N 2349 тіркелген Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың және кедендік ресімдеудің ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 шілдедегі N 313 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 16 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3013

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  371  және  470  баптарына, сондай-ақ кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың және кедендік ресімдеудің ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258  бұйрығына  (бұдан әрі - бұйрық) (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде N 2835 тіркелген Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірінде N 181  бұйрығымен  енгізілген өзгерістер және толықтырулармен 2003 жылдың 16 тамызындағы "Официальная газетаның" N 33 номерінде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 2349 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызу ережесінің 3 пунктінде:
      алтыншы абзац алынып тасталсын;
      жетінші абзацтағы "50" саны "20" санымен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін қолдану ережесінде:
      4-тармақтағы "қоймаларға" деген сөз "орындарға" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаменті (И.В.Тен) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (М.К.Исаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Ішкі жұмыстар басқармасы (А.Қ.Уәлиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің департаменттері мен басқармаларына және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төрағаның міндетін орындаушы