"Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы N 317
қаулысын
іске асыру және мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беру рәсімдерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 22 мамырдағы N 337
бұйрығына
(мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде N 2381 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау және мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерінде:
5-тармақта:
"нәтижелерді қарастырады" деген сөзден кейін "ұлттық бірыңғай тестілеуден (бұдан әрі - ҰБТ) және" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
"және даярлау бағыты" деген сөз алынып тасталсын;
"нәтижесі бойынша" деген сөздерден кейін "ҰБТ немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бірінші кезекте мемлекеттік білім гранттары тағайындалады, одан әрі мемлекеттік білім несиелері беріледі";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау әрбір жоғары оқу орны үшін тиісті мамандықтар бойынша, белгіленген квотаны ескере отырып бекітілген мемлекеттік білім гранты көлемі шегінде, талапкер өтініш білдірген жоғары оқу орнына, мамандықтар мен тіл бөлімдері бойынша мемлекеттік сертификаттар баллдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Талапкер өзі өтініш білдірген екі мамандық бойынша конкурстық іріктеуден өткен жағдайда мемлекеттік білім гранты көрсетілген бірінші мамандық бойынша тағайындалады.";
Мынадай мазмұндағы 10-1-тармағымен толықтырылсын:
"10-1. Мемлекеттік білім несиелерін беру белгіленген квотаны ескере отырып, мамандықтар мен тіл бөлімдері бойынша мемлекеттік сертификаттар баллдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Талапкер өзі өтініш білдірген екі мамандық бойынша конкурстық іріктеуден өткен жағдайда мемлекеттік білім несиесі көрсетілген бірінші мамандық бойынша беріледі.";
11-тармақта:
"70% грант" деген сөздерден кейін "және кредиттерімен" деген сөздермен толықтырылсын;
"30% грант" деген сөздерден кейін "және несиелерімен" деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Тіл бөлімдерінің біріндегі босаған орындар мамандықтар ішінде конкурстық негізде тағайындау үшін беріледі.
Мемлекеттік білім гранттарын конкурстық тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беруден кейін қалған бос орындар көрсетілген оқу нысанына және тіл бөліміне қарамастан, жоғары өту баллымен мамандықтарға даярлау бағыттарының ішінде қайта бөлінеді.";
15, 16, 17, 18-тармақтар алынып тасталсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Б.Әбдірәсілов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Министрдiң
міндетін атқарушы