Кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн мамандар мен сарапшыларды шарттық негiзде тарту туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 3 маусымдағы N 252 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 6 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2931. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң  436-бабына сәйкес Бұйырамын: Қараңыз.K100296

      1. Қоса берiлiп отырған Кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн мамандар мен сарапшыларды шарттық негiзде тарту туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Кеден кiрiстер департаментi (Н.С.Жанарбаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi (М.К.Исаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң облыстар (республикалық мәнi бар қалалар, астана) бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi аумақтық бөлiмшелерi мен кедендерiнiң бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсiн.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының орынбасары М.Е.Аманбаевқа жүктелсiн.

      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Төраға

"Кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдем 
көрсету үшiн мамандар мен      
сарапшыларды шарттық негiзде тарту 
туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 
Қазақстан Республикасының     
Кедендiк бақылау агенттiгi    
төрағасының            
2004 жылғы 3 маусымдағы      
N 252 бұйрығымен бекiтiлген   

  Кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн мамандар мен сарапшыларды шарттық негiзде тарту туралы нұсқаулық

      1. Осы Кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн мамандар мен сарапшыларды шарттық негiзде тарту туралы нұсқаулық Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кеден кодексi) 436-бабына сәйкес әзiрлендi және шартты негiзде кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн мамандар мен сарапшылар (бұдан әрi - мамандар (сарапшылар) тарту мәселелерiн нақтылайды. Қараңыз.K100296
      2. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) мамандарды (сарапшыларды) тартуы, сондай-ақ кеден органдары мен мамандардың (сарапшылардың) өзара iс-қимыл жасау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен Уәкiлеттi орган жасаған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Кедендiк ресiмдеудi жүргiзушi кеден органы (бұдан әрi - кеден органы) Кеден кодексiнiң 436-бабының 2-тармағында көзделген талаптардың қамтамасыз етiлуi шартымен мамандарға (сарапшыларға) тауарлар туралы олар зерттеулер жүргiзу үшiн қажеттi ақпарат бередi.Қараңыз.K100296 
      4. Маманмен (сарапшымен) өзара iс-қимыл жасау кезiнде кеден органы:
      1) жүк кеден декларациясы (бұдан әрi - ЖКД) тiркелгеннен және тiркеу нөмерi берiлгеннен кейiн ЖКД және шот-фактура (инвойстың) түпнұсқаларының маманға (сарапшыға) уақытша берiлуiн;
      2) құжаттамалық және нақты бақылаудың барлық кезеңдерi жүргiзiлгеннен кейiн және тауарларды шығару туралы шешiм қабылданғанға дейiн шығаруға дайындалған түпнұсқалық құжаттар пакетiнiң маманға (сарапшыға) уақытша берiлуiн;
      3) тауарларды еркiн айналымға шығарғанға дейiн оларды бiрдейлендiру мақсатында тауарларды физикалық зерттеуге арналған жағдайларды қамтамасыз етедi.
      5. Құжаттарды маманға (сарапшыға) берудi, сондай-ақ оларды маманнан (сарапшыдан) қабылдауды кеден органы және маман (сарапшы) осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы тiркеу журналдарына қол қою арқылы жүзеге асырады.
      Осы Нұсқаулықтың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды уақытша беру мерзiмi 30 минуттан аспауы тиiс.
      6. Сараптамалық зерттеуге ұшыраған тауарлар бойынша кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi кеден органы Кеден кодексiнiң 321-бабына сәйкес жүзеге асырады.
      7. Кеден органына қарауға ұсынылатын маманның (сарапшының) алдыңғы бағалық ақпаратының, сондай-ақ актiлерi мен қорытындыларының (бұдан әрi - зерттеу нәтижелерi) нысандары тараптардың келiсiмiмен айқындалады.
      8. Кеден органы маманның (сарапшының) зерттеулерiнiң барлық нәтижелерiн қарауға қабылдайды, оларды қараудың нәтижелерi туралы оны жазбаша нысанда хабардар етедi.
      9. Кеден органы маманның (сарапшының) зерттеулерiнiң нәтижелерiн үш жұмыс күнiнiң iшiнде қарайды және мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) зертеу нәтижелерiн толық көлемде қабылдау;
      2) зерттеу нәтижелерiн iшiнара қабылдау;
      3) зерттеу нәтижелерiн толық көлемде қабылдамау.

Қазақстан Республикасының Кедендік 
бақылау агенттігі төрағасының   
2004 жылғы 3 маусымдағы     
N 252 бұйрығымен бекітілген    
Кедендік бақылау жүргізуге жәрдем  
көрсету үшін мамандар мен     
сарапшыларды шарттық негізде   
тарту туралы нұсқаулыққа қосымша 

Тәуелсіз сарапшыға берілген құжаттарды есепке алу журналы

____________________________________________________________________
рб|  ЖКД    |Құжат. | Парақтар| Даналар |Құжаттарды | Кеден органы
N |тізімде. |тардың |  саны   |  саны   | қабылдау  |   лауазымды
  |сінің N  |атауы  |         |         | күні мен  |   адамының
  |         |       |         |         |  уақыты   | Т.А.Ә., қолы
____________________________________________________________________
1|   2     |   3   |    4    |    5    |    6      |      7
____________________________________________________________________

кестенің жалғасы
_________________________________________________________________
  Маманның  | Құжаттардың | Кеден органы |  Маманның  |
(сарапшының)| қайтарылған |   лауазымды  |(сарапшының)| Ескерту
Т.А.Ә., қолы|  күні және  |   адамының   |Т.А.Ә., қолы|
            |   уақыты    | Т.А.Ә., қолы |            |
_________________________________________________________________
      8     |      9      |      10      |     11     |    12
_________________________________________________________________