N 2141 тіркелген "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 535 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 21 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2906. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 Бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 127 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Кандидаттық емтихандарды өткізу рәсімдерін және диссертацияларды алдын ала сарапталуды реттеу мақсатында бұйырамын:
      1. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2141 тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені" журналында жарияланған, 2003 жыл, N 15, 842-б.) "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережелерінде:

      13-тармағының бірінші абзацында "белгіленген тізім" сөздері "ғылым тарихы мен философиясы (салалары бойынша), қазақ тілі, шет тілі, арнаулы пән (мамандығы)" сөздерімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Кандидаттық емтихандарды өткізу тәртібін ЖАК белгілейді.";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "Диссертация орындалған немесе ізденуші бекітілген ұйымда алдын ала диссертацияны сараптамадан өткізу тәртібін ЖАК белгілейді";

      46-тармақта "(шағын кәсіпорындар, қоғамдық академиялар, академияаралық комиссиялар және т.б.)" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Жоғары аттестациялық комитет (А.Қ. Құсайынов) жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік актілерін осы бұйрыққа сәйкестендірсін.

      3. Осы бұйрық 2004 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізілетін ғылым тарихы және философиясы (салалары бойынша) бойынша емтихан тапсыру бөлігінде 1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацынан басқасы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы