Ұлттық бірыңғай тестілеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.
2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті /С.Ырсалиев/ осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге енгізсін, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2004 жылғы 16 наурыздағы
N 213 бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру
және өткізу
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерін ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.
2. Ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарына таратылады.
3. Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің (бұдан әрі - бітірушілер) мемлекеттік қорытынды аттестаттауы мен кәсіптік жоғары (бұдан әрі - ЖОО), кәсіптік орта (бұдан әрі - колледждер) оқу орындарына қабылдау емтихандарын біріктіруді көздейді. ҰБТ-ның нәтижелерін жалпы орта білім беру ұйымдары мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың, ал ЖОО-лар мен колледждер қабылдау емтихандарының нәтижелері ретінде таниды.
2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі
мемлекеттік комиссия
5. МК өз жұмысында осы Ережені, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 сәуірде N 1114 тіркелген, "1999-2000 оқу жылының аяқталуы және Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларының емтихандарын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 15 ақпандағы N 124 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқушыларын ауыстыру, қорытынды аттестаттау және бітіріп шығару тәртібі туралы нұсқаулығын (бұдан әрі - нұсқаулық), Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережесін (бұдан әрі - Типтік ереже) ("Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 сәуірде N 1118 тіркелген, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың
ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығы)
және басқа да білім беру саласындағы орталық атқарушы органдардың (бұдан әрі - Министрлік) нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
6. МК-нің құрамына мәслихат пен әкімдік өкілдері, облыстық (қалалық) жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық (қалалық) білім департаментінің (басқармаларының) бастықтары (директорлары), аудандық (қалалық) білім басқармасының (бөлімдерінің) меңгерушісі, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде жастар және студенттік, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының, білім басқармасының (департаментінің) білікті мамандары арасынан тағайындалған хатшы кіреді.
7. МК-нің төрағасы болып оның базасында ҰБТ ӨП құрылған білім беру ұйымының басшысы (ректор, облыстық білім басқармасының (департаментінің) бастығы, аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі) немесе әкімдік өкілі тағайындалады.
МК құрамы жоғары оқу орындарының және облыстық білім басқармаларының (департаменттерінің), аудандық білім беру бөлімі меңгерушісінің ұсынысы бойынша министрдің бұйрығымен ҰБТ-ы басталғанға дейін екі ай бұрын ҰБТ-ны өткізу кезеңіне бекітіледі.
8. МК-ның негізгі міндеттері аталған облыстың (қаланың, ауданның) бітірушілері үшін ҰБТ-ны дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.
9. МК қойылған міндеттерді іске асыру үшін:
1) жұртшылық арасында ҰБТ-ны ұйымдастырушылық және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
2) ҰБТ-ны дайындау және өткізу барысында Министрліктің тапсырмасы бойынша ҰТБ-ның ұйымдастыру-технологиялық алып жүруін іске асыратын білім беру ұйымымен, сондай-ақ әр деңгейдегі білім беруді басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;
3) мектеп бітірушілерден ҰБТ-ға белгіленген үлгімен өтініштер қабылдауды ұйымдастырады;
4) мектеп бітірушілерге ҰБТ-ы пәндер бойынша кеңестер өткізуді ұйымдастырады;
5) осы облыстың (қаланың, ауданның) мектеп бітірушілеріне ҰБТ-ны өткізу үшін қажетті жағдай жасайды;
6) ҰБТ-ы аяқталған соң дұрыс жауап кодтары ілінеді және тестілеудің нәтижесі хабарланады;
7) ҰБТ-ы бойынша апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
8) ҰБТ-ы сертификаттарын беруді ұйымдастырады.
10. Өзіне жүктелген негізгі міндеттерді іске асыру үшін МК өз құзыретінің шегінде ҰБТ-ны өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыруға құқығы бар.
11. МК оның төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
МК хатшысы жұмыс жоспарын, отырыстың күн тәртібін қалыптастырады, МК мүшелерінің қарым-қатынасын ұйымдастырады және іс қағаздарды жүргізуге жауап береді.
