Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 430 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының«"Банкті құруға, қайта құруға рұқсатты, банк операцияларын жүргізуге және өзге де банк қызметіне лицензияларды беру, қайтарып алу, олардың

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 17 маусымдағы N 193 қаулысы. Қазақстан Республикасында Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2402. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 202 (V043034) қаулысымен.

      Қазақстан-қытай шекарасындағы Қорғас өзенi бойында су тасқынынан туындаған өңірлік төтенше жағдайдың зардаптарын жою үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Алматы облысының әкiмiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Қорғас өзенi бойында шұғыл авариялық-қайта қалпына келтiру, жағалауларды бекiту жұмыстарын жүргiзуге және өзен арнасының түбiн тазартуға 80 (сексен) миллион теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Алматы облысының әкiмi 2003 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Pecпубликасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігіне орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі