Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 384
қаулысымен
.
________________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1503 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 7-20 мамырда жарияланған, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1688 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 19 қазандағы N 414 қаулысымен және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2418 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 221 қаулысымен бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің қаржылық сенімділігінің рейтингі ретінде мыналар қабылданады:
1) Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымы үшін қаржылық күштердің халықаралық рейтингі (Financial Strength Rating) немесе осы қаулының 3-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларда "Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша ұлттық рейтинг шкаласындағы қаржылық күштердің рейтингі (Financial Strength Rating);
2) Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокері үшін халықаралық кредиттік рейтингі (Credit Rating) немесе осы қаулының 3-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларда "Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша ұлттық рейтинг шкаласындағы кредиттік рейтингі (Credit Rating).";
3-тармақтағы:
"Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан" деген сөздерден кейін ", оның ішінде сақтандыру брокерлері арқылы," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мұндайда "Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша ұлттық рейтинг шкаласында талап етілетін ең төменгі рейтингіге ие Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымы және сақтандыру брокері "Moody`s Investors Service", "Standard & Poors" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша Қазақстан Республикасына тағайындалған тиісті тәуелсіз рейтингісінен төмен емес тәуелсіз рейтингілерінің біреуіне ие елде тіркелуі тиіс.";
3-1-тармақ алынып тасталсын;
1-қосымшадағы:
"Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан" деген сөздерден кейін ", оның ішінде сақтандыру брокерлері арқылы," деген сөздермен толықтырылсын;
2-қосымшаның 2-тармағындағы:
""А++"-дан ("Эксперт-РА" Ресейлік рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша)" деген сөздер "ұлттық рейтинг шкаласы бойынша ең жоғары рейтингісінен ("Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch жіктеуі бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мұндайда ұлттық рейтинг шкаласы бойынша рейтинг ("Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch жіктеуі бойынша) тиісті префикспен белгіленеді.".
2. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін.