
,
2005 жылғы 27 тамыздағы N 322
қаулысымен
.
20-1. Банктің бұрын құрылған есеп айырысу-касса бөліміне осы ереженің 15-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асыру бойынша өкілеттік беру тек осы Ереженің тиісінше 20-тармағының 6) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынғанда ғана мүмкін болады.
Банктің бұрын құрылған есеп айырысу-касса бөліміне осы ереженің 15-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асыру бойынша өкілеттік беру үшін ұсынылған құжаттарды қарау осы Ереженің 21-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Ескерту: 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 322
қаулысымен
.
21. Банктің есеп айырысу-касса бөлімін ашуға келісім беру туралы өтініші осы Ереженің 20-тармағында көзделген құжаттардың толық пакеті келіп түскен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қаралады.
22. Уәкілетті орган кез келген мынадай негіздер бойынша есеп айырысу-касса бөлімін ашуға келісім беруден бас тартады:
1) банктің соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша шығынды қызметі, есеп айырысу-касса бөлімін ашу туралы шешімді қабылданар алдындағы келесі үш ай ішінде пруденциалдық нормативтерді және ашылатын есеп айырысу-касса бөлімін ескере отырып банктің меншікті капиталының ең аз мөлшеріне қойылатын талаптарды орындамауы;
2) осы Ереженің 20-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбауы.
23. Уәкілетті орган банкке жазбаша түрде есеп айырысу-касса бөлімін ашуға келісім беруден дәлелді бас тартуды жібереді.
24. Банктің есеп айырысу-касса бөлімін ашуға келісімді уәкілетті орган:
1) банк есеп айырысу-касса бөлімін ашқан кезде ұсынған құжаттарда шынайы емес мәліметтер анықталған жағдайда;
2) банк меншікті капиталдың ең аз мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда;
3) есеп айырысу-касса бөлімі оған берілген өкілеттік шегінен тыс операцияларды және өзге де қызметті орындаған жағдайда;
4) банктің уәкілетті органының есеп айырысу-касса бөлімін жабу туралы шешімі негізінде қайтарып алады.
25. Уәкілетті орган осы Ереженің 24-тармағында көзделген негіздер бойынша банктің есеп айырысу-касса бөлімін ашуға келісім беруден бас тартқан жағдайда банк есеп айырысу-касса бөлімін ашуға келісім беруден бас тартуды алған сәттен бастап банк операцияларын жүргізуді тоқтатады.
26. Банктің уәкілетті органы есеп айырысу-касса бөлімін жабу туралы шешімді қабылдаған жағдайда, банк мұндай шешімді осы мәселе бойынша тиісті шешімді ұсына отырып ол қабылданған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға жібереді. Банктің аталған шешімінде есеп айырысу-касса бөлімін жабу себептері болуы тиіс.
27. Банктің уәкілетті органы есеп айырысу-касса бөлімінің орналасқан жерін өзгерту туралы шешімді қабылдаған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға көрсетілген шешіммен және осы Ереженің 3) тармақшасында, ал сейф операцияларын жүргізген жағдайда 5) тармақшада көзделген құжаттармен қоса есеп айырысу-касса бөлімінің орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі хабарламаны жібереді. Есеп айырысу-касса бөлімі өзінің жаңадан орналасқан жері бойынша банк операцияларын уәкілетті органмен орналасқан жерін өзгерткендігін келіскеннен кейін жүргізе алады. Уәкілетті органның келісімі негізінде ашылған есеп айырысу-касса бөлімінің орналасқан жерін өзгертуі есеп айырысу-касса бөлімі өзі орналасқан бір әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде жол беріледі.
29. Уәкілетті орган осы Ережеде көзделген тазартуы не қосып жазуы, өшірілген сөздері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.
30. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Банкті ашуға рұқсат беру,
банк филиалдарын ашуға
келісім беру және банктің
есеп айырысу-касса
бөлімдерін ашу, жабу
ережесіне 1-қосымша
Құрылтайшы туралы мәліметтер
(заңды тұлға)
______________________ 200__ жылғы "___"__________________
(банктің атауы)
1. Құрылтайшы_____________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
2. Банктің мекен-жайы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(почтасының индексі, қаласы, көшесі, байланыс телефоны)
3. Мемлекеттік тіркеу
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, кім берген)
4. Қызметінің түрі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(негізгі қызмет түрлерін көрсетіңіз)
5. Резидент Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табыла
ма (қажеттінің астын сызыңыз)
6. Резидент емес құрылтайшының Қазақстан Республикасының резидент
банкінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсаты
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(құжаттың атауын, нөмірін және күнін көрсетіп,
осы құжаттың көшірмесі қоса берілсін)
7. Құрылтайшы-ұйымның басшысы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(Фамилиясы, аты-жөні, туған күні, жылы)
8. Білімі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(оқу орнын, бітірген жылын, мамандығын көрсетіңіз)
9. Еңбек жолы туралы қысқаша түйіндеме
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген уақыты)
10. Соңғы үш күнтізбелік жылда ұйымда (құрылтайшыда) ірі қаржы
проблемалары, оның ішінде банкроттық, жұмысын доғару, санация
болды ма
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(олардың пайда болу себептері)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(бұл мәселелерді шешу нәтижелері)
11. Банк құрылтайшысы барлық акциялардың он немесе одан да көп
проценттерін тікелей немесе жанама түрде иеленетін ұйымдарды
көрсетіңіз:
1) ұйымның аты немесе орналасқан жері
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2) қызметінің түрі (қызмет түрлерін атаңыз)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3) осы ұйымның жарғылық капиталына қатысуы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Ұйым басшысының
қолы _________________ күні _________________
Мөр орны
Банкті ашуға рұқсат беру,
банк филиалдарын ашуға
келісім беру және банктің
есеп айырысу-касса
бөлімдерін ашу, жабу
ережесіне 2-қосымша
Сурет (3 х 4 сантиметр)
Құрылтайшы туралы мәліметтер
(жеке тұлға)
______________________ 200__ жылғы "___"__________________
(банктің атауы)
1. Құрылтайшы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(фамилиясы, аты-жөні)
2. Туған күні
__________________________________________________________________
3. Туған жері
__________________________________________________________________
4. Азаматтығы
__________________________________________________________________
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
6. Тұрғылықты жері
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
7. Жұмыс орны, қызметі
__________________________________________________________________
8. Телефон нөмірі (кодын көрсетіңіз, жұмыс және үй телефоны)
__________________________________________________________________
9. Білімі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(оқу орнын, бітірген жылын, мамандығын көрсетіңіз)
10. Еңбек жолы туралы қысқаша түйіндеме
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген уақыты)
11. Салық органы берген декларацияда көрсетілген кіріс мөлшері
__________________________________________________________________
Қолы _______________ күні _______________
Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының "Банкті
ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын
ашуға келісім беру және банктің есеп
айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу
ережесін және банктік әрі банктер
жүзеге асыратын өзге операцияларды
жүргізуге лицензияны беру, тоқтата
тұру және қайтарып алу ережесін
бекіту туралы" 2004 жылғы
12 шілдедегі N 197 қаулысына
2-қосымша
Банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды
жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу
ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже " Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы ", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", " Лицензиялау туралы ", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру, тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібін (бұдан әрі - лицензия) белгілейді.
2. Банк Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген оның құзыретінің шегіндегі қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган беретін лицензияның негізінде өз қызметін жүзеге асырады.
3. Лицензияны осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларында белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган береді.
4. Лицензияны қайта ресімдеу "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының
Заңымен
белгіленген негіздеме бойынша жүргізіледі. Лицензияны қайта ресімдеу үшін банк уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті;
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжатты;
3) банк атауының өзгергенін куәландыратын құжатты береді.
Уәкілетті орган банк тиісті жазбаша өтінішті берген күннен бастап он күннің ішінде лицензияны қайта ресімдейді.
5. Уәкілетті орган осы Ереженің 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша берілген, тоқтата тұрылған және қайтарылып алынған лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
6. Уәкілетті орган банк лицензияны жоғалтқанда банктің жазбаша өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күннің ішінде лицензияның дубликатын береді.
Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 322
қаулысымен
.
2-тарау. Банкті ашқан кезде банк операцияларын
жүргізуге лицензия беру тәртібі
7. Банктер туралы заңның
26-бабының
2-тармағының талаптарын орындаған кезде банк уәкілетті органға лицензия беру туралы еркін түрдегі өтінішті, оған:
1) лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжатты (төлем тапсырмасы);
2) банктің бастапқы жарғылық капиталының төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмесін (төлем тапсырмалары, кіріс кассалық ордерлері);
3) Касса торабының дайындығын, клиенттердің қызмет көрсетуі жөніндегі және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес банктің үй-жайын техникалық жарақтандыруды растайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) қорытындысы (қымбат металдармен жасалатын операцияларды жүзеге асыру кезінде - Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген техникалық беріктік пен қорғалатын объектілерді сигнализациямен жабдықтауға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мемлекеттік қорғау қызметі мен өрт қызметі бөлімшелерінің сәйкесетін тексеруінен кейін қол қойылған банктің жүк (қойма) құндылығын қорғау, өрт және дабыл сигнализациясының құралдарын пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін бере отырып).
8. Уәкілетті орган банктен құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде Банктер туралы заңның 30-бабының 2-тармағы к), л), н), о), п)-тармақшаларында көрсетілген банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы банк өтінішінің көшірмесін және осы Ережемен көзделген өзге құжаттарды Ұлттық Банкке жібереді. Ұлттық Банк өзінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қорытындыны олар белгілеген мерзімнің ішінде береді. Уәкілетті орган Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес Ұлттық Банктің қорытындысында көрсетілген құжаттарды банктен қосымша талап ете алады.
9. Лицензияны беру туралы өтінішті Банктер туралы Заңның 26-бабында көзделген мерзімде уәкілетті орган қарайды. Құжаттардың толық емес пакетін берген жағдайда өтінішті беру мерзімі осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көзделген құжаттардың толық пакеті түскен кезден есептеледі.
3-тарау. Банк операцияларының қосымша түрлерін
жүргізуге лицензия беру тәртібі
10. Банктер туралы заңның
26-бабының
2-1-тармақтарының талаптарын орындау кезінде банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізуге лицензия алу үшін лицензия беру туралы өтінішпен бір мезгілде банк мынадай құжаттарды:
1) касса, сейф операцияларына және шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия беру кезінде осы Ереженің 7-тармағы 3)-тармақшасының талаптарын орындауды растайтын;
2) лицензиялық алымның (төлем тапсырмасы) төленгенін растайтын.
11. Банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізуге лицензия беру туралы банктің өтінішін қараған кезде уәкілетті орган осы Ереже белгілеген тәртіпті басшылыққа алады.
12. Банкке операциялардың қосымша түрлеріне лицензияны бергенде, банкке жаңа лицензия беріледі, оған операциялардың қосымша түрлерін қоса отырып. Банк операцияларын жүргізуге берілген банктің бұрынғы лицензиясы уәкілетті органға қайтарылуы тиіс.
4-тарау. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын
жүргізуге лицензияны тоқтата тұру не қайтарып алу
13. Лицензияны тоқтата тұруды не қайтарып алуды уәкілетті орган Банктер туралы заңның 48-бабында көзделген негіздемелердің кез келгені бойынша жүргізеді.
14. Уәкілетті орган барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады. Банктің лицензиясын тоқтата тұруды не қайтарып алуды Банктер туралы заңның 46-бабында көзделген бұрын оған қолданған әсер етудің шектелген шараларына қатыссыз уәкілетті орган жүргізеді.
15. Лицензияны тоқтата тұру не қайтарып алу туралы уәкілетті органның шешімі банкке орындалу үшін жіберіледі.
16. Лицензиясы тоқтата тұрылған банк ай сайын лицензияны тоқтата тұру туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың онында анықталған жөнсіздіктерді жою жөнінде банк өткізген іс-шаралар туралы уәкілетті органға хабарлайды.
17. Сотқа лицензия қайтарылып алынған жағдайда банкті еріксіз тарату туралы материалдарды уәкілетті органның жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді.
18. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Банктік әрі банктер жүзеге
асыратын өзге операцияларды
жүргізуге лицензия беру,
тоқтата тұру және қайтарып
алу ережесінің 1-қосымшасы
Қазақстан Республикасының
елтаңбасы
Уәкілетті органның толық атауы
Банктік әрі банктер ұлттық валютамен жүзеге
асыратын өзге операцияларды жүргізуге
ЛИЦЕНЗИЯ
Лицензияның нөмірі _______
Берілген күні ______________ жылғы "____" ______________
____________________________________
банктің толық атауы, орналасқан жері
Осы лицензия ұлттық валютамен мынадай операциялардың түрлерін
жүргізу құқығын береді:
1) банк операцияларын:
2) банк заңдарында көзделген өзге операцияларды:
Лицензияны үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Алматы қаласы
Банктік әрі банктер жүзеге
асыратын өзге операцияларды
жүргізуге лицензия беру,
тоқтата тұру және қайтарып
алу ережесінің 2-қосымшасы
Қазақстан Республикасының
елтаңбасы
Уәкілетті органның толық атауы
Банктік әрі банктер ұлттық және шетел валютасында
жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге
ЛИЦЕНЗИЯ
Лицензияның нөмірі _______
Берілген күні ____ жылғы "____" ______________
_________________________________________
банктің толық атауы, орналасқан жері
Осы лицензия ұлттық және шетел валютасында мынадай
операциялардың түрлерін жүргізу құқығын береді:
1) банк операцияларын:
2) банк заңдарында көзделген өзге операцияларды:
Банк Қазақстан Республикасының
валюта
заңдарына сәйкес
валюталық бақылау агентінің функциясын орындайды.
Лицензияны үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Алматы қаласы
Банктік әрі банктер жүзеге
асыратын өзге операцияларды
жүргізуге лицензия беру,
тоқтата тұру және қайтарып
алу ережесінің 3-қосымшасы
Банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге
операцияларды жүргізуге берілген лицензияларды
есепке алу тізілімі
__________________________________________________________________
N |Банктің|Банктің |Лицензияны|Лицен.|Ұлттық |Банктер туралы
| толық |орналас. |беру/қайта|зияның|валюта/ |заңның 30-бабына
| атауы |қан жері, |ресімдеу |нөмірі|Ұлттық |сәйкес лицензияда
| |мемлекет. |туралы | және | және | көрсетілген
| |тік тіркеу|Басқарма | оны | шетел |операциялардың
| |туралы мә.|қаулысының|берген|валютасы| тізбесі
| |ліметтер |/уәкілетті| күн | |
| | |органның | | |
| | |Төрағасы | | |
| | |бұйрығының| | |
| | |күні және | | |
| | | нөмірі | | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Банктік әрі банктер жүзеге
асыратын өзге операцияларды
жүргізуге лицензия беру,
тоқтата тұру және қайтарып
алу ережесінің 4-қосымшасы
Банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге
операцияларды жүргізуге лицензияларды
тоқтата тұруды есепке алу тізілімі
__________________________________________________________________
N |Банктің| Банктің |Лицензияны |Ұлттық |Лицен.| Жүргі. |Лицен.
| толық |орналасқан| тоқтата |валюта/ |зияның|зілуіне |зияның
| атауы | жері |тұру туралы|Ұлттық |нөмірі|лицензия|қолда.
| | | уәкілетті | және | және |тоқтата |нылуын
| | | органның | шетел | оны |тұрылған|тоқтата
| | |Басқармасы |валютасы|берген| опера. |тұру
| | |қаулысының | | күн | циялар.|мерзімі
| | | күні және | | | дың |
| | | нөмірі | | |тізбесі |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Банктік әрі банктер жүзеге
асыратын өзге операцияларды
жүргізуге лицензия беру,
тоқтата тұру және қайтарып
алу ережесінің 5-қосымшасы
Банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге
операцияларды жүргізуге лицензияларды
қайтарып алуды есепке алу тізілімі
__________________________________________________________________
N |Банктің| Банктің |лицензияны |Ұлттық |Лицен.|Жүргізілуіне
| толық |орналасқан| қайтарып |валюта/ |зияның| лицензия
| атауы | жері | алу туралы|Ұлттық |нөмірі| қайтарылып
| | | уәкілетті | және | және | алынған
| | | органның | шетел | оны |операциялардың
| | |Басқармасы |валютасы|берген| тізбесі
| | |қаулысының | | күн |
| | | күні және | | |
| | | нөмірі | | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының "Банкті
ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын
ашуға келісім беру және банктің есеп
айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу
ережесін және банктік әрі банктер
жүзеге асыратын өзге операцияларды
жүргізуге лицензияны беру, тоқтата
тұру және қайтарып алу ережесін
бекіту туралы" 2004 жылғы
12 шілдедегі N 197 қаулысына
3-қосымша
Күші жойылды деп танылған нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерді құруға, қайта құруға рұқсатты, банк операцияларын және банк қызметін жүргізуге лицензияны тапсырудың, қайтарып алудың, олардың күшін жоюдың және тоқтатудың, банктің филиалдарын ашуға, қосуға және өкілдіктерін ашуға келісім берудің, оны қайтарып алудың ережелері" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 50
қаулысы
(Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 430 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 7, N 8 басылымдарында 1996 жылғы 15 және 30 сәуірде жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерді құруға, қайта құруға рұқсатты, банк операцияларын және банк қызметін жүргізуге лицензияны тапсырудың, қайтарып алудың, олардың күшін жоюдың және тоқтатудың, банктің филиалдарын ашуға, қосуға және өкілдіктерін ашуға келісім берудің, оны қайтарып алудың ережелеріне" толықтыру енгізу туралы" 1996 жылғы 19 қыркүйектегі N 215 қаулысы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 430 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 19 басылымында 1996 жылғы 16 қазанда жарияланған);
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерге тазартылған қымбат металдармен операцияларды жүргізуге лицензиялар беру тәртібі туралы" ереже жөнінде" 1996 жылғы 19 қыркүйектегі N 217
қаулысы
(Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 431 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 18 басылымында 1996 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған);
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерді құруға, қайта құруға рұқсатты, банк операцияларын және банк қызметін жүргізуге лицензияны тапсырудың, қайтарып алудың, олардың күшін жоюдың және тоқтатудың, банктің филиалдарын ашуға, қосуға және өкілдіктерін ашуға келісім берудің, оны қайтарып алудың ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 30 сәуірдегі N 172 қаулысы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 430 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 27 басылымында 1997 жылғы 7-12 шілдеде жарияланған);
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы ереже" 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311
қаулысы
(Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 372 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 39 басылымында 1997 жылғы 29 қыркүйекте - 5 қазанда жарияланған);
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы" 1997 жылғы 24 қарашадағы N 405
қаулысы
(Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 65 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 3 басылымында 1998 жылғы 19-25 қаңтарда жарияланған);
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 413
қаулысының
1-тармағының а) және г) тармақшалары (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 64 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 3 басылымында 1998 жылғы 19-25 қаңтарда жарияланған);
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 444
қаулысы
(Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1048 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 9 басылымында 2000 жылғы 24 сәуірде - 7 мамырда жарияланған);
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерінің (жинақ кассаларының) құрылу, жұмыс істеу және жабылу тәртібі туралы ережесіне өзгерістер мен толықтырулар" 2001 жылғы 6 тамыздағы N 299
қаулысы
(Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1647 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 20 басылымында 2001 жылғы 24 қыркүйекте - 7 қазанда жарияланған);
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы ереже" 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар" 2002 жылғы 10 қазандағы N 409
қаулысы
(Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2052 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 24 басылымында 2002 жылғы 18 қарашада-1 желтоқсанда жарияланған);
11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 430 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банкті құруға, қайта құруға рұқсатты, банк операцияларын жүргізуге және өзге де банк қызметіне лицензияларды беру, қайтарып алу, олардың күшін жою және қолданылуын тоқтату, банктің филиалдарын ашуға, қосуға және өкілдіктерін ашуға келісім беру, қайтарып алу ережесі туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 50 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 17 маусымдағы N 193
қаулысы
(Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2402 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 15 басылымында 2003 жылғы 14-27 шілдеде жарияланған;
12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 372 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін (жинақ кассаларын) құру, жұмыс істеу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 320
қаулысы
(Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2502 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 20 басылымында 2003 жылғы 22 қыркүйекте-5 қазанда жарияланған);