Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 сәуiр N 437. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Испат-Кармет" компаниясы мен "Карагандаэнерго" қазақстандық электр тораптары республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының бюджетпен өзара берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Испат-Кармет" компаниясы алдындағы қосылған құнға салынатын 88,0 (сексен сегiз) млн. теңге сомасындағы салықты қайтару жөнiндегi берешектi "Карагандаэнерго" қазақстандық электр тораптары республикалық мемлекеттiк кәсiпорны алдындағы босатылған электр энергиясы мен "Карагандаэнерго" қазақстандық электр тораптары республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының қосылған құнға салынатын салық бойынша бюджетке төлемi жөнiндегi берешегi үшiн "Испат-Кармет" компаниясының берешегiн өтеу есебiне есептеу жүргiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi