Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу мен қабылдау ережелерін бекіту туралы

Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 487 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 1 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1934. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004.04.13. N 221 (V042864) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң қызметiн жетiлдiру, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдiгін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң үй-жайларын көшiруге, толық жарақтандыруға және күрделi жөндеуге 19600000 (он тоғыз миллион алты жүз

 

мың) теңге бөлiнсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Жұманазарова А.