Ішкі істер органдары үшін жаңа буын өкілдері арасынан басшы кадрлар резервін дайындау мақсатында Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметтерінің, Ішкі істер бас басқармаларының, Ішкі істер басқармаларының, Көліктегі ішкі істер басқармаларының бастықтары:
1) көрсетілген бұйрықты басшылыққа алсын және орындасын;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары магистратурасына оқуға үміткерлерді уақытында және сапалы іріктеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі
N 487
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1934 болып тіркелген және 2002 жылғы қазан айындағы N 39 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және де өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) және 2003 жылғы 19 қарашадағы N
650
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 487 "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2567 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп саналсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер бірінші вице-министрі полиция генерал-лейтенанты И.И. Оттоға жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
27 сәуір 2004 ж.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2004 жылғы 13 сәуірдегі N 221
"Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің жоғары оқу
орындарының магистратурасына
іріктеу және қабылдау ережелерін
бекіту туралы" бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары магистратурасына (бұдан әрі - магистратура) тыңдаушыларды іріктеу және қабылдау тәртібін белгілейді.
2. Магистратура 521650 - "Заңтану" мамандығы бойынша облыстық, қалалық, аудандық, желілік ішкі істер басқармалары (бөлімдері) бастықтарының (бастықтың орынбасарларының) резервін даярлауды жүзеге асырады.
3. Облыстық, қалалық, аудандық, желілік ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары (бастықтың орынбасарлары) лауазымдарын алмастыру үшін резервте тұрған адамдарды құқық қорғау қызметі саласында басқару мамандығы бойынша заңтану магистрі біліктілігімен оқытудың мерзімі - 1 жыл.
4. Магистратура "Заңтану" саласында жоғары базалық (арнаулы) білімі, басшылық және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі бар, қажетті іскерлік қабілетке ие және облыстық, қалалық, аудандық, желілік ішкі істер басқармалары (бөлімдері) бастықтарының лауазымдарына ұсынуға резервте тұрған, бұл ретте жасы 35-тен аспаған, ішкі істер органдарында кемінде бес жыл практикалық жұмыс өтілі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспектор, аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспектор лауазымдарынан төмен емес, Ішкі істер бас басқармаларының, Ішкі істер басқармаларының, Көліктегі ішкі істер басқармаларының (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Ішкіісмині, ІІББ, ІІБ, КІІБ) бөлімшелерінің бастықтары, қалалық (аудандық), желілік ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің), ішкі істер бөлімі құқығына ие полиция бөлімдері бастықтарының орынбасарлары, қалалық (аудандық), желілік ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің) жедел-тергеу бөлімдерінің (бөлімшелерінің) бастықтары лауазымдарында кемінде 2 жыл қызмет өтілі бар орта және аға басшы құрамдағы адамдармен жасақталады.
5. Оқудың алдыңғы сатылары бойынша барлық оқу мерзімінде жалпы рейтинг баллдары 4,0-ден (5 баллдық шкала бойынша) кем қызметкерлер магистратураның тыңдаушылар қатарына қабылдауға жіберілмейді.
6. Магистратураға түсуге үміткерлердің жасы мен тиісті лауазымдардағы қызмет өтілі түсу жылының 1 қазанындағы жағдай бойынша есептеледі.
3. Үміткерлерді іріктеу және қабылдау
7. Магистратураға оқуға үміткерлерді іріктеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітілетін жоғары оқу орындары магистратурасының қабылдау жоспарына сәйкес жүргізіледі.
8. Магистратураға оқуға үміткерлерді қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің қабылдау комиссиясы құрылады. Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.
9. Магистратураға түсушілер ішкі істер органы басшысының атына баянат жазады. Баянатта арнаулы атағы, тегі, аты мен әкесінің аты, лауазымы, туған жылы мен айы, білімі көрсетіледі.
10. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині департаменттерінің және дербес басқармаларының бастықтары, ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІБ-нің бастықтары баянаттарды қарайды, үміткерлер қабылдау шарттарына сәйкес келсе кадр аппараттары арқылы денсаулық жағдайы бойынша магистратурада оқуға жарамдылығын анықтау үшін оларды медициналық куәландыруға жібереді.
11. Магистратураға үміткерлерді іріктеу үшін ІІББ, ІІБ, көліктегі ІІББ бастықтарының бұйрығымен іріктеу комиссиялары құрылады.
12. Іріктеу комиссиялары осы Ережені, сондай-ақ магистратураға қабылдау жоспарын басшылыққа ала отырып, үміткерлерге ұсынылған құжаттарды мұқият зерделейді, үміткерлердің қабылдау шарттарына сәйкес келуін анықтайды және олардың әрқайсысы бойынша дәлелді қорытынды шығарады.
13. Іріктеу комиссияларының жұмыс қорытындылары хаттамалармен ресімделеді. Магистратураға түсуші әрбір үміткерге хаттама парағы ресімделеді.
14. Магистратураға оқуға іріктеп алынған адамдарға ІІББ, ІІБ, КІІБ-нің кадр аппараттары түсу жылының 20 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Тәрбие және кадр жұмысы департаментіне мынадай құжаттар жібереді:
жеке ісі;
оқу ісі: үміткердің баянаты; қызметінің соңғы кезеңіндегі аттестациясы; қызметкердің магистратураны бітіргеннен кейін тағайындалатын лауазымы көрсетілген іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы шешімінің көшірмесі; білімі туралы дипломның және оның қосымшасының көшірмесі; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы N 1
бұйрығымен
бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1398 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықтың 19-қосымшасына сай белгіленген үлгідегі анықтама; әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы; кадр аппараты растаған 4 фотосурет (көлемі 3,5х4,5 бұрышы жоқ), ішкі істер органдарының Ардагерлер Кеңесінің ұсынысы.
15. ІІББ-нің, ІІБ-нің, КІІБ-нің іріктеу комиссиялары іріктеп алған адамдар жоғары оқу орындарына түсу жылының 20 маусымына дейін көлемі 20-25 баспа табақ басылған атқаратын лауазымының ерекшелігі бойынша басқару қызметі тақырыбына мемлекеттік немесе орыс тілдерінде реферат ұсынулары керек.
16. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің қабылдау комиссиясы магистратураға түсу үшін жасақтаушы органдар ұсынған адамдардың материалдарын қарайды және үміткерлерді ішкі істер органдарының қызметін және қылмысқа қарсы күресті реттейтін қолданыстағы заңнаманы, ведомстволық нормативтік актілерді, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты мәселелерін білуі жөнінде ауызша қабылдау емтиханын өткізеді.
17. Магистратураға оқуға үміткер қабылдау емтиханына реферат рецензиясынан оң баға алған жағдайда жіберіледі.
18. Магистратураға оқуға қабылдау конкурстық негізде қабылдау емтиханының нәтижесі бойынша қабылдау комиссиясының ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен жүргізіледі.
19. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орны бастығының оқуға үміткерді қабылдау туралы бұйрығының көшірмесі оған қол қойылғаннан кейін он күннен кешіктірмей үміткерлерді оқуға жіберген жасақтаушы органға жіберіледі.
20. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орны бастығының үміткерді оқуға қабылдау туралы бұйрығы оны жасақтаушы органнан оқу орнына іссапарға жіберу үшін негіз болып табылады.
21. Магистратураға оқуға қабылданбаған үміткерлердің жеке істері мен басқа да құжаттары жасақтау органдарына кері қайтарылады.
22. Қызметтік қажеттілік жағдайларында, ІІББ-нің, ІІБ-нің, КІІБ-нің ұсынысы бойынша, ерекше жағдайда, магистратурада күндізгі оқу нысаны бойынша кемінде 6 ай оқыған магистратура тыңдаушыларын кейіннен оларды жеке кесте бойынша оқыту арқылы Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің келісімімен қызметке шақырып алуға жол беріледі.