Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы

Астана қалалық мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 246/47-II шешімі. Астана қаласы Әділет басқармасында 2003 жылғы 30 шілдеде N 283 тіркелді

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қалалық мәслихатының 2005 жылғы 17 ақпандағы  N 119/16-ІІІ  шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару  туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, " Тұрғын үй қатынастары туралы " 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын, Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі  N 949  қаулысын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ: <*>
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Астана қалалық мәслихатының 2005 жылғы 17 ақпандағы  N 119/16-ІІІ  шешімімен.
      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі бекітілсін. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қалалық мәслихатының 2005 жылғы 17 ақпандағы  N 119/16-ІІІ  шешімімен.

       Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      Келісілді:
      Еңбек, халықты жұмыспен
      қамту және әлеуметтік қорғау
      департаментінің бастығы

      Қаржы департаментінің
      бастығы

Астана қаласы мәслихатының 
2003 жылғы 4 шiлдедегi   
N 246/47-ІІ шешiмiмен   
бекiтiлген        

  Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық
қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй
жәрдемақысын беру ережесі  <*>

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қалалық мәслихатының 2005 жылғы 17 ақпандағы  N 119/16-ІІІ  шешімімен.

      Осы Қағида 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949, "Қазақстан Республикасында тұрғын үй коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 қаулыларына сәйкес әзірленген. <*>
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 398/50-ІІІ  шешімімен .

  1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "және тұтынылған коммуналдық қызметтер" сөздері "тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері" сөздерімен ауыстырылды - Астана қалалық мәслихатының 2005 жылғы 17 ақпандағы  N 119/16-ІІІ  шешімімен.

      1. Тұрғын үй жәрдемақысы Астана қаласында тұрақты тұратын (жеке тұрғын үйден басқа) тұрғын үй иесi (жалдаушысы) болып табылатын отбасыларға және жеке тұлғаларға, егер тұрғын үйдi ұстау тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтер көрсету төлемiне шығыстары осы Қағидада белгiленген нормалар мен нормативтер шегiнде жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiніш берген тоқсаннан кейiнгi тоқсандағы кiрiстер жиынтығы 10 пайыздан жоғары болса төленедi.
      Тұрғын үй жәрдемақысының көлемi осы Қағидамен белгiленген нормалар және нормативтер шегiнде тұрғын үйдi ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтер меншiк иесінің (жалгердiң) деректi төлемi арасындағы айырмашылық және осы мақсатқа аталған отбасы шығындарының ұйғарынды деңгейi шегiнде есептеледi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы Мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 398/50-ІІІ  шешімімен
      2. Тұрғын үйдi ұстау тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтер үшiн белгіленген нормалық мөлшерден артығын жалпы негiзде азаматтар өздерi төлейдi.
      3. Тұрғын үй иесiмен (жалдаушысымен) бiрге тұратын және бiртұтас жеке есеп бойынша тұрғын үйдi ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтер төлейтiн және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындағанда отбасы құрамына жұбайы, олардың балалары, жақын туысқандары (ағалары, апалары, аталары, әжелерi, немерелерi) жұмысқа жарамсыз асыраушылары жоқтар есепке алынады.
      18 жасқа дейiнгi ата-анасынан бөлек тұратын балалары ата-анасының отбасында есепке алынады. Егер ата-анасы ата-аналық құқығынан айырылса, балалар қамқоршының (асыраушылар) отбасында есептеледi.
      4. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан себепсіз бас тартқан, өз еркiмен қоғамдық жұмысқа қатысуын, оқуын және қайта оқытуды тоқтатқан жұмыссыздар алты айға тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады.
      5. Тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығы жоқ отбасылар:
      1) 1 және 2 топ мүгедектерiн, 16 жасқа дейiнгi бала жасынан мүгедектердi, 80 жастан асқан адамдарды күтудi жүзеге асыратын, бiр айдан артық емханалық емделудегi адамдар, күтудi қажет ететiн 3 жасқа толмаған баласы, сонымен бiрге төрт не одан да көп баласы бар ең кiшiсiнiң жасы тоғызға толғанша балаларын тәрбиелеумен айналысатын адамдардан басқа отбасыларда бiрге тұратын еңбекке жарамды бола тұра жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскер қызметiнде жоқ және жұмыссыз ретiнде тiркелмеген;
      2) ата-аналары айырылысқан бiрақ бiрге тұратын балаларына алимент төлеу жөнiнде талап етпеген;
      3) жеке меншiгiндегi тұрғын үйi (пәтерi, үйi) бiреуден артық болса, немесе тұрғын үй алаңдарын жалға (жалдау) тапсырған.
      5-1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайда осы Қағиданың 1-тармағына сәйкес тұрғын үй өтемін алуға құқылы тұлғалар мен отбасылар жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу шығындарының бөлігінде жәрдемақы алуға құқығы бар.
       Ескерту. 1-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы Мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 398/50-ІІІ  шешімімен .
      6. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу жөнiнде жергілiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерi Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті болып табылады (бұдан әрi - Департамент).
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы Мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 398/50-ІІІ  шешімімен .

