1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы N 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1398 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта:
"Қылмыстық-атқару жүйесі" деген сөздер "Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
", Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақта:
"Кадр және тәрбие" деген сөздер "Тәрбие және кадр" сөздерімен ауыстырылсын;
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының" деген сөздер алынып тасталсын;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулыққа:
15-тармақта:
төртінші абзацта:
"Бас прокуратура немесе облыстық прокуратуралар жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығына (бұдан әрі - ҚСжАО )" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетіне немесе аталған Комитеттің облыстық прокуратуралар жанындағы басқармаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацта:
"прокуратуралар жанындағы ҚсжАО-дан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінен немесе аталған Комитеттің облыстық прокуратуралар жанындағы басқармаларынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзацта:
"ҚсжАО-дан" деген сөз "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінен немесе аталған Комитеттің облыстық прокуратуралар жанындағы басқармаларынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
92-тармақтың 2) тармақшасында:
"және ЕТМ" деген аббревиатура алынып тасталсын;
", адам саны немесе оны уақытқа қойылған режим - қатаң, жалпы және т.б." деген сөздер "саны" деген сөзбен ауыстырылсын;
110-тармақтың екінші абзацында:
"дербес басқармалар мен бөлімдердің" деген сөздер "департаменттер мен дербес басқармалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
", Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың" деген сөздер алынып тасталсын;
120-тармақтың екінші абзацында:
"мен бөлімдерінің" деген сөздер алынып тасталсын;
"мен РМК" аббревиатурасы алынып тасталсын;
127-тармақтың бірінші абзацындағы екінші сөйлемде ", ІІМ-нің, РМК-ның, мекемелерінің, еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының және басқармаларының", "ІІМ-нің, РМК-ның" деген сөздер алынып тасталсын;