12. МК-ның отырысы, егер де онда оның мүшелерінің жалпы санының 2/3 бөлігінен астамы қатысса күші бар деп есептеледі.
МК-ның шешімдері МК отырысында қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және төраға мен хатшының қолы қойылған отырыс хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, МК төрағасы шешуші дауысқа құқылы.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының ЖОО-ларына, колледждеріне түскісі келгендер, ерекше үлгідегі аттестат және "Алтын белгі" белгісін, үздік аттестат алуға үміткерлер, ағымдағы жылғы оқушылардың ғылыми жарыстарының, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері үшін ҰБТ-ны тапсыру міндетті.
ҰБТ-ға қатысқысы келмеген бітірушілер Нұсқаулыққа сәйкес орта мектеп курсы бойынша қорытынды аттестаттау тапсыра алады.
14. ҰБТ-ға қатыспаған шетелдерде оқушылардың халықаралық айырбас желісі бойынша білім алған жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінің, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектеп бітірушілерінің мемлекеттік қорытынды аттестаттауы
Нұсқаулыққа сәйкес өткізіледі.
Шығармашылық мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті. ЖОО-лар мен колледждерге қабылдау кезінде мұндай бітірушілерге шығармашылық емтихандар белгіленеді, олар өздері таңдаған ЖОО-лар мен колледждердің қабылдау комиссияларымен өткізіледі.
ҰБТ-ны өткізудің технологиясын Министрлік бекітеді және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетімен келісіледі.
16. ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 15 наурыздан 30 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру мектеп бітіруші өзі білім алатын жалпы орта білім беру ұйымында жүргізіледі.
18. ҰБТ-ы Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (бұдан әрі - БТМСҰО) жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек.
20. ҰБТ-ға 3 астрономиялық сағат бөлінеді. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат берілмейді:
1) қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда;
2) оң бағаны арттыру мақсатында.
21. ҰБТ-ның тест тапсырмалары конкурстық комиссия үшін 120 баллдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес баллдық жүйе бойынша бағамен бағаланады. Баллдарды бағаға ауыстыру тәртібі мен шкаласын Министрлік белгілейді.
5. Апелляциялық комиссияның жұмысы
22. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқық қорғау мақсатында әрбір ҰБТ ӨП-те апелляциялық комиссия құрылады.
23. Апелляциялық комиссияның төрағасы және оның құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі. Апелляциялық комиссияның құрамына МК мүшелері кірмеуі керек.
24. Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан өтініштер қабылдайды және қарайды, жинаған баллдардың сәйкестілігін тексереді, баллдар қосу туралы шешім қабылдайды және апелляцияға өтініш берген тестілеуге қатысушыны апелляцияның нәтижесімен хабардар етеді.
25. Апелляцияға берілетін өтініш апелляциялық комиссияға тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін беріледі және апелляциялық комиссия тәулік бойына қарайды. Өтінішті комиссия төрағасының атына арнайы бланкте тестілеуге қатысушының жеке өзі береді. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, емтиханға жіберу рұқсаттамасы болуы керек.
26. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы басқарады, ол жоқ кезде төрағаның орынбасары атқарады.
27. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамындағы көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы шешуші дауысқа құқылы. Комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді.
29. ҰБТ-ны өткізудің белгіленген тәртібінің және технологиясының сақталуын бақылауды ҰБТ ӨП-ке жіберілген министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.
6. ҰБТ-ны тапсыру туралы құжаттар
30. ҰБТ-ны тапсырған бітірушілерге:ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат (бұдан әрі - сертификат);
жалпы орта білім туралы аттестат (бұдан әрі - аттестат) беріледі.
Сертификат нысанын Министрлік бекітеді. Сертификаттың қолданыс мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.
31. Сертификатты МК толтырады және ҰБТ-ны тапсырған күннен кейін үш күн ішінде ҰБТ ӨП-те беріледі.
Сертификатқа ҰБТ шеңберінде әр пәннен жинаған балл қойылады.
Сертификат МК төрағасы, Министрлік өкілінің қолымен расталады және ҰБТ ӨП мөрі басылады.