Кандидаттық емтихандарды өткізу рәсімдерін және диссертацияларды алдын ала сарапталуды реттеу мақсатында бұйырамын:
1. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2141 тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені" журналында жарияланған, 2003 жыл, N 15, 842-б.) "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16
бұйрығына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережелерінде:
13-тармағының бірінші абзацында "белгіленген тізім" сөздері "ғылым тарихы мен философиясы (салалары бойынша), қазақ тілі, шет тілі, арнаулы пән (мамандығы)" сөздерімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Кандидаттық емтихандарды өткізу тәртібін ЖАК белгілейді.";
15-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Диссертация орындалған немесе ізденуші бекітілген ұйымда алдын ала диссертацияны сараптамадан өткізу тәртібін ЖАК белгілейді";
46-тармақта "(шағын кәсіпорындар, қоғамдық академиялар, академияаралық комиссиялар және т.б.)" деген сөздер алынып тасталсын.