Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1398 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы N 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 428 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3018. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.05.27 № 246 (ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күндік мерзімге дейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ведомстволық нормативтік актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында бұйырамын:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы N 1  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1398 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақта:
      "Қылмыстық-атқару жүйесі" деген сөздер "Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақта:
      "Кадр және тәрбие" деген сөздер "Тәрбие және кадр" сөздерімен ауыстырылсын;
      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының" деген сөздер алынып тасталсын;
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулыққа:

      15-тармақта:
      төртінші абзацта:
      "Бас прокуратура немесе облыстық прокуратуралар жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығына (бұдан әрі - ҚСжАО )" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетіне немесе аталған Комитеттің облыстық прокуратуралар жанындағы басқармаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегізінші абзацта:
      "прокуратуралар жанындағы ҚсжАО-дан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінен немесе аталған Комитеттің облыстық прокуратуралар жанындағы басқармаларынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      оныншы абзацта:
      "ҚсжАО-дан" деген сөз "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінен немесе аталған Комитеттің облыстық прокуратуралар жанындағы басқармаларынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25-тармақта "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындары" деген сөздер алынып тасталсын;

      73-тармақтың үшінші абзацындағы "РМК-ға" деген аббревиатура алынып тасталсын;

      92-тармақтың 2) тармақшасында:
      "және ЕТМ" деген аббревиатура алынып тасталсын;
      ", адам саны немесе оны уақытқа қойылған режим - қатаң, жалпы және т.б." деген сөздер "саны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      93-тармақта "және Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының" деген сөздер алынып тасталсын;

      99-тармақтың екінші абзацында ", РМК-ның" деген аббревиатура алынып тасталсын;

      110-тармақтың екінші абзацында:
      "дербес басқармалар мен бөлімдердің" деген сөздер "департаменттер мен дербес басқармалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың" деген сөздер алынып тасталсын;

      114-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      120-тармақтың екінші абзацында:
      "мен бөлімдерінің" деген сөздер алынып тасталсын;
      "мен РМК" аббревиатурасы алынып тасталсын;

      127-тармақтың бірінші абзацындағы екінші сөйлемде ", ІІМ-нің, РМК-ның, мекемелерінің, еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының және басқармаларының", "ІІМ-нің, РМК-ның" деген сөздер алынып тасталсын;

      145-тармақтың 1) тармақшасындағы ", республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының" деген сөздер алынып тасталсын;

      180-тармақтағы "Кадр және тәрбие" деген сөздер "Тәрбие және кадр" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр