Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 22 мамырдағы N 337 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 27 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2381. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 291 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 291 бұйрығымен.

      ----------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Заң департаменті (Р. Әлімқұлов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр                                Ж. Түймебаев

                                         Қазақстан Республикасы    
                                     Білім және ғылым министірінің
                                         2008 жылғы 21 мамырдағы   
                                         N 297 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. ...
      2. ...
      3. " Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғ ылым министрлігіні ң 2003 жылғы 22 мамырдағы N 337 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2381 тіркелген).
      4. ...
      5. ...
      6. ...
      7. ...
      8. ...
      9. ...

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N№ 1118-н 2000 жылғы 24 сәуірде тіркелген) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес, мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім несиелерін тағайындау үшін бұйырамын :
      1. Ұсынылған Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Конкурстық комиссиясы жұмысының ережелері бекітілсін.
      Ескерту: 1-тармаққа және атауына өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 маусымдағы N 440 бұйрығымен.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаменті (Б.С. Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Министрдің міндетін
      атқарушы

"Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау 
жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының 
ережелерін бекіту туралы" Қазақстан   
Республикасы Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының          
2003 жылғы 22 мамырдағы N 337 бұйрығына  
қосымша                   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурстық комиссия
жұмысының ережелері

      Ескерту: Атауынан және барлық мәтіннен "және мемлекеттік білім несиелерін беруге", "және мемлекеттік білім несиелерін беру", "және мемлекеттік білім несиелері беріледі", "және мемлекеттік білім несиелерін бере тұра", "және мемлекеттік білім несиелері" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 маусымдағы N 440 бұйрығымен .

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің конкурстық комиссиясы (бұдан әрі - Конкурстық комиссия) мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N№247 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N№1118-н 2000 жылғы 24 сәуірде тіркелген) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелеріне (бұдан әрі - Типтік ереже) сәйкес құрылады.

      2. Конкурстық комиссия өз жұмысында "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , Қазақстан Республикасының Типтік ережелерін, осы Ережені және білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

      3. Конкурстық комиссия төрағасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып табылады.
      Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік жоғары білім мәселелерін бағыттайтын басшы құрамы, өңірлік комиссиялардың төрағалары, заңды тұлғалардың өкілдері.
      Конкурстық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдауды өткізу кезінде Министр бекітеді.

2. Конкурстық комиссияның негізгі
міндеттері мен құқығы

      4. Конкурстық комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерге мемлекеттік білім гранттарын тағайындау болып табылады.

      5. Конкурстық комиссия қойылған міндеттерді іске асыру үшін:
      1) талапкерлердің кешенді тестілеу нәтижелерін қарастырады ұлттық бірыңғай тестілеуден (бұдан әрі - ҰБТ) және мемлекеттік сертификаттағы баллдарына сәйкес бекітілген мемлекеттік білім тапсырысы шегінде мемлекеттік білім гранттарын тағайындайды, оның ішінде резервтен береді; <*>
      2) жоғары оқу орындарына қабылдауды реттейтін нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылмаған мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518 бұйрығымен .

      6. Конкурстық комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік білім гранттарын тағайындау рәсімдерін ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
      2) тиісті мамандықтар бойынша конкурс өткеннен кейін қалған мемлекеттік білім гранттары мен несиелерін бакалавр мен жоғары кәсіптік білімді мамандарды даярлау бағыттары арасында қайта бөлуге;
      3) мемлекеттік білім тапсырысының резервінен мемлекеттік білім гранттарын тағайындауға;
      4) Конкурстық комиссия жұмысының қорытындылары бойынша Конкурстық комиссия жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері туралы  Министрлікке ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

3. Конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      7. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқыту нысаны бойынша кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша ҰБТ немесе берілген мемлекеттік сертификаттардағы баллдарға сәйкес жүзеге асырылады. <*>
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518 бұйрығымен .

      8. <*>
      Ескерту: 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 маусымдағы N 440 бұйрығымен .

      9. Мемлекеттік білім гранттары бірінші кезекте:
      осы мамандыққа өтініш берген "Алтын белгі" белгісінің иегерлеріне;
      тізбесін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандығының олар жеңімпаздары болып табылатын олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) ағымдағы жылғы жеңімпаздарының басым құқығы болады;
      одан әрі, қалған орындарға жалпы конкурс бойынша барлық қалған талапкерлердің кандидатурасы қарастырылады.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 маусымдағы N 440 бұйрығымен .

      10. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау әрбір жоғары оқу орны үшін тиісті мамандықтар бойынша, белгіленген квотаны ескере отырып бекітілген мемлекеттік білім гранты көлемі шегінде, талапкер өтініш білдірген жоғары оқу орнына, мамандықтар мен тіл бөлімдері бойынша мемлекеттік сертификаттар баллдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Талапкер өзі өтініш білдірген екі мамандық бойынша конкурстық іріктеуден өткен жағдайда мемлекеттік білім гранты көрсетілген бірінші мамандық бойынша тағайындалады. <*>
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518 бұйрығымен .

      10-1. <*>
      Ескерту: 10-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 маусымдағы N 440 бұйрығымен .

      11. Ауыл мектептерін бітірген тұлғаларға арналған квота белгіленген мамандықтарға конкурс мынадай түрде өтеді:
      осы мамандық пен оқыту тілі бойынша олардың жалпы санының   70%-ы жалпы конкурс тәртібімен тағайындалады, ал қалған 30% грантқа конкурс тек ауылдық оқу ұйымдарын бітірушілер арасында өткізіледі.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518 бұйрығымен , 2005 жылғы 27 маусымдағы N 440 бұйрығымен .

      12. Даярлықтың нақты бағыттары үшін квоталанған орындар санының шегінде мамандар даярлаудың бағыттары бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурстық негізде мемлекеттік сертификаттардың баллдарына сәйкес мынадай санаттағы адамдар үшін жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар үшін 2 %-дық қабылдау квотасы, бірінші, екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін 0,5 %-дық қабылдау квотасы, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 1 %-дық қабылдау квотасы.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 27 маусымдағы N 440 бұйрығымен

      13. Мемлекеттік сертификаттар баллдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда мемлекеттік білім гранттарын иеленуге басым құқығы барлар:
      1) жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      2) медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға тыйым салынбаған жағдайда, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер;
      3) үздік аттестаттары, кәсіптік бастауыш және орта білімді үздік дипломдары бар азаматтар;
      4) аттестатының ең жоғарғы орта балы бар азаматтар;
      5) дипломының ең жоғарғы орта балы бар азаматтар;
      6) бейіндік пәндер бойынша ең жоғары балы бар азаматтар.

      14. Тіл бөлімдерінің біріндегі босаған орындар мамандықтар ішінде конкурстық негізде тағайындау үшін беріледі.
      Мемлекеттік білім гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос орындар көрсетілген оқу нысанына және тіл бөліміне қарамастан, жоғары өту баллымен мамандықтарға даярлау бағыттарының ішінде қайта бөлінеді.<*>
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518 бұйрығымен .

      15-18. <*>
      Ескерту. 15-18-тармақтар алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518 бұйрығымен .

      19. Резервтен мемлекеттік білім гранттары:
      1) халықаралық және ведомствоаралық келісімдермен келген шетел азаматтарына;
      2) заңмен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік білім гранттарын емтихан тапсырмай алуға құқықты және осы ереженің 13-тармағына сәйкес бірдей көрсеткіштері бар тұлғалардың кейбіреуіне бос қалған орындар жетпеген жағдайда тағайындалады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 27 маусымдағы N 440 бұйрығымен
 

      20. Конкурстық комиссияның отырыстары олардың мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3-і қатысқанда іс жүзінде саналады.

      21. Конкурстық комиссияның шешімі отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің дауыс беруінің жай басымдылығымен қабылданады. Дауыс саны тең болғанда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      Конкурстық комиссияның жоғары оқу орындарына қабылдауға келісілген, нормативтік құқықтық актілерде қарастырылмаған мәселелер бойынша шешімдері хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған барлық мүшелерінің қолдары қойылады.