"Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару
туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "
Тұрғын үй қатынастары туралы
" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі N 437 "Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеудің жаңа принциптеріне көшу туралы"
қаулысын
басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласындағы тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасы бекітілсін.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Келісілді:
Еңбек, халықты жұмыспен
қамту және әлеуметтік қорғау
департаментінің бастығы
Қаржы департаментінің
бастығы
Астана қаласы мәслихатының
2003 жылғы 4 шiлдедегi
N 246/47-ІІ шешiмiмен
бекiтiлген
Астана қаласындағы тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру ҚАҒИДАСЫ
Осы Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының
Заңына
, Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi N 437 "Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы"
қаулысына
сәйкес әзiрленген.
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу халықты әлеуметтiк қорғаудың бiр түрi болып табылады.
1. Тұрғын үй жәрдемақысы Астана қаласында тұрақты тұратын (жеке тұрғын үйден басқа) тұрғын үй иесi (жалдаушысы) болып табылатын отбасыларға және жеке тұлғаларға, егер тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет көрсету төлемiне шығыстары осы Қағидада белгiленген нормалар мен нормативтер шегiнде жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiніш берген тоқсаннан кейiнгi тоқсандағы кiрiстер жиынтығы 20 пайыздан жоғары болса төленедi.
Тұрғын үй жәрдемақысының көлемi осы Қағидамен белгiленген нормалар және нормативтер шегiнде тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға меншiк иесінің (жалгердiң) деректi төлемi арасындағы айырмашылық және осы мақсатқа аталған отбасы шығындарының ұйғарынды деңгейi шегiнде есептеледi.
2. Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет үшiн белгіленген нормалық мөлшерден артығын жалпы негiзде азаматтар өздерi төлейдi.
3. Тұрғын үй иесiмен (жалдаушысымен) бiрге тұратын және бiртұтас жеке есеп бойынша тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға төлейтiн және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындағанда отбасы құрамына жұбайы, олардың балалары, жақын туысқандары (ағалары, апалары, аталары, әжелерi, немерелерi) жұмысқа жарамсыз асыраушылары жоқтар есепке алынады.
18 жасқа дейiнгi ата-анасынан бөлек тұратын балалары ата-анасының отбасында есепке алынады. Егер ата-анасы ата-аналық құқығынан айырылса, балалар қамқоршының (асыраушылар) отбасында есептеледi.
4. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан себепсіз бас тартқан, өз еркiмен қоғамдық жұмысқа қатысуын, оқуын және қайта оқытуды тоқтатқан жұмыссыздар алты айға тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады.
5. Тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығы жоқ отбасылар:
1) 1 және 2 топ мүгедектерiн, 16 жасқа дейiнгi бала жасынан мүгедектердi, 80 жастан асқан адамдарды күтудi жүзеге асыратын, бiр айдан артық емханалық емделудегi адамдар, күтудi қажет ететiн 3 жасқа толмаған баласы, сонымен бiрге төрт не одан да көп баласы бар ең кiшiсiнiң жасы тоғызға толғанша балаларын тәрбиелеумен айналысатын адамдардан басқа отбасыларда бiрге тұратын еңбекке жарамды бола тұра жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскер қызметiнде жоқ және жұмыссыз ретiнде тiркелмеген;
2) ата-аналары айырылысқан бiрақ бiрге тұратын балаларына алимент төлеу жөнiнде талап етпеген;
3) жеке меншiгiндегi тұрғын үйi (пәтерi, үйi) бiреуден артық болса, немесе тұрғын үй алаңдарын жалға (жалдау) тапсырған.
6. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу жөнiнде жергілiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерi Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментi болып табылады (бұдан әрi - Департамент).
2. Тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртiбi
7. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшiн тұлға (бұдан әрі - өтiнiш иесi) өз атынан немесе отбасы атынан Департаментке хабарласады және белгіленген үлгідегi өтiніштің ресми қағазын алады (осы Қағидаға 1-қосымша).
8. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөнiнде өтiнiшке мынадай құжаттар тiркеледi (түпнұсқалар мен көшiрмелер):
1) жеке басы куәлiгi;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетінің "Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын берген меншiгiндегi тұрғын үй (пәтер, үй) бiрлiктерiнiң саны туралы N 1 ақпараттық анықтама;
3) тұрғын үйге құқық беретiн құжат (жекешелендiру келiсiмi, сыйлау келiсiмi, алып-сату келiсiмi және т.б.);
4) тұрғындар есебi кiтабы;
5) некеге тұру немесе бұзу туралы куәлiк;
6) балалардың туу туралы куәлiктерi;
7) отбасы кiрiстерi туралы мәлiмет;
8) еңбек әрекетiн растайтын құжаттар;
9) жұмыссыз ретiнде тiркеу туралы анықтама (ай сайын);
10) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға хабарласқан алдындағы айға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға төлемдер туралы мәлiмет;
11) АХАЖ органдарынан N 4 үлгідегi анықтама (жалғыз басты аналар үшiн);
12) салық төлеушiнің тiркеу нөмiрi.
9. Тұрғын үй жәрдемақысы жәрдемақыға құқық туған айдан кейiн барлық құжаттарымен хабарласқан айдың алдыңғы айдан тағайындалады.
10. Тұрғын үйдi ұстауға және/немесе коммуналдық қызметтердi тұтынуға төлемдер бойынша қарызы бар отбасыларға осы Қағиданың 1-тармағына сәйкес тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалған айдан тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға ағымдағы төлемдердi уақтылы төлеу жағдайында тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалады.
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындағанға дейiн құралған тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға төлемдер бойынша қарыздарды өтеу коммуналдық қызметтер жабдықтаушысымен бақыланады және ағымдағы айларға тұрғын үй жәрдемақысын есептегенде есепке алынбайды.
11. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі бiрiншi рет өтiнiш бiлдiрген айдан бастап бір жыл өткеннен соң осы Қағиданың 8-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынуымен жүргiзiледi.
12. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар тұрғын үй меншiктiгiнiң қандай да болсын және отбасы құрамының, сондай-ақ статусының өзгерiсi жөнiнде 10 күн iшiнде тұрғын үй жәрдемақысы қызметiне хабарлауы мiндеттi.
13. Департамент берiлген құжаттардың растығын анықтау қажеттiлiгi жағдайында отбасының құрамын белгiлеу мақсатымен өтiнiш иесiнің тұрған жерiнің материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру жүргiзуге құқы бар.
3. Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну мөлшерлемелерi
14. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындағанда коммуналдық қызметтердiң мына түрлерi есепке алынады:
1) электр қуаты;
2) сумен жабдықтау;
3) газбен жабдықтау;
4) жылумен жабдықтау;
5) кәріз;
6) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару;
7) лифт қызметi.
15. Коммуналдық қызметтi жеткiзушілер коммуналдық қызмет тарифтерiн және олардың өзгерiстерiн Астана қаласы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Департаментке ұсынады.
16. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындағанда тұрғын үй алаңына мынадай мөлшерлемелерi:
1) жалғыз басты адамдар үшiн - 31 шаршы метр, бiрақ бір бөлмелi пәтерден артық емес;
2) 2 адамнан тұратын отбасы үшiн - 40 шаршы метр;
3) 3 және одан да көп адамнан тұратын отбасы үшiн - әр отбасы мүшесіне 18 шаршы метрден.
17. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеуде электр қуатын тұтынуда мына мөлшерлемелер қолданады:
150 Квт - 1-3 адамнан тұратын отбасына;
200 Квт - 4 және одан да көп адамдардан тұратын отбасына.
18. Тұрғын үй газбен жабдықталмаған және электр қуатын тамақ дайындауға қолданылатыны жөнінде құжат болғанда газбен жабдықтау жөнінде белгiленген тарифтер мен тұтыну нормативтерi шегiнде газға төленетiн төлем есебiне азаматтар өтiнiшi бойынша электр қуатына белгіленген шамадан жоғары төлейді.
4. Отбасының кiрiс жиынтығын есептеу
19. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеуге қабылданатын отбасының кiрiстер жиынтығын анықтағанда тоқсанға ақшалай түрде алатын тұрғын үй және атаулы әлеуметтiк көмектен басқа кiрiстiң барлық түрлерi есепке алынады.
20. Шарттық негiзде жоғарғы және орта арнайы оқу орындарында күндiзгi үлгіде оқитын студенттерге тұрғын үй жәрдемақысын eceптегенде кiрiс жиынтығына студенттердiң өз еркiмен берілген кiрiстерi есептеледi.
5. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау
21. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы азаматтардың келiп түскен өтініштерiн қарау үшiн Департаментте тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау бойынша үнемi жұмыс iстейтiн комиссия құрылады (бұдан әрi - Комиссия).
22. Комиссия құжаттар қабылдаған күннен 10 күн ішінде тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөнiнде шешiм немесе тұрғын үй жәрдемақысын тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды (осы Қағидаға 2-қосымша).
23. Департаментке жалған ақпарат беру салдарынан жоғары немесе заңсыз жәрдемақы төленгенде комиссия өтiніш иесiнен/отбасынан артық алынған соманы төлеу немесе өтiнiш иесiн/отбасының тұрғын үй жәрдемақысын бiр жыл бойына алу мүмкiншiлiгінен айыру жөнiнде шешiм шығаруға құқығы бар.
Артық алынған сомаларды өтiнiш иесiнiң/отбасының өтеуден бас тартқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте кейiн қайтарылады.
24. Себептi жағдайларда (екi айға дейiн) уақытында құжаттарды тапсырмаған жағдайда (науқастануы, қаладан тыс жерге кетуi) сәйкес анықтамалары болғанда комиссия жәрдемақы төлеудi жалғастыру жөнiндегi мәселенi шешуге құқылы.
6. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру және төлеу
25. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеудi қаржыландыру бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге айырылады.
26. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу екiншi деңгейдегi банк бөлiмшелерi арқылы алушының жеке есеп-шоттарына есептелген соманы аудару жолымен жүргiзiледi.
27. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу осы Қағиданың 24-тармағында көрсетiлген жағдайдан басқа алушылардың қажеттi құжаттарды өз уақытында ұсынбағанда тоқтатылады.
28. Департамент әр айдың 28-не тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге қажеттi сомасы көрсетiлген тiзiлiмдердi Астана қаласының Қаржы департаментiне ұсынады.
29. Астана қаласының Қаржы департаментi әр айдың екiсiнен кешiктiрмей тұрғын үй жәрдемақысы алушыларының жеке есеп-шоттарына аудару үшiн тiзiлiмдегi көрсетiлген соманы Департаменттiң есеп-шотына жолдайды.
30. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу жүргiзілетiн банктер бөлiмшелерi тұрғын үй жәрдемақысының төленген сомасы туралы салыстыру актiлерiн құрады және Департаментiне ай сайын берiледi.
Астана қаласындағы
тұрғын үйді ұстауға
және коммуналдық
қызметтердi тұтынуға
төлеу үшiн тұрғын үй
жәрдемақысын беру
Қағидасына
1-қосымша
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы
ӨТIНIШ
Мен _________________________________________________________
жалдаушының (тұрғын үй иесiнің) аты-жөні, туған жылы
___________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi, кiм берген, СТТН
Менiң Астана қаласында мына мекен-жай бойынша тұратын:
___________________________________________________________________
отбасымның құрамында ___ адам бар тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтi төлеу жөнiндегi шығынды өтеу үшiн жәрдемақы есептеуіңiздi сұраймын.
Мен тұрғын үй жәрдемақысы бөлiмiне өз соңынан заңсыз немесе жоғары өтемақы тағайындауды әкелген жалған мәлiметтер берiлгенде, бiр жыл ішінде жәрдемақы алу құқығынан айырылатынымды, ал тұрғын үй жәрдемақысы түрінде заңсыз алынған сомаларды заңда белгiленген тәртiпте қайтару керектiгін бiлемiн.
Қажеттi құжаттарды қоса беремiн банк бөлiмшесiнiң N ________, шоты ________.
Ұсынылған құжаттардың растығына жауапкершілік жөнiндегi ҚР ҚК-нiң
177-бабының
1-тармағымен,
325-бабының
3-тармағымен таныстым.
Қолдары ____________________
____________________
____________________
отбасының iс-әрекетке
жарамды барлық
мүшелерi қол қояды
Айы-күнi, жылы
Құжаттарды қабылдады
Астана қаласындағы
тұрғын үйді ұстауға
және коммуналдық
қызметтердi тұтынуға
төлеу үшiн тұрғын үй
жәрдемақысын беру
Қағидасына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Астана қаласы
Еңбек, халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтiк қорғау департаментi
200__ жылғы "___" _________
N __________ ШЕШIМ
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөнiндегi комиссия отырысы
Aты-жөні ___________________________________________
Мекен-жайы _________________________________________
Мәртебесi __________________________________________
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 200__ жылғы _________ айға тұрғын үй жәрдемақысы есепке сәйкес _______ теңге сомасында тағайындалсын.
Тiркеу N __________
Ашылды ____________
Комиссия төрағасы ____________
Комиссия мүшелерi ____________
Бөлiм бастығы _______________
М.О.