  2. Тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртiбi

      7. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшiн тұлға (бұдан әрі - өтiнiш иесi) өз атынан немесе отбасы атынан Департаментке хабарласады және белгіленген үлгідегi өтiніштің ресми қағазын алады (осы Қағидаға 1-қосымша).
      8. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтінішке мынадай құжаттар тіркелді (түпнұсқалар мен көшірмелер):
      1) тұрғын үйдің меншік иесімен (жалдаушы) бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке басын растайтын құжаттары;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің "Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген меншігіндегі тұрғын үй (пәтер, үй) бірліктерінің саны туралы N 1 ақпараттық анықтама;
      3) тұрғын үйге құқық беретін құжат (жекешелендіру шарты, сыйға беру шарты, сатып алу-сату шарты және т.б.);
      4) азаматтарды тіркеу кітабы;
      5) некеге тұру немесе бұзу туралы куәлік;
      6) отбасы кірістері туралы мәлімет;
      7) еңбек қызметін растайтын құжаттар;
      8) АХАЖ органынан (жалғыз басты аналар үшін) N 4 нысандағы анықтама;
      9) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға хабарласқан алдындағы айға тұрғын үйді ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемінің, ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері төлемдер туралы мәлімет.
       Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы Мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 398/50-ІІІ  шешімімен .
      8-1. Жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу шығындарының бөлігінде тұрғын үй өтеміне құқығы бар тұлғалар мен отбасылар осы Қағиданың 8-тармағында қарастырылған құжаттардан басқа мыналарды:
      1) жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу жүргізуге мақсатты алымды төлеу жөніндегі түбіртегі;
      2) жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдар мен тұрғын үй иесінің кооперативімен тұрғын үй иесі арасындағы жасалған жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу жүргізуге шарттың көшірмесін;
      3) жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстардың қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесін ұсынады.
       Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы Мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 398/50-ІІІ  шешімімен .
      9. Тұрғын үй жәрдемақысы жәрдемақыға құқық туған айдан кейiн барлық құжаттарымен хабарласқан айдың алдыңғы айдан тағайындалады.
      10. Тұрғын үйдi ұстауға және/немесе коммуналдық қызметтердi тұтынуға төлемдер бойынша қарызы бар отбасыларға осы Қағиданың 1-тармағына сәйкес тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалған айдан тұрғын үйдi ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері ағымдағы төлемдердi уақтылы төлеу жағдайында тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалады.
      Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындағанға дейiн құралған тұрғын үйдi ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері төлемдер бойынша қарыздарды өтеу коммуналдық қызметтер жабдықтаушысымен бақыланады және ағымдағы айларға тұрғын үй жәрдемақысын есептегенде есепке  алынбайды.
      11. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі бiрiншi рет өтiнiш бiлдiрген айдан бастап бір жыл өткеннен соң осы Қағиданың 8-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынуымен жүргiзiледi.
      12. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар тұрғын үй меншiктiгiнiң қандай да болсын және отбасы құрамының, сондай-ақ статусының өзгерiсi жөнiнде 10 күн iшiнде тұрғын үй жәрдемақысы қызметiне хабарлауы мiндеттi.
      13. Департамент берiлген құжаттардың растығын анықтау қажеттiлiгi жағдайында отбасының құрамын белгiлеу мақсатымен өтiнiш иесiнің тұрған жерiнің материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру жүргiзуге құқы бар.

  3. Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну мөлшерлемелерi

      14. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындағанда қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері коммуналдық қызметтердiң мына түрлерi есепке алынады:
      1) электр қуаты;
      2) сумен жабдықтау;
      3) газбен жабдықтау;
      4) жылумен жабдықтау;
      5) кәріз;
      6) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару;
      7) лифт қызметi.  <*>
      Ескерту. 14-тармақ толықтырылды - Астана қалалық мәслихатының 2005 жылғы 17 ақпандағы  N 119/16-ІІІ  шешімімен.
      15. Коммуналдық қызметтi жеткiзушілер коммуналдық қызмет тарифтерiн және олардың өзгерiстерiн Астана қаласы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Департаментке ұсынады.
      16. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындағанда тұрғын үй алаңына мынадай мөлшерлемелерi:
      1) жалғыз басты адамдар үшiн - 31 шаршы метр, бiрақ бір бөлмелi пәтерден артық емес;
      2) 2 адамнан тұратын отбасы үшiн - 40 шаршы метр;
      3) 3 және одан да көп адамнан тұратын отбасы үшiн - әр отбасы мүшесіне 18 шаршы метрден.
      17. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеуде электр қуатын тұтынуда мына мөлшерлемелер қолданады:
      150 Квт - 1-3 адамнан тұратын отбасына;
      200 Квт - 4 және одан да көп адамдардан тұратын отбасына.
      18. Тұрғын үй газбен жабдықталмаған және электр қуатын тамақ дайындауға қолданылатыны жөнінде құжат болғанда газбен жабдықтау жөнінде белгiленген тарифтер мен тұтыну нормативтерi шегiнде газға төленетiн төлем есебiне азаматтар өтiнiшi бойынша электр қуатына белгіленген шамадан жоғары төлейді.

  4. Отбасының кiрiс жиынтығын есептеу

      19. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеуге қабылданатын отбасының кiрiстер жиынтығын анықтағанда тоқсанға ақшалай түрде алатын тұрғын үй мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қала бюджетінің қаражатынан мерекелік күндерге материалдық көмек, бала туғанда және жерлеуге біржолғы жәрдемақылардан басқа кiрiстiң барлық түрлерi есепке алынады.  <*>
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қалалық мәслихатының 2005 жылғы 17 ақпандағы  N 119/16-ІІІ  шешімімен.
      20. Шарттық негiзде жоғарғы және орта арнайы оқу орындарында күндiзгi үлгіде оқитын студенттерге тұрғын үй жәрдемақысын eceптегенде кiрiс жиынтығына студенттердiң өз еркiмен берілген кiрiстерi есептеледi.

  5. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау

      21. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы азаматтардың келiп түскен өтініштерiн қарау үшiн Департаментте тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау бойынша үнемi жұмыс iстейтiн комиссия құрылады (бұдан әрi - Комиссия).
      22. Комиссия құжаттар қабылдаған күннен 10 күн ішінде тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөнiнде шешiм немесе тұрғын үй жәрдемақысын тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды (осы Қағидаға 2-қосымша).
      23. Департаментке жалған ақпарат беру салдарынан жоғары немесе заңсыз жәрдемақы төленгенде комиссия өтiніш иесiнен/отбасынан артық алынған соманы төлеу немесе өтiнiш иесiн/отбасының тұрғын үй жәрдемақысын бiр жыл бойына алу мүмкiншiлiгінен айыру жөнiнде шешiм шығаруға құқығы бар.
      Артық алынған сомаларды өтiнiш иесiнiң/отбасының өтеуден бас тартқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте кейiн қайтарылады.
      24. Себептi жағдайларда тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері (екi айға дейiн) уақытында құжаттарды тапсырмаған жағдайда (науқастануы, қаладан тыс жерге кетуi) сәйкес анықтамалары болғанда комиссия жәрдемақы төлеудi жалғастыру жөнiндегi мәселенi шешуге құқылы.
      24-1. Тұрғын үй жәрдемақысын алушының материалдық жағдайын назарға ала отырып, комиссия тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде ақыны ішінара төлегенде төленбеген соманы кейіннен өтеу арқылы тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға құқылы.  <*>
      Ескерту. 24-1 тармақпен толықтырылды - Астана қалалық мәслихатының 2005 жылғы 17 ақпандағы  N 119/16-ІІІ  шешімімен.

  6. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру және төлеу

      25. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеудi қаржыландыру бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге айырылады.
      26. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу екiншi деңгейдегi банк бөлiмшелерi арқылы алушының жеке есеп-шоттарына есептелген соманы аудару жолымен жүргiзiледi.
      27. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу осы Қағиданың 24-тармағында көрсетiлген жағдайдан басқа алушылардың қажеттi құжаттарды өз уақытында ұсынбағанда тоқтатылады.
      28. Департамент әр айдың 28-не тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге қажеттi сомасы көрсетiлген тiзiлiмдердi Астана қаласының Қаржы департаментiне ұсынады.
      29. Астана қаласының Қаржы департаментi әр айдың екiсiнен кешiктiрмей тұрғын үй жәрдемақысы алушыларының жеке есеп-шоттарына аудару үшiн тiзiлiмдегi көрсетiлген соманы Департаменттiң есеп-шотына жолдайды.
      30. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу жүргiзілетiн банктер бөлiмшелерi тұрғын үй жәрдемақысының төленген сомасы туралы салыстыру актiлерiн құрады және Департаментiне ай сайын берiледi.

Астана қаласында тұрғын  
үйді ұстауға, тұтынылған 
коммуналдық қызметтерге 
және байланыс қызметтеріне
ақы төлеуге тұрғын үй  
жәрдемақысын беру   
ережесіне       
1-қосымша  <*>    

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Астана қалалық мәслихатының 2005 жылғы 17 ақпандағы  N 119/16-ІІІ  шешімімен.

Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы
ӨТIНIШ

      Мен _________________________________________________________
            жалдаушының (тұрғын үй иесiнің) аты-жөні, туған жылы
___________________________________________________________________
    Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi, кiм берген, СТТН

      Менiң Астана қаласында мына мекен-жай бойынша тұратын:
___________________________________________________________________

отбасымның құрамында ___ адам бар тұрғын үйдi ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтерін төлеу жөнiндегi шығынды өтеу үшiн жәрдемақы есептеуіңiздi сұраймын.
      Мен тұрғын үй жәрдемақысы бөлiмiне өз соңынан заңсыз немесе жоғары өтемақы тағайындауды әкелген жалған мәлiметтер берiлгенде, бiр жыл ішінде жәрдемақы алу құқығынан айырылатынымды, ал тұрғын үй жәрдемақысы түрінде заңсыз алынған сомаларды заңда белгiленген тәртiпте қайтару керектiгін бiлемiн.
      Қажеттi құжаттарды қоса беремiн банк бөлiмшесiнiң N ________, шоты ________.
      Ұсынылған құжаттардың растығына жауапкершілік жөнiндегi ҚР ҚК-нiң  177-бабының  1-тармағымен,  325-бабының  3-тармағымен таныстым.

Қолдары ____________________  
____________________  
____________________  
отбасының iс-әрекетке  
жарамды барлық         
мүшелерi қол қояды     

      Айы-күнi, жылы
      Құжаттарды қабылдады

Астана қаласында тұрғын  
үйді ұстауға, тұтынылған 
коммуналдық қызметтерге 
және байланыс қызметтеріне
ақы төлеуге тұрғын үй  
жәрдемақысын беру   
ережесіне       
2-қосымша  <*>    

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Астана қалалық мәслихатының 2005 жылғы 17 ақпандағы  N 119/16-ІІІ  шешімімен.

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы
Еңбек, халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтiк қорғау департаментi
200__ жылғы "___" _________
 
N __________ ШЕШIМ

      Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөнiндегi комиссия отырысы

      Aты-жөні ___________________________________________
      Мекен-жайы _________________________________________
      Мәртебесi __________________________________________

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес 200__ жылғы _________ айға тұрғын үй жәрдемақысы есепке сәйкес _______ теңге сомасында тағайындалсын.

      Тiркеу N __________

      Ашылды ____________

      Комиссия төрағасы ____________

      Комиссия мүшелерi ____________

      Бөлiм бастығы  _______________

      М.О.