Автокөлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 22 сәуірдегі N 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2830.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  373-бабына  сәйкес, кедендік құнды бақылауды күшейту және импортталатын автокөлік құралдарына бақылау жасаудың тиімділігін арттыру мақсатында бұйырамын:
      1. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның Алматы облысын қоспағанда облыстар, Астана және Алматы қалалары "Семей" және "Ұлытау" кедендері бойынша аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес 8703 тауар позициясында жіктелетін автокөлік құралдарын кедендік ресімдеу орталықтандырылсын. <*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 3 маусымдағы N 253   қаулысымен .
      2. Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Талдықорған" кеден бекетінің қызмет аймағын қоспағанда, Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті (Е.Т. Қожағапанов) Алматы қаласы және Алматы облысы аймағы бойынша көлік құралдарын кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін. <*>
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 3 маусымдағы N 253   қаулысымен .
      2-1. Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті (Ы.А.Жандарбеков) "Талдықорған" кеден бекетінің қызмет аймағында тіркелген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін көлік құралдарын кедендік ресімдеуді "Талдықорған" кеден бекетінде қамтамасыз етсін. <*>
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырлды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 3 маусымдағы N 253   қаулысымен .
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Кедендік бақылау департаменттерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсін.
      7. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға