Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiнiң (жинақ кассаларының) құрылу, жұмыс iстеу және жабылу тәртiбi туралы ережесiне өзгерiст

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 6 тамыз N 299. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігі 2001 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1647. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 197 (V043034) қаулысымен.

      Мемлекет басшысының "Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға қадам басайық" атты Қазақстан халқына осы жылғы Жолдауында Үкіметтің алдына еліміз азаматтарының шет елге шығу тәртібін оңайлату міндеті қойылған болатын.
      Осыған орай, Қазақстан Республикасы азаматтарының еркін қозғалысы құқықтарын іске асыру мақсатында Үкіметтің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1010 қаулысымен қазақстандық азаматтардың шетке шығу ережесі бекітілді. Жаңа ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары шет елге қызметтік арналар, жеке өзінің мәселелері бойынша, оқуға, емделуге, демалуға, сондай-ақ турист ретінде шығуы кезінде ішкі істер органдарының арнайы рұқсаты талап етілмейді.
      Сонымен бірге Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрақты тұруы үшін шет елге шығуына ішкі істер органдарының рұқсат беру жөніндегі қазіргі тәртіпті сақтау көзделген, мұның өзі жалпыға ортақ халықаралық қалыптарға сай келеді. Сондай-ақ ереже мемлекеттік құпияларға қол жетімділігіне байланысты өзіне белгілі бір міндеттемелер алған Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елге шығу шарттарын реттейді.
      Азаматтардың елімізден басқа жаққа шығу мәселелерін реттейтін Үкіметтің бұрынғы қаулылары күшін жойды деп танылып отыр.