Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2010.03.12 № 114 Бұйрығымен.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.
2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті /С.Ырсалиев/ осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге енгізсін, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2004 жылғы 16 наурыздағы
N 213 бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру
және өткізу
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгерген жалпы орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы білім алушыларына (бұдан әрі - бітірушілер) ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгілейді.
Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 бұйрығымен .
2. Ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарына таратылады.
3. Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) бітірушілердің мемлекеттік қорытынды аттестаттауы мен кәсіптік жоғары (бұдан әрі - ЖОО), кәсіптік орта (бұдан әрі - колледждер) оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіруді көздейді. ҰБТ-ның нәтижелерін жалпы орта білім беру ұйымдары мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың, ал ЖОО-лар мен колледждер түсу емтихандарының нәтижелері ретінде таниды.
Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 , 2007 жылғы 23 ақпандағы N 85 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен .
3-1. ҰБТ-ы тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тестілеу өткізілетін пункттердің базасында өткізіледі (бұдан әрі - ҰБТ ӨП).
Ескерту: 3-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 85 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі
мемлекеттік комиссия
4. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін әрбір ҰБТ ӨП-те мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - МК) құрылады.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 бұйрығымен .
5. МК өз жұмысында осы Ережені, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4394 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 481 бұйрығымен бекітілген»"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттауды өткізу ережесін" (бұдан әрі - қорытынды аттестаттау ережесі), сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1118 болып тіркелген,»"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3627 болып тіркелген,»"Қазақстан Республикасының кәсіптік орта білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244 бұйрықтарын (бұдан әрі - Қабылдаудың үлгі ереже), және басқа да білім беру саласындағы орталық атқарушы органдардың (бұдан әрі - Министрлік) нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда, өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 , 2007 жылғы 23 ақпандағы N 85 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен .
6. МК-нің құрамына мәслихат пен әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық) білім департаментінің (басқармаларының) директорлары (бұдан әрі - білім департаментінің директоры), аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде жастар және студенттік, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, білім департаменті қызметкерлері білікті мамандары арасынан тағайындалған хатшы кіреді.
МК құрамының саны тақ болуы және 11 адамнан аспауы керек.
Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 , 2007 жылғы 23 ақпандағы N 85 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен .
7. МК-нің төрағасы болып оның базасында ҰБТ ӨП құрылған білім беру ұйымының басшысы (ректор, білім департаментінің директоры, аудандық (қалалық) білім бөлімінің меңгерушілері) немесе әкімдік өкілі тағайындалады.
МК құрамы жоғары оқу орындарының және білім департаменттерінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен ҰБТ-ы басталғанға дейін екі ай бұрын ҰБТ-ны өткізу кезеңіне бекітіледі.
Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 бұйрығымен .
8. МК-ның негізгі міндеттері аталған облыстың (қаланың, ауданның) бітірушілері үшін ҰБТ-ны дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.
9. МК қойылған міндеттерді іске асыру үшін:
1) жұртшылық арасында ҰБТ-ны ұйымдастырушылық және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
2) ҰБТ-ны дайындау және өткізу барысында Министрліктің тапсырмасы бойынша ҰТБ-ның ұйымдастыру-технологиялық алып жүруін іске асыратын білім беру ұйымымен, сондай-ақ әр деңгейдегі білім беруді басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;
3) мектеп бітірушілерден ҰБТ-ға белгіленген үлгімен өтініштер қабылдауды ұйымдастырады;
4) алынып тасталды ;
5) осы облыстың (қаланың, ауданның) мектеп бітірушілеріне ҰБТ-ны өткізу үшін қажетті жағдай жасайды және тестілеу технологиясының сақталуын қамтамасыз етеді;
6) ҰБТ-ы аяқталған соң дұрыс жауап кодтары ілінеді және тестілеудің нәтижесі хабарланады;
7) ҰБТ-ы бойынша апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
8) ҰБТ-ы сертификаттарын беруді ұйымдастырады.
Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 85 , 2007 жылғы 23 ақпандағы N 85 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
10. <*>
Ескерту: 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 85 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
11. МК оның төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
МК хатшысы жұмыс жоспарын, отырыстың күн тәртібін қалыптастырады, МК мүшелерінің қарым-қатынасын ұйымдастырады және іс қағаздарды жүргізуге жауап береді.
12. МК-ның отырысы, егер де онда оның мүшелерінің жалпы санының 2/3 бөлігінен астамы қатысса заңды деп есептеледі.
МК-ның шешімдері МК отырысында қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және төраға мен хатшының қолы қойылған отырыс хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, МК төрағасы шешуші дауысқа құқылы.
Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 85 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
3. ҰБТ-ға қатысушылар
13. ҰБТ-ны тапсыруға жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын игерген білім беру ұйымдарының қазақ және орыс тілдерінде білім алған ағымдағы жылғы барлық бітірушілері ерікті негізде жіберіледі.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының ЖОО-ларына, КООО-ларына түсуге тілек білдіргендер,»"Алтын белгі" жалпы орта білім туралы аттестат және үздік жалпы орта білім туралы аттестат алуға үміткерлер, ағымдағы жылғы оқушылардың ғылыми жарыстарының, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері үшін ҰБТ-ны тапсыру міндетті.
ҰБТ-ға қатысқысы келмеген бітірушілер қорытынды аттестаттау ережесіне сәйкес орта мектеп курсы бойынша қорытынды аттестаттау тапсыра алады.
Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 , 2007 жылғы 23 ақпандағы N 85 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
14. ҰБТ-ға қатыспаған шетелдерде оқушылардың халықаралық айырбас желісі бойынша білім алған жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінің және өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектеп бітірушілерінің, республикалық музыка мектеп-интернаттары бітірушілерінің мемлекеттік қорытынды аттестаттауы қорытынды аттестаттау ережесіне сәйкес өткізіледі. Бұл бітірушілер республика ЖОО-лары мен колледждерге Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес түсуге құқылы.
Ескерту: 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 бұйрығымен .
14-1. Ағымдағы жылдың жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадаға қатысушылар ҰБТ-ны тапсырудан босатылады.
Ескерту: 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1057 бұйрығымен .
4. ҰБТ-ны өткізу тәртібі
15. ҰБТ-ы төрт пән бойынша өткізіледі: үшеуі міндетті - қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы және таңдаған мамандыққа байланысты Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес таңдау бойынша пәндердің біреуі.
Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті. ЖОО-лар мен колледждерге қабылдау кезінде мұндай бітірушілерге арнайы немесе шығармашылық емтихандар белгіленеді, олар өздері таңдаған ЖОО-лар мен колледждердің қабылдау комиссияларымен өткізіледі.
ҰБТ-ны өткізудің технологиясын Министрлік бекітеді және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетімен келісіледі.
Ескерту: 15-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 , 2007 жылғы 23 ақпандағы N 85 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен .
16. ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 1 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру мектеп бітіруші өзі білім алатын жалпы орта білім беру ұйымында жүргізіледі.
Ескерту: 16-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 373 , 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1057 , 2007 жылғы 23 ақпандағы N 85 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен .
17. Тестілеу ҰБТ ӨП-те 10 маусымнан 15 маусымға дейін өткізіледі.
18. ҰБТ-ы Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (бұдан әрі - БТМСҰО) жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек.
19. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны - 30.
20. ҰБТ-ға 3 астрономиялық сағат бөлінеді. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат берілмейді:
1) қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда;
2) оң бағаны арттыру мақсатында.
21. ҰБТ-ның қорытындылары конкурстық комиссия үшін 120 баллдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес баллдық жүйе бойынша бағамен бағаланады. Баллдарды бағаға ауыстыруды Министрлік белгілейтін шкалаға сәйкес МК жүргізеді.
Ескерту: 21-тармаққа өзгерту енгізілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 373 бұйрығымен , 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1057 бұйрығымен .
5. Апелляциялық комиссияның жұмысы
22. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - республикалық комиссия) және әрбір ҰБТ ӨП-те апелляциялық комиссия құрылады.
Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 бұйрығымен .
22-1. Республикалық комиссияның төрағасы және құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
Ескерту: 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 бұйрығымен .
22-2. Республикалық комиссия апелляциялық комиссиялардың бітірушіге баллдар қосу туралы негіздемесін қарайды және соңғы шешім қабылдайды.
Ескерту: 22-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 бұйрығымен .
22-3. Республикалық комиссия өз функцияларын орындау мақсатында апелляциялық комиссиялардан қажетті құжаттар, сонымен бірге бітірушінің жауап парағын, ҰБТ технологиясының сақталуы туралы мәліметтер сұрауға және алуға құқылы.
Ескерту: 22-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 бұйрығымен .
22-4. Республикалық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамындағы көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы шешуші дауысқа құқылы. Комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді.
Ескерту: 22-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 бұйрығымен .
23. Апелляциялық комиссияның төрағасын Министрдің бұйрығымен, ал оның құрамын - жергілікті білім беруді басқару органдары бекітеді. Апелляциялық комиссияның құрамына МК мүшелері кірмеуі керек.
Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1057 бұйрығымен .
24. Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан өтініштер қабылдайды және қарайды, республикалық комиссияға бітірушіге баллдарды қосу туралы ұсынысты енгізеді және оны апелляцияның нәтижесімен хабардар етеді.
Ескерту: 24-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 бұйрығымен .
25. Апелляцияға берілетін өтініш апелляциялық комиссияға тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін беріледі және апелляциялық комиссия тәулік бойына қарайды. Өтінішті комиссия төрағасының атына арнайы бланкте тестілеуге қатысушының жеке өзі береді. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, емтиханға жіберу рұқсаттамасы болуы керек.
26. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы басқарады, ол жоқ кезде төрағаның орынбасары атқарады.
27. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамындағы көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы шешуші дауысқа құқылы. Комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді.
28. Республикалық комиссияның және апелляциялық комиссиялардың мәжіліс хаттамалары жыл бойы БТМСҰО-да сақталады.
Ескерту: 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 бұйрығымен .
29. ҰБТ-ны өткізудің белгіленген тәртібінің және технологиясының сақталуын бақылауды ҰБТ ӨП-ке жіберілген министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.
6. ҰБТ-ны тапсыру туралы құжаттар
30. ҰБТ-ны тапсырған бітірушілерге:
ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат (бұдан әрі - сертификат);
жалпы орта білім туралы аттестат (бұдан әрі - аттестат) беріледі.
Сертификат нысанын Министрлік бекітеді. Сертификаттың, оны берген күннен бастап бір жыл бойы күші бар.
Ескерту: 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 85 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
31. Сертификатты МК толтырады және ҰБТ-ны тапсырған күннен кейін үш күн ішінде ҰБТ ӨП-те беріледі.
Сертификатқа ҰБТ шеңберінде әр пәннен жинаған балл қойылады.
Сертификат МК төрағасы, Министрлік өкілінің қолымен расталады және Базасында ҰБТӨП ұйымдастырылған жоғары оқу орнының немесе жергілікті білім беруді басқару органының мөрімен бекітіледі.
Ескерту: 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1057 бұйрығымен .
32. Аттестат ҰБТ-ны тапсырған кезде бітірушілер білім алған білім беру ұйымдарымен беріледі. Аттестатқа МК шешіміне сәйкес жалпы білім беру пәндері бойынша ҰБТ-да алған бағасы қойылады.
Ескерту: 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 373 бұйрығымен .
33. Жоғары оқу орындары мен колледждерге қабылдау тәртібі Қабылдаудың типтік ережесіне сәйкес белгіленеді.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне қосымша
Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 бұйрығымен .
ҰБТ сертификатының баллдарын жалпы орта білім туралы
аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы
р/н |
Пән |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Қазақ тілі |
0-3 |
4-17 |
18-25 |
26-30 |
2 |
Орыс тілі |
0-3 |
4-17 |
18-25 |
26-30 |
3 |
Қазақстан тарихы |
0-3 |
4-17 |
18-24 |
25-30 |
4 |
Математика |
0-2 |
3-12 |
13-22 |
23-30 |
5 |
Физика |
0-2 |
3-12 |
13-22 |
23-30 |
6 |
Химия |
0-3 |
4-12 |
13-22 |
23-30 |
7 |
Биология |
0-3 |
4-15 |
16-24 |
25-30 |
8 |
География |
0-3 |
4-17 |
18-24 |
25-30 |
9 |
Дүниежүзі тарихы |
0-3 |
4-15 |
16-22 |
23-30 |
10 |
Орыс әдебиеті |
0-3 |
4-16 |
17-24 |
25-30 |
11 |
Орыс әдебиеті |
0-3 |
4-16 |
17-24 |
25-30 |
12 |
Ағылшын тілі |
0-3 |
4-17 |
18-25 |
26-30 |
13 |
Неміс тілі |
0-3 |
4-15 |
16-22 |
23-30 |
14 |
Француз тілі |
0-3 |
4-15 |
16-22 |
23-30 |