Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің
373-бабына
сәйкес, кедендік құнды бақылауды күшейту және импортталатын автокөлік құралдарына бақылау жасаудың тиімділігін арттыру мақсатында бұйырамын:
1. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның Алматы облысын қоспағанда облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес 8702, 8703, 8704 тауар позицияларында жіктелетін автокөлік құралдарын кедендік ресімдеу орталықтандырылсын.
2. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті (Е.Т. Қожағапанов) Алматы қаласы және Алматы облысы аймағы бойынша көлік құралдарын кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Кедендік бақылау департаменттерